III. ТЕСТ
1.Өнім өндіру деңгейі өзгергенде қоса өзгеретін шығындар.
а) айнымалы
б) маржиналды
в) қайтымсыз
г) өндірістік
2. Айнымалы ресурстың маржиналды өнімі фирманың өнім көлемі өскен сайын басында ұлғайып, содан соң түсетіндіктен...
а) жалпы шығындар алғашында аз темппен, кейіннен жоғары темппен өседі.
б) жалпы айнымалы шығындар алғашында аз темппен, кейіннен жоғары темппен өседі
в) орташа айнымалы шығындар басында өседі, содан соң түседі
г) орташа тұрақты шығындар қайтымдылықтың азаюы басталғаннан өседі
3. Жалпы шығынды өндірілген өнім көлеміне бөлгендегі шығын.
а)маржиналды
б)жалпы
в)орташа
г)айнымалы
4.Фирма қолданатын өндіріс факторларының кез-келгенін өзгерте алады.1200 дана өнім шығарғанда жалпы шығын 420 мың теңге болды, өнімді 2500-ге арттырғанда ол 700 мың теңге болды.Осы аралықта қандай жағдай туралы айтуға болады?
а) масштабтың өсу әсері
б) масштабтың кему әсері
в) масштабтың тұрақты әсері
г)маржиналды қайтымдылықтың кемуі
5. Егер сала үшін қысқамерзімді кезеңнің орташа шығындар қисығы бірталай уақыт масштабтың тұрақты әсерінде болса, одан мынадай қорытынды шығаруға болады:
а) қолданылатын технология масштабтан үнемдеуді де, шығындануды да болдырмайды
б) сала табиғи монополияға айналады
в) салада шағын да, ірі де фирмалар өмір сүре алады
г) сала өте көп ұсақ фирмалардан тұрады
6. Авиакомпания чартерлі рейс ашқысы келеді.Жалпы шығын 15000 а.б., оның ішінде 7000а.б. тұрақты шығындар. Рейс 9000а.б. табыс әкеледі деп күтілуде.Авиакомпанияны
а) ашып қажеті жоқ, өйткені барлық шығынды жабатын ғана рейстер пайдалы
б) ашып қажеті жоқ, өйткені шекті пайда әкелмейді
в) ашу керек, өйткені шекті табыс шекті шығыннан көп
г) ашпау керек, жалпы шығын жалпы табыстан көп
7. Тауардың нарықтық бағасы 5000 теңге болды. Кестеде жалпы шығынның өнім көлемінен байланысы көрсетілген. Фирмаға ең тиімдісі қанша өнім санын өндіргені?
Өнім көлемі, дана | Жалпы шығын, мың теңге |
а) 12
б) 13
в) 14
г) 15
8. Өнім көлемі 1000 дана, тауар бағасы 80 теңге, жалпы орташа шығын 30 теңге, фирманың жалпы пайдасы:
а) 25000
б) 50000
в)80000
г) анықтау мүмкін емес, өйткені айнымалы шығын берілмеген
9. Ахметова ханым фирмадан бір тауар сатып алды. Оның төлеген
сомасы.....болып табылады.
а) ол үшін шығын, фирмаға пайда, оған да, фирмаға да баға
б) ол үшін пайдалылық, фирмаға пайда, екеуіне де баға
в) ол үшін шығын, фирмаға табыс, екеуіне де баға
г) ол үшін пайдалылық, фирмаға табыс, екеуіне де пайда
10. Ұзақ мерзімді кезеңде
а) орташа тұрақты шығын нөлге тең болуы мүмкін
б) маржиналды шығын нөлге тең
в) орташа айнымалы шығын өнім көлемі өскенде түседі
г) барлығы да дұрыс
Жауабы:
№ | ||||||||||
Жауап | А | Б | В | А | А | Б | В | Б | В | А |
8 тақырып. Бәсекелестік. Рынок құрылымы.
Сабақтың мақсаттары:
1. Нарықтық экономикадағы бәсекелестіктің рөлін сипаттау
2. Бағаны қабылдайтын және бағаны тағайындайтын компанияларды сипаттау, мысал келтіру
3. Жетілген бәсекелестіктің, монополиялық бәсекелестіктің, олигополияның, монополияның негізгі сипаттарын көрсету
4. Маркетингтің анықтамасын беру, еркін кәсіпкерліктің экономикалық жүйесіндегі маркетингтің рөлін сипаттау
5. Маркетингтің төрт «П»-сін суреттеу:тауар, баға, өрбуі, өткізу орны.
Сабақстың міндеттері:
1. Жетілген және жетілмеген бәсекелестіктегі нарықтарды анықтай білуге, жетілмеген нарықтағы бағалық емес бәсекелестіктің рөлін бағалауға үйрету
2. Оқушылар жетілмеген бәсеке нарығындағы бағалық келісімге ұмтылу тенденциясын түсіндіреді.
3. Оқушылар мемлекеттің жетілмеген бәсеке нарығымен өзара әрекетіндегі рөлін бағалайды.
4. Жеке және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Қарастырылатын сұрақтар:
• Бәсекелестік және нарық құрылымы
• Жетілмеген бәсеке жағдайындағы өзара байланыс
• Бағалық емес бәсекелестік
• Келісімдер
• Трестке қарсы саясат және табиғи монополияларды реттеу
Оқушылар нені білу керек:
• Өндірушілердің баға, өнім сапасы, тұтынушыға көрсетілетін қызмет, дизайн, ассортимент, жарнама негізінде бәсекелесетінін анықтай білуі керек.
• Нарықтағы бәсекелестік деңгейі ондағы сатушы мен сатып алушының санына байланысты екендігін білу.Саладағы бәсеке деңгейі жаңа өндірішілердің осы салаға қаншалықты жеңіл кіретініне байланысты.Сатушылардың немесе сатып алушылардың арасындағы келісім нарықтағы бәсеке деңгейін төмендетеді.Келісімге келу нарықтың неғұрлым сатушысы және сатып алушысы көп болса, соғұрлым қиындай түседі.
Қолданылған материалдар:
• Жаттығу 1, «Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы нарықтар», әр тыңдаушыға бір-бір көшірмеден
• Жаттығу 2, «Түрмедегілер диллемасы», әр тыңдаушыға жеке көшірмеден
• Жаттығу 3, «Бензоқұбырлар дуелі» , әр тыңдаушыға бір-бір көшірмеден
• Сатушылар мен сатып алушылардың карточкалары, санауға арналған әр оқушының беті, «Нарық» ойынына арналған барлығына ортақ есеп тізімі
• Талқылауға арналған сұрақтар, тапсырмалар
Көптеген жаттығулар төмендегі сұрақтарды зерттеу үшін пайдаланылады:
• Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирмалар кездесетін сұраныс және бағалық шешімдер
• Нарықтағы, бір фирманың әрекеті басқа фирмаға үлкен әсерін тигізетін жағдайдағы, өзара байланыс
• Фирмалардың ашық және жабық бағалық келісімге бағытталуы, ол стадиядан өтуі, содан соң оны орындамауы
• Фирмалардың бірігуіне байланысты қарастырылатын қоғамдық-саяси шешімдер
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
• «ЭкономикаJA»Алматы, 2003г.
• К.Р.Макконнел,С.Л.Брю «Экономикс»Москва.ИНФРА-М 2006г.
• «Экономика для старших классов.Активные формы обучения»МЦЕБО, Москва,2004г.
БӘСЕКЕЛЕСТІК
Кәсіпкердің әрекетінің нәтижесі нарық арқылы ғана жүзеге асады. Кәсіпкерлік «нәтижелі бәсекелеске қабілет» ретінде сипаттала келе, шығынды қысқартудың жаңа жолдарын іздестіру арқылы, тұтынушының көңілінен шыға отырып, жаңа тауарлар түрлерін жасайды.
Бәсеке (лат. Concurerre, concurentia – тиіп кету) – бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күресу, жарысу. Бизнесті ұйымдастырушы егер нәтижелі бәсекелес болғысы келсе, рынок құрылымын анық, жақсы елестетуі керек. |
Көптеген рыноктар жетілген немесе күдіксіз бәсекелестіктің қатаң талаптарын (бірдей тауар сататын сатушы саны өте көп, бұл рынокқа кіру де, шығу да өте жеңіл) қанағаттандырмайды. Жетілмеген бәсекелі рыноктың әр түрлі дәрежеде осы факторлардың кейбіреуіне байланысты жетілген бәсекелі рыноктан айырмашылығы болуы мүмкін. Көптеген рыноктарда тауарлар бірдей емес, дегенмен ұқсас, немесе жақын алмастырушысы бар. Капиталдық шығындарының көптігіне байланысты, кеңінен таралған,жақсы жарнамаланған тауар маркалары бар танымал өндірушілермен бәсекенің күрделілігіне орай бұл рыноктарға кіру оңай емес. Бұдан басқа көбінесе іргелі рыноктарда ұсақ сатушылардан гөрі саны аз болса да ірі сатушылар әрекет етеді. Көптеген жергілікті рыноктарда кейде бірнеше бәсекелес фирма ғана жұмыс істейді, тіптен олардың саны мемлекеттік немесе аймақтық деңгейде өте көп болса да. Мысалы, үлкен қалада бензин сатушылар саны көп болса да, нақты бір ауданында бірнеше сатушының арасында ғана күшті бәсеке болуы мүмкін.
? Неліктен кәсіпкерге нарық құрылымын білу қажет?
Өйткені рынокта ғана:
1. Фирмалардың экономикалық қызығушылығы басқа фирмалардың экономикалық қызығушылығымен түйіседі.
2. Сатушылар мен сатып алушылардың қызығушылығы өз келісімін табады.
Ең негізгісі, рыноктың құрылымына қарай тауар өндіруші (сатушы) өзінің рыноктық стратегиясын жасайды, яғни маңызды да ұзақмерзімді мақсатын анықтап, өндірістің даму жоспарын құрады.Сатушы мен сатып алушының қызығушылығын теңестіру сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасы нәтижесінде пайда болатын баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан өндіретін өнім көлемін жоспарлағанда, кәсіпорын бәсекелес ортаның ерекшеліктерін ескеру керек.
Рынок құрылымының келесі түрлері бар: жетілген немесе күдіксіз бәсекелестік, монополиялық бәсекелестік, олигополия және монополия.
ЖЕТІЛГЕН БӘСЕКЕЛЕСТІК |
Сұраныс пен ұсыныс заңы, әсіресе, жетілген бәсеке жағдайында тиімді әрекет етеді.
Жетілген бәсекелестік келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
Ø Көп сатушылар мен сатып алушылар. Көптеген түрлі компаниялар тауарлар өндіреді және әрқайсысы барлық рыноктың шағын бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Әрбір тұтынушы рынок ұсынысының өте аз бөлігін ғана сатып алады. Ешқандай жеке адам немесе өндіруші өнімнің нарықтық бағасына әсер ете алмайды.
Ø Тауармен қызмет көрсету түрлері бірдей. Бір өндірушінің өнімінің басқаның өнімінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұл өнімдерді тауар деп атайды.
Ø Толық информация бар.Сатушы мен сатып алушылар өнімге, оның бағасына байланысты білуге тиісті толық информацияға ие.
Ø Еркін кіру, еркін шығу.Сатушы мен сатып алушылар рынокқа қалаған кездерінде аз шығынмен еркін кіріп, еркін шыға алады.
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК
Монополиялық бәсекелестіктің нарықтық моделі – рынокта көп мөлшерде бір-біріне байланыссыз әрекет ететін сатушы және көптеген сатып алушылар.
Рыноктың бұл түріне бәсекенің мынадай сипаты тән:
Ø рынокта салыстырмалы түрде сатушы саны көп, оның әрқайсысының рынокта өз үлесі бар.
Ø фирманың рынокта монополиядағы сияқты ерекше билігі жоқ.
Ø монополиялық бәсекелестіктің ең ерекше белгісі - өнімдердің бірыңғай емес, дифференциялды болуы.
Ø өндірушілер арасында бағалық және бағалық емес бәсеке болады, ол көбінесе өнімнің қасиеттеріне, сапасына, қолданудағы сенімділік пен ыңғайлылыққы, өнімдегі жаңалық еңгізуге, сыртқы келбетіне, стандарттарға сәйкестігіне байланысты болады.
Ø осы нарықта бәсекелестік күрес жағдайында саудалық марка және жарнама маңызды мәнге ие болады.
Саудалық марка – бір сатушының тауарлары мен қызмет түрлерін ұқсастыру үшін, бәсекелес сатушының тауарлары мен қызмет түрлерінен ерекшелендіру үшін арналған ат, термин, символ, сурет немесе олардың бірлестігі.