Акциялар

       
   


Жай Артықшылығы бар
Жай акциялар барлық шығындар мен салықтарды шегергеннен кейін қалатын пайданың бір бөлігін алуға құқық береді. Жай акциялардың ұстаушылары директорлар Кеңесінің мүшелерін сайлауға қатысады және басқа да дауыс берулерге қатыса алады. Артықшылығы бар акция дауыс беру құқығын бермейді, олардың басқа артықшылығы бар: мұндай акциялардың ұстаушылары дивидендтерді бөлу бойынша шешім қабылданатын жағдайда өз пайдаларын бірінші болып алады.

 

Барлық акционерлік қоғамдар жай акциялар шығарады. Көптеген корпорациялар, сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шығарады. Жай акциялар да, артықшылығы бар акциялар да иелік ету үлесін білдіреді. Компанияның жағдайы нашар болса да артықшылығы бар акциялардың ұстаушылары өз дивидендтерін алады, ал жай акциялардың ұстаушыларында мұндай мүмкіндік болмайды, олар ештеңе ала алмайды. Сонымен қатар, компания жабылатын жағдайда артықшылығы бар акциялардың ұстаушылары активтердегі өз үлесін бірінші болып, одан кейін жай акция ұстаушылары ала алады.

 

Күн сайын бүкіл әлемде миллиард акциялар сатылады және сатып алынады. Бірақ, акциялардың бірнеше белгілі нарықтары бар. Корпорация өзінің алғашқы акцияларын шығаратын кезде инвестициялық банкке кепіл болу туралы өтініш жасайды.

 

Егер банк, шығарылымның кепілі болуға келісетін болса, ол компанияның шығаратын барлық акцияларын келісілген баға бойынша сатып алады да, кейіннен оларды сатып алушыларға акцияларды алғашқы ашық ұсыну арқылы сатады. Бұл жаңа эмиссия нарығы немесе алғашқы нарық деп аталады.

Алғашқы ұсыныс акциялары сатылғаннан кейін адамдар оларды шығарған компанияға тәуелсіз сатады және сатып алады. Қайталама нарықдегеніміз біз әдетте қор нарығы деп атайтын нарық. Қайталама нарықта адамдар тек акциялармен сауда жасап қана қоймай, сонымен қатар, корпоративтік және мемлекеттік облигацияларды айырбастаумен айналыса алады. Облигацияның пайыздық мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруіне тұрақты болатындықтан, олардың құндылығы жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Облигациялардың табыстылығына номиналға қатысты оның құнынынң артуы немесе кемуі әсер етеді. Табыстылық – баға мен жылдық пайыздың қатынасына сәйкес болатын облигация бойынша төленетін сомма. Қазынашылық вексельдер мен муниципалды облигациялар секілді мемлекеттік облигациялар алғашқы шығарылымнан кейін қайталама нарықта сатылады. Федералды резервтік жүйе жаңа қазынашылық вексельдер мен облигацияларды сатумен айналысады. Олардың өтелу мерзіміне дейін сатқысы келетіндер брокерлердің көмегіне жүгінеді. Муниципалды облигациялар инвестициялық банктер немесе ашық саудаластық арқылы шығарылады. Шығарылғаннан кейін олар брокерлер арқылы сатылады.

Қор нарығында адамдар акцияларды сатып алған ақшалар компанияларға емес, сол акцияларды сатқан адамдарға өтеді. Осыған орай, қосымша қаржыландыру қаражаттарын алуды көздейтін компаниялар үшін қор нарығы маңызды емес болып көрінуі мүмкін. Ал, шын мәнінде, қор нарығы маңызды рөл атқарады. Адамдардың шектеулі саны ғана алғашқы нарықта акциялар сатып ала алады, ал қайталама нарықтарсыз компанияларда қажетті күрделі ресурстарды қаржыландыруға байланысты қиындықтар тууы мүмкін. Қор нарығында бағалы қағаздарды айырбастайтын ұйымдастырылған орындар бар, мысалы, Нью-йорктік қор нарығы. Федералды үкіметке бағынатын бағалы қағаздар жөніндегі комиссия акциялар, облигациялар және басқа бағалы қағаздар нарығын бақылайды.

 

 

Инвесторлар мен фирманың қаржылық жағдайына қызығушылық танытатын тұлғалар пайда мен шығын туралы есеп беру және баланстық есеп берумен таныса алады. Баланстық есеп беруде компанияның активтері (олардың иелігіндегі) және пассивтері (қарыз капитал соммасы) көрініс табады. Актив пен пассив арасындағы айырма меншік капитал болып табылады. Пайда мен шығындар туралы есептемеде компанияның түсімдері мен шығындары айқындалады. Ол компанияның табыстылығы туралы мәлімет береді.

 

Кәсіпорындар өз пайдасые екі әдіс арқылы жұмсай алады: өз акционерлері арасында бөлуі немесе іске қосуы мүмкін. Компания жинақтарының басым бөлігі негізгі капитал амортизациясынан пайда болады. Амортизация деп құрал-саймандардың, мәшинелердің, жабдықтар мен басқа да капиталды ресурстардың біртіндеп тозуын айтамыз. Амортизациялық шығындар сатылатын тауарлардың бағасына енгізіледі. Осылайша, қаражаттарды сақтай отырып, компания ескі құрал – жабдықтарды жаңартып, қаражаттарды капиталды ресурстарға қайта инвестициялайды.

 

Компаниялар амортизациялық төлемдерді сатылған өнімнің түсімінен шегере отырып, жинақтауға міндетті. Жинақталған қаражаттарды компания бір бөлігі жаңа капиталды ресурстарды сатып алуға жұмсайтын пайда ретінді қарастырады. Бұл жинақталған пайда бөлінбеген пайда немесе табыс деп аталады. Бөлінбеген пайда, қосымша қаржыландыру көзі ретінде, әсіресе, жаңадан құрылған шағын және тез өсіп келе жатқан компаниялар үшін аса маңызды. Әдетте, бұл компаниялар өз акционерлеріне дивидендтерді төлемейді, сондықтан бөлінбеген пайда фирманың әрі қарай дамуы үшін пайдаланылады.

 

Әдетте, кәсіпорындар жаңа капиталды ресурстарға ұзақ мерзімді қарыздар арқылы инвестициялайды. Несиенің негізгі соммасы, көбінесе, несие мерзімінің соңында, ал пайыздар несие мерзімі барысында белгілі уақыт аралығында төленеді. Бұл ұзақ мерзімді қарыздар облигациялар деп аталады. Қарыз алушылар қажетті ақша қаражаттарын алады, ал несие берушілер үстінен төленетін пайыздардан табыс табады.

Кәсіпорын жаңа капитал шығарады

 

Кәсіпорын қосымша қаражаттарды несие берушілерден ғана емес, сонымен қатар, жаңа меншік иелерін тарта отырып та ала алады. Капитал деп иелік етуді де айтамыз. Көптеген адамдар бұл әдісті капиталды қаржыландыру деп те атайды. Жалғыз иелік етуші өз иелігінің бір бөлігін «сатып», серіктестік құрып, қосымша қаражаттарды тарта алады. Серіктестік жаңа әріптестерді тарта алады немесе акциялардың бір бөлігін сатып, инкорпорациялана алады (яғни, корпорация болып құрылады). Жаңадан құрылған немесе бұрыннан қызмет етіп келе жатқан және ашық болуды жоспарлайтын корпорациялар жаңа акцияларды шығара отырып, капитал тартады. Бұл акцияларды алғашқы ашық ұсыну немесе акция эмиссиясы деп аталады.

 

 

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

 

Қазақстан Республикасында бизнесті қаржыландыру фирманың меншік және қарыз қаражаттарының оңтайлы үйлесетін классикалық сызбасы ретінде анықталады.

 

Кәсіпорынның меншік қаражаттарының негізгі көзіне таза табыс (таза пайда) жатады. 1 кестеде Қазақстан Республикасының ұлттық шаруашылығының алдыңғы қатарлы салаларының сандық сипаттамасы келтірілген.

 

Кесте 1. Қызмет түрлері бойынша таза табыс, млн. теңге

Қызмет түрлері 1998 жыл 1999 жыл
Ауыл шаруашылығы 100772,1 144902,1
Кен өндіру өнеркәсібі 1213,8 1354,7
Өңдеу өнеркәсібі 645383,6 100884,7
Өндіріс 3937,6 526,6
Құрылыс 43039,3 46773,9
Сауда 151139,5 153650,4
Мейманханалар мен мейрамханалар 2880,7 2656,0
Көлік пен байланыс 110540,6 116687,6
Қаржылық қызмет 15509,9 35369,8
Білім беру 16613,2 17526,7
Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер 16568,3 14974,6
Басқа коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер 15003,1 206222,6

Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ ( Ә.А.Смаиловтың басшылығымен. \ Алматы, 2001ж.)

 

Сонымен қатар, акционерлік қоғам (корпорация) сынды бизнесті ұйымдастыру насыны бар кәсіпорындардың акцияларды эмиссиялауы (шығаруы) мен сатуы меншік қаражаттарды толықтыру көзіне жатады.

2 кестеде 2001 жылдың 1 қаңтарына эмитенттелген акциялардың қызмет түрлері бойынша бөлінуі көрсетілген.

 

Кесте 2. 2001 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша эмитенттелген акциялардың бөлінуі

Қызмет түрлері Акциялар Нәтижесіне %-бен
БАРЛЫҒЫ
Кен өндіру өнеркәсібі 15,3
Өңдеу өнеркәсібі 19,1
Өндіріс (қуат, газ, су) 10,0
Сауда 3,5
Көлік пен байланыс 12,3
Қаржылық қызмет 17,2
Басқалар 22,6

Қазақстан 2001 жыл, Ақпаратты-аналитикалық жинақ И.И. Смаиловтың басшылығымен. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2001 жыл.

 

Қаржыландырудың сыртқы негізгі көздеріне банктік несие жатады. 3 кестеде ұлттық шаруашылық салаларының қимасында ұсынылған несиелер келтірілген.

 

Кесте 3. Экономиканың салалары бойынша екінші деңгейдегі банктердің несиелері (млн. теңге)

БАРЛЫҚ НЕСИЕЛЕР 1999 жыл 2000 жыл
Соның ішінде    
Қысқа мерзімді
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
Көлік
Байланыс
Сауда
Басқалар
Ұзақ мерзімді
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс
Көлік
Байланыс
Сауда
Басқалар

Қазақстан 2001 жыл, Ақпаратты-аналитикалық жинақ И.И. Смаиловтың басшылығымен. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі, 2001 жыл.

 

Қорытындылай келе, отандық кәсіпорындардың қызметін қаржыландыруда олардың меншік қаражаттары (80%) негізгі көз болып табылатынын атап кету қажет. Ал, әлемдік тәжірибеде, негізінен, тартылған қаражаттар қолданылады.

 

 

ТАҚЫРЫП 6. КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (есептер, тест сұрақтары)

 

Жаттығу 1 (әдістеме)

Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік

 

Шолу

Бояу өндіруші компанияның басшылығы өзінің ең таңдаулы тапсырыс берушісінің ұятты іс-қимылын әшкерелеуі тиіс пе? Оқушылар этикалық дилеммамен ұштасқан компания туралы оқып, мүмкін болатын іс-әрекетті ұсынуы қажет.

 

Мақсаттары

Оқушылар:

• Жеке этикалық мәселені анықтау керек.

• Этикалық мәселеге мүмкін болатын көзқарасты бағалап, шешім ұсыну керек.

• Компаниялар жиі ұшырасатын, тартылған жақтар алдындағы дау-жанжалдық міндеттемелерді анықтау керек.

 

Дайындық

Жаттығудың жоспарын зерделеңіз және «Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік» мәтінін оқып шығыңыз. Өзіңізге талқылауды оңай жүргізу үшін, мысалдан кейінгі сұрақтарға жауап беріңіз.

«Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік» мәтіні бар парақ пен сұрақтарды әр оқушыға таратыңыз.

 

Материалдар

• «Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік» мысалының талдауы.

 

Кіріспе

Пайда табу - фирма қызметінің негізгі мақсаты болса да, ақшадан да маңызды заттар бар екенін атап көрсетіңіз.

Оқушылардан қандай заттар аса маңызды екенін білетіні туралы сұраңыз. Бірақ, Сіз, олардың білмейтініне немесе атап көрсете алмайтынына дайын болыңыз. Оларға компания үшін ақшадан маңызды не екенін анықтауға көмектесетініңізді айтыңыз.

Оқу үшін «Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік» материалының көшірмесін таратыңыз және оны зерделеуге 10 минут уақыт беріңіз. Олар оқып біркеннен соң, мысал соңындағы сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз.

Оқушылардың өздері «Түсіну үшін арналған сұрақтарға» жауап бергеннен кейін, «Талқылау үшін арналған сұрақтарды» талқылаңыз. Сыныпты бірнеше топқа бөліңіз және оларға өз пікірін қалыптастыруды ұсыныңыз. Бұдан кейін, әрі қарай іс-қимылға қатысты сыныпта келісімнің орнауына ұмтылыңыз.

 

Шолу және қорытындылау

Оқушыларға «Арай» алдында тұрған мәселені қамтитын, бір сұрақ келтіруді ұсыныңыз. Оларға «Арай» компаниясының мүмкін болатын әрекеттерінің барлық жолдарын атауды және бұл жолдардың артықшылығы мен кемшілігін көрсетуді ұсыныңыз.

Іс-қимылдың ортақ бағытына қатысты бірыңғай пікір қалыптастыруды сұраңыз. Егер, қажет болса, дауыс беруді ұйымдастырыңыз.

Адамдар мен компаниялар үшін бірлік пен шындықдың маңызды және бағалы екенін атап көрсетіңіз.

Жаттығу 1.Қоғам немесе өз компанияңның алдындағы жауапкершілік

«Арай» корпорациясы отқа төзімді бояулар шығарады. «Арай» - нарықта өз орнын табуға ұмтылатын, шағын компания. Сонымен қатар, компания өндіретін бояудың жоғары сапасының арқасында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Әзірге, өнімнің басым бөлігі ішкі нарықта сатылады, ал тұтынушыларға негізінен осы қалада қызмет ететін құрылыс және күрделі жөндеумен айналысатын компаниялар жатады. «Арайдың» ең маңызды тұтынушысы – сырлаумен айналысатын ірі компания.

 

«Арайдың» танымал тауарларының біріне отқа төзімді бояу жатады. Мұндай бояулар ескі үйлерді, мектептерді, бала бақшаларды және қарттар үйін жөндеуде кеңінен қолданылады. Бұл тауар жаңа және нарыққа өткен көктемде ғана шығарылған болатын. Компания оны ағаш үйлердің өртену қаупін төмендететін, тиімді құрал деп жарнамалайды. Әлі күнге дейін бояуға қатысты ешбір шағым түскен жоқ, ал бұл нарық заманында ең жақсы көрсеткіш болып саналады..

 

Бояу барлық мемлекеттік тексерулерден сәтті өтті. Бірақ, мемлекет өндірушіден қолдану бойынша нұсқаудан басқа, бояулардың түсініктемесіне бояуды дұрыс қолданбаған жағдайда мүмкін болатын тәуекелдерді де көрсетуді талап етеді. Осы себепке байланысты, «Арай» әр бояудың құтысында бояулардың технологиясын бұзған жағдайда оның тиімділігінің төмендейтіні туралы ескерту жазды. Қолдануға қатысты нұсқаулардың барлығында тұтынушы алдымен боялатын бетті ескі бояудан тазартып, содан кейін ғана «Арай» шығаратын отқа төзімді бояуды жағу керек деп көрсетілген. Боялатын бетті осылайша етіп дайындау бояу жағу ісін ұзақ әрі қүрделі етеді.

 

Өткен қыста «Арай» жайғасқан қала бойынша бірқатар өрттер болды. Бұл өрттер сапасыз пештер мен жылту приборларын дұрыс қолданбаудан орын алды. Өрттердің басым көпшілігі ескі, ағаш үйлерде болды, бірақ олардың ішіндегі ең ауқымдысы қарттар үйінде орын алды. Бірнеше адам қаза тапты, бұл қоғамдық алаңдаушылыққа алып келді.

 

Өрттен кейін жергілікті газеттердің бірі өзіндік тергеудің нәтижелері туралы жазды. Бұл нәтжелерде өрт болған үйлердің барлығы, жыл бойы «Арай» өндіретін отқа төзімді бояулардың қолданылуымен жөндеуден өткенін көрсетті. Алайда, репортер бір аса маңызды жағдайды ескермеді. Бұл үйлердің барлығының жөндеу жұмыстарын сырлау жұмыстары бойынша бір орындаушы – «Арайдың» ірі тұтынушысы жүргізген болатын.

 

«Арай» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Әлішер Исмаилов бұл мақаланы газеттердің бірінші беттерінен көрді де, қатты алаңдады. Ол компанияның бас кеңесшісін кеңес алу үшін шақырды да, бұл жағдайда компания қандай міндеттемелерде болатыны туралы сұрақ қойды. «Әлішер, біздің алаңдауымызға себеп жоқ. Біздің бояуларымыз барлық мемлекеттік сынақтардан өтті және біз жарнамаға қойылатын талаптардың барлығын орындадық,-деді ол. - Сонымен бірге, біз өз тұтынушыларымызға өнім туралы ақпаратты ұсыну бойынша барлық талаптарды орындадық». Бірақ, бұл сөздерден Әлішер Исмаиловты көңілі орнына түскен жоқ, сондықтан ол өзіндік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдады. Ол сырлаушы компанияның жұмысшылары бояуды жағуда нұсқауды орындамағынын анықтады: жаңа бояу жағу алдында ескі бояудың кетірмеген екен.

 

Тергеу жұмыстары тереңдеген сайын, Әлішердің алаңдаушылығы үдей түсті. Сонымен бірге, ол бұл компанияның сырлаушылары басқа да көптеген ғимаратта бояу туралы нұсқауды орындамағынын білді, сондықтан, ол ғимараттар да өрттен сақтанбаған. Әлішер Исмаилов репортерге телефон шалып, оған сырлау жұмыстарын жүргізген компанияның өз жұмысын дұрыс жүргізбегендігі туралы айтатын болса, ол өз компаниясына деген барлық күдіктерді жояр еді. Бірақ, сырлаушы компанияның ертелі-кеш репортерге өзінің ұятты іс-қимылын кім ашқанын біле алады. Сонда «Арай» өзінің ірі сатып алушысын жоғалтады, ал бұл компанияның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізері сөзсіз.

Әлішердің алдында мәселе пайда болды. Қоғаммен қатынас жөніндегі менеджер ретінде, ол орын алған өрттер үшін өз компаниясының жауапкершілік айыбын жоюы керек. Азамат ретінде, қоғамды «Арай» өнімін қолдану технологиясын бұзған орындаушының салақтығынан басқа да үйлер қауіпті жағдайда тұрғаны туралы ескерткісі де келеді. Бірақ, ол менеджер ретінде компанияның әрі қарай қызмет ету мүмкіндігіне де жауапты. Егер компания өзінің негізгі тұтынушысын жоғалтатын болса, пайда таба алмайды. Не істеу керек?