ЕСЕП 1.

 

Есеп 1.2000 мың теңгелік жарғылық қоры бар акционерлік қоғам (акциялардың номиналы 1000 теңге) қосымша тағы 1000 мың теңгеге 1000 жай акция және 500 мың теңгеге жылдық 20%-бен 5000 облигация шығарды. Есеп беру кезеңінде акционерлік қоғамның табысы 260 мың теңге болды. 1 жай акцияға төленетін дивидендтің соммасын анықтау керек. Корпоративтік салық мөлшері 30% -ға тең деп ескерілсін.

Шешуі:

Қайта эмиссияға дейінгі акция санын анықтаймыз:

2000000 / 1000 = 2000 дана

Облигациялар бойынша пайыздық төлемдердің мөлшерін анықтаймыз:

500000 Х 0.2 = 100000

АҚ салық салынатын табысын анықтаймыз:

260 – 100 = 160 мың теңге

Корпоративтік салық 160 Х 0.3 = 48 мың теңге

АҚ таза табысы:

160 – 48 = 112 мың теңге

Айналымдағы акциялардың жалпы саны:

2000 + 1000 (қосымша шығарылым) = 3000 дана

Дивиденд:

112000 / 3000 = 37 теңге/акцияға (немесе 37%)

Жауабы: 37 теңге/акцияға (немесе 37%)

Есеп 2.Төмендегі жағдайлар бойынша бір жай акцияға төленетін дивидендті анықтау қажет: АҚ жарғылық қоры номиналы 100 теңгелік 1000 жай акцияға және номиналы 2000 теңгелік 100 артықшылығы бар акцияға бөлінген. Артықшылығы бар акциялар бойынша тұрақты пайыз – 12 %. АҚ салық салынатын табысы – 260 мың теңге. Дивидендтерді төлеуге таза пайданың 90% жұмсалады деп күтілуде. Корпоративтік салық мөлшері 30% -ға тең деп ескерілсін.

 

Шешуі:

АҚ таза пайдасын анықтаймыз.

Корпоративтік салық мөлшері – 30 %, сондықтан таза пайда:

260 мың теңге Х 0.7 = 182 мың теңге

Дивидендтерді төлеуге арналған пайда:

0.9 Х 182 = 163. 8 мың теңге

Артықшылығы бар акция қандай соммаға шығарылғанын анықтаймыз:

100 Х 2000 = 200 мың теңге

Артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтердің соммасы:

200 тыс. тг Х 0.12 = 24 мың теңге

Жай акциялар бойынша дивидендтердің соммасы:

163.8 – 24 = 139.8 мың теңге

Жай акциялар бойынша дивидендтер = Дивидендтер соммасы/ Акциялар саны=139.8 мың теңге/ 1000 = 139.8 теңге/акцияға

Жауабы: 139.8 теңге/акцияға

ТЕСТ 2.

1. Кез-келген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын беретін акция:

A) қарапайым

B) артықшылығы бар

C) айырбасталатын

D) A) және B) жауаптары дұрыс

 

2. Облигация акциядан немен ерекшеленеді:

A) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқын бермейді

B) бағалы қағаз болып саналмайды

C) қарыз алушының банкроттығы жағдайында оның мүлкін алуғы құқық бермейді

 

3. Қарапайым акция:

A) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқын бермейді

B) егер, акционерлердің жалпы жиналысы дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаса, онда дивиденд алуға құқық береді

C) жойылатын АҚА барлық қарызын жапқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді

D)жоғарыда аталғанның барлығы дұрыс

 

4. Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен облигацияның бастапқы бағасы:

A) көтеріледі

B) төмендейді

C) өзгермейді

 

5. Бірдей номиналы мен купоны бар екі - және үш жылдық облигациялар бар, пайыз мөлшерлемесі өзгермеген. Екі жылдық облигацияның бастапқы бағасы:

A) үш жылдық облигацияның бастапқы бағасына тең

B) одан жоғары

C) одан төмен

Жауап бланкісі