IV. ТАПСЫРМАЛАР
1 тапсырма. Төмендегі тауарлар тізімі ішінен сұраныс икемділігі жоғары тауарды таңдаңыз. Қандай факторлар ол тауарға деген сұранысты икемді қылдырады?
а. сабын;
б. пәтерлер;
в. тұз;
г. «Гурман» тұшпарасы.
Жауабы:
а) икемсіз сұраныс, себебі сабын сатып алушының бюджетінде үлкен үлес салмағын алмайды,сонымен қатар оның алмастырушы тауарлары бар;
б) пәтерлер – қысқа мерзімде оларға сұраныс абсолютті икемді, ал ұзақ мерзімде – икемді, себебі пәтер сатып алу сатып алушының бюджетінде үлкен үлесті алады, сонымен қатар оның алмастырушы тауарлары жоқ квартиры;
в) тұзды алмастыратын тауар жоқ, күнделікті қажетті тауар қатарына жатады, сатып алушының бюджетінде үлкен үлесті алмайды, сондықтан қысқа мерзімде оған сұраныс абсолютті икемсіз;
г) икемді сұраныс, себебі күнделікті қажетті тауар. Қорытынды: сұранысы ең икемді пәтер болып табылады.
2 тапсырма. Төмендегі мысалдарда икемділіктің қандай түрлері туралы айтылғанын анықтаңыз:
а) тұтынушы 1 литр сүтті сатып алғанда 50 теңге төлеп жүрген, енді сүт бағасы 60 теңге болғанда ол сүттің сондай мөлшерін сатып алып отыр;
б) белгілі бір уақыт аралығында тұтынушы 12 кг сиыр етін 360 тг бағасымен сатып алады, ал сиыр етінің бағасы 340 тг болғанда, ол 13 кг ет сатып алады;
в) бағасы 80 тг болғанда, апельсиннің 10000 кг сатылады. Апельсин бағасы 100 теңгеге дейін қымбаттағаннан кейін сатушының сатудан түсетін түсімі 100 мың тг болды.
Жауабы:
а) абсолютті икемсіз сұраныс, тік сызық,Е (икемділік коэффициенті) = 0
б) Шешімі: бұл жерде бағаның шамалы өзгерісі болғандықтан, еспті сұраныстың нүктелік икемділік формуласы арқылы ығарамыз: : ,
минус таңбасы ескерілмейді, Е= 1,6>1, демек, сұраныс икемді.
в) Шешімі: Бағасы 80 теңге болғанда сатудан түсетін түсімді табамыз: TR = 80 х 10000 = 800000 теңге, бағасы 100 теңге болғанда, сатушының түсімі 100000 теңгеге тең. Баға өскен кезде сату айналымы азайды, демек, тауарға деген сұраныс икемді (баға мен түсім әр бағытта өзгереді)
3 тапсырма. Бағалық икемділігі -3-ке тең болғанда тауар бағаса 1%-ға жоғарлады. Сатушылардың түсімі қалай өзгереді?
Жауабы: Саиушылардың түсімі азайды, себебі икемділік коэффициенті>1 болғанда (сұраныс икемді), баға өскен кезде, сатушылардың түсімі азаяды.
Ұсыныс икемділігі
V. Есептер
4 есеп. Әлде-бір тауар ұсынысының функциясы Qs = 80 + 8P теңдеуімен берілген. Бағасы 5 – ке тең болғанда ұсыныстың нүктелік икемділігінің шамасы нешеге тең болады?
Шешуі:
Алдымен, 5- ке тең болған кездегі ұсыныстың шамасын табамыз: Qs(Р = 5) = 120, одан кейін ұсыныс икемділігін:
εsр = Q'(Р) * Р/Qs = 8 × 5/120 = 1/3
Жауабы: εsр = 1/3
5 есеп.Шошқа етінің бағасы 12$ -дан 16 $-ға көтерілді, шошқа еті ұсынысының мөлшері орта мерзімді кезеңде 65 кг-нан 99 кг-ға дейін өзгерді. Орта мерзімді кезеңде шошқа етін ұсыну сипаты қандай?
Шешуі:
Жауабы: ұсыныс икемді, себебі ESP >1
6 есеп. Аяқ киім жөндеу бойынша (нәл жасау) қызметтің бағасы жұбына 7 ден 17-ге дейін көтерілді. Егер, жаңа бағамен шеберлер 30 жұп аяқ киім жөндеуге дайын болатын болса, ал ұсыныстың бағалық икемділік коэффициенті 1,1-ге тең болған жағдайда баға көтерілгенге дейін бір күн ішінде қанша жұп аяқ киім жөндеуден өткенін анықтаңыз.
Шешуі:
165 + 5,5Q1 = 360 -12 Q1
Жауабы: Q1 = 11 жұп
7 есеп . Төменде көрсетілген қисық сызықтардың қайсысы 8 наурыздағы және 21 сәуірдегі (немесе жылдың кез келге басқа күніндегі) гүлдерге деген сұранысты сипаттайды? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Жауабы: D1 – сұраныс икемділігі жоғары, демек, бұл кез келген ауқыт кезеңіне тән (егер баға жоғарлайтын болса, онда гүлді сатыл аламын дегендердің саны аз болады ). D2 – сұраныс икемділігі төмен, демек, бұл сұраныс икемділігі сол 8 наурыз күні сондай (гүлге бағаның өсуіне қарамастан осы күні адамдардың көбісі гүлді сатып алғысы келеді).
8 есеп. Ұсыныстың келесі функцияларымен суреттелетін ұсыныстың ерекшеліктерін сипаттаңыз:
Жауап:
Егер ұсыныс түзуі (немесе қисық сызығына жанама түзу) Q, осін басып өтетін болса,онда координат басынан шыққан түзу көлбеуінің бұрышы ұсыныс қисық сызығының көлбеу бұрышынан аз болады tgα < tgβ, (Р / Q) < (∆P / ΔQ) және εs<1, яғни ұсыныс икемсіз.
(Бұл А суретіне комментарий)
Ұсыныс түзуі (немесе қисық сызығына жанама түзу) баға осін басып өтетін болса, онда координат басынан (ОВ) түзу нүктесіне жүргізілген көлбеу бұрышы ұсыныс қисық сызығының көлбеу бұрышынан үлкен болады tgα > tgβ, демек, (Р / Q) > (∆P / ΔQ) және εs > 1, яғни ұсыныс икемді болады.
(Бұл Б суретіне комментарий)
VI ТЕСТ 2. ТӨМЕНДЕГІНІҢ ҚАЙСЫСЫ ДҰРЫС?
1. Q = a + bP (мұнда, a және b оң мағыналы) функциясымен бейнеленетін ұсыныс кез-келген нүктеде баға бойынша икемсіз.
1) Дұрыс 2) Дұрыс емес
БІР ҒАНА ДҰРЫС ЖАУАПТЫ ТАҢДАҢЫЗ
2. Х тауарының өз бағасы бойынша ұсыныс икемділігі немен өлшенеді?
1) ақша бірлігімен;
2) пайызбен;
3) Х тауарының өндірісі өлшенетін бірлікпен;
4) өлшемсіз шама болып табылады;
5) дұрыс жауап жоқ.
3. Егер, бағаның 5% - ға төмендеуі, ұсыныс көлемін 8%-ға төмендететін болса, онда бұл ұсыныс:
1) икемсіз;
2) икемділігі бірге тең;
3) икемді;
4) абсолютті икемді;
5) абсолюті икемсіз.
4. Әлде-бір игіліктің ұсыныс көлемі оның бағасына тікелей байланысты екені белгілі. Онда ұсыныс:
1) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемді;
2) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемсіз;
3) бағаның кез-келген деңгейі үшін икемділігі бірге тең;
4) икемділіке қатысты ештеңе айтуға болмайды.
Тест 2 сұрақтарына жауаптары
Сұрақ № | ||||
Жауабы |
4 тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті.
Сабақтың мақсаты:
1. Нарықтық баға анықтамасына, бағаның өзгерісіне байланысты бағалық емес факторлардың әсеріне және сәйкесінше нарықтық көлемге қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды қарастыру.
2. Бір-бірімен байланысты нарықтарды талдау (бір оқиғаның тауарлар мен қызметтердің әртүрлі нарықтарына қалай әсер етуін қарастыру).
Негізгі сұрақтар:
1. Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының бірдей жылжуы кезінде нарықтық тепе-теңдіктің бір параметрлер өзгерісінің белгісіздік проблемасы (қисық сызықтардың көлбеуі мен жылжу шамалары туралы нақты мәліметтің жоқ болған кезінде).
2. Мемлекеттің директивті және тепе-теңдік баға арасындағы қатынасқа тиісті максималды (минималды) бағаны тағайындауының салдары.
Сабақ жоспары:
1. Тепе-теңдік бағаны нақты мысалда анықтау Определение равновесной цены на конкретном примере
2. Есептерді шығару арқылы артықшылық немесе жетіспеушілікті анықтау бойынша тапсырмаларды қарастыру
3. Есептерді шығару арқылы сатушылар мен сатып алушылар ұтысын анықтау
4. Тұрақты (директивті) бағаны тағайындау кезіндегі ситуацияларды талқылау
5. Нақты жағдайларда сатушылар мен сатып алушылардың бағалық сұраныс мен ұсыныс икемділігінің әсері.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Нарық. Нарықтық тепе-теңдік. Нарықтық баға. Сатылу көлемі. Ұсыныс артықшылығы (артықшылықты ұсыныс) (игіліктің артықшылығы). Сұраныс артықшылығы (артықшылықты сұраныс) (игіліктің жетіспеушілігі). Бағаға шектеу қою (жоғарыдан немесе төменнен).
Әдебиеттер тізімі
1. Основы экономической теории: Учебник для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики / Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова басшылығымен – 7-ші басылым. – 2 кітапта. 1 кітап. – М.: Вита-Пресс, 2004, 85-95 беттері, 116-120 беттер.
2. Практикум по основам экономической теории: Уч. пособие для 10 -11 кл. общеобразоват. учрежд. с углубленным изучением экономики/ Мем. унив. – Экономиканың жоғарғы мектебі; С.И. Иванова башылығымен – М.: Вита-Пресс, 1999, 47-55 беттер.
3. Липсиц И.В. Экономика: 2 кітапта. 1 кітап: Учебник для 9 кл. общеобразоват. учрежд.- 4-ші басылым, қайта қарастырылған және толықтырылған- М.: Вита-Пресс, 2000, 63-81 беттер.
4. Мицкевич А.А.- Сборник заданий по экономике: Для учащихся 10 -11 кл.- 3 кітапта. 1 кітап. Задачник по микроэкономике.- 3-ші басылым, қайта қаратырылған – М.: Вита-Пресс, 2001, 140-185 беттер.
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ |
Нарықтық экономика жүйесінде еркін кәсіпкерлікке, әркімге арналған таңдау еркіндігіне негізделген қызмет етудің белгілі бір стимулдары мен қағидалары бар.
Нарықтық таңдаудың кәсіпкерлік қызметтің стимулы ретінде экономикалық мүдде болып отыр. |
Кәсіпкерлер максималды пайда табуға мүдделі болады, ал өндіріс факторларының иелері өндіріс факторларын өндірісте қолданғаны үшін мейлінше жоғары табысты алуға мүдделі болып отыр. Тауарларды сататын және сатып алатын адамдарға нарық мәліметтерді баға ретінде беріп отырады. Бағаларды талдау негізінде шешімдер қабылданады. Бағалар сатушалар мен сатып алушыларға Не және Қалай өндіру керек және Кім оны тұтынатыны жөнінде сигналдар беріп отырады. Сатушылардың мақсаты – пайда табу. Нені өндіру керек деген сұраққа жуап іздегенде фирманың шешіміне белгілі бір бағада, дәлірек айтатын болсақ, тұтынушылардың сатып алуға дайын бағада, сатушының пайда табу қабілеті әсер етеді. Өнімнің өзіндік құнының төмен болуы берілген нарықтық бағада сатушының жоғары пайда табуына ықпал етеді. Сонымен, баға механизмі өндірістің ең жақсы тәсіліне қатысты фирма шешінің Қалай өндіру керек деген сұрағынаа жауап береді. Кім үшін өндіру керек деген сұрағына жауап сатып алушылардың тауарлар үшін төлеу тілегі мен қабілетімен анықталады, ол өз кезегінде олар ресурстарды алған үшін бағалармен анықталады.
Кез келген нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әр қайсысы өздерінің іс-әрекеттерін бір-біріне тәуелсіз жоспарлайды. Сатушылар ұсынып отырған тауарлар саны сатып алушылардың сатып алуға жоспарлаған тауарлар санына сәйкес болған кезде, яғни сатушылар мен сатып алушылар жоспарлары сәйкес болған кезде, нарық тепе-теңдік жағдайында болып тұр деп айтады.
Алдыңғы тақырыптардыға қарастырған сұраныс және ұсыныс ұғымдары сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауар санын сату және сатып алу жоспарларын көрсетіп отырды. Нарықтағы тауар бағасы мен тауардың сату және сатып алудың нақты көлемі сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыстың нәтижесінде анықталады
Алдыңғы тақырыптардыға қарастырған сұраныс және ұсыныс ұғымдары сатушылар мен сатып алушылардың белгілі бір тауар санын сату және сатып алу жоспарларын көрсетіп отырды. Нарықтағы тауар бағасы мен тауардың сату және сатып алудың нақты көлемі сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыстың нәтижесінде анықталады
Тепе-теңдік бағасы– сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болған кездегі баға. |
Нарықта сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы нәтижесінде баға қалай тағайындалады? Бұл сұраққа жауап беру үшін сұраныс пен ұсыныс шкаласының біріккен кестесін құрастырайық.
1 кесте. Сұраныс, ұсыныс және нарықтық баға
Тауардың бір данасына ұсыныс көлемі | Баға, ақшалай өлшем | Тауардың бір данасына сұраныс көлемі | Тауардың артықшылығы (+) немесе жетіспеушілігі (-),дана |
-48 | |||
-33 | |||
-14 | |||
+11 | |||
+22 | |||
+32 |
Кестеден көріп тұрғанымыздан тауардың бағасы 25 ақшалай өлшем болған кезде тауар жетіспеушілігі де, артықшылығы да болмайтынын байқаймыз – міне, осы баға деңгейін тепе-теңдік баға деңгейі деп атаймыз.
Тепе-теңдік тауар көлемі дегеніміз сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасы тең болғандағы тауар саны. |
Тепе-теңдік баға жағдайында нарық тұрақты қалыпта болады. Сатушылар мен сатып алушылар жоспарларын көрсететін сұраныс және ұсыныс қисық сызықтары нарықтық тепе-теңдік графигін тұрғызу үшін қолданылуы мүмкін.
Экономикалық теориядағы тіпті барлық проблемалар, негізінен, сұраныс пен ұсыныс мәселесіне ұштасады. Тепе-теңдік қағидасын дәлелдей отыра, Альфред Маршалл экономикалық теория ғылымына «тепе-теңдік баға» деген категорияны еңгізді. Маршалл былай деп жазған: «Біз парақ қағазды қайшының жоғарғы лезвиясы ме немесе төмеңгі лезвиясы кеседі ме деген сияқты құн бағалылықпен бе немесе өндіріс шығындарымен бе реттеледі деген сұрақтарына жауаптар іздегенде бірдей жағдайда дауласуға болады». Экономикалық тепе-теңдіктің бұл қағидасы неоклассикалық мектепті анықтайтын ережелерінің бірі болып табылады. Маршалл өз тәсілінің мәнін қысқаша түсіндіре отырып былай деген: «Барлық экономикалық проблемалар өздерінің ерекшеліктері бойынша үлкен айырмашылықтарына қарамастан, олардың барлығының мәні бір. Ол мәнділік дегеніміз екі қарама - қарсы мотив түрлерін теңестіру қажеттілігі болып табылады, олардың біреусісі – белгілі бір күш-жігер мен шығындардан бас тарту немесе белгілі бір тез арадағы қанағаттандыруға жету ... Басқа сөзбен айтқанда, бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіру қажеттілігі
Тауар нарығындағы тепе-теңдік сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең екенін, сұраныс бағасының ұсыныс бағасына тең екенін білдіреді: Qd = Qs; Pd = Ps. |
Тауардың Q* берілген көлемінде сатып алушылар тауарды сатып алу мүмкіндігі бар максималды бағасы (Pd сұраныс бағасы) сатушылар үшін лайықты минималды бағаға (Ps ұсыныс бағасы) сәйкес болады, бұл жағдай берілген нарықта бірдей тұрақты Р* тепе-теңдік баға тағайындалғанын білдіреді. Р* тепе-теңдік баға бойынша Q* тепе-теңдік тауар көлемі сатылады және сатып алынады.
Осы жағдайда екі жақтың ешқайсысы берілген ситуацияны өзгерткісі келмейді.
Сұраныс қисық сызығынан жоғары орналасқан, нүктелермен берліген барлық бағалар тұтынушылар үшін тым жоғары (шамадан тыс), ал ұсыныс қисық сызығынан төмен орналасқан барлық бағалар сатушылар үшін тиімсіз (шығынға ұшыратады). Ал басқа жағынан қарағанда, сатып алушылар үшін максималды болған бағадан төмен бағаларға сатып алушылар қуанады, сол сияқты, сатушылар үшін минималды болған бағадан жоғары бағалардан сатушылар бас тартпайды.
Келісімдер жүзеге аспайтын шарттар – бұл 1,2,3 шегі. 4 – бұл сатып алушы мен сатушы мүдделерінің сәйкес болған шегі. Осы шектің бойындағы кез келген нүкте мүмкін болатын келісімнің шарттарын көрсетеді.
Сатушылар мен сатып алушылар нарықтағы баға тепе-теңдік бағадан жоғары болуын күтеді деп болжайық және осы күтулеріне сәйкес өздернінің қызметтерін жоспарлайды. Тепе-теңдік бағадан жоғары кез келген бағалар үшін ұсыныс көлемі сұранысы көлемінен артық болады, сонымен, нарықта тауар артықшылығы, яғни ұсыныс артықшылығы пайда болады. Тауардың артықшылығы байқалған кезде, сатышылар берілген бағада ойлаған тауар көлемінің барлығын сата алмайды. Нәтижесінде сатушылардың тауар қорлары өседі және сұраныстың нормальды өзгеріс жағдайына жоспарланған деңгейінен де асып түсе бастайды. Сатушылар тауар қорларының өсуіне өздерінің жоспарларына өзгерістер еңгізу арқылы жауап береді. Сатушылардың бір бөлігі өндіріс көлемін азайтады, басқа біреулері бағаларды төмендетеді, кейбіреулері өндіріс көлемі де, бағаны да төмендетеді. Нәтижесінде баға мен тауар сатылу көлемі азая бастайды. Сатып алушылар өздері күткендей емес, тауар бағасы енді арзан болғанына көздері жеткен сатып алушылар сатып алынатын тауар санын ұлғайтады. (2 сурет). Графикте Е (EQUILIBRIUM) нүктесімен тепе-теңдік нүктесін белгілейік.
Артықшылықты ұсыныс көлемі = Qs1 (P1) - Qd1 (P1)
Тепе-теңдік бағадан төмен кез келген баға үшін сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артық және бұл артық сұранысқа әкеледі. Бұл жағдайда тұтынушының тауарды сатып алу тілегі қанағаттандырылмай қалады, сонда сатушылар бағаны жоғарлата бастайды және ұсыныс көлемінде көбейтеді. Нәтижесінде, баға өседі, ұсыныс көлемі жоғарлайды, ал сұранысы көлемі артықшылықты сұраныс көлемі жоқ болғанша дейін төмендейді. Сонда сатушылар мен сатып алушылар жоспарларының өзгерісі нәтижесінде нарық тепе-теңдік жағдайға жетеді.
Артықшылықты сұраныс көлемі =
Qs2 (P2) – Qd2 (P2) (3 сурет).
Бәсекелестік нарықта тепе-теңдік жағдай тағайындалғанға дейін нарықтық механизм бағалардың өзгерісін қамтамасыз етеді. Тепе-теңдік нүктесінде артықшылыұ сұраныс та, артықшылықты ұсыныс та байқалмайды, яғни, бағаларға деген қысым жоқ. Нарықта тепе-теңдікке ұмтылу тенденциясы болып отырады.
Тепе-теңдік параметрлерін анықтау үшін:
· сұраныс функциясын ұсыныс функцияларын бір-біріне теңеу қажет және алынған теңдеуді шешу қажет;
· бағаның алынған шамасын сұраныс функциясына немесе ұсыныс функциясына қою қажет.
Сұраныс пен ұсыныстың тік сызықты функциясы жағдайында:
Qd = a – bP , Qs = c + dP
а – bP = c + dP
P*= (a – c)/(b + d)
Q*= (bc + ad)/(b + d)
Тепе-теңдік жағдайын графикалық түрде 4 суретте көрсетілген.
Тепе-теңдік баға деңгейі, бір жағынан, тауар өндірістің шығындарымен, екінші жағынан – сатып алушының сол тауарды сатып алу тілегі мен мүмкіндігімен анықталады.
Бір кездегі тағайындалған тепе-теңдік жағдай тұрақты болып қала бермейді. Сұраныстың және (немесе) ұсыныстың өзгерісі кезінде олардың графикалық жылжуы байқалады, және сала бойынша тепе-теңдік нүктесі жаңа орынға ие болады.
Тұтынушылардың артықшылығы.
Тұтынушылық артықшылық – бұл тұтынушының белгілі бір тауар санын сатып алуда төлеуге дайын максимум баға мен нақты төлейтін бағасы арасындағы айырма.
Сұраныс қисық сызығының биіктігі белгілі бір сатып алушының қосымша тауар данасына қандай максималды бағаны төлеуге дайын екенін көрсетеді
Өндірушінің артықшылығы.
Өндірушінің артықшылығы – бұл өндірушінің бір тауар данасын сатудан нақты қанша түсім алатыны мен сол тауарларды сатудан алуға дайын минимумы арасындағы айырма.
Сауданың өзара пайдасы = тұтынушының артықшылығы + өндірушінің артықшылығы
Сонымен, сауданың өзара пайдасы, бір жағынан, тепе-теңдік нүктесі; екінші жағынан бағалар осі берілген сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары арасындағы көрсетілген үшбұрыштың жалпы ауданына тең болады,
Нарықтық жағдайлардың (шарттардің) өзгерісі
1. Сұраныс өзгерісіне реакция.
Сұраныс өсті деп қарастырайық. Сонда тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік сатылу көлемі де өседі (6 сурет). Егер сұраныс төмендейтін болса, онда тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік сатылу көлемі де төмендейді.
2. Ұсыныс өзгерісіне реакция.
Ұсыныс өсті деп қарастырайық. Сонда тепе-теңдік баға төмендейді, ал тепе-теңдік сатылу көлемі өседі. (7 суретт). Егер де ұсыныс төмендейтін болса, онда тепе-теңдік баға өседі, ал тепе-теңдік сатылу көлемі азаяды
3. Сұраныс пен ұсыныстың бірдей өзгерісне реакция.
Сұраныс пен ұсыныс бірдей өсті де қарастырайық. (8 сурет).
Сонда тепе-теңдік сатылу көлемі өседі, ал тепе-теңдік баға жөнінде еш нәрсе айтуға болмайды, себебі сұраныс пен ұсыныс қаншаға өзгергені белгісіз. Егер ұсыныс пен сұраныс бір уақытта төмендеген болса, онда, сөзсіз, тепе-теңдік сатылу көлемі азаяды, ал тепе-теңдік баға туралы еш нәрсе айтуға болмайды, себебі сұраныс пен ұсыныс қаншаға өзгергені белгісіз.
Бір уақытта ұсыныс төмендеп, ал сұраныс өсіп бара жатыр деп қарастырайық. (9 сурет). Онда, сөзсіз, тепе-теңдік баға өседі, ал тепе-теңдік сатылу көлемі туралы еш нәрсе айтуға болмады, себебі сұраныс пен ұсыныс қаншаға өзгергені белгісіз. Егер ұсыныс өсіп, ал сұраныс төмендейтін болса, онда, сөзсіз, тепе-теңдік баға төмендейді, ал тепе-теңдік сатылу көлемі туралы ешнәрсе айтуға болмайды, себебі сұраныс пен ұсыныс қаншалықты өзгергені белгісіз.
Сұраныс пен ұсыныс модельдерінің талдауынан нарықтардың тепе-теңдікке ұмтылатынын байқауымызға болады.
НАРЫҚТЫҚ БАҒАНЫ БЕЛІГЕУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЛДАРЛАРЫ
Ешбір ел мемлекеттік реттеусіз өмір сүрмейді, көптеген елдерде ресурстардың көп бөлігі нарықтар көмегімен таратылады. Мемлекет экономикалық мінез-құлықты реттеп отырады. Мемлекеттің араласуының масштабы мен түрлері бір елден екінші елге түрленеді. Мемлекеттік органдар фирма қызметінің ережелерін реттеп отырады, мысалы, монополияға қарсы заң шығару, бұл заң бойынша бәсекелестер арасында баға тағайындау жөнінде келісім жасауға тыйым салынады (рұқсат берілмейді). Кейбір жағдайда мемлекет кейбір экономикалық субъектілерге монополиялық құқықтарды пайдалануға береді, яғни жасанды монополияны жасайды. Мысалы, жаңалық ашуға меншік құқығын қорғау, яғни патенттік құқық. Мұндай мемлекеттік реттеу жаңа және ең тиімді технологияларға жағдайлар туғызады. Мемлекеттік ұйымдар көртеген тауарлар мен қызмет түрлерін, атап айтатын болсақ, ұлттық қорғаныс және білім беру, жолдар мен бақтар, көшелерді жарықтандыру және т.б. сатыды және сатып алады. Нарықтық механизмнің іс-әрекеттеріне түзетулер еңгізу арқылы, оның жағымсыз жақтарын жұмсарту арқылы, мемлекет нарықтық баға белгілеу негіздерін және еркін бәсекені қолдайды. Себебі мемлекеттік органдар экономикалық өмірде маңызды рөль алады, қазіргі кездегі экономиканың қызмет етуін түсіну үшін нарықтардың жұмыс механизмін ғана түсіне қажет емес, сонымен қатар мемлекеттің экономикаға әсерін түсіну қажет. Мемлекеттің қызметін қаржыландыру салықтар мен несиелер арқасында жүзеге асады. Нарықтық экономика дамыған едерде салық салу жүйесі мемлекеттік бюжеттің қалыптасуы мен экономикалық іс-әрекеттерді реттеудің күрделі жүйесі ретінде көрсетіледі.
САЯСИ БАҒА БЕЛГІЛЕУДІҢ МЫСАЛЫ (ҮЛГІСІ).
Бір күні Петербург генерал-губернатор Трепов көрнекті көпестерді өзіне шақырып, олардан қаладағы нанға бағаның неге өскенін сұрады. Меншік капитал иелері шенеунікке нанның бағасы біреудің тілегімен анықталмайды, сұраныс пен ұсыныстың еркін ойынымен анықталады деп түсіндіруге тырыса бастады. Бұл жерде олар өз пікірлерін түсіндіргенде, Адам Смит пен Карл Маркстың еңбектеріне сілтеме берді. «Тіпті Сіз, мәртебелі генерал-губернатор, нарық заңдылығына ешнәрсе істей алмайсыз – ол Сіздің билігіңізде емес». – «Адам Смит еңбектерімен таныспын, - деді генерал-губернатор, - және де сұраныс пен ұсыныс ойыны менің қолымда емес екенін мойындаймын. Бірақ та, мырзалар, сіздерді жиырма төрт сағаттың ішінде Петербургтен жер аударып жіберу менің қолымда». Келесі күні нанның бағасы Петербургте кенет төмендеп кетті. Саяси баға белгілеу әдістерінің жіктемесі. «Жалпы ереже келесідей болады: кез келген шектеу және қосымша реттеу – сыбайластыққа сый» (К.Боровой).
Мемлекет жанама араласу арқылы тек қана сұраныс пен ұсынысқа әсер ете алады:
• кейбір салықтар, атап айтатын болсақ акциздер және жалпы жанама салықтар (сатуға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салық),
• Өндірушілерге арналған субсидиялар мен дотациялар, салық жеңілдіктері, яғни «салықтар керісінше».
• Тұтынушыларға арналған субсидиялар мен дотациялар олардың сұранысын жоғарлатады.
• Трасферттік төлемдер - бұл мемлекеттің фирмалар мен тұрғындардан салық ретінде алып, азаматтарға зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және т.б. түрінде төлейтін қаражаттары. Трансферттер, мысалы, сұранысқа (тұрғын-үй құрылысы) немесе ұсынысқа (ауыл шаруашылығы және көмір өндіру) әсер етеді.
• Қорларды басқару. Тауар салыстырмалы түрде арзан болған кезде мемлекеттік ұйымдар тауар қорларын жинауы мүмкін, ал тауардың бағасы жоғарлаған кезде – тауар қорларын сата бастайды.
• Импорттық баж салықтары.
• Экспортты ынталандыру салық жеңілдіктері немесе эксперттық сый ақылар арқылы жүзеге асады, ол отандық өнімді арзандаттырады және, демек, оны бәсекеге төтеп беретіндей қылдырады.
• Импортқа тыйым салудан бастап импортталатын өнімді сертификаттау сияқты тарифтік емес шектеулерге дейінгі импорттық шектеулер.
• Валюталық реттеу, яғни орталық банктің валюта сатуы мен сатып алуы.
Мемлекеттің тура араласуы дегеніміз, мысалы, мемлекеттік ұйымдар мен фирмалар көрсететін қызмет түрлеріне тұрақты бағаларды тағайындау (темір жол билеттерінің бағалары немесе пошта тарифтері) немесе бәсекелес нарықтарда шекті бағаларды (минималды немесе максималды) тағайындау. Сонымен қатар, рационалдаудың тура әдісі ретінде карточкалар, талондар және игіліктерді орналастырудың т.б. атрибуттарын еңгізу болып табылады. Мысалы, Англияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп уақытқа дейін карточкалар сақталып отырды. Олар 50-ші жылдардың ортасында ғана біржолата жойылды.
Қайсыбір нарыққа мемлекеттік әсер етудің негізгі құралдары:
1. салықтар мен дотациялар;
10 суретте (Q1*,P1*) нүктесі салық салынғанға дейінгі нарықтық тепе-теңдік көрсетілген. Сатылған өнімнің бір данасына Т мөлшерінде салықты (акцизді) еңгізудің нәтижесінде ұсыныс қисық сызығы салық мөлшеріне S1 -ден S2-ге дейін жоғары қарай жылжиды, себебі енді сатылған өнімнің әрбір данасы өндірушіге Т ақшалай өлшемге қыбматтырақ болып келеді. Сұраныс пен ұсыныс P2* бағасында тепе-теңдікке жетеді. Нәтижесінде, сұраныс көлемі де, ұсыныс көлемі де төмендеді , енді тепе-теңдік көлем алғашқы тепе-теңдік көлемнен аз болды. Жиналған салық мөлшері (TQ) Ps P2* m n ауданына тең болады. mkg үшбұрыш ауданы салықты еңгізгеннен кейін қоғамның таза жоғалтуларын көрсетіп отыр.
Сатылған өнімнің данасына берілген дотация салдарын салықты еңгізу сияқты қарастыруға болады, бірақта салыққа қарағанда дотация ұсыныстың өсуіне әкеледі. Сонда тепе-теңдік баға төмендейді, ал тепе-теңдік сатылу көлемі өседі.
Сонымен, нарықтық баға белгілеу үрдісіне салықтар мен дотациялар арқылы мемлекеттің араласуы нарықтың қызмет етуінің экономикалық тиімділігін төмендетеді. Бірақта бұл аталған инструменттерді әлеуметтік мақсаттарға жету үшін қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мемлекет салықтар мен дотациялар арқылы экономикалық субъектілер арасында әл-аухатты (игіліктерді) бөлуді жүзеге асырады.
2. директивті бағалар (бағаның жоғарғы және төмеңгі шегін тағайындау)
- «баға төбесін» тағайындау (максималды мүмкін бағалар)
«Баға төбесі»: мемлекет бағаның жоғарғы шегін тағайындау арқылы тұтынушыларға тепе-теңдік нарықтық бағадан төменгі бағалар бойынша тауарларды сатып алу мүмкіндігін ұсынады. 11 суретте көрсетілген сияқты егер нарықта тепе-теңдік баға P* деңгейінде болса, онда бағаның жоғарғы шегін Pg төмеңгі деңгейде тағаындайтын болса, ол Qd(Pg) – Qd(Pg) мөлшерінде дефицитке әкеледі. Дефицин кезінде сұраныс бағасы бағалардың жоғарғы шегіннен жоғары болғандықтан, «көлеңкелі» нарық пайда болады. Ол нарықта әкімшілік жаза алу тәуекелімен байланысты легальсыз келісім-щарттар жүзеге асады. Қажетті тауарлар санын директивті бағамен сатып ала алмаған сатып алушылар «көлеңкелі нарықта» сол таурлар үшін артық баға төлеуге мәжбүр болады, бірақ сонымен қатар жалпы сатылу көлемі еркін нарықта тепе-теңдік жағдайға жетпейді.
- «бағалардың еденін» тағайындау (минималды мүмкін бағалар)
Тепе-теңдік бағадан жоғары бағаның төмеңгі шегін тағайындау бағаның «едені» деп аталады.
«Бағалардың едені»мемлекеттіңсалаларды (ауыл шаруышылығы, жаңа ғылыми отандық салалар) қолдау қажеттілігімен байланысты және сыртқы саудадағы шектеулермен толықтырылады. Мемлекет сатылмай қалған өнімдерді жоғарғы бағалармен сатып алуға мәжбүр болады.
Бұл, әрине, бюджетке ауыртпашылығын тигізеді.
Бағаның төмеңгі шегін тағайындаған кезде пайда болатын ситуация 12 суретте көрсетілген, бұл суретте алғашқы тепе-теңдік бағаның P* деңгейінде қалыптасқаны көрсетілген. Pg директивті баға деңгейінде сатып алушылар сұраныс көлемін Qd деңгейіне дейін азайтады, ал ұсыныс көлемін Qs деңгейіне дейін жоғарлатады. Нарықтағы пайда болған тауардың артықшылық көлемі директивті бағадан төмен бағамен «көлеңкелі нарыққа» түспеуі үшін мемлекет қоғамның таза жоғалтуларына келісе отырып, Qs (Pg) – Qd (Pg) тең болатын барлық артық ұсыныстысатып алуға тиісті болады, немесе Qd минималды көлемінен тыс сатылған тауардың әрбір данасына дотация төлеуі тиіс, немесе өндіріс көлемін Qd деңгейіне дейін шектеу орнатуы тиіс.
Сонымен, директивті баға белгілеу, мемлекеттің нарықтық бағаға салықтар және дотациялар арқылы жанама әсер етуі сияқты, қоғамның шектеулі ресурстарын пайдалануының экономикалық тиімділігін төмендетеді.
3. Сату көлемін реттеу
Мемлекет нарыққа сату көлемін реттеу арқылы әсер ете алады, мысалы, протекционизм саясатын жүргізу арқылы отандық өндірушілерді қорғау мақсатында нарықтағы сату көлеміне квота еңгізуі мүмкін. (өнімнің сатылу көлемін шектеу). Аталған саясат сатылу көлемінің квотамен белгіленген Q2* сатылу көлеміне дейін азаюына және нарықтағы бағаның өсуіне әкелуі мүмкін, себебі P2* максималды мүмкін баға бойынша шектеулі тауар саны сатылады.
Қорытындылай келе, нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың өзара әрекеттерінің нәтижесінде тепе-теңдік баға қалыптасады, бұл баға берілген нарықта сатушылар мен сатып алушылардың пайда болған жоспарлар бойынша максималды мүмкін болатын сатылу көлемін қамтамасыз етеді. Сұраныс немесе ұсыныстың өзгеретін болса, қалыптасқан тепе-теңдік бұзылады, және енді жаңа тепе-теңдікке лайықтану үрдісі басталады. Жаңа тепе-теңдікке өту кезінде бағаның қандай бағытта өзгеруін өзгеріс масштабы мен сұраныс пен үсыныс икемділігіне байланысты болады. Қазіргі кездегі экономика жағдайында мемлекеттің рөлі маңызды. Мысалы, мемлекет өз қызметін қаржыландыру үшін тағайындайтын салықтары ресурстарды бөлуіне әсерін тигізеді. Мемлекеттің араласуын экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ нарықтың жетілмегендігімен деп ақтауға болады. Қоғамдық игіліктерді өндіру туралы шешім, сыртқы эффектілерге керісінше жауап қайтару, монополияны реттеу және әлеуметтік ойлаған жағдайда табысты бөлу мақсатында араласу – бұлардың бәрі қазіргі кездегі экономикада мемелекет рөлінің негізі ретінде қарастырылып отыр. Келесі тақырыптарда мемлекеттің нарықтық механизмге араласуының барлық мысалдары толығырақ қарастырылады.
4 тақырып. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті (есептер, тест сұрақтары).
1 есеп. Тауардың сұраныс және ұсыныс функциялары белгілі: Qd = 500 – 25P және Qs = 50P – 250. Тұтынушылар табысының жоғарлауы нәтижесінде кез келген бағада сұраныс 75 тауар бірлігіне өсті. Табыстың жоғарлағанға дейінгі және жоғарлағаннан кейінгі нарықтық тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз.
Шешімі:
Тұтынушылардың табысы жоғарлағанға дейінгі тепе-теңдік мөлшері сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемдерін теңестіру арқылы анықталады:
500 – 25P = 50P – 250
Р1 = 10
Q1 = 250
Табыстың өзгеруінен кейін сұраныс функциясы: Qd = 575 – 25P болады, сонда нарықтық тепе-теңдіктің жаңа параметрлері келесідей болады:
575 – 25P = 50P – 250
Р2 = 11
Q2 = 300
Жауабы:Р1 = 10 және Q1 = 250; Р2 = 11 және Q2 = 300.
2 есеп. Тауардың сұраныс пен ұсыныс функциялары белгілі: Qd = 7 – P және Qs = 2P – 2. Егер тауардың әрбір бірлігіне 3 ақша бірлігіне тең салық мөлшері тағайындалатын болса, оның қандай салдары болуы мүмкін? Салықты еңгізуге дейінгі және салық еңгізілгеннен кейінгі нарықтық тепе-теңдік параметрлерін анықтаңыз.
Шешімі:Салық салынғанға дейін: 7 – Р = 2Р - 2
Р1 = 3
Q1 = 4
Салықты еңгізден кейін ұсыныс функциясы өзгереді:
Qs = 2(P – 3) – 2 = 2Р - 8
7 – Р = 2Р - 8
Р2 = 5
Q2 = 2
Жауабы: Р1 = 3 және Q1 = 4; Р2 = 5 және Q2 = 2.
ӨЗ БЕТІМЕН ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ЕСЕПТЕР
№1 есеп.А тауар нарығында сұраныс функциясы QD = 2000 - 5Р, ал ұсыныс функциясы QS = 10 P- 1000 теңдеулерімен берілген (QD – сұраныс көлемі, дана; QS – ұсыныс көлемі, дана; Р — баға, $). Мемлекет А тауарына 150$-ға тең тұрақты бағаны тағайындады. Тұрақты бағаны еңгізудің нәтижесінде А тауар нарығындағы қатысушылардың жалпы жоғалтуларын анықтаңыз.
Шешімі:
1. Тепе-теңдік бағаны анықтаймыз: 2000 - 5P = 10P - 1000, бұдан Р = 200; QD = QS = 1000
2. Тұрақты бағаны тағайындаған кездегі нарықтағы өзгерісті анықтайық:
QD = 2000 - 5Р = 2000 – 5 х 150 = 1250; QS = 10 P- 1000 = 10 х 150 = 500.
Дефицит мөлшері:QD - QS = 1250 – 500 = 750 тең.
3. Нарық қатысушыларының жалпы жоғалтуларын анықтау үшін жоғалту ауданын анықтау қажет. Ол үшін графикті сызамыз және геометриялық фигураның жетіспеген шамаларды (координаттарды) анықтаймыз.
Екі нүктелер арқылы түзуді жүргізуге болады. Сұраныс түзуі үшін QD =0 баға осі арқылы өтетін нүктені анықтау қажет, сонда 2000 – 5 Р = 0, бұдан Р =400 болады
Сәйкесінше ұсыныс түзуі үшін солай анықтаймыз: QS =0, сонда 10Р-1000=0, Р =100 болады
Нарықта дефицит болғанда, онда сатылу көлемі баға 150 кезінде QS –ке тең болады, яғни 500 дана. Сатылу көлемі 500 болғандағы сұраныс бағасын табамыз, ол үшін сұраныс функциясына шамаларды қоямыз:
QD = 2000 - 5Р; 500 = 2000 - 5Р =300.
Біз сатушылар мен сатып алушылар жоғалтуларын анықтау үшін қажетті барлық щамаларды таптық,ΔАСЕ үшбұрыш ауданымен берілген. Сатып алушылар ұтысы баға 200 болғанда ΔВFE үшбұрыш ауданымен беріледі,ал сатушылар ұтысы ΔLBE үшбұрыш ауданымен берілген. Баға 150 деңгейінде болғанда сатылу көлемі 500 данаға төмендейді. Сатушылар аз сатады және сатып алушылар сол бағада ұсынылып тұрған тауар көлемін ғана сатып ала алады.
Есептің шарты бойынша, ΔАСЕ үшбұрыш ауданын табамыз: АС (300-150)=150 тең болады,биіктігі =500.
Жауабы:«баға төбесін» еңгізудің нәтижесінде сатушылар мен сатып алушылардың жалпы жоғалтулары 37500$-ға тең болды.
№ 2 есеп. Тауарға деген сұраныс функциясы келесідей болады: Qd = 700 - P; ұсыныс функциясы: Qs = 2P - 200; мұндағы Р тауар бағасы, теңге; ал Q – тауар саны, мың дана.
А) Тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік сатылу көлмін анықтау керек.
а), в) және г) пунктерінде әртүрлі бір-біремен байланыссыз ситуациялар сипатталған.
Б) Мемлекеттік органдар тауар бағасын 200 теңге мөлшерінде тұрақты бағамен тағайындады. Ұсыныс көлемін, сатылу көлемін және жетіспеушілік (дефицит) мөлшерін анықтау керек.
В) Сатылатын тауардың бір бірлігіне 150 теңге мөлшерінде өндірушіге дотация беріледі. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік тауар көлемін анықтау керек.
Г) 150 теңге мөлшерінде тауардың бір бірлігіне сату салығы салынады. Жаңа тепе-теңдік шамаларды табыңыз.
Шешімі:
А) Qd = Qs ; 700 - P = 2P - 200, бұдан Р=300, ал, Qd = Qs =400
Б) Ртұрақты.=200,берілген баға бойынша Qd және Qs табамыз: Qd = 700 – P = 700 – 200 = 500; Qs = 2P – 200 =2 х 200 – 200 = 200, Qd > Qs , демек нарықта тауар дефициті және оның мөлшері 500-200=300 дана.Сатылу көлемі Qs =200
В) Сатушыларға дотация берудің негізінде Р+150 бағасы бойынша алдыңғы баға бойынша сата алмаған сатушылар да өз тауарларын сата алады, яғни ұсыныс функциясы келесідей түрге ие болады: Qs1 = 2(P+150) -200 = 2Р - 100. Qd = Qs1 теңестіреміз: 700 - P = 2Р - 100, сонда Р1 = 266,6; Q1 = 433.3
Г) Сату салығын еңгізу келесідей жағдайға әкеледі: Р бағасы бойынша алдында (салық салынғанға дейін) (Р-150) бағасы бойынша тауарларын сатқан сатушылар сата алады. Ұсыныстың жаңа функциясы келесідей түрде болады: Qs2 = 2(P-150) – 200 = 2Р - 500. Qd = Qs1 теңестіреміз: 700 – P = 2Р - 500, сонда Р2 = 400; Q2 = 300
№ 3 есеп.
Тауарға деген сұраныс функциясы келесі түрмен берілген: Qd = 3600 - 400Р; ұсыныс функциясы: Qs = 250P + 1975.
А)Сұраныс және ұсыныс графиктерін сызыңыз, тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемін анықтаңыз.
Б) Егер берілген тауарға 2-ге тең тұрақты баға тағайындалатын болса, онда осы кезде пайда болатын ситуацияны сипаттаңыз.
Шешімі:
А) Qd = Qs 3600 - 400Р = 250P + 1975, бұдан P= 2,5; Qd = Qs = 2600
QS1 =250*2 + 1975 = 2475
QD1 =3600 - 400 * 2 = 2800
QD1 - QS1 = 2800 - 2475 = 325
Жауабы:
Артық сұраныс мөлшері (немесе нарықтағы тауар дефицитінің мөлшері ) 325 данаға тең.
№ 4 есеп.
А тауарына сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтары сызықтық түріне ие болады. Сұраныс функциясы келесі формуламен берілген: Qd = 400-10Р. Нарықтық тепе-теңдік көлемі 100 бірлікке тең болады. Тұтынушылардың ұтысы өндірушілердің ұтысына қарағанда 2 есе көп.Егер А тауарына $28 тең баға төбесі тағайындалатын болса, осы кездегі пайда болатын жетіспеушілік (дефицит) мөлшерін анықтаңыз.
Шешімі:
1. Тепе-теңдік тауар санын сұраныс теңдеуіне қою арқылы тепе-теңдік бағаны табамыз: 100 = 400-10Р; Р* =30
2. Тұтынушылардың ұтысы – бұл ВОЕ үшбұрыш ауданы. Сатушылардың ұтысы – бұл СВЕ үшбұрыш ауданы.
Екі үшбұрыштың табаны бір болғандықтан және ол 100-ге тең болғандықтан, үшбұрыштар бір-бірінен тек ғана биіктігімен ажыратылады және ΔСВЕ биіктігі 2 есе аз.
3. Үшбұрыштың биіктігін анықтау үшін жетіспейтін О нүктесінің координаттарын анықтау қажет. Бұл =0 кезіндегі баға шамасы.
Qd = 400 - 10Р
0 = 400 - 10Р
Р = 40; 0 нүктесінің координаттары (0;40), демек ΔВОЕ үшбұрышының биіктігі 10-ға тең (40-30=10)
Сонда ΔСВЕ үшбұрыштың биіктігі 5-ке тең (10 / 2=5),ал баға 25-ке тең (30-5=25), демек С нүктесінің координаты (0;25)
4. Нүктелердің координаттарын ұсыныс функциясын табу үшін анықтадық, Ол өз кезегінде нарықтағы дефицит мөлшерін анықтауға көмектеседі. Нарықта дефицит болады, себебі «баға төбесі» тепе-теңдік бағадан төмен.
5. 2 нүктелердің коорданаттары белгілі болған кезде а және b d шамаларын ұсыныс функциясының теңдеуінен табамыз:QS = aP+b
С және Е нүктелердің координаттарын қолдану арқылы теңдеулер жүйесін шешеміз.
; а = 20; b= -500, ұсыныс теңдеуіне кою арқылы ұсыныс мөлшерін табамыз: QS = 20P - 500
6. $28 тең баға шамасын сұраныс пен ұсыныс теңдеулерін қоямыз:
Qd = 400-10Р=400-10*28=120
QS =20P-500=20*28-500=60
Qd - QS =120-60=60
Жауабы:егер А тауарына$28 баға төбесі тағайындалатын болса, 60 данаға тең тауар дефициті пайда болады.
№ 5 есеп.
Бір күні Король Жас Экономисті өзіне шақырып алып, өзінің наразылығын білдіре бастады:
- Менің қазнам азайып бара жатыр, -дейді Король. Оны толтыру қажет. Ал пайдаға салынатын салық мөлшері тым жеткілікті – 25%. Міне, енді, менде жаңа ой туды. Қабандарға аңға шығатын аңшылардың барлығы тіпті жүгенсіз кетті. Нарықтық еркіндіктен мүлдем есеңгіреп кетті және тіпті неше жыл бойы 1 килограмм етті $72 сатуға әдеттеніп алыпты, ал еттің өзіндік құны $22! Ал сатып алушылардың біреусісі етке бағаны $68 немесе одан да төмен бағаны сұраса, тіпті сатушылардың ешқайсысы сатқысы келмейді. Олардың тауарларына акциз салығын салайын ба !? Көп емес – 1 килограммға $2. Және қазнаны да толтырамын, және аңшыларды да қыспаққа аламын. А!- сюжет! Мен қазнаны қаншаға толтыратынымды санап жіберші. Сұрақтар бар ма?
- Ал, кешіріңіз, сол қабандарға сұраныс қандай? – деп әдепті түрде Жас Экономист сұрады.
- Мен мұны тура айта аламын, - деді Король және дуа ретінде атап өтті: Qd = -4Р +304. Ал енді, қандай ұсыныстар болады?
- А, ұмытып кетіппін, - деді Жас Экономист, - ал ұсыныс туралы не айтасыз?
- Бұл жерде мен саған көмек көрсете алмаймын. Мен тек қана ұсыныс қисық сызығының түзу екенін білемін. – деді де, жоқ болды Король.
Егер қабандарды сатуға акциз салығы еңгізілген болса, Король өз қазнасын қаншаға толтырады.
Есепті шығару алгоритмі:
1. баға $72 болғанда тепе-теңдік көлемін анықтау
2. (16,72 және 0, 68) нүктелері бойынша ұсыныс формуласын табамыз
3. сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарын құрамыз
4. $2 акциз салығын еңгізген кездегі жаңа тепе-теңдік көлем мен жаңа тепе-теңдік бағаны табамыз
5. акциз еңгізілгенге дейінгі аңшылардың алатын пайдасын және қазнаға түсетін салықтық түсімді (Т1) анықтаймыз
6. акцизді еңгізгеннен кейін қазнаға қанша түсім түсетінін анықтаймыз
7. акциз еңгізілгеннен кейінгі аңшылардың пайдасын және &