ЕСЕПТЕР

 

Есеп 10. М елінің тұрғыны 90млн. адам. Оның ішінде 36 млн. адам жұмыс істемейді. Егер жұмыссыздық деңгейі 10%, ал қоғамдағы жұмысқа жарамсыз адам саны жұмыссыз санынан 5 есе көп болса, өз еркімен жұмыс істемейтіндердің санын анықта.

Шешуі:

Жұмыспен қамтылғандарды, яғни жұмыс істейтіндерді анықтауға болады, өйткені барлық халық саны 90 млн., ал жұмыс істемейтіні 36 млн.:

90 – 36 = 54

Жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздық деңгейін біле отырып, теңдеу құрамыз:

X / (54 + x) = 10%, мұнда х жұмыссыз саны.

Х= 6 млн.

Жұмысқа жарамсыз саны: 6 * 5= 30 млн. адам.

Өз еркімен жұмыс істемейтіндер=жұмыс істемейтіндер- жұмысқа жарамсыздар: 36-30=6 (млн.)

Жауабы:Өз еркімен жұмыс істемейтіндер = 6 млн. адам.

 

Есеп 11.Жұмыссыздық деңгейі жылдың басында 20% құрады. Бір жылда экономикалық белсенді халық саны 11%-ке, жұмыссыз саны 2%-ке өсті. Жыл аяғындағы жұмыссыздық деңгейін тап.

Шешуі:

R = (U / L) * 100%, есептің шартынан U=102% болды, экономикалық белсенді халық 111% болды, сондықтан жыл аяғында жұмыссыздық деңгейі:

(2 / 11) * 100% = 18,1%

 

Есеп 12.2005 жылы қаңтарда Ысқақов 45000 жалақы, 3000 теңге сыйақы алды, оның банктегі шотында 100000 теңге бар, бұл сомаға айына 2% қосылады. Одан басқа қаңтарда ол “Алға” газетіндегі мақаласы үшін 1500 теңге алды. Ысқақовтың табыстар құрылымында қандай табыс түрлері көрсетілген? Инфляция айына 3% құрайды. Ысқақовтың қаңтар айындағы нақты және номиналды табыстарын есепте.

Шешуі:

45000 – мерзімді

45000 + 3000 = 48000 – мерзімді – сыйақылы

Процент(ақша капиталының табысы)=10000 * 0,02 = 2000

1500 – кесіді жалақы

Барлығы Ысқақов 51500 алады, бұл номиналды жалақы

Нақты жалақы: (ND/YP)*100%=(51500/103%)*100%=50000

 

Есеп 13.Табиғи жұмыссыздық деңгейі – 6%, нақты жұмыссыздық деңгейі 10%. 4 жыл бойында толық жұмысбастылық болуы үшін ЖІӨ-нің өсу темпі қанша процентке тең болады?

Шешуі:

4 жылда жұмыссыздық деңгейі 10%-тен 6%-ке, демек 4%-ке, яғни жылына 1%-ке түсу керек.

Осылайша Оукен заңын қолданып, былай жазуға болады: -1 = -0,4 * (dЖІӨ / ЖІӨ - 2,5%), бұдан dЖІӨ/ЖІӨ=5%

Есеп 14.Потенциалды ЖІӨ 1100 млрд. а.б., ал нақты 1000 млрд. а.б., жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 6% деп есептеңіз. Нақты жұмыссыздықтың деңгейі неге тең?

Шешуі:

Есеп Оукен заңы туралы түсінікті кеңейтеді. Потенциалды және нақты ЖІӨ айырмасы арқылы біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейден қаншалықты артқанын, яғни циклды жұмыссыздықтың деңгейін көре аламыз.

ЖІӨпот.- ЖІӨнақ. Айырмасын біле отырып, нақты ЖІӨ өсімінің проценті неге тең екенін, басқаша айтқанда ЖІӨ өсімінің темпін анықтауға болады.

ЖІӨпот.- ЖІӨнақ. = 1100 -1000 = 100

Сондықтан нақты ЖІӨ өсімінің проценті 100 /1000 = 0,1, немесе 10%-ке тең. Оукен заңының теңдеуі бойынша:

U= -0,4 *(10% - 2,5%) = 3%;

Бұдан нақты жұмыссыздық деңгейі 6%+3% = 9%

Есеп 15.Табиғи жұмыссыздық деңгейі 6%, нақты жұмыссыздық деңгейі 8%, өндірілген ЖІӨ мөлшері 400 млн. а.б. Потенциалды ЖІӨ неге тең?

Шешуі:

Нақты ЖІӨ потенциалды ЖІӨ-нің деңгейіне жету үшін жұмыссыздық деңгейі табиғи жұмыссыздық деңгейіне, яғни 6%-ке түсу керек, бұл 2% дегенді білдіреді. Сонымен:

- 2% = - 0,4 * (ΔЖІӨ / 400 -2,5%), бұдан ΔdЖІӨ =30 млн. а.б., ал потенциалды ЖІӨ = 400 + 30 = 430 млн. а.б.

Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық

 

Сабақтың мақсаты:

1. ЖІӨ мен ЖІӨ-нің анықтамасы және есептеуімен байланысты ұғымдарды, олардың ұлттық шоттар жүйесіндегі, экономикалық тұрақсыздықты реттеудегі ролін терең деңгейде қарастыру.

2. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының салынуын анализдеу.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық пен экономиканы тұрақтандырудағы мемлекет саясатының түрлерін қарастыру

Сабақтың міндеттері:

1. Макроэкономиканың мақсаты мен құралдарын қарастыру

2. ЖҰӨ үш тәсілмен есептеп алуға үйрету

3. Есеп шығару арқылы номиналды және нақты ЖІӨ есептеп үйрету

4. Макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекет саясатының түрлерін графиктер мен схемалар арқылы қарастыру

5. Экономика саласындағы мемлекет саясатын анализдеу

6. 1, 2 тестерді талдау

Қарастырылатын сұрақтар:

• Ұлттық шоттар жүйесін қарастыру және елдің экономикалық дамуындағы оның мәнін анықтау

• ҰШЖ негізгі көрсеткіштері (ЖҰӨ, ЖІӨ, ҰТ, ТҰТ, ЖТ)

• Экономикалық циклділігіне ерекше назар аудару

• Экономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс. Жиынтық ұсыныс.

• Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін қарастыру

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

ЖІӨ, ЖҰӨ, нақты және номиналды ЖІӨ, қосымша құн; ЖІӨ табыс, шығын, қосымша құн арқылы есептеу; аралық тауар, түпкілікті тауар, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, индекс-дефлятор, экономикалық өсу, өрлеу, құлдырау, шың, депрессия, экономиканы тұрақтандыру, экономиклық цикл, дамудың интенсивті және экстенсивті жолдары, фискалдық саясат, аөша-несие саясаты.

 

 

Экономикалық тұрақтылық

 

Экономиканың мақсаты мен құралдары ХХ ғ. 30 жылдарында адамдар экономиканың тұтас механизм ретінде қызмет етуінің проблемаларымен кездесті. Дамыған капиталистік елдердегі ұзаққа созылған өндіріс құлдырауы және жаппай жұмысссыздық (Ұлы депрессия) экономиканың алдында көптеген сұрақтар қойды. Микроэкономикалық теория оған жауап бере алмайды. Экономиканы жалпылап, бір жүйе ретінде зерттелетін әдістер қажет болды.

 

Бұл тапсырманы белгілі ағылшын экономисі - Джон Мейнард Кейнс шешті. Оның зерттеулері экономикалық проблемаларды қарастыруда нағыз революция болды. Кейнс макроэкономикалық теорияның негізін қалаушысы болып табылады.

 

Макроэкономикалық анализ пәні экономикалық көрсеткіштердің жіктелімі және олардың арасындағы байланыс болып табылады. Мемлекет өзінің экономикалық жағдайына экономикалық саясат арқылы әсер ете алады.

 

Макроэкономиканың мақсаты мен құралдары

 

Мақсаты Құралдары
Өндіріс көлемі: Жоғарғы деңгей – нақтылы да, салыстырмалы бар потенциалды да, өсудің жоғары темпі (негізгі көрсеткіші – ЖҰӨ) Фискалдық саясат: үкіметтің шығындары, салық жүйесі  
Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту жоғары деңгейде, еріксіз жұмыссыз болу төмен. Ақша-несие саясаты: ақша ұсынысын пайыз мөлшері арқылы бақылау
Баға деңгейі. Еркін рыноктағы тұрақты баға деңгейі; инфляция деңгейі, нөлге жуық (көрсеткіші – баға индексі, инфляция темпі) Табысты реттеу саясаты: жалақыны еркін белгілеуден заңды бақылауға дейін
Сыртқы баланс: экспорттық, импорттық тепе-теңдік; айбарыс бағамының тұрақтылығы Сыртқы экономикалық саясат: сыртқы бақылау, айырбас бағамын басқару

 

Экономиканы жалпылап сипаттау үшін және оның дамуын бағалау үшін экономистер макроэкономикалық көрсеткіштерді қолданады. Бұл көрсеткіштер бірге жиналып ұлттық шоттар жүйесін құрайды.

ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ. ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ.

 

ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ

Ұлттық шоттар жүйесінің жүйесінің негізгі көрсеткіші – Жалпы Ұлттық Өнім. Жалпы мағынады ЖҰӨ елдегі бір жыл ішінде өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулердің мөлшерін көрсетеді.

 

Жалпы ұлттық өнім – осы елдегі өндіріс факторларының бір жыл ішіндегі өз елінде және басқа елде өндірген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы нарықтық құны

 

ЖҰӨ анықтамасына орай оның ерекшеліктерін қарастырайық:

Ø ЖҰҚ тек ғана түпкілікті тауарлар кіреді. Түпкілікті тауар – ары қарай сатуға немесе өңдеуге емес соңғы рет пайдалануға сатып алынған тауар мен қызмет көрсетулер.Бұл ереже екі рет есептеуден сақтайды, өйткені аралық тауар құны түпкілікті тауарда есептелмеген.

Ø ЖҰӨ қордың өзгеруі есептеледі. Биылғы жылғы өндірілген барлық тауарлар сатылмау мүмкін. Кейбіреуі қорды толықтырады. Қордың өсуі ЖҰӨ-ге қосылады, ал түсуі алынады.

Ø Бұрын пайдалануда болған тауарлар ескерілмейді. Ол ұлттық байлыққа еш үлесін қоспайды. Осылайшаа мемлекеттің трансферттік төлемдер, құнды қағаздар операциялары, жеке трансферттік төлемдер (студентке жіберілген ақша, ата-ана сыйлығы т.б.) ЖҰӨ кірмейді, бұл жерде ештеңе өндірілмейді, қаражат бір қолдан екінші қолға өтті.

Ø Таза экспорт ЖҰӨ қосылады. Экспорт пен импорттың айырмасы таза экспорт деп аталады да ЖҰӨ-ге қосылады

Ø Нарықтық емес өндіріс. Көп адамдарда жеке қосалқы шаруашылықтары бар. Сатуға емес өзі үшін өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулер ЖҰӨ-ге кірмейді.

Ø Жасырын, заңсыз өндірілген тауарлар ЖІӨ-ге кірмейді

Ø Сапасындағы өзгеріс. Бірдей бағада тауарлар сапасын өзгертуі мүмкін. ЖҰӨ ақшалай бірлікпен көрсетілетін болғандықтан, бұл өзгерістер оның мөлшеріне әсер етпейді.

Ø Баға деңгейіндегі өзгеріс. Инфляция ЖҰӨ өсу темпін бұзып көрсетуі мүмкін, ойткені бұл көрсетілген ағымдық бағада көрсетіледі. Баға өскенде, өндіріс қысқарса да ЖҰӨ өсуі мүмкін.

Ø Халық санының өзгеруі. Халықтың өмір сүру деңгейін бағалағанда ЖҰӨ ғана өсімін емес, халыөтың да өсімін ескеру қажет. Мысалы, ЖҰӨ 5% өсті, халық саны 10%-ке өсті, онда жан басына шаққандағы ЖҰӨ төмендейді өндіре отырып, біз суды, ауаны ластаймыз, қалдықтар тастаймыз. Олардың құны ЖҰӨ -нен алынып тастайды.

 

Өлшеудің қателіктері:

 

ЖҰӨ-ді есептегенде қателіктер кетіп, оның мәнін бұзып көрсетуі мүмкін.

 

ЖҰӨ-ді есептеудің үш әдісі бар:

1. Өндіріс немесе шығындар арқылы анықттау (барлық түпкілікті тауарлар көсемін сатып алу үшін нарықта қанша ақша жұмсалғаны арқылы)

2. ЖҰӨ өндіру процесінде жасалған немесе алынған табыс арқылы. ЖҰӨ былай табыспен немесе қосымша құнмен есептеледі.

 

Қосымша құн – фирманың өнімін сатқаннан түсірген жалпы табысынан басқа факторларға материалдар мен қызмет көрсетулер үшін төлеген шығындарын алып тастағанға тең.

 

Ең ақырында өндіріс барысында қосылған қосымша құн төрт түрлі табысқа бөлінеді: жалақы, рента, пайыз және пайда.

 

Екі жағдайда да бірдей нәтиже шығады, өйткені өнімді сатқан кезде бір жағынан шығынданса, екінші жағынан табыс табуға болады. Егер үкіметті қоса есептегендегі экономикадағы айналым сызба нұсқасына оралсақ, өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулерді үй шаруашылығы, үкімет, фирмалар, шетелдік тұтынушылар сатып алады, ал табыстар жалақыға, рентаға, пайызға, пайдаға, салыққа және амортизацияға жұмсалады.

 

Төмендегі кестеде ЖҰӨ есептеудің үш жолы берілген.

 

Шығындар тәсілмен есептеу Табыстар тәсілімен есептеу
1. Тұтыну шығыны 2. Жалпы жеке инвестициялар 3. Үкімет шығыны 4. Таза экспорт 1. Жалақы 2. Пайыз 3. Пайда 4. Амортизациялық төлем 5. Жанама салықтар

 

 

I. ЖҰӨ ШЫҒЫНДАР АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ:

1. Тұтыну шығынына (С) үш шаруашылығы шығындары және ұзақ уақыт қолданылатын тауарлар, ағымда тұтынатын тауарлар жатады:

2. Жалпы жеке ішкі инвестиция (1). Оған жататындар:

А. Кәсіпкерлердің түпкілікті сатып алған машина, құрал-жабдық, станоктары

Б. Барлық құрылыс

В. Қордың өзгеруі

Г. Жалпы инвестиция = таза инвестиция + амортизация

3. Мемлекет шығыны (6)

4. Таза экспорт (х) – экспорт пен импорттың айырмасы

 

Сонымен ЖҰӨ = C + J + G ± X n

II. ЖҰӨ ТАБЫС ТӘСІЛІМЕН ЕСЕПТЕУ

1. Жалданушы жұмысшылардың еңбегінің ақысы (жалақығ әлеуметтік ж»не медициналық төлемдер, зейнетақы қоры)

2. Пайыз

3. Рента

4. Пайда

5. Амортизация

6. Жанама жалақы

 

III. ЖІӨ өндірістік әдіспен есептеу.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерді қайталап санамас үшін ЖҰӨ-ді жалпы құнымен емес қосымша құнымен санайды. Ол өнімнің осы фирма өндірген бөлігінің құнымен анықталады.

 

Мысал қарастырайық. Онда көйлек шығару процесінің бес кезеңі көрсетілген. Әрбір кезеңде кәсіпорындар алдыңғылардан аралық тауар сатып алады да оған өз өнімін қосады. Қосатын өнімнің құны қосымша құн деп аталады. Ол фирманың өткізген өнімнің құнынан жабдықтаушылардан асып қолданған материалдардың құнын алып тастағанға тең.

Қосымша құнды есептеу

Өндіріс кезеңдері Сату баға Қосымша құн
есептеуі сомасы
1. Қой шаруашылығы фирмасы Аралық өнім - 60 60-0
2. Жүн өңдейтін фирма Аралық өнім – 100 100-60
3. Тігін фабрикасы Аралық өнім – 125 125-100
4. Көтерме сауда Аралық өнім – 175 175-125
5. Жеке сауда Түпкілікті тауар 250 250-175

 

Мысалдан түсінгеніміздей аралық тауар деп ары қарай өңдеуге немесе қайта сатуға арналып сатып алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді айтады.

 

Түпкілікті тауарлар пайдану үшін сатып алынатын тауарлар.

 

Ұлттық шоттың басқа көрсеткіштері

 
 

 

 


1. ЖІӨ - жалпы ішкі өнім

2. ТҰӨ - таза ұлттық өнім

ТҰӨ = ЖҰӨ - Амортизация

3. ҰТ- ұлттық табыс

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

4. ЖТ- жеке табыс

ЖТ = Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтандыру төлемі

- корпорация пайдасының салығы

- корпорацияның бөлінбейтін пайдасы

+ трансферттік төлемдер;

 

5. Салықты төлегеннен кейінгі табыс = жеке табыс – жеке салықтар

 

 

НОМИНАЛДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ЖҮӨ

 

 

Номиналды ЖІӨ - нарықтағы ағымдық жылдағы бағамен көрсетілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

 

Нақты ЖІӨ - нарықтағы өзгермейтін, яғни базалық жылғы бағада көрсетілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіріс көлемі.

 

ЖІӨ нақты = ЖІӨ номиналды / Р ЖІӨ

 

Р ЖІӨ - барлық түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің баға индексі (дефлятор)

 

ЖІӨ номиналды = Q1 P1 + Q2 P2 + …+ Qn Pn = ∑ Qi Pi

 

ЖІӨ нақты = Q1 P10 + Q2 P20 + …+ Qn Pn 0 = ∑ Qi Pi0

 

P0 - барлық жылғы баға

 

Р ЖІӨ = ЖІӨ номиналды / ЖІӨ нақты

 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ МЕН ОНЫ ЕСЕПТЕУ

Экономикалық өсудің екі жолы

 

 

Жалпы ішкі өнімнің өсуі экономикалық өркендеуге тура әсер етеді.

 

Экономикалық өсу – ол қоғамның экономикалық өсуі, екі түрлі жолмен анықталады:

1. ЖІӨ мен ТҰӨ белгілі бір уақытта бірдей өсуі

2. белгілі бір уақытта ЖІӨ мен ТҰӨ нақты халық санының көбеуіне байланысты өсуі.

 

Егер бірінші қағидадан мемлекеттің экономикалық мүмкіншілігінің артуын көрсек, екінші қағидадан халықтың өмірлік жағдайының жақсарғанын көреміз.

 

Осы анықтамаларды пайдалана отырып экономикалық өсу қарқыны = [ (ЖҰӨ - ТҰӨ) / ЖҰӨ ] х 100%

 

 

 

 

Экономикалық тұрақтылық

Нарықтық экономика өзінің тұрақсыздығымен, экономикалық бірқалыпты еместігімен ерекшеленеді. Бірақ бұл тұрақсыздық қатер емес, бұл экономикалық жүйенің құлауына және бұзылуына алып келеді деп шешуге болмайды. Мемлекет экономикалық саясатында экономкалық тұрақсыздықты ескеруі қажет.

 

Экономикалық саясаттың мақсаты экономикалық қызметініңөсуі мен өркендеуінің бір қалыптылығын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік саяси жүйені қалыптастыру.

 

Экономикалық тұрақсыздықтың көптеген түрлерінің ішінде негізгілері болып:

- ЖІӨ циклдық қозғалысының инвестицияға, тұтынуға жұмыспен қамтылуға әсері;

- Жұмыссыздық;

- Инфляция.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛДАР

 

Экономикалық өсу нарықтық экономикада өндірістің өркендеу кезеңдерінің ауысуымен, ЖҰӨ көлемімен өсуімен ерекшеленеді.

Кезеңдердің өсіп не төмендеп отыруы экономиканың циклдің өзгеруі делінеді.

 

Экономикалық цикл – қоғамдағы экономикалық белсенділігінің периодта өзгеріп тұруы

 

Бірінші экономикалық құлдырау 1825 жылы Англияда есеп бойынша тіркелген. Бұдан кейін бұл экономикалық құлдырау әр 8-12 жыл сайын басқа мемлекеттерде орын алған. Бұл тарихтағы дүниежүзілік экономикалық құлдыраудың алды болды.

 

Экономикалық теорияда ерекшеленеді:

- ұзақ мерзімді циклдар (Кондратьев циклі) 50 жыл техника мен технологияны ауыстыруға байланысты;

- орта мерзімді (өндірістік ) цикл 8-12 жыл, оның ұзақтығы негізгі қорларды жаппай ауыстыруға байланысты;

- аз уақытқа арналған 3-4 жыл бойы қорлармен қамтылуымен байланысты.

Біз орта мерзімді өндіріс фазасын қарастырамыз.

 

ОРТА МЕРЗІМДІ (ӨНДІРІС ЦИКЛЫ)

Цикл – фазалардың бірінің орнын екіншісі ауыстыру арасындағы кезең (құлдырау, депрессия, жандану, шың)

 

Құлдырау -шыңнан басталады да ең төменгі нүктеге дейін созылады. Бұл фаза өндірістің өнім өндіру жылдамдығына төмендеуімен ерекшеленеді. Фирмалар болашақ сұранысты дұрыс бағаламағанын байқап, өнімдерін белгіленген бағаға сата алмайтынын көреді.

Олар өнімдерін өткізу үшін өнімнің бағасын арзандатуға мәжбүр болады. Осы себептен фирмалар үлкен қарызға батады, сонымен бірге алған несиелерінің пайызын төлеуге мүмкіндіктері болмайды. Барлық экономикада банкроттық жағадайындағы деректер таралады. Өндірілген тауарларды сата алмағандықтан, фирмалар өндіріс көлемін азайтады. Әрине бұл жағдайда өндіріс көлемін өсіру туралы айту мүмкін емес, нәтижесінде өндіріске солар инвестицияны азайтады, құрал-жабдықтарға сұраныс азаяды.

Өндірістің жұмысын азайтуы жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығаруға әкеліп соғады, жұмыссыздар саны көбейеді. Халық табысы азаяды. Табыстың азаюына байланысты, сонымен бірге халықта қолындағы қаржысын «қиын күндерге» қалдыруына байланысты өндірістік тауарлар мен қызметтерге сұраныс төмендейді. Жұмысбастылардың өмірлік деңгейі төмендейді. Ерекше атап өтетініміз осы уақытта несие пайызы өседі. Фирмалар банкрот болып қалмау үшін қарыз ақша ала бастайды, бос ақша көлеміне сұраныс өседі. Осыған байланысты банкілер несие пайызын өздері белгілей бастайды, себебі ақшаның қамтпай қалу қарқынынына байланысты.

 

1929-1933 жылдардағы экономикалық құлдырау «Ұлы депрессия» деп АҚШ тарихта қалды. Экономистердің бағалауы бойынша құлдыраудың әсерінен экономиканың өсуі 148 жылға кейін шегеріліп, ұлттық табыс 2 есе төмендеді, жеке адамдардың табысы 30 пайызға, жұмыссыздық 25 пайызға төмендеді.

 

Депрессия.Экономика ең төмеңгі нүктеге жетіп осы жағдайда біраз болады.

Өндірістің құлдырауы тоқталады, өнім өндірілмейді, халықтың жұмыспен қамтылуы өте нашар болады. Кәсіпорын көп уақытта арналған қаржыландыруға бармайды. Халық қымбат тауар сатып алмайды. Барлығы жаңа жұмыс бастауға қорқынышпен қарайды.

Жиналған дайын тауарлардың біртіндеп азаюына байланысты, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың төмендеуі тоқталады, тауардың бағасы бір қалыпты болады. Себебі ақшаға деген сұраныс төмендеген, демек, несиенің пайыздық мөлшері ең төмеңгі шегіне жеткен.

 

Сонымен, өндіріс жандана бастайды: қиыншылықта өмір сүруін тоқтатпаған кәсіпорындар біртіндеп құрал-жабдықтарын жаңалай бастайды, жаңасын сатып алады (несие пайызы төмен болуына байланысты), жаңа технологияны игереді, қндіріс тиімділігін арттыру үшін шараларды пайдаланады.

Олардың мақсаты – шығындарды азайтып, арзан баға арқылы пайда табу.

 

Мемлекеттің көмегінсіз депрессия жағдайынан шығу баяу болады, өндіріс орындарында енді жандану процессі басталады.

 

Жандану– депрессияның ең төмеңгі нүктесінен басталады да экономиканың кеелесі циклымен аяқталады.

Экономикалық өркендей бастауы тұтыну қажеттіліктерін сұранысына өсуімен анықталады. Өндіріс көлемі өсе бастайды, жұмысбастылар көбейеді, халықтың табысы көбейеді., халықтық абысы артады.

Халықтың нақты табысының өсуіне байланысты, өздеріне қажеттң тауарды тұтына бастайды. Нәтижесінде тағы да сұраныс артады. Өндірісті үлкен инвестицияның көмегін сіз һркендету мүмкін болмайтыны түсінікті болады. Кәсіпорындарда өндіріске қажет инвестицияны өсіруге, өнім көлемін көбейтуге мүмкіндік өте зор, себебі төмен пайызбен несие алуға болады.

Инвестицияға сұраныс өседі, сонымен бірге барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемі ұлғаяды.

Өндірістің кеңеюі жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер тигізеді.

Экономистер бұл экономикалық этапта сұранымның өсуі ұсыным өсімін басып озады да, нәтижесінде жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артады.

Демек, сұраныстың өсуіне байланысты барлық ресурстарға, ақшаға банктерде несие пайызы өсе бастайды.

 

Өрлеу.Жандану фазасынан кейін басталып шыңына жетеді.

 

Стагфляция– инфляцияның және өндіріс құлдырауының жұмыссыздықпен қатар бірге өсуі

 

Экономикалық белсенділік деңгейінің ауытқуы экономикадағы тепе-теңдіктің бұзылуының салдары болып табылады. Циклдың қозғалысында нақты капиталға алынған инвестицияның мәні зор.

 

МАКРОЭКОНОМИКАДАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

 

ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС ПЕН ЖИЫНТЫҚ ҰСЫНЫС

Жиынтық сұраныс AD– тұтынушы, кәсіпорын және үкіметтің кез-келген мүмкін баға деңгейінде алуға дайын тауарлар мен қызмет көрсетулер көлемін көрсететін модель

Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен нақты өндіріс көлемінің арасындағы кері байланысты көрсетеді.

 

 

AD қисығының кемілелі болу себебіне үш факторлар әсер етеді:

1. Пайыз мөлшерінің әсері. Баға деңгейі өскенде ақшаға сұраныс артады, яғни пайыз мөлшері өседі, бұдан тұтыну шығыны мен инвестиция азаяды.

2. Байлық әсер: Жоғары баға деңгейінде тұрғындардың сатып алу қабілеті түседі, кедейлене бастайды да шығындарын қысқартады.

3. Импорт әсері. Ел ішіндегі бағаның өсуінен шет елге ұлттық тауарлар қымбатқа түседі, олар сатып алуды қысқартады. Басқа жағынан ұлттық тауарлар қымбаттаса, тұтынушылар импорттық тауарларды алғанда дұрыс көреді.

Жиынтық ұсыныс AS– әрбір мүмкін баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемін көрсететін модель

Жиынтық ұсыныстың қисығы баға деңгейі мен ұлттық өнім көлемінің арасындағы тура байланысты көрсетеді.

 

 

Графикте QF – толық жұмысбастылық кезіндегі (өндірістің табиғи жұмыссыздықтың деңгейіне сайпотенциалды мүмкін көлемі) ұлттық өндіріс көлемі.

 

1. Көлденең кесінді экономика терең құлдырауда немесе депрессияда, ресурстар көп қолданылмайды.

2. Тік кесінді Экономикада толық жұмысбастылық жақын арада өндірісті ұлғайту мүмкін емес.

3. Аралық кесінді OQf нақты өндірістің өсуі баға деңгейінің өсуімен қатар жүреді. Бағаның өсуіне ықпалын тигізетін фактордың бірі - әр саладағы толық жұмысбастылыққа жету нәтижесі біркелкі еместігі, екіншісі – толық жұмысбастылыққа жақындағандықтан кәсіпкерлер тиімсіз құрал-жабдық төмен квалификациялы жұмысшы алады, ол шығындарды көбейтеді де, бағаны өсіреді.

 

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысуы тепе-теңдік баға деңгейі мен ұлттық өндірістің нақты көлемін анықтайды.

 

 

ТЕПЕ-ТЕҢДІК БАҒА ДЕҢГЕЙІ МЕН ҰЛТТЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НАҚТЫ КӨЛЕМІ

 

Егер жиынтық сұраныс өссе не болады? Оның салдары AS- тің қай кеісндісінің бойында өтетініне байланысты.

 

1. Көлденең кесінді үстінде AD-ның жылжуы сол баға деңгейінде өндірістің ұлғайғанын көрсетеді

2. Аралық кесіндінің үстінде жылжыса, өндіріс те, баға да өседі

3. Тік кесінді үстінде жылжыса баға деңгейі өседі, ал нақты өндіріс толық жұмысбастылық кезіндегі Qf шыға алмайды.

 

 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ КЕЙНСИАНДЫҚ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

 

Бұл модельде жиынтық сұраныс тұтыну және инвестициялық тауарлар сұранысына тең, ал жиынтық ұсыныс ұлттық өнімге тең. Мұнда сұраныс пен ұсыныс қисығы барлық экономикаға арналып сызылған.

1. Жиынтық сұраныс графигі. Графиктің басы нөлден біраз жоғары жатады, өйткені ұлттық табыс төмен бағаның өзінде адамдар өмір сүру үшін тұтынуды тоқтатпайды. AD ұлттыө табыс өскенде өседі, бірақ одан тез өсе алмайды: қордың белгілі бір қор мөлшері жинақталып отырады.

2. Жиынтық ұсыныстың қисығы нөлден басталып ары қарай 450 бұрышпен бағытталады, өйткені AS ұлттық табысқа тең (өндірілген тауарлардың құны, оны өндірген кездегі табысқа тең)

 

N1 нүктесі – ұлттық табыстың тепе-теңдік деңгейі.

Егер AS >AD болса, (N1 –ден оңға қарай) ол қордың көбеюіне әкеледі де кәсіпкерлердің өндірісті қысқартуына әкеледі.

Егер AS<AD болса, (N1 нүктесінен солға қарай) кәсіпорын күтілген мөлшерден көбірек сатуға мүмкіндік алады, қор азаяды да өндірісті ұлғайтуға тура келеді.

 

N1 нүктесі толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін ұлттық табыс деңгеімен бірдей болуы міндет емес.

Егер N1 толық жұмысбастылықты көрсететін N2 -ден аз болса, жиынтық сұраныстың аз болуымен экономикада ресурстар толық қолданылғаны, немесе «жұмыссыздық аралығы» пайда болғаны.

 

Жұмыссыздықты шектеу мақсатындағы экспансия саясаты

 

 

 

Инфляцияны шектеу мақсатындағы рестриктивті саясат

 

Егер толықжұмысбастылық деңгейі N1 –дің сол жағында жатса артылған жиынтық сұраныстың нәтижесінде «инфляция аралығы» пайда болады. Сондықтан Кейнстің ойынша мемлекет жиынтық сұраныстың деңгейіне әсер етуге тиіс.

 

Мемлекеттің экономикалық саясаты – мемлекеттің мақсаты, міндеті, қызығушылықтарына сәйкес экономиканы басқару саласында үкіметтің жүргізетін іс-шараларының жүйесі

 

Кейнсиандықтар жиынтық сұраныс сұраныс төрт компоненттен тұрады деп қарастырады:

1. тұтыну (үй шаруашылығы сұранысы)

2. инвестициялар (кәсіпорын сұранысы)

3. мемлекеттіің сатып алуы (үкімет сұранысы)

4. таза экспорт (шет ел сұранысы)

 

Экспансиялық саясатты мемлекет жұмыссыздықты азайту үшін қолданады. Жиынтық сұранысты көбейту үшін мемлекеттік шығындарды арттырып, салықты азайту қажет. Екінші жолы – инвестицияны ынталандыру, мысалы пайыз мөлшерін төмендету арқылы.

 

Инфляция кезінде Кейнс экономиканы ұстау үшін рестриктивті (ұстамды) саясат ұсынады. Мұндай саясат халықтың сатып алу қабілетін төмендету үшін мемлекеттік шығынды қысқартуды немесе салықты көбейтуді қажет етеді. Ол тағы инвестицияны азайту үшін пайыз мөлшерін көбейтуді ескереді. Нәтижесінде жиынтық сұраныс азаяды, «инфляция аралығы» қысқарады.

 

 

Мемлекеттің сәлеуметтік-экономкалық саясатының негізгі мақсаты – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің экономикалық өсуіне ықпал ету. Бұл жалпы мақсатты төмендегі мақсаттармен нақтылауға болады:

Ø экономикалық өсу (жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді);

Ø толық жұмысбастылық (тұрғындарды табыспен қамтамасыз етеді;

Ø экономикалық тиімділігін (ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану);

Ø экономикалық тиімділігін (таңдау еркіндігі, кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі т.б.);

Ø азаматтардың жағдайының жақсаруы;

Ø баға тұрақтылығы;

Ø басқа елдермен берік қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

 

Экономикалық заңды тұрақтандыру саясатты үш құрама бөліктен тұрады:

1. циклға қарсы саясат,

2. толық жұмысбастылықты қолдау және соған жету саясаты,

3. инфляцияға қарсы саясат.

 

Бұл жерде тұрақтандыру саясатының әр бағыты басқа бағыттардан бөлек жүргізіле алмайды.

 

 

 

1. Әкімшілік әдіс мемлекеттік биліктің күшіне негізделген, оған тыйым салу, рұсат ету және күштеп орындату жатады. Мұнда мемлекет өзінің ерекше құқықтарын қолданады. Дамыған елдерде бұл әдіс көбінесе қоршаған ортаны қорғауға, төмен жағдайлы адамдарға көмек туралы мәліметтер талап етуге т.б. бағтталған.

2. Экономикалық әдіс экономкалық субъектілерге жанама әсер ету әдісі болып табылады, ол қосымша материалдық игіліктер жасаумен немесе қаржылық жазалаулармен байланысты. Оның екі түрі бар:

Ø Ақша-несие саясаты экономикалық реттеуге бағытталған ақша айналымы және несие саласындағы іс-шаралардың жиынтығы.

Ø Бюджеттік саясат – экономиканы реттеу мақсатында бюджеттің табысы мен шығынның көлемін өзгертуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы.

 

3. Экономикадағы мемлекеттік сектор – мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар арқылы реттеу. Мұның экономикада екі жақты мағынасы бар:

Ø біріншіден, мемлекет жеке өндірушілерге тиімсіз тауарлар мен қызмет көрсетулерді,

Ø екіншіден, халықтың өміріне тікелей әсер ететін салықтарды бақылауда ұстайды. Мысалы, білім беру, денсаулық, мәдениет немесе энергия көлік, байланыс т.б.

ЭКОНОМИКАНЫ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ақша-несие (монетарлық) саясат жұмыспен қамту мен баға деңгейіне ақша массасын өзгерту арқылы әсер етуді көздейді. Елдегі ақша мөлшерін Ұлттық банк анықтайды, яғни бұл саясатқа жүргізуші субъект – Ұлттыө банк болып табылады.

 

Ақша - несие саясатының негізгі құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сата немесе сатып ала алады. Мысалы, мемлекеттік облигацияны сатса, айналымнан ақша алады, ақша массасын азайтады. Құнды қағаздарды сатып алу арқылы ақша массасын көбейтуі.

2. Пайыз мөлшерін өзгерту.Егер оны көретсе, коммерциялық банктерге несие қымбатқа түседі де оны алу мүмкіндігі азаяды.

3. Міндетті резерв мөлшерін анықтау. Оны азайтса, коммерциялық банктердің бос қаржысы көбейеді, сол арқылы олар несие бере алады.

 

Аталған қосымша құралдарды былайынша қолдануға болады. Мысалы, экономика жоғары инфляциямен және төмен жұмыссыздықпен сипатталсын. Инфляцияны жою үшін ақша массасын азайту керек. Сондықтан Орталық Ұлттық банк мемлекеттік құнды қағаздарды сатады, пйаыз мөлшерін көбейтеді, резерв нормасын арттырады. Бұл саясат қымбат ақшалар саясаты деп те аталады. Бірақ кредит беру азайғандықтан өндіріс те қысқарады, жұмыссыздық өседі.

 

Егер экономикада инфляция төмен, ал жұмыссыздық жоғары болса, айналымдағы ақша мөлшерін көбейту керек. Ол үшін Орталық Ұлттық Банк құнды қағаздарды сатып алады, пайыз мөлшерін азайтады, резерв нормасын қысқартады. Мұны арзан ақшалар саясаты деп атайды.

Бюджеттік (фискалды) саясат мемлекеттің бюджетіндегі табыстар мен шығындарды өзгерту арқылы экономикаға әсер етуді көздейді.

 

Сондықтан оның құралдары:

1. Салықтың түрі мен мөлшерін өзгерту нәтижесінде бюджеттің табыс бөлігін өзгерту

2. Мемлекеттің шығындарын өзгерту, әсіресе тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалған.

 

 

Егер экономикада инфляцияда жоғары болса, жиынтық сұранысты қысқарту керек, ол үшін салықты көбейтіп, мелекеттік шығынарды азайту керек. Соның салдары:

 

Ø Жиынтық сұраныс азаяды, инфляция азаяды;

Ø Өндіріс қысқарады, жұмыссыздық көбейеді;

Ø Мемлекеттік бюджеттің сальдосы артады, дефицит азаяды, немесе профицит пайда болады.

 

Жұмыссыздық жоғары болса, жиынтық сұранысты көбейту керек. Оның салдары:

 

Ø Тауар мен қызмет көрсетуге жиынтық сұраныс артады, өндіріс ұлғаяды, жұмыссыздық азаяды;

Ø Инфляция артады;

Ø Мемлекеттік бюджеттің сальдосы азаяды, профицит кеміп, дефицит пайда болуы мүмкін.

 

Қорыта келгенде, инфляция мен жұмыссыздықты қатар азайту өте күрделі.

 

 

Тақырып 11. Экономикалық тұрақтылық (есептер, тест сұрақтары)