ОЛИГОПОЛИЯ

 

Олигополия(oligos + poleo = «Бірнеше сатушы») –

Ø бұл бірыңғай (өндірістік тауарлар) немесе дифференциялды (тұтыну тауарлары) тауарларды өндіруші бірнеше ірі фирмалардың билік етуі;

Ø әр сатушының рыноктағы сату көлемінен үлесі өте зор, сондықтан оның ұсынған өнім көлемінің өзгеруі бағаның өзгеруіне әкеліп, басқа сатушыларға кері әсерін тигізеді;

Ø олигополистердің арасындағы қатаң бәсеке олардың әрекеттерін үйлестіруге тура келтіреді, өзара бәсекелестік жоғары сапаға ұмтылу, жарнамалау, өнімді еркшелендіру бағытына қарай ауысуда;

Ø жаңа сатушылардың жоғары, тіпті өте алмайтын кедергілердің (патенттер, жарнамалар, лицензиялар, жұмсалатын өте үлкен шығындар, бәсекеге қабілетті сапа) әсерінен рынокқа кіру мүмкіндігі өте қиын, тіптен жоқ.

 

Патенттер(лат. Patens – ашылған) – 1) жаңалық ашушыға берілетін, оның жаңалыққа авторлығын және ерекше құқығын куәландыратын куәлік.

2) Патент иесіне патенттелген өнімін немесе технологиясын өзі ғана қолдануға ерекше құқық беретін мемлекеттік куәлік.

 

Лицензия (лат. Licentia – рұқсат беру) – шаруашылық әрекеттің қандай да бір түрін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік билік орнының рұқсаты.

 

 



in/footer.php"; ?>