Пайдаланылатын материалдар

 

• Слайд 1 «Бизнесті ұйымдастыру нысандары. Жеке кәсіпорын.»

• Слайд 2 «Бизнесті ұйымдастыру нысандары. Әріптестік.»

• Слайд 3 «Бизнесті ұйымдастыру нысандары. Корпорация.»

• Слайд 4 «Корпорация құрылымы»

• «Знакомьтесь, Джо Блек» к/ф –нен бейне материал

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

· «Экономика JA» Алматы, 2003ж.

· К.Р.Макконнел, С.Л. Брю «Экономикс» Москва. ИНФРА-М 2006ж.

· «Жоғарғы сыныптар үшін экономика. Оқытудың белсенді нысандары» МЦЭБО, Москва, 2004ж.

· НСЭО бағдарламасының бейімделген материалдары.

 

БИЗНЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЫСАНДАРЫ

 

Нарықтық экономикада жеке адамдарға және тұрғындардың топтарына өздерінің алдына қойған мақсаттарына жетуге көмек беретін түрлі институттар құрылады. Барлық қажеттіліктер игіліктердің арқасында қанағаттанады. Игіліктер деп табиғаттың сыйлайтын тегін игіліктерін ғана емес, сонымен қатар, түрлі тауарлар мен қызметтер түріндегі экономикалық игіліктерді де атауға болады. Алайда, тауарлар өндіріліп, тұтынушыға дайын өнім түрінде ұсынылуы қажет. Еңбек, жер, капитал секілді өндіріс факторларыөндіріске енгізілген кезде ғана өндіріс «іске қосылады», олар өндіріс процесі жүзеге асырылуы үшін ұйымдасқан, аралас болуы тиіс. Міне, осында, өндіріс процесін қалыптастыратын, реттейтін және бақылайтын өндіріс ұйымдастырушы - кәсіпкерайқындалады. Міне, осылайшы, кәсіпкер мен кәсіпкерлік өндірістің төртінші факторы болады.

 

Бизнес фирмалар бір – бірінен ерекшеленеді. Олар тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын білдіреді. Бірақ, көп түрлілікке арамастан, бизнесті ұйымдастыруды нысанының саны шағын ғана. Осы нысандардың негізгі санаттары – ол жеке кәсіпорындар, әріптестіктер мен корпорациялар. Бизнесті ұйымдастырудың аталған нысандарының әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі бар. Олар тұтышушыларға да, өндірушілерге де қатысты пайда мен шығындарды қамтиды.

Кәсіпкер (бизнесмен) – пайда табу мақсатымен өз ісін ұйымдастыратын, өз тәуекеліне және өз жауапкершілігіне байыланысты әрекет ететін адам.

Кәсіпкердің кәсіби қабілеті жер, еңбек және капиталды үнемді пайдалануда, жаңа ғылыми, ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық бастамаларды тауып, оларды қолдана білуде айқындалады. Кәсіпкердің жаңа өнім түрлерін өндіру мен жаңа процестерді ұйымдастыру бойынша бастаманы өзіне алатыны, бизнестің де тәуекелін өз мойнына алатыны бизнестегі кәсіпкерліктің, тапқырлықтың ерекшелігі болып табылады. Кәсіпкер әрқашан жұмсалған еңбекпен де, капиталмен де тәуекелге барады.

Кәсіпкерлік, бизнес:

1) пайда табу мақсатымен тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталған қызмет;

2)белгісіздік жағдайындадұрыс шаруашылық шешімдерді қабылдай білу қабілеті. Қазақстан Респубикасында кәсіпкерлік «кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік беретін және оны қолдау мен қорғауды қамтамасыз ететін» (ҚР Азаматтық Кодексінің 10 бап, 2 тарау) мемлекетпен қорғалған

Тауарлар шығаратын немесе қызмет көрсететін кәсіпорындар (фирмалар) өз нысаны бойынша ерекшеленеді. Өндіріс көлемі мен басқару нысанына байланысты шағын, ортажәнеүлкен бизнес болып бөлінеді.

 

Бизнестің негізгі ұйымдастырушылық нысандарына жеке кәсіпорындар, серіктестіктер (әріптестіктер) мен акционерлік қоғамдар жатады.