ТЕСТ 2.
БАРЛЫҚ ДҰРЫС ЖАУАПТАРДЫ ТАҢДАҢЫЗ.
1. Дұрыс сөйлемді анықта:
а. Нақты ЖІӨ өсуі әрқашан номиналды ЖІӨ өсуімен бірге жүреді
б. Қоймадағы биыл өндірілген, бірақ өткізілмеген өнім ЖІӨ-ге кірмейді
в. 2004 жылы Қазақстанда өндірілген барлық металл аралық тауар болып табылады
г. өндіріс шығынының мөлшері әрқашан аралық тауарлардың құнынан көп болады
д. экономиканың барлық секторында жасалған барлық қосымша құндардың сомасы әрқашан түпкілікті өнімнің құнына тең
е. акцияны сату, сатып алумен байланысты делдалдық қызмет көрсетулер ЖІӨ-ге кіреді
ж. Елдің ЖІӨ әрқашан оның ЖҰӨ көп болады
з. ЖІӨ елдегі өмір сүру деңгейін бағалаудың жақсы көрсеткіші болып табылады
Дұрыс жауаптар: г, д.
2. Шығындар тәсілімен есептегенде төмендегі шығындар ескерілуі керек:
а. Мемлекеттік мектептегі мұғалімге төленген жалақы
б. «Қазақмыс» ААҚ акциясын сатып алуға кеткен азаматтардың шығыны
в. Жеке мешік клиникалардағы дәрігерлерге төленген жалақы
г. Азаматтардың қоймау керек жерге машиналарын қойғаны үшін төлеген штрафтар
д. Нотариалды қызмет көрсетуге жұмсалған азаматтардың шығыны
е. Жергілікті әкімшіліктің шығыны соғыс ардагеріне алған құнды сыйлықтарының шығыны
ж. Жатақхананың бөлмесін жөндеуге кеткен студенттердің шығыны
з. Шет мемлекеттердің Қазақстаннан мұнай алуға жұмсаған шығындары
Дұрыс жауаптар: а, е, ж, з.
3. ЖІӨ табыстар арқылы есептегендегі тқмендегі табыстар ескеріледі:
а. Шет ел азаматтарына тиісті: «Қазақтелеком» ААҚ акциясының дивидендтері
б. Мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетке түсетін пайдасы
в. Азаматтардан бюджетке түсетін табыс салықтары
г. Милиционердің жалақысы
д. Жеке күзет мекемелері қызметкерлерінің жалақысы
е. Бензин құбыры иесінің табысы
ж. Бұрыңғы әскери қыззметкерлердің зейнетақысы
Дұрыс жауаптар: б, д, е
ЕСЕПТЕР (өз бетімен шығаруға)
1 есеп.Төмендегі барлық жағдайлар Қазақстанда 1995 жылы болған. 1995 жылғы Қазақстанның ЖІӨ есептеуде олардың әрқайсысының үлесін анықтадыңыз. Жалпы үес қандай? Жауапты негіздеңіз.
1. Гүлмира мемлекеттен 5000 теңге зейнетақы алды
2. «Мұра» баспасы 1000 кәтап шығарып, әрқайсысын мың теңгеден (ҚҚС 20% қоса) сатты. Кітап шығаруда 1995 өндірілген Ұлттық қағаз бен материалдар қолданылады
3. Алматыдағы IBM корпорациясының өкілдігі мүлік салфығы ретінде 3 млн теңге төледі
4. Үй-құрылыс комбинаты 5 млн. теңгеге құралмалы үй өндіру үшін 1995 жылы шығарылған жергілікті материалдар алды. Оның жартысы қолданылды да 4 млн. теңге табыс әкелді. Қалған келесі жылы жұмсау жоспарланған
5. «Адал» фирмасы маусымда 3 млн. теңгеге жаңа импорттық компьютерлер сатып алды.Соны қолданып фирма жылдың аяғына дейін 8 млн. теңге табыс тапты. Желтоқсанда компьютерлер 2 млн. теңгеге сатылады
6. 1995 жылы өндірілген Ұлттыұ темекінің 3000 қорабын сатып, жеке сауда иесі Д млн. теңге табыс тапты., Оның 300 мың теңгесін мемлекетке акциз түрінде аударды.
7. Өскеменнің комбинаты 1 қаңтарда осы облыстың фермерлерінен 10 кг. сиыр етін 1 кг 200 теңгеден консерві жасауға сатып алды да, оларды мамыр айында 30 000 теңгеге сатты.
8. Бизнеспен айналысатын Сәуле «Қазақмыс» компаниясының 1000 акциясын сатып алды. Компания 1995 жылдың І кварталында алдыңғы жылдың әр акцияға 1000 теңгеден келетін дивидендін таратты.
9. Американдық компания май айында Атырауда мұнай өндірді де, АҚШ-та сатып 115 млн. теңгеге сәйкес табыс тапты.
10. Мектеп мұғалімі Баян бюджттен 15 000 теңге жалақы алды
11. Жәнібек мейрамға қарсы 1 кг 200 теңгеден 5 кг құлпынай сатып алды.
Жауабы:
1. Трансфертті төлем, ЖІӨ--ге кірмейді
2. ЖІӨ-ге 1 млн теңге кіреді
3. ЖІӨ-ге кірмейді, өнім өндіруді көрсетпейді
4. Түпкілікті тауар болып (осы жылға) үә және жыл аяғына дейін қолданылмаған басқа материалдар табылады. ЖІӨ-ге 4млн. + 5,5 млн = 6,5 млн кіреді.
5. ЖІӨ-ге 8 млн. теңге кіреді. Импорт есептелмейді.
6. Акцизді қосқандағы ЖІӨ-ге табыс кіреді, 3 млн.тг.
7. Қосымша құн кіреді, 30 000 – 20 000 = 10 000. Сиыр еті былтыр өндірілмегендіктен ескерілмейді
8. Өнім өндірілмеді, сондықтан есептелмейді.
9. ЖІӨ 15 млн теңгеге өсті, мұнай Қазақстанда өндірілген
10. Жалақы мемлекет шығыны, 15 000 теңге есептеледі
11. 200 х 5= 1000 теңге тұтыну шығыны есептеледі.
2 есеп.Бір елдің ЖІӨ есептеуге төмендегі көрсеикіштер ағымдағы бағамен (мың а.б.) берілген, 2005 жыл
Кәсіпкерлік табыс | |
Жеке тұтыну шығыны | |
Жалақы | |
Ішкі инвестиция | |
рента |
Амортизация | |
Мем. шығын | |
Процент | |
Кәсіпорын пайдасы | |
Жанама салық |
Еңбекке жарамды халықтың миграциясы, капиталды әкелу-әкету жоқ болғандықтан ЖІӨ =ЖҰӨ. Егер 2005 жылғы баға базалық жылдан 20% өссе, төмендегі көрсеткіштердің номиналды және нақты мөлшерін есепте.
а. ЖІӨ
б. Таза экспорт
в. Ұлттық табыс
Шешуі:
а. ЖІӨ, табыс тәсілі = 250 + 80 + 810 + 170 + 120 +1240 + 30= 2700
ЖІӨ, шығын тәсілі = 490 + 1530 + 980 = 3000
б. Таза экспорт = 3000 – 2700 = 300
в. ҰТ = 3000 – 250 – 170 = 2580
Номиналды ЖІӨ 3000 теңге, ағымдық бағамен
Нақты ЖІӨ = (ЖІӨ ном / Jp ) [ 100% = (3000 / 120) [ 100% = 2500
Jp – дефлятор индексі
Жауабы: ЖІӨ = 2700; Таза экспорт = 2500; ҰТ = 2580.
3 есеп. N елінің экономикасының салалық құрылымында 4 сала көрсетілген: шикізат өндіруші, машина жасау, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі. Былтырғы жылғы олардың жұмыстарының нәтижесі берілген:
Қара металл рудасы 100 а.б. өндіріліп, машина жасау кәсіпорындарында пайдаланылған.
Көмір 150 а.б. өндірілген, 50% машина жасау өнеркәсібіне кеткен, 20% тұрғындарға сатылған, қалғаны тамақ өнеркәсібіне жұмсалған.
Ауыл шаруашылығы өнімі 120 а.б. шығарылған, 1/3 экспортталған, 25% үй шаруашылығы қолданған, қалғаны тамақ өнеркәсібіне жөнетілген.
Машина жасау кәсіпорындары 400 а.б. құрал-жабдық өндірген. Әр салаға ¼ бөлігі берілген.
Тамақ өнеркәсібі өндірген өнім көлемі 200 а.б., барлығы тұрғындарға өткізілген.
Азаматтардың тұтыну шығынын қамтамасыз ету үшін шет елден 250 а.б. тауарлар әкелген.
Елдің ЖІӨ Бағалаңыз:
а. шығын тәсілімен,
б. өндірістік тәсілімен,
в. табыс тәсілімен
Шешуі:кесте арқылы көрсетейік:
ЖІӨ шығын тәсілімен анықтау:
Шығындар | Сомма |
Машина жасау кәсіпорындарына (100 қара металл кен өндіру + 75 көмір өндіру) | |
Тұтыну шығындары (30 көмір + 30 ауыл шаруышылық өнімдері +200 тамақ өнеркәсібі +250 импорт тауарлары) | |
Тамақ өнеркәсібінің шығындары (45 көмірге + 50 ауыл шаруышылық өніміне) | |
Ауыл шаруашылық, тамақ салаларының құрал-жабдықтарды сатып алуы | |
Импорт | |
Экспорт (120/3=40) | |
Жалпы шығындар: |
ЖІӨ өндірістік тәсілмен анықтау:
Өндіріс және сату кезеңдері | Сатылу бағасы | Қосылған құнь | |
есептеу | сомасы | ||
1.қазып шығаратын өнеркәсіп (көмір) | 45 (аралық өнім) | 45-0 | 45 |
2. ауыл шаруышылық өнімі | 50 (аралық өнім) | 50-0 | 50 |
3. тамақ өнеркәсібі | 200 (аралық өнім)) | 200-45-50 | 105 |
4.қазып шығаратын өнеркәсіп (кен, көмір) | 175 (аралық өнім) | 175-0 | 175 |
5. машинажасау кәсіпорындары | 300 (соңғы өнім) | 300-175 | 125 |
6. ауыл шаруашылық өнімі | 120 (соңғы өнім) | 120-0 | 120 |
7.қазып шығаратын өнеркәсіп | 250 (соңғы өнім) | 250-0 | 250 |
Жалпы құны (сату көлемі) = 45+50+200+175+300+120+250 = 1140 | Жалпы:870 |
ЖІӨ табыс бойынша анықтау:
Табыс статьясы | Сома, а.б. |
Қазып шығару өнеркәсібі | |
Машина жасау кәсіпорындары | 300 = (400 - 100) |
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары | |
Тамақ өнеркәсібі | |
Жалпы табыс: |
12 тақырып. Халықаралық сауда
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Дүниежүзілік шаруашылық – халықаралық сауда бөлінісі негізінде біріккен ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы Халықаралық сауда – тауар мен қызмет көрсету экспорты мен импорты арқылы жүргізілетін халықаралық экономикалық қатыснастар түрі. |
Халықаралық сауданың негізгі сипаты:
1. көлемі;
2. құрылымы;
3. басқа елдермен байланысы;
4. өндіріс деңгейі.
Халықаралық сауданың себептері:
1. Әр түрлі экономикалық ресурстардың, табиғи ресурстардың болуы;
2. Әр елде әр деңгейдегі техниканың болуы.
Халықаралық сауданың маңызы:
Ø жетіспеген ұлттық ресурсты толықтыру;
Ø ішкі рынокты кеңейту, ұлттық нарықты әлемдік рынокпен байланыстыру;
Ø қосымша табыс табу;
Ø өндіріс көлемін кеңейту;
Халықаралық сауда көлемі экспорт, импорт, таза экспорттан көрінеді. Осы көрсеткіштердің ЖІӨ-ге қатынасы олардың экономикадағы орнын көрсетеді:
1. сыртқы саду айналымы = Э +И активі « + »
2. сауда балансы (таза экспорт) = Э – И пассиві « - »
Халықаралық сауда пайдасы әр экономикалық мектепте әр түрлі бағаланды:
Ø Меркантилстер импорт экспорттан өсу керек деді;
Ø А.Смит «абсолютті артықшылық» теориясын айтты, басқа ел арзан бағамен өндіретін тауарды сатып алу керек деді;
Ø Давид Рикардо «салыстырмалы артықшылық» теориясын жасаған. Әр тауарды шығыны аз аз елдер өндіру керек. Рикардо теориясын келе-келе Маршалл мен Миль дамытқан. Мемлекет протекционизм мен еркін сауда саясатын жүргізу арқылы экспорт пен импорт қатынасын реттейді.
Протекционизм – импортты шектей отырып, ұлттық экономиканы шетел тауарларынан қорғауға бағытталған саясат |
Фритредерлық саясат – еркін сауда саясаты |
Протекционизм әдістері:
1. импорттан жоғары алып, экспорттан төмен салымдар;
2. тарифтік барьерлер:
а. вкоталар экспортқа, импортқа (санын, түрін шектеу);
б. лицензиялау – сыртқы экономикалық қызмет жүргізуге мемлекеттен рұқсат алу;
в. мемлекеттік монополия – мемлекеттік органдарға сыртқы экономиклық қызмет жүргізуге берілетін ерекше құқық.
ТИК – трансұлттық компаниялар –серіктес компанияларды бірнеше елге орналастыру.
АҚШ-та импорт құны ЖІӨ 7%, Канада - 25%, Норвегия - 50%, экспорт Жапонияда – 15% ЖІӨ, Франция - 30%, Норвегия - 50% ЖІӨ.