Тест жауаптары
Сұрық № | |||||||||||||||||
Жауабы | жоқ | жоқ | Иә |
5 тақырып. Бизнесті ұйымдастыру нысандары
Сабақтың мақсаты:
1. Экономиканың дамуына еркін кәсіпкерліктің қалай әсер ететіндігін айқындау
2. Меншік бизнеспен айналысатын кәсіпкердің шешетін мәселелерін ескеру
3. Экономикада шағын бизнестің атқаратын рөлін түсіндіру
4. Бизнесті ұйымдастырудың түрлі нысандарының артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
1. Бизнесті ұйымдастыру нысандарының айырмашылығын айыра білуге үйрету
2. Оқушылардың бизнесті ұйымдастырудың түрлі нысандарының оң және теріс жақтарын түсіндіре алуы қажет
3. Оқушылар корпорациялардың экономикадағы рөлін бағалайды
4. Өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту
Қарастырылатын сұрақтар:
· Жеке кәсіпорын
· Әріптестік
· Корпорация
Оқушылар:
· Бизнесті ұйымдастырудың түрлі нысандарын анықтай білуі, оларды айыра білуі және қолдана білуі қажет;
· Нақты анықталған және сенімді қорғалған меншік құқықтары нарықтық экономика үшін ерекше маңызды институт болып табылатынын білуі қажет;