Жауабы:

1. «Жоғарлатуға» ойынында құнды қағазды сатып алушы құнды қағаз құны жоғарлайды деп болжаумен сатып алады. Егер акциялардың курсы шын мәнінде жоғарлайтын болса, онда акциялар сатып алынған кездегі құнына қарағанда жоғары бағамен сатылады. Акцияны сатудан алынатын сома мен акцияны сатып алуға жұмсалған сома арасындағы айырмашылық «жоғарлатуға» ойынында қызмет ететін делдалдың пайдасы болып саналады.

«Төмендетуге» ойынында келесідей жағдай болады. Акциялар алдымен қарызға алынады, ойыншының болжауы бойынша акцияның құны төмендеуі тиіс. Бұл акциялар тез арада сатылуға тиіс. Акциялардың бағасы төмендеген кезде, олар қайтадан сатып алады да, акция иесі береді. Ойыншының пайдасы – сатудан түскен түсім мен акцияны сатып алуға кеткен сомма арасындағы айырмашылық.

 

2. «Жоғарлатуға» ойынында акцияны сатып алуға кеткен барлық сомманы жоғалту мүмкін, яғни салынған қаражаттың 100%. (егер акциялар толығымен құнсызданған жағдайда).

«Төмендетуге» ойынында мүмкін болатын ұтылыс принципиалды түрде шектелмеген. Егер ойыншының күткен қарызға алынған акциялардың бағасының төмендеу болмай, керісінше, осы акцияларға баға екі есе жоғарлайтын болса, онда «төмендетуге» ойынындағы делдал акцияны сатып алуға жұмсаған қаражатының 100% жоғалтады.

№ 2 есеп.Сіз облигация иесі болып табыласыз, ол облигация үшін сіз 1 мың теңге төледіңіз. Облигациядан алынатын пайызға табыс салығы салынады. Сіздің бір жылғы жалпы табысыңыз, облигация бойынша пайызды санамағанда, 20 мың теңге болды. Бір жылғы дефлятор 1.12. Салық салынбағанға дейіңгі облигация бойынша нақты жылдық пайыз мөлшерлемесі 4%. Салық есептегенде облигация бойынша сіздің нақты табысыңыз неге тең?

Шешімі: Шартты белгілерді еңгізейік:

t – салық мөлшерлемесі (жалпы табыс 20 мың теңге болғанда, салық мөлшерлемесі 20% немесе 0.2 тең)

N – облигация үшін төленген сомма (1 мың теңге)

n - салық салуға дейіңгі облигация бойынша номиналды пайыз мөлшерлемесі (%)

M – салық салынғаннан кейіңгі номиналды табыс (мың теңге)

R – салықты ескергендегі нақты табыс (мың теңге)

r – салық салынға дейіңгі нақты пайыз мөлшерлемесі (4%)

D – дефлятор (1.12)

Сонда

N х (1 + n) – облигация бойынша алынған сомма

N х (1 + n) / D – инфляция деңгейін ескергендегі алынған сомма

 

N х (1 + n) / D = N х (1 + r)

(1 + n) / D = (1 + r)

(1 + n) = D х (1 + r)

n = D х (1 + r) - 1

n = 1.12 х 1.04 – 1 = 1.1648 – 1 = 0.1648

Демек, салықты төлегенге дейіңгі номиналды табыс:

N х n = 1 х 0.1648 = 0.1648 мың. тг.

M = N х n х (1 - t) = 0.1648 х 0.8 = 0.13184 (мың. тг.)

1 + R = (1 + M) / D = (1 + 0.13184) / 1.12 = 1.3184 / 1.12 = 1.010571

R = 1.0571 – 1 = 0. 0571(мың. тг)

Жауабы: салықты ескергендегі сіздің облигация бойынша нақты табысыңыз 0.0571 мың теңге

 

6 тақырып. Кәсіпкерлікті қаржыландыру

 

Сабақтың мақсаты:

1. Компанияларға капиталды ресурстарды алуда қаржы нарықтарының қандай көмек көрсететінін түсіндіру.

2. Фирма иелерінің ала алатын ұзақ және қысқа мерзімді несиелеудің түрлі көздерін сипаттау,

3. Меншік капиталға анықтама беру және меншік капиталды қарызданумен салыстыру.

4. Бөлінбеген пайданың анықтамасын беру және кәсіпорынның өсуін қаржыландыру үшін осы қаражаттардың қалай қолданылатынын түсіндіру.

5. Алғашқы және қайталама қор нарықтары мен олардың экономикалық өсу процессіндегі маңыздылығын сипаттау.

6. Жай және артықшыдығы бар акцияларды салыстыру.

7. Баланстық есеп беру және пайда мен шығындар туралы есеп берудің негізгі қызметтері мен баптарын сипаттау.

Сабақтың міндеттері:

1. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеудің арасындағы айырмашылықты айыруға үйрету.

2. Оқушылардың бөлінбеген пайда қаражаттары кәсіпорынның өсуін қаржыландыру үшін қалай қолданылатынын түсіндіре білуі қажет.

3. Оқушылар бизнесті қаржыландырудағы акциялардың рөлін бағалайды.

4. Өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту.

Қарастырылатын сұрақтар:

• Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелеу

• Меншік капитал

• Бөлінбеген пайда

• Алғашқы және қайталама қор нарықтары

• Жай және артықшыдығы бар акциялар

• Баланстық есеп беру

• Пайда мен шығындар туралы есеп беру