Жауабы: Б
2.Жұмыспен қамтылғандардың дұрыс анықтамасын тап.Жұмыспен қамтылғандар........еңбекке жарамды халықтың бір бөлігі
А. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтіндерді есептемегендегі
Б. Жұмыссыздарды есептемегендегі
В. Жұмысқа жарамды, бірақ істегісі келмейтіндерді есептемегендегі
Г. Жұмыссыздарды есептемегендегі экономикалық белсенді
Жауабы: А мен Г
3.Жұмыссыздар анықтамасының дұрысын тап. Жұмыссыздар – ол
А. Жұмыспен қамтылғандарды есептемегендегі экономикалық белсенді халықтың бір бөлігі
Б. Өз еркімен жұмыс істегісі келмейтіндерді алып тастағандағы жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс жасамайтын халықтың бір бөлігі
В. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін халықтың бір бөлігі
Г. Жұмыс істегісі келетін, іздейтін, бірақ жұмыс жасамайтын еңбекке жарамды адамдар
Жауабы: А, Б, Г.
4.Жұмыссыз саны өзгермесе, жұмыспен қамтылғандар азайса, жұмыссыздық деңгейі не істейді?
А. Азаяды
Б. Өзгермейді
В. Өседі
Жауабы: В
5.Эмиграция әсерінен жұмыспен қамтылу азайды, босаған орындар жұмыссыздармен толығуда. Жұмыссыздық деңгейі не істейді?
А. Азаяды
Б. Өзгермейді
В. Көбейеді
Жауабы: А