Тіркеу департаментінде

 

Қызметтің негізгі міндеттері мен мақсаттарымен танысуы қажет:

- Сапалы мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;

- ААҚО қатысушылары заңды тұлғаларының қызметіне жағымды жағдай жасау;

- Қаржылық орталықты дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

- Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениеттілігін дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру.

VII Қаржы органдарындағы тәжірибе

 

Тәжірибе өту кезінде студент өзінің жеке тәжірибе жұмысының білімін алуға міндетті, сондай-ақ қаржы органдары жұмысының экономикалық әдістерін үйрене отырып, қажетті құжаттар мен танысу керек.

Студент мыналарды оқып үйренеді:

- өткен жылға табыстар бойынша төлемдердің түсуі мен жоспарлы есептердің негізін;

- бюджетке салықтар мен табыстардың жылдық түсімдерін болжау процессін және осы түсімдерді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар;

- мемлекеттік салықтар мен табыстарды жоспарлау тәртібін табыстар бойынша есепке алу және есеп беру мен бекіту;

- бюджет шығындарының құрамы мен құрылымы;

- жергілікті аумақта халыққа көрсетілетін коммуналдық шаруашылық қызметтерінің тарифтері мен ставкаларының қалыптасу тәртібі;

- қаржыландыру тәртібі;

- жаңа бюджет классификациясына сәйкес бюджеттің қалыптасуы;

- жергілікті бюджеттің жағдайы;

- бюджеттің квартал бойынша кірістері мен шығыстарын бөлістіру;

- мектеп, аурухана, балабақша шығындарын құрастыру және бюджеттік мекемелердің арнайы қаражаттарының шығыстарын құрастыру.

Студет тәжірибе өту кезінде мына есептерді құрастыруға үйренеді:

- арнайы мәдени, бюджеттік мекемелердің шығындарының орындалуын тексеруге қатысады;

- бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау салаларының шығыстарының қалыптасу тәртібін үйренеді;

- қаржылық келісімдердің үлгілерімен танысады.

Сонымен қатар студент зерттейді:

- қазынашылық қызметінің құрылымын: жалпы ережелерімен инструкциялық және құқықтық материалдармен танысады;

- қазынашылық келісімдердің құрылымы мен тәртібімен, тексеру және талдау жүргізу әдістерімен;

- қазынашылық келісімдердегі өзгерістердің тәртібімен, жұмсалған лимиттердің есебімен;

- қазынашылық келісімдердің қалыптасу әдістерімен, қаржыландыру деңгейін;

- бюджеттік мекемелердің тізіміне еңгізілген өзгерістердің тәртібін үйренеді;

- алғашқы төлем құжаттарын бақылау және тексеру тәртібін, олардың жүргізілу тәртібі мен әдістерін;

- қазынашылықтың операция жасалу күні бойынша мәліметтерді толтыруды ұйымдастыру, бюджет классификациясының спецификациясына жұмсалған қаражаттардың дұрыстығын тексеру;

- бюджет лимитін игеруді қолдану есебінің қалыптасуы және оның талдауы;

- Бюджет бойынша шығыстардың есебі;

- Республикалық бюджет кірістерінің төлем құжаттарының безендірілу тәртібі;

- Бюджеттер арасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бөліну ведомостінің қалыптасуы;

- түскен бюджет кірістерінің мәліметтері, оларға талдау жүргізу;

- есеп беруде түскен кірістерді көрсетудің тәртібі;

- бірыңғай қазынашылық шотқа кірістерді еңгізу тәртібі, осы тәртіпті есеп беруде көрсету;

- күнделікті бюджет кірістері бойынша есеп құру тәртібі, оның талдау әдістемесі;

- бюджет ассигнованиясын қолдану шартына сәйкес тексеру жүргізу тәртібі;

- мақсатсыз жұмсалған лимиттерді қысқарту тәртібі;

- бюджет ассигнованиясын тиімді қолдану бойынша тексеруге қатысу.

Қаржы органдарында білімгерлерге қажетті есеп берудің негізгі формасы болып, бюджеттің табыс және шығыс бөлімін қамтитын екі жылдағы бюджеттің орындалуы туралы есебі.

 

Есеп берудің шамаланған мазмұны

Кіріспе

 

1. Қаржы бөлімінің ұйымдастыру құрылымы, оның негізгі мағынасы, құқықтары мен міндеттері

2.Екі жыл мерзімінде қаралатын бюджеттің орындалуын талдау

3. Диплом жұмысының тақырыбына байланысты бюджеттің орындалуына баға беру (әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім беру және т.б.)

4. Қаржы органының бақылау қызметін талдау

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

7. ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУДІ БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Кәсіптік (диплом алдындағы) тәжірибеден өту туралы есеп беруді безендіруге және оның мазмұнына талапатар

Тәжірибе бойынша есеп беру үшін мына төмендегі құраушылар енеді:

- Титульдық бет; (А қосымша)

- Күнделік.

Кәсіпорыннан тағайындалған тәжірибе жетекшісі, өту орнындағы студенттің жұмысқа қабілеттілігі туралы бағаны міндетті түрде беруі тиіс.(жауапты адамның қолымен). Сонымен қатар тәжірибені аяқтау күнін белгілеп, кәсіпорынның мөрін басу керек.

Тәжірибе туралы есеп беру мәтіні MS WORD теріледі және А-4 форматты стандартты қағаздың бір жағында баспаға шығарылады. Шрифт Times New Roman-жай түрі, өлшем-14 пт, жол аралық интервал-1,0; жоғары жағы -2,0 см; төменгі жағы – 2,5; сол жағы-3,0 см; оң жағы 1,0 см; абзац-1,25 см. (қол жазбасы түріндегі есеп беру жарамсыз болып табылады).

Есеп берудің көлемі мынандай болуы керек:

- кәсибі (диплом алдындағы) тәжірибе - 30-40 бет (MS WORD форматында және жоғарыда көрсетілген талаптарға сай).

Есеп берудің көлемі жоғарыдағы көрсетілгендер бойынша, мыналарды қамтуы тиіс:

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- қосымша (тәжірибе есебнің көлеміне енбейді).

Есеп беру мен оның құрылымдық элементтеріне арналған негізгі талаптар

Кіріспе:

- мақсаты, орны, тәжірибенің басталу мерзімі мен ұзақтығы;

- тәжірибе кезінде орындалатын негізгі жұмыстар мен тапсырмалардың тізімі.

Негізгі бөлім:

- тәжірибе барысы кезінде ұйымның жұмысының ұйымдастырылуын сипаттау;

- тәжірибеден өту кезінде студенттердің шығарған практикалық есептерін сипаттау;

Қорытынды:

- тәжірибе кезінде алынған білімдері мен машықтарын міндетті түрде сипаттау керек;

- кәсіпорынның жұмысының ұйымдастырылуының орындалуы жүзеге асырылуы туралы ұсынысы;

- өткізілген тәжірибе түрінің тәжірибелік мәні туралы жеке шешімдер.

Есеп беру кестелермен, сызбалармен, схемалармен, толтырылған бланктермен, суреттермен безендірілуі тиіс.

Баспаға шығарылған мәтін мен иллюстрациялардың, кестелердің және ЭЕМ арқылы дайындалған жазбаның безендірілуі анық түрде талаптарды қанағаттандыруы тиіс. (электрографикалық көшіру, микрофильмдеу).

Есеп беруді безендіру кезінде, барлық мәтін бойынша біркелкі өлшем, анықтылық сақталуы тиіс. Сонымен қатар, анық, қисық емес сызықтар, әріптер, цифрлар мен таңбалар барлық мәтін бойынша бірдей қара түсте болуы керек.

Фамилиялар, мекеменің , ұйымның, фирманың аттары және т.б. жалпы аттар түп нұсқа тілінде келтіріледі.

Есеп беру беттерін барлық мәтін бойынша реттелген нөмірлерді сақтай отырып, араб цифрларымен белгілейді. Нөмірлер беттің төменгі оң жағында қойылады және нөмірдің соңынан нүкте қойылмайды.

Жеке беттердегі схемалар, суреттер, кестелер және басқа да иллюстрациялық материалдар беттердің жалпы санына енгізіледі. Егер олар компьютерлік графика вариантында көрсетілмесе, онда оларды қара сиямен немесе тушьпен орындау керек.

Титульдық бет беттердің жалпы санына кіреді, бірақ титульдық бетте нөмір қойылмайды.

Есептік материалдар кесте түрінде орындалады. Есеп беруде , кестені мәтіннен кейін орналастыру керек және ол алғашқы немесе келесі беттерде ескеріледі. Есеп беру мәтініндегі барлық келтірілген кестелерге сілтемелер жасалуы тиіс. Кестелер барлық мәтін бойынша реттік араб цифрларымен нөмірленеді. Нөмірді кестенің жоғары сол жағына «кесте» сөзінің алдына қояды (1- кесте). Әрбір кестенің аты болуы тиіс және ол «кесте» сөзінің астындағы азат жолмен орын алады. Егер есеп беру бойынша бір ғана кесте болса, онда оны нөмірлемеу керек және «Кесте» сөзі жазылмайды.

Үлкен жолдары бар кестені келесі бетке ауыстырғанда, «кесте» және оның реттік саны қойылады, мысалы «1- кестенің жалғасы». Графалары көп кестелерді қосымшаларға жіберу керек.

Осылайша, иллюстрациялық материал (сызбалар, схемалар, диаграммалар және т.б.) безендіріледі. Иллюстрацияның аттары мен нөмірлері олардың астыңғы жағында жазылады. Есеп беру мәтінінде барлық келтірілген иллюстрацияларға сілтеме жасалады.

Қажет болған жағдайда, есеп беруде есептеулер келтірілуі тиіс. Есептеулерді араб цифрлары ретімен жақша арқылы нөмірлейді, мысалы, 1),2),3) және т.б. , абзац арқылы бас әріптермен жазылады. Бір пункттің немесе пункттің бөліміне бір немесе одан да көп есептеулердің тобы жіберілмейді.

Егер есеп беру бойынша бір ескерту болса, онда оны нөмірлемейді. Бірнеше ескертулерді араб цифрларының реттік нөмірлері бойынша нүкте қойып нөмірлейді.

Сонымен қатар, жолдық сілтемелер де жалпы түрде нөмірленеді.

Есеп беруде қолданылатын қосымшаларды тек қана есеп беру мәтініндегі сілтемелермен белгілеу керек. Қосымшалар есеп берудің соңында жазылады және мәтіннің қай жерінде сілтеме болса, сол жағдайда да қойылады. Қосымшаларға әдетте, әртүрлі схемелар, сызбалар, кестелер, зерттеулердің берілгендері және т.б. енгізіледі. Әрбір қосымша жаңа беттен басталады және бас әріптермен жазылған мәні бар аты болуы керек.

Жоғары оң жақтағы атаудың үстінде «Қосымша» сөзі үлкен бас әріптермен жазылуы керек. Егер қосымша ретінде талапқа сәйкес орындалған құжат қолданылатын болса, онда оның түп нұсқасын өзгеріссіз салып қояды. Құжаттың титульдық бетінің жоғары оң жағында «Қосымша» сөзі жазылады және оған нөмір қойылады, ал құжаттар келтірілген беттер есеп берудің жалпы беттері бойынша нөмірленеді.

Есеп беру кезінде және оқу процесін ұйымдастыру бойынша алған машықтарынан басқа, тәжірибе кезінде орын алған жағдайлар мен қайшылықтарды көрсету керек, сонымен бірге оларды шешудің жолдарын қарастыру керек.

Тәжірибеден өту кезінде және есеп беруді құруда жалпы мынадай кемшіліктер болады:

- есеп беру құжаттарын безендіру ережесінің бұзылуы (тәжірибе туралы есеп беру);

- тәжірибеге берілген жеке тапсырманың орындалмауы және тәжірибеден өту жоспарының орындалмауы;

- өту кезіндегі пәннің жағадайының қанағаттанғысыз жағдайы.

Безендірілген, жетекшісімен бекітілген есеп кафедраға өткізіледі. Қорғау күні тағайындалады және студенттерге хабарланады.

Тәжірибеден өту бойынша есеп берудің қорыттындысы төралқа мүшелерімен және хаттамамен безендіріледі, төраға және оның мүшелерінің қолдары қойылады.

 

СМЖ 4 деңгейлі құжат ЗК 11/1.75-2005
Тәжірибе бойынша есеп беру Баспа 2
Еңгізу күні 05.09.2005

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

 

Институт____________________________________________________________

Кафедра _____________________________________________________________

 


php"; ?>