Тапсырма
Ең дұрыс бір ғана жауапты таңдаңыз:
1. Фирма ерекше тауарды өндіруге патент алды. Осылайша бұл тауардың нарығында ............. пайда болды:
а) Жетілген бәсекелестік
б) Монополиялық бәсекелестік
в) Олигополия
г) Монополия
2. Жетілген бәсекелестік жағдайында рынокта ............. сатылады:
а) Гомогенді (бірдей) тауарлар,
б) Гетерогенді (бірдей емес) тауарлар,
в) Ерекше тауарлар,
г) Бір-бірінен кейбір сипаты бойынша айырылатын тауарлар.
3. Рынокқа ену үшін кедергілер:
а) Монополиядағы сияқты жетілген бәсекеде де бар,
б) Әсіресе монополияда «жоғары», ал жетілген бәсекелі нарықта «төмен»,
в) Монополияда бар, ал жетілген бәсекеде жоқ,
г) Тек олигополиялы рынокта ғана бар,
4. Сатушының нарықтағы билігі әсіресе мына рынокта көрінеді:
а) Жетілген бәсекеде,
б) Монопсонияда,
в) Олигополияда,
г) Монополияда.
5. Жетілген бәсекелі рыноктың мысалы болып төмендегі рынок табылады:
а) Бидай,
б) Автомобиль,
в) Ер адамдардың қымбат, эксклюзивті костюмі,
г) Тіс тастары
6. Рынок құрылымының қайсысында тек қана бір тұтынушы болады:
а ) Монополия,
б) Монопсония,
в) Олигополия,
г) Монополиялық бәсекелестік
7. Монополиялық бәсекелестік нарығында фирма тауарлары:
а) Сандартталған,
б) Ерекше,
в) Бірыңғай,
г) Дифференциялданған.
8. Жеке кәсіпкердің табысы болып табылады:
а) Жалақы,
б) Процент,
в) Пайда,
г) Гонорар.
9. Шаруашылық ұйымының қай түрінде қатысушылардың жауапкершілігі ең төмені:
а) Жекебасты иеліктегі фирмада,
б) Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте,
в) Акционерлік қоғамда,
г) б) мен в) дұрыс.
Жауаптар: 1 -г 2 –а 3-в 4-г 5-а 6 -б 7-г 8-а 9- г