ЕСЕПТЕР 2
Есеп 3.Банк 4,5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын сомманы есептеңіз
Шешуі:
Қайтарылатын ақшы қаражаттарының толық соммасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514.2 мың теңге
Мұнда 54 ай – ол 4.5 жыл
Жауабы: 1514.2 мың теңге
Есеп 4.Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % - бен 150 мың теңгегені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие соммасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай сомманы қайтарады?
Шешуі:
Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің соммасын анықтаймыз:
150 Х 0.26 = 39 мың теңге
Кәсіпкердің алатын соммасы:
150 – 39 = 111 мың теңге
Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек
Жауабы: 111 мың теңге - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.
№ 5 есеп.Бухгалтердің есеп-қисаптарының алғашқы жазуларында келесі мәліметтер берілген:
1. | Өткен квартал бойынша түсім (ҚҚС қосқанда) | … |
2. | Жарғылық капитал | |
3. | Қоймадағы дайын өнім | … |
4. | Құрылыс пен ғимараттардың қалдық баланстық құны | |
5. | Құрал - жабдықтардың қалдық баланстық құны | |
6. | Бөлінбеген пайда | |
7. | Ұзақмерзімді қарыздар | |
8. | Қысқа мерзімді қарыздар | |
9. | Банктегі депозит шотындағы қаражаттар | |
10. | Сатып алынған шикізат құны | |
11. | Басқа материалдық емес активтер | … |
12. | Қосалқы материалдар жеткізушілері алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | |
13. | Кассадағы және есеп айсыру шотындағы ақшалай қаражатының қалдығы |
Фирма дайын өнімнің 500 данасын өндіргендігі белгілі; сонымен қатар өндірістің жалпы шығын мөлшері 10000 ақшалай бірлік. Тауардың бағасы 135 ақшалай бірлігімен фирма тауардың 4000 данасын сатты. Кестедегі 1, 3, 11 пунктерін толтыру арқылы фирма балансын құрыңыз, актив және пассив мөлшерін анықтаңыз.
Шешімі:
Фирманың жалпы активіне 3,4,5,9,10,11,13 пунктер жатады. Бұл позицияларды қосқанда келесі сома шығады (3 және 11 пунктерін қоспағанда)
30000 + 15 + 9000 + 3000 + 2000 = 59000
3 пункт бойынша шаманы келесідей анықтауға болады: жалпы шығындар мөлшерін өндірілген өнім санына бөлу арқылы өнімнің бір данасын өндіру құнын табамыз.
10000 / 500 = 20
Қоймадағы сақтауда жатқан 100 сатылмай қалған өнім данасы (500 – 400 = 100) өндіру құнымен есептеледі. Сонымен, Қоймадағы дайын өнімнің құны:
100 Х 20 =2000
Демек, фирма активтерінің мөлшері (11 пункті қоспағанда):
59000 + 2000 = 61000
Фирма пассивтеріне 2,6,7,8,12 пунктері жатады. Бұл пункт бойынша келесідей сомма шығады:
25000 + 22000 + 7000 + 4000 + 5000 = 63000
1 пункт (өткен квартал бойынша түсім) шаманы табу үшін сатылған өнім данасын өнім бағасына көбейту керек.
400 Х 135 = 54000.
Түсім активке де, пассивке де жатпайды және фирма балансын құрастырған кезде оны ескерілмейді.
Фирманың балансындағы активтер мен пассивтер тең болғандықтан, 11 пункт шамасын анықтауға болады:
63000-61000=2000
Жауабы: Фирманың жалпы активтер мен пассивтер мөлшері 63000 ақшалай бірлікке тең. Фирманың басқа да материалдық емес активтері 2000 ақшалай бірлікке тең. Түсім 54000 ақшалай бірлікке тең
.
7 тақырып. Фирма шығындары.
Сабақтың мақсаттары:
1. Экономикалық пайданың бухгалтерлік пайдадан айырмашылығын көрсету
2. Шекті пайдалылықтың кему заңын анықтау
3. Мысал арқылы фирма шығындарының деңгей мен шығаратын өнім көлемі арасындағы байланысты табу
4. Шығындардың өзара байланысын график арқылы көрсету
Сабақтың міндеттері:
1. Экономикалық пайданы бухгалтерліктен айыра білуге үйрету
2. Көрінетін және көрінбейтін шығындарды айыра білуге үйрету
3. Еңбек өнімін анықтай білу
4. Шығындарды есептей білу
5. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерді айыра білу
6. Жеке және топпен, жұппен жұмыс жасау дағдыларын дамыту
Қарастырылатын сұрақтар:
Ø Қазіргі фирмалардың жағдайы, мәні
Ø Фирманың жалпы, орташа, шекті өнімдерінің мәні
Ø Шекті тиімділіктің кему заңы
Ø Бухгалтерлік, экономикалық шығындарға жататындар, олардың мәні
Ø Фирма өндірісінің көлемі мен шығындар деңгейінің арасындағы байланыс
Ø Өндіріс масштабының әсері
Оқушылар нені білуі керек:
Ø Бухгалтерлік және экономикалық шығындарға және пайдаға не кіретінін
Ø Фирманың жалпы орташа шекті өнімдерін айыра білу
Ø Шығындар деңгейі мен фирманың өндіру көлемінің арасындағы байланысты анықтай білу
Ø Өндіріс масштабының әсерін түсіну
Қолданылған әдебиет тізімі:
Ø «Экономика JA» Алматы, 2003г.
Ø К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006г.
Ø «Экономика для старших классов. Активные формы обучения» МЦЭБО, Москва, 2004г.
Ø «Экономика. Сборник задач» Москва, Рольф, 2002г.
Ø С. Равичев, С. Григорьев, Т. Протасевич, А. Свахин«Сборник тестовых заданий по экономике», МЦЭБО, Москва, 2003г.
Ø С. Равичев, С. Григорьев, Т. Протасевич, А. Свахин«Сборник задач по экономике», МЦЭБО, Москва, 2003г.
Ø «Основы экономической теории», под редакцией доктора экономических наук, профессора С.И. Иванова. Учебник для 10- 11 классов. Изд. «Вита - Пресс», Москва, 2004г.
ШЫҒЫНДАР
Фирма - өндіріс факторларының өзара әрекетінің нәтижесінде өнім мен қызмет көрсету жасалатын және өткізілетін орын. Кез келген фирма өте қатаң экономикалық шектеуде әрекет етеді. Бұл шектеу осы рыноктың құрылымына, әсіресе бағаға және осы өнімді өндіруге қажетті фирма шығындарына немесе өндіріс ерекшеліктеріне байланысты болады.
Экономикалық шығындардың болуы ресурстардың шектеулілігі мен және оларды балама қолдану мүмкіндігі мен түсіндіріледі. Қандайда бір өнімді өндіру үшін белгілі бір ресурстар көлемін қолдану басқа өндіріс мүмкіндіктерінен бас тартуды білдіреді. Экономикадағы шығындар альтернативті тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіру мүмкіндігінен бас тартуға тікелей байланысы. Дәлірек айтқанда, кез келген ресурстың тауар өндіруде пайдаланатын экономикалық немесе альтернативтік шығындары оның қолданылатын мүмкін варианттарының ең құндысына немесе бағалысына тең.
ШЫҒЫН ТҮРЛЕРІ
Көрінетін және көрінбейтін шығындар
Экономикалық шығындар – фирманың ресурстарды альтернативті қолдану варианттарынан өзіне қаратып алу үшін жабдықтаушыларға міндетті түрде төлейтін және оларды табыспен қамтамасыз ететін төленімдер. Бұл төленімдер немесе табыстар көрінетін және көрінбейтін болуы мүмкін.
Өндіріс факторларының иесіне барлық шығындар альтернативтік шығындар болып табылады, өйткені кәсіпкердің фирмаға салған қаржысын басқаша да қолдану жолдары бар. Меншік иесі экономикалық шығындарды ескере отырып, фирманың осы саладағы әрекетінің дұрыстығы туралы шешім қабылдайды.
Өнімді өндіру үшін фирманың қолданатын сыртқы және ішкі өндіріс факторлары
Көрінетін (бухгалтерлік) шығындар | Көрінбейтін шығындар |
Фирма сырттан жабдықтаушыларға өндіріс факторларының құны үшін төлейді, бұл нақты немесе көрінетін (бухгалтерлік) шығындар, олар фирманың шығын кітабында жазылады. | Кәсіпорын өз әрекетінде жеке меншік ресурстарын да қолданады, ол фирманың көрінбейтін шығындары деп аталады: жеке меншік құрал-жабдықтар, ғимарат, кәсіпкердің қабілеті, білімі, квалификациясы, яғни бұлар фирма ештеңе төлемейді. Егер фирма ештеңе төлемесе бұл ресурстардың альтернативтік қолдануын бос жібергендіктен кәсіпкер шығынданады. |
Фирманың көрінбейтін шығындары (ішкі шығындары):
1. Меншігіндегі өндіріс факторларын қолданып, бақа қарастырылмаған варианттардың ең жақсысынан жоғалтқан табыстың ең жоғары сомасы.
2. Кәсіпкерге тиісті, бухгалтерлік балансқа кірмейтін ресурстар шығыны және қосылған дұрыс пайда.
Фирманың көрінбейтін шығындарына жататындар:
Ø Жалақы (Сіз басқа фирмада жұмыс істеп, жалданушы ретінде табыс табуға болады)
Ø Ренталық табыс (Сіз ғимаратты жалға беріп, табыс табуға болады)
Ø Проценттік табыс (ақшаңызды банккке салып, ақшалай сыйақы алуыңызға болады)
Ø Кәсіпкерлік табыс (сіз осыған альтернативті басқа фирма ашып пайда табуыңызға болады)
Еңбекті, шикізатты, материалдарды, жанар майды, транспорттық қызметті, энергияны жабдықтаушыларға фирма төлейтін ақшалай төленім (қолма қол шығын) көрінетін шығындар деп аталады. |
Бұдан басқа фирма өзінің ұсыныстарын да қолдануы мүмкін.
Меншігіндегі өз бетінше пайдаланатын ресурстарды шығындау көрінбейтін (шартты-есептеулі) шығын болып табылады. |
Фирма көзқарасы бойынша көрінбейтін шығындар ресурстардың ең пайдалы қолданылуының ақшалай төленіміне тең.
Экономисттер өндіріс шығыны деп барлық шығындарды, көрінетінді де, көрінбейтінді де, оған қосымша дұрыс пайданы да есептейді. Кәсіпкер фирманы құрғанда дұрыс пайда табуды көздейді, өйткені ол кәсіпкерлік энергиясының шығынын қалпына келтіреді. Сонымен,
Дұрыс пайда – кәсіпкерді осы өндірісте ұстап тұруға қажет ең төменгі төленім |
Экономисттер үшін экономикалық шығындар ресурстарды қолданудың иесінің кім екеніне байланыссыз альтернативтік шығындары болып табылады.
Пайда – кез-келген фирма әрекетінің негізгі мақсаты. Пайда – кәсіпкердің өндірісті ұйымдастырғаны үшін алатын сыйақысы. “Пайда” ұғымын экономисттер мен бухгалтерлер әр-түрлі түсінеді.
Бухгалтерлік пайда кәсіпкерді қанағаттандырмауы мүмкін, өйткені онда экономикалық пайда көрсетілмеген.
Бухгалтерлік пайда фирманың жалпы табысынан көрінетін (бухгалтерлік) шығынды алып тастағанға тең. Бухгалтерлік пайда = бухгалтерлік табыс – сыртқы (бухгалтерлік) шығын. |
Экономисттің көзқарасы | Бухгалтердің көзқарасы | |
Экономикалық пайда | Жалпы альтернативтік шығындар | Бухгалтерлік пайда |
Көрінбейтін шығындар | ||
Көрінетін шығындар | Көрінетін шығындар |
|
|
Экономикалық пайда = жалпы табыс – барлық шығын (көрінетін және көрінбейтін).
|
Экономикалық пайданы таза пайда деп те атайды. Экономикалық пайда шығындар құрамына кірмейді, анықтамасы бойынша дұрыс пайданың үстінен түскен табыс болып табылады. Ол нөлге тең болса да кәсіпкер барлық дұрыс пайданы есептегендегі көрінетін және көрінбейтін шығындарды жаба алады.
Өнім өндірісінде әр-түрлі ресурста – еңбек, жер, капитал қолданылады. Белгілі уақыт аралығында олардың бірі өзгеруі, ал екіншісі тұрақты болып қалуы мүмкін. Осыған байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдер бар.
Қысқа мерзімді кезең - өндіріс факторларының бірінің мөлшері өзгеріп, екіншісінің мөлшері тұрақты болып қалатын уақыт аралығы. Ұзақ мерзімді кезең – барлық өндіріс факторларының мөлшері өзгеріп отыратын уақыт аралығы. |
Қысқа мерзімді кезең аймен, жылмен шектелмейді, мысалы, қандай да бір аралықта капитал көлемі өзгермеуі мүмкін, ал өндіріс қажеттілігіне қарай жұмысшы саны өзгеруі мүмкін. Қысқа мерзімді кезеңәр салада әр-түрлі. Жаңа автомобиль зауытын салып, оны құрал жабдықпен қамту үшін бірнеше жыл керек, ал асханада көбірек адамға қызмет еткіңіз келсе, қосымша столдар қою, тіпті аздап құрылыс қосу көп уақыт алмайды. Қысқа мерзімді кезеңдегі еңбек айнымалы, ал капитал тұрақты болғандағы фирма тәртібіне анализ жасайық. Фирманың айнымалы ресурсты қолдануын көрсету үшін жалпы, орта және шекті өнімді, орта және шеткі өнімділікті пайдаланады.
ЕҢБЕК ӨНІМІ
Жалпы өнім (Q) –фирманың белгілі уақыт аралығында өндірген өнім көлемі.
Жалпы өнімнің мөлшері капитал, еңбек мөлшерлерінен функционалды байланыста болады. Мұны өндіріс функциясы арқылы көрсетсек:
Q = ft (L,K)
Қысқа мерзімде капитал тұрақты болғандықтан.
Q = ft (L)
Жалпы өнім көрсеткіші ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланғанын көрсетейді.
Орташа еңбек өнімі (өнімділік,тиімділік) APL – бір еңбек бірлігіне (бір жұмысшыға) есептегендегі өнім саны.
APL = Q /L,
Мұнда L– еңбек бірлігінің саны.
Орташа еңбек өнімі әр қосымша алған жұмысшының жалпы өнімге қосқан үлесін көрсете алмайды.
Шекті еңбек өнімі MPL –қосымша еңбек бірлігін немесе еңбек күшін алғандағы жалпы өнімнің өсімі.
MPL = (Q2-Q1) / (L2-L1)
Егер еңбек тұрақты фактор, ал капитал айнымалы болса
APk = Q / K
MPk = (Q2-Q1) / (K2-K1)
Кестеде жиһаз фабрикасы шығаратын мектеп парталарының шартты көрсеткіштері берілген:
Еңбек шығыны (жұмысшы саны, адам) | Жалпы еңбек өнімі (Q) | Орташа еңбек өнімі (АPL) | Шекті еңбек өнімі (МPL) |
- | |||
4,33 | |||
3,75 | |||
3,2 |
Кестедегіні график арқылы көрсетейік:
Q (парта)
1 2 3 4 5 L (адам)
MPL (парта)
1 2 3 4 5 L (адам)
Жалпы өнімнің графигі:
Графиктен көргеніміздей фирманың жалпы өнімі басында үлкен темппен өседі, қисығы бірден жоғары көтеріледі. өндіріске қосымша жұмысшыларға алған сайын жалпы өнім өсімінің темпі түседі, ал қисықтың көлбеуі алдыңғыдан төмен болады. 5-ші жұмысшыны алғанда ең жоғарғы мөлшерге жетеді.
Шекті өнімінің графигі
Графиктен көргеніміздей шекті еңбек өнімі басында өседі. өндіріске екі жұмысшыға алған соң, келесі жұмысшыларды алғанда ол төмендей береді де нөлге жақындайды.
Тиімділіктің кему заңы:белгілі бір кезеңнен бастап тұрақты ресурс (капитал) өзгермейтін болғандағы айнымалы ресурстың (еңбектің) біртіндеп өсуі айнымалы ресурстың шекті пайдалылығының кемуіне әкеледі.
Экономикалық шығындар
Фирма шығындарының мөлшері өндірілетін өнім көлемінің өзгеруіне қалай байланысты екенін қарастырайық.
Жалпы, орташа және шекті шығындар болады.
Жалпы шығындар(ТС) – фирманың барлық өнімін шығарумен байланысты шығындар. ТС = TFC + TVC
Қысқа мерзімді кезеңде жалпы шығындар жалпы тұрақты және жалпы айнымалы болып екіге бөлінеді.
Жалпы тұрақты шығындар (TFC) – фирманың жалпы шығындарының өнім өндіру көлеміне байланыссыз бір бөлігі. Мысалы, өндіріс ғимаратын жалға беру, банк қарызын процентпен төлеу, амортизация т.б. TFC = ТС – TVC
Жалпы айнымалы шығындар (TVC) – фирманың жалпы шығындарының өндіріс көлеміне тікелей байланысты бір бөлігі. Мысалы, шикізат, материал, энергия, жанар май шығындары, жұмысшылардың жалақысы. TVC = ТС – TFC
Орташа шығындар
Егер жалпы шығындар фирманың барлық өндіріс көлемі мен байланысты болса, ораша шығындар өнім бірлігін өндіру мен байланысты. Оның түрлері:
Орташа жалпы шығын (АТС) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы шығын.
ATC = TC / Q = AFC + AVC
Орташа тұрақты шығын (AFC) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы тұрақты шығын.
AFC = TFC / Q
Орташа айнымалы шығын (AVC) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы айнымалы шығын.
AVC = TVC / Q
Орташа жалпы шығын | Орташа тұрақты шығын | Орташа айнымалы шығын |
(ATC, average total cost) – фирманың барлық өнімін шығарумен байланысты шығындар: ATC = ТС / Q. Орташа жалпы шығын мөлшері орташа тұрақты және орташа айнымалы шығындар мөлшеріне байланысты: ATC = AFC + AVC. | (AFC, average total cost) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы тұрақты шығын: AFC = TFC / Q. | (AVC, average total cost) – бір өнім бірлігіне келетін жалпы айнымалы шығын: AVC = TVC / Q. |
Шекті шығындар
Орташа шығындар жылпы шығындардың өнім бірлігі бір бірлікке артқанда қаншаға өзгеретінін көрсете алмайды. Мысалы, АТС 5 өнім бірлігін шығарғанда 20 теңгеге тең болса, 6-шы өнімді шығару жалпы шығынды 20 теңгеге арыттырмайды. Шекті шығынды есептеу өнім өндіру көлемінің тиімді мөлшерін анықтауда қажет.
Шекті шығын (МС) – қосымша өнім бірлігін өндірудегі жалпы жалпы шығынның өсімін көрсетеді.
MC = (TC2 - TC1) / (Q2 - Q1)
Шығындардың динамикасын кесте мен графиктен қарастырайық:
Фирма шығындары
Өнім көлемі | Жалпы тұрақты шығындар | Жалпы айнымалы шығындар | Жалпы шығындар | Шекті шығындар | Орташа тұрақты шығындар | Орташа айнымалы шығындар | Орташа. жалпы шығындар |
-- | -- | -- | |||||
Велосипед өндірудегі фирманың жалпы шығындары
Жалпы тұрақты шығындар көлденең сызықпен көрсетілген.Жалпы айнымалы шығындар өнім көлемі ұлғайған сайын өседі. Сол сияқты жалпы шығындар да өседі.Олардың арасындағы тік стрелкамен көрсетілген аралық жалпы тұрақты шығынның мөлшеріне тең.
Фирма орташа шығындарының анализіне көп көңіл бөлуі керек.Шығынның бұл түрі тауар бағасымен тығыз байланысты, өйткені баға да бір өнімге қатысты белгіленеді.Бағаны орташа шығындармен салыстыру фирманың бір өнімнен түскен пайдасын , өнім өндірудің қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.Егер баға орташа шығыннан жоғары болса, фирма пайда табады, егер одан төмен болса, шығынға ұшырайды.Егер баға мен орташа шығын тең болса, пайда нөлдік болып табылады.
Орташа шығындар шекті шығынға тәуелді. Егер шекті шығын орташадан кіші болса, онда ол орташаны «төмен»тартады, үлкен болса «жоғары» тартады.Екеуі тең болса ғана орташа шығын өз деңгейінде қалады.Неліктен?
Экономикаға қатысы жоқ мысалды алып қарастырайық.Мысалы, сіз бір тоқсанда математикадан үш баға алдыңыз:3, 4, 5.Орташа баға әрине 4 болады.Егер сіз осыдан соң 3 немесе 2 алсаңыз, орташа баға төмендейді, 5 алсаңыі, жоғарылайды.Орташа шығын да осы сияқты өзгереді.
ПАЙДАНЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ БОЛУ ШАРТЫ
Сіздің фирманың жалпы табысы TR = P x Q,
oрташа табысы AR = TR / Q = P x Q / Q = P,
шекті табысы MR = dTR / dQ
Кәсіпкер жалпы табысты жалпы шығынмен салыстырады, олардың айырмасы таза жалпы табыс, немесе пайда деп аталады.
Pr = TR - TC,
Pr = P x Q – ATC x Q = (P - ATC) x Q
Егер MR > MC болса, шекті пайда MPr > 0.
Фирма өнім көлемін шекті пайда нөлге тең болғанда арттырады, MR=MC
Егер MR > MC болса, MR – MC > 0 болады, онда фирма өнім көлемін қысқартуы керек
Сонымен фирманың ең жоғары пайда табу шарты MR = MC
ӨНДІРІС МАСШТАБЫНЫҢ (КӨЛЕМІНІҢ) ӘСЕРІ
Фирмалар бір-бірімен өзінің қуатымен айрықшаланады, яғңи олар әртүрлі өндіріс көлемін шығаруға бағытталған.Он мыңдаған жұмысшысы бар ірі фирмалармен қатар орташа, ұсақ фирмалар да бар.Фирма бірнеше адамнан немесе бір отбасыдан құралуы мүмкін.
Әр фирма орташа шығын ең аз болғандағы көлемде өнім шығарғысы келеді.Бірақ қысқамерзімде фирма өндіріс қуатымен, өз капиталының мөлшерімен шектеледі.Бір салада жұмыс істейтін әр түрлі өндіріс қуаты бар фирмалардың орташа шығыны ең төмен болатын өндіріс көлемінің мөлшері әр түрлі, яғни әр фирманың өзінің орташа шығындар қисығы болады.Осы қисық көлемінде фирма тиімді өндіріс көлемін таңдай алады.
Қысқа мерзімдегі кез-келген фирма өз әрекетін болашаққа жрспарлайды, яғни ұзақмерзімді кезеңде ол өз қуатын шексіз өзгкртуі мүмкін.Осыны жоспарлай отырып, фирма әр түрлі өндіріс қуатындағы орташа шығындар қисықтарын модельдейді.
Бұл орташа шығын ең төменгі болатын өндіріс қуатын анықтауға мүмкіндік береді.Кейде фирма үлкен болған сайын оның өнімі де арзан болады деп есептеледі. Мұндай пікір дұрыс емес.Масштаб әсерінің бірнеше түрі бар: оң, теріс және тұрақты.
Өндіріс масштабының оң әсері | Өндіріс масштабының теріс әсері | Өндіріс масштабының тұрақты әсері | Кәсіпорынның тиімді ең төменгі көлемі |
Өндіріс көлемінің өсуімен орташа шығындардың қысқаратынын көрсетеді | Өндіріс көлемінің өсуімен орташа шығындардың өсетінін көрсетеді | Өндіріс көлемінің өсуімен орташа шығындардың өзгкрмейтінін көрсетеді | Орташа шығынды ең төменгі мөлшерде қылатын фирманың өндіріс көлемі |
Жалпы шығындардың өсуі өнім көлемінің өсүінен қалып отырғанда байқалады | Жалпы шығындардың өсуі өнім көлемінің өсуінен озып отырғанда байқалады | Жалпы шығындардың өсуі өнім көлемінің өсуіне тең болғанда байқалады | Әр салада әр түрлі кәсіпорынның тиімді ең төменгі көлемі болады |
Бір салаларда кәсіпорынның тиімді ең төменгі көлемі өте үлкен мөлшермен сипатталады.Оған металлургия және машина жасау сияқты ауыр өнеркәсіп саласы жатады.Бұл салада олигополиялық құрылым әрекет етеді.
Сонымен қатар тиімді ең төменгі көлемі өте аз кәсіпорындар да бар.Оларға қызмет көрсету сферасы, жеке сауда, жеңіл өнеркәсіп, нан өндіру саласы, құрылыс жатады.Бұларда шағын бизнес кәсіпорындары басым.
Қорытынды
Ø Фирма (кәсіпорын)—игіліктерді өндіруге және пайда табу үшін оларды сатуға өндіріс факторларын шығындау үшін құрылған коммерциялық ұйым(заңды тұлға).
Ø Жеке азаматтар да(жеке кәсіпкерлер) заңды тұлға құрмай-ақ өндірістік іс-әрекетпен айналысуына болады.
Ø Қысқамерзімді кезеңде фирма қолданатын ресурстар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
Ø Шекті өнімділіктің кему заңы белгілі бір кезден бастап, фирманың жалпы өнімі баяу темппен өскенде байқалады.Бұл айнымалы ресурстың шекті өнімінің кемуімен түсіндіріледі.
Ø Фирма әрекетін ианализдегенде бухгалтерлік шығын мен экономикалық шығын да қарастырылады.
Ø Қысқамерзімді кезеңде ресурстар сияқты шығындар да тұрақты, айнымалы болып бөлінеді.Сонымен бірге орташа, шекті шығындарды да есептейді.
Ø Орташа айнымалы шығын U-түрінде болады, бұл шекті пайдалылықтың кему заңымен түсіндіріледі.
Ø Ұзақмерзімді кезеңде өндіріс масштабының әсері байқалады, сол арқылы өндірістің тиімді ең төменгі көлемін анықтауға болады.Әр салада ол әр түрлі.Сондықтан экономикада ірі фирмалармен қатар ұсақ фирмалар да көп.
7 тақырып. Фирма шығындары (есептер, тест сұрақтары)
Талдауға арналған сұрақтар:
1.Жалпы, орта, шекті өнімдер арасында қандай байланыстар бар?
2.Неліктен экономикалық шығындарды пайдаланбаған мүмкіндіктердің шығыны деп атайды?
3.Мектепте оқудың қайсы шығындарын көрінбейтін шығынға жатқызуға болады?
4.Неліктен қысқамерзімді жоспарда барлық шығындар тұрақты және айнымалыболып бөлінеді?Төмендегілер қандай шығындарға жатады:
Ø өнім жарнамасы
Ø жанар май сатып алу
Ø фирма қарыздары бойынша процент төлеу
Ø мүлік салығын төлеу
Ø басқарушы персоналдың жалақысын төлеу
5.Неліктен орташа жалпы, орташа айнымалы және шекті шығындар U-түрлі формада болады? Неліктен орташа тұрақты шығындар мұндай түрде емес?
6.Өндіріс ресурстары құрамындағы өзгерістердің қайсысы қысқа мерзімге, қайсысы ұзақмерзімге жатады:
Ø «Дастархан» дүкендер мен ресторандар желісі жаңа ресторан ашты
Ø «Қазмұнайгаз» корпорациясы тағы 200жұмысшы қабылдайды
Ø Ауылшаруашылығы жұмысшысы өз жерінде көбірек тыңайтқыш қолданады
7.Өз автомобиліңізді пайдаланғандағы тұрақты және айнымалы шығындарды атаңыз. Өскеменнен Алматыға жетемін десеңіз қандай шығындарды ескеруге тура келеді? Түсіндіріңіз.
8. Ұзақмерзімді жоспарлауда тұрақты шығындардың болмайтынын, барлығы айнымалы болатыны неліктен екенін түсіндіріңіз.