Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Битибаева, К.Нургалиев, Р.Б.Нуртазина, А.Искаков, т.б.
Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау
114.Қазіргі зерттеушілердің бақылауға қоятын талаптары:
1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы.
2. Алынған ақпарат мазмұнының объективтілігі мен анықтығы.
3. Оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі.
4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
115. Бақылаудың 3 түрі:
1. Алдын-ала бақылау.
2. Күнделікті бақылау.
3. Қорытынды бақылау.
116. Оқушылар білімінің, білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:
- білімді қабылдау,мәнін түсіну және есте сақтау деңгейінде тексеру;
- білімдерді ұқсас жағадайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;
- білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру.
117. Оқушылар білімінің, білік және дағдыларының сапасын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады:
1. Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.
2. Тәжірибелік білік пен дағдыларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.
3. Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.
118. Оқыту нәтижелерін тексеруде қолданылаты тесттер:
- оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетіндігін тексеру;
- алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру;
- өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы;
- білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа, нақты жағдайларда қолдана білуі.
119. Оқушының артта қалу себептерінің 3 тобын ажыратуға болады:
1. Әлеуметтік-экономикалық –жанұя әлауқатының нашар болуы.
2. Биопсихикалық сипаттағы себептер –мұрагерлік ерекшеліктер, қабілеттілік, мінез-құлық белгілері.
3. Педагогикалық себептер.
120. Үлгермеушіліктің дидактикалық себептерін жоюдың да амал-тәсілдері бар:
а) Педагогикалық алдын-алу;
ә)Педагогикалық диагностика;
б) Педагогикалық терапия;
в) Тәрбиелік ықпал ету.
121. Бақылап-зерттеуді өткізудің белгілі бір тәртібі бар:
1. Бақылап-зерттеудің мақсатын,міндеттерін және объектісін анықтау.
2. Бақылап-зерттелетін құбылыстың негізгі параметрлерін анықтау.
3. Бақылап-зерттеудің кестесін жасау.
122. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:
1. Тақырыптың ерекшеліктері.
2. Мектеп мүмкіндіктері.
3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі.
4. Мұғалімнің даралығы.
Педагогикалық технологиялар
123. Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздкті енгізу «индустриялдық технология» деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты.Бұл бағыттты қолдаушылар: