Астана, 2014 ж.


1. Тақырып №8: «Жүйке жүйесінің шеткі бөліміне әсер ететін дәрілік заттар» тақырыбы бойынша қорытынды сабақ - 3.

2. Мақсаты:афферентті және эфференті жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар туралы алған білімді бекітуге мүмкіндік беру.

3. Оқыту мақсаты:

1. Шеткі жүйке жүйесінің афферентті бөліміне әсер ететін заттардың фармакодинамика және фармакокинетика сұрақтары бойынша студенттердің білім деңгейін бағалау(жергілікті жансыздандырғыш, тұтқыр, тітіркендіргіш заттар).

2. Вегетотропты заттар (холинергиялық және адренергиялық) бөлімі бойынша студенттердің алған білім деңгейін бағалау.

3. Вегетативті жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға рецепт жазу деңгейін анықтау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сезімтал жүйке талшықтар аймағына әсер ететін дәрілік заттардың жіктелуі.

Анестезия: анықтамасы, жергілікті анестезияның түрлері.

2. Жергілікті жансыздандырғыш заттар: анықтамасы, әсер ету механизмі және орны.

3. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың жіктелуі: химиялық құрамы, әсер ету ұзақтығы және қолдану әдісі бойынша.

4. Беткейлік анестезия үшін қолданылатын дәрілік заттар (бензокаин, тетракаин, пиромекаин): жансыздандыру белсенділігі, қолдану ерекшеліктері, салыстырмалы сипаттамасы, улылығы.

5. Инфильтрациялық анестезия үшін қолданылатын заттардың (прокаин, тримекаин, лидокаин, артикаин, бупивакаин) фармакологиялық сипаттамасы; жансыздандыру белсенділігі, ОЖЖ әсер етуі, шырышты қабаттан өту қабілеті, улылығы.

6. Жергілікті жансыздандырғыш заттардың улы әсерлері.

7. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Холинергиялық рецепторлардың түрлері. М-холинорецепторлар мен Н-холинорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

8. Холинергиялық заттардың жіктелуі.

9. Антихолинэстеразды заттар (прозерин, галантамин, физостигмин). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы.

10. Антихолинэстеразды заттармен (және фосфорорганикалық қосылыстармен) жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары. Спецификалық антидоттар (дипироксим, изонитрозин).

11. М- және Н-холиномиметиктердің фармакодинамика ерекшеліктері. Ацетилхолиннің әсер ету механизмі, фармакологиялық қасиеттері.

12. М-холиномиметиктер (ацеклидин, пилокарпин). Антихолинэстеразды заттардан айырмашылығы. Фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы.

13. М-холиноблокаторлар. Әсер ету механизмі. Атропиннің фармакологиялық қасиеттері (көзге, журек – қан тамыр жүйесіне, бездерге, тегіс салалы бұлшықетке әсерлері). ОЖЖ – не әсер ету ерекшеліктері. Қолдану көрсеткіштері.

14. Скополамин, платифиллин, гастроцепин, гоматропиннің фармакологиялық әсерлерінің ерекшеліктері. Салыстырмалы сипаттамалары. Қолдану көрсеткіштері. Жанама әсерлері.

15. М-холиноблокаторлармен жедел улану. Улану симптомдары. Көмек көрсету шаралары.

16. Тыныс алу және жүрек - қан тамыр жүйелеріне Н-холиномиметикалық заттардың әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

17. Ганглиоблокаторлар. Әсер ету механизмі. Симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилерді ынталандырудан болатын әсерлер. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

18. Миорелаксанттар. Жіктелуі. Деполяризациялық және антидеполяризациялық заттардың әсер ету механизмдері.

19. Миорелаксанттардың әсер ету принциптері.Қолданылу көрсеткіштері. Оларды қолданғанда болуы мүмкін асқынулар. Миорелаксанттардың антогонисттері.

20. Адренергиялық синапс. a- және b - адренорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.

21. Адренергиялық заттардың жіктелуі.

22. a- и b-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Әсер ету механизмдері. Эпинефриннің (адреналин гидрохлориді) жүрек-қан тамыр жүйесіне, көз қарашығына, ішкі мүшелердің тегіс салалы бұлшықеттеріне, көмірсу, май алмасуына көрсететін фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері, қолдануға қарсы көрсеткіштері.

23. Симпатомиметиктер (эфедрин гидрохлориді).Әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері. Эпинефриннен айырмашылығы. Қолдану көрсетіштері, жанама әсерлері.

24. a-адренорецепторларды белсендіретін заттар. Негізгі фармакологиялық әсерлері. Қолдану көрсетіштері, қолдануға қарсы көрсеткіштері. Норэпинефрин мен мезатонның салыстырмалы сипаттамалары.

25. b-адреномиметиктер. Селективті және селективті емес b-адреномиметиктерге бөлінуі. Изадриннің фармакокинетика және фармакодинамикасының ерекшіліктері. b- адреномиметиктерді қолдану көрсеткіштері. Жатырдың тонусына әсер етуі.

26. a-адреноблокаторлар. Фентоламиннің негізгі фармакологиялық әсерлері. Празозиннің фентоламиннен айырмашылығы. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

27. b-адреноблокаторлар. Селективті және селективті емес b-адреноблокаторларға бөлінуі. Фармакологиялық әсерлерінің механизмі. Қолдану көрсеткіштері, жанама әсерлері.

28. Симпатолитиктер. Әсер ету механизмдері.Осы топтағы дәрілік заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық ерекшіліктері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: аралық бақылау, ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орындау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу.

6. Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2010.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии, М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2011.-516 с.

2. Шайдаров М.З. и др. Основы фармакологии с рецептурой, учебник.- Астана. – 2011. – 352 с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2010.- 1216 с.

5. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 2008.- 1043с...

6. Клиническая фармакология /Под ред. В.Г.Кукеса/- М.: Изд-во ММА, 2009.-760с.

7. Яковлев В.П., Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.: Литтерра. 2003. - 1002 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Перевод на каз. язык. 2009.- 451 с.

Ағылшын :

Негізгі:

1. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2009, Second Edition, 558 p.

2. Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 2012, 830 p.

7. Бақылау: ауызша сұрау, тесттік бақылау, рецепттер жазу, ақуалды есептерді шешу.

Рецепт жазуға арналған препараттар:

1. Лидокаин – Lidocainum (2% еріт. амп. түрінде 5 мл-нан)

2. Бупивакаин – Bupivacainum (0,25% еріт. флак. түрінде 20 мл-нан)

3. Артикаин – Articainum (1% еріт. амп. түрінде 5 мл-нан)

4. Прокаин гидрохлориді – Procaini hydrochloridum (0,5% - 10 мл; 2% еріт. амп. түрінде 2 мл-нан)

5. Бензокаин – Benzocainum (мазь 5% -10,0)

6. Анестезол – Anaesthesolum (суппозитории №10)

7. Ацеклидин – Асесlidinum (0,2% еріт. амп. 1 мл)

8. Пилокарпина гидрохлорид – Pilocarpini hydrochloridum (2% еріт. фл.10 мл)

9. Галантамина гидробромид–Galanthamini hydrobromidum(0,2% еріт. амп. 1 мл)

10. Атропина сульфат – Atropini sulfas (0,1% еріт. амп. 1 мл)

11. Пирензепин – Pirenzepinum (таб. 0,05 №20)

12. Ипратропия бромид – Ipratropii bromidum (аэрозоль 15 мл 20 мкг/доза)

13. Эпинефрин – Epinephrinum (0,1% еріт. амп. 1 мл)

14. Мезатон– Mesatonum (1% еріт. амп. 1 мл)

15. Сальбутамол– Salbutamolum (таб. 0,004 №30; 0,1% еріт. амп. 5 мл)

16. Пропранолол – Propranololum (таб. 0,04 №20; 0,25% еріт. амп. 1 мл)

17. Атенолол– Atenololum (таб. 0,05 №20)

18. Нафтизин – Naphthyzinum (0,05% еріт. фл. 10мл)

 

Сипаттама беруге арналған препараттар:


Тетракаин, Артикаин, Камистад, Лидокаин, Прокаина гидрохлорид. Ипратропия бромид, Пирензепин, Гиосцина бутилбромид (бускопан), Дипироксим, Цититон, Ацеклидин, Дитилин, Изадрин, Фенотерол, Бисопролол, Доксазозин, Эфедрин, Фентоламин.

 


 

 

 

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

Пәні: Фармакология - 1

 

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

 

Тақырып №9: Наркотикалық анальгетиктер. Наркотикалық емес анальгетиктер.

 

Сағат саны: 3

 

Курс: 2

 

 

Құрастырушы: Уайсова Д.С.