Б) монотерапия

В) Манту сынамасы

г) жалпы қан және зәр анализі

д) кеуде торшасына перкуссия мен аускультация жүргізу

2. ТМБ оң нәтижелі жағындыны лабораторияда қанша уақыт сақтау керек?

а) 3 күн

Б) 1 апта

В) 1 ай

Г) 3 ай

д) + 6 ай

3. Науқасқа диагноз қою үшін 1 күнде қақырықтың 3 үлгісін ТМБ жинаған. Ол талапқа сәйкес пе?

а) ия, талап сәйкес

б) жоқ, 3 үлгіні 3 күн таңертең жинайды

в) + жоқ, 3 үлгі 2 күнде жиналады

г) жоқ, 2 үлгі керек

д) жоқ, 4 үлгі керек

4. Оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас екенін анықтау үшін қанша жағынды минимум болу керек?

а) 1 жағынды оң, бірақ рентгендік белгілері жоқ

б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгендік белгісі бар

в) +3 жағындыдан 2 жағынды оң болса

г) 3 жағындыдан 3 жағынды теріс болса

д) 1 жағынды теріс 1 оң жағынды болса

5. 8. Патологиялық материалдан жасалған жағындыдан туберкулез микобактериясын анықтау үшін қандай бояу әдісін қолданады?

а) Грам бояу әдісін

б) Романовский-Гимза бояу әдісін

в) + Циль-Нильссен бояу әдісін

г) Пфейффер бояу әдісін

д) Ван-Гизон бояу әдісін

6. Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер науқастың қақырығының 2 үлгісіне жіберді. Бірінші үлгісі теріс, ал екінші үлгісі оң. Не істеу керек?

а) + үшінші үлгісін тапсыру керек

б) қақырық жинауды қайталау және екі үлгісін тапсыру

в) 7-10күнге бейспецификалық антибактериальды емді тағайындап, қақырықты тексеруді қайталау

г) оң жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

д) рентгенографияға жіберу.

7. Жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігер өкпе туберкулезіне тән клиникалық рентгендік белгілері бар науқастың қақырығының 3 үлгісін жібереді. 3 үлгісіде теріс нәтиже берді. Не істеу керек?

а) теріс жағындысы бар туберкулезбен ауыратын науқас деп санау

б) қақырық ты жинауды қайталау және тағыда 2 үлгіге тапсыру

в) 7-10 күнге бейспецификалық антибактериальды терапияны белгілеу және қақырықты қайта тексеру

г) бронхтың шайынды суын жинауды тағайындау

д) + фтизиатрдың кеңесіне жіберу

8. Осы аталғандардың қайсысы туберкулез микобактериясының дәріге төзімділігіне әкелмейді?

а) қысқа уақытты ем

б) монотерапия

в) химиотерапияның төмен дозасы

г) + емнің ерте басталмауы

д) дәрілерге дұрыс комбинация жасамау

9. Бактериоскопиялық әдіспен туберкулез микобактериясы пациентте анықталса, ол нені көрсетеді:

а) +туберкулезді және емнің тиімділігін динамикада бақылауын

б) дәріге сезімталдығын

в) науқастың химиотерапиясының тактикасын

г) терапияны жалғастыру фазасын

д) организмнің функциональды мүмкіншілігін

10. Бронхоскопия қай мақсатта жүргізіледі:

а) туберкулез микобактериясын анықтау

б) + бронх ағашының жағдайын анықтау

в) лимфа бездерінің зақымдануын бағалау

г) ТМБ популяциясын анықтау

д) қақырықты жинау

11. Туберкулезбен ауыратын науқастын типін көрсетіңіз:

а) бірінші рет анықталған

б) екінші рет анықталған

в) + жаңадан анықталған

г) интермитты ретінде анықталған

д) вакцинацияланған жағдай

12.Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың жағындысы оң нәтиже берді деп санау үшін кемінде қанша жағынды минимум болу керек:

а) 1 жағынды оң, ал рентгендік белгісі жоқ болса

б) 1 жағынды оң, бірақ клиникалық рентгендік белгісі бар болса

в) + 3 жағындыда 2 жағынды оң болса

г) 3 жағындыда 3 жағынды оң болса

д) 1 жағынды оң және сапрофиттер болса

13. Каверна магнаның үстінде не естіледі: