IV.Банктік мекемелерде

 

Тәжірибе өтуші білімгер банк жарғысымен, филиал жағдайымен, банк қызметі және білім бойынша басқада нормативтік құжаттармен танысуы керек.Банктік қызмет түрлерімен, қызмет көрсетілетін клиенттердің құрамымен, банктік бөлім бөлімшелерінің функцияларымен, филиал жұмысының негізгі бағыттарымен, банктік ұйымдастырушылық құрылысымен танысуы керек.

Жоғарғы банктің жылдық баланс мәліметтері бойынша банк қызметінің негізгі көрсеткіштеріне баға беру; банктің өзіндік капиталының шамасын, оның жетімділігін, кірісін, банк операцияларының пайдасын талдау.Банк шығыстарын және кірістерінің құрылымын қарастыру. Пайданы бөлуді қарастыру.

 

1.Банктің есеп-операциялық қызметін ұйымдастыру және мазмұны

 

Төлем операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыру технологиясымен (вексельдер, аккредитивтер, электронды аударымдар, төлем тапсыру талаптары), банктік құжаттарды рәсімдеудің негізгі ережелерімен, бөлім құрылымы мен танысу.

Клиенттің заңды ісінің мазмұнымен танысу, клиенттердің есеп айырысу счеттарын жүргізу және жабу, ашу тәртібін оқып үйрену.

Клиенттердің дербес шоттарынан алынған мәліметтерді беру тәртібін үйрену, картотека жүргізу тәртібі № 1,2, картотека бойынша толемдердің реттік саны, банктің инкассалық операциялары бойынша қаражатты жою жолдары, салықтық қызметтер.

Банкаралық қатынастарды үйрену.

 

2. Банктің кредиттік қызметінің мазмұны және ұйымдастыруы

 

Банктің несиелік саясатымен танысу, банктің несие қызметінің барлық процессін оқып үйрену.

- несие алу өтінімін қабылдау тәртібі.

- Несие алушының несиелік қабілетін бағалау және несие алушының қаржылық жағдайын қарастыру тәсілі.

- Несие алушының несиелік мәліметін құрастыру

- Берілген несиелерге мониторинг бойынша банк жұмысы, несиені өтеу тәсілдері

- Банктің несиелік операциялар бойынша пайыздық мөлшерін алу және бекіту тәртібі.

- Несие беру шешімін қабылдау тәртібі.(несиелік комитет, нақты несиелік шешім).

 

 

3. Депозиттік операциялар

 

Банк депозиттерінің құрылымын, түрлерін қарастыру. Депозиттік саясат туралы жоғарғы банктің және филиалдың жағдайын оқып үйрену.Салым және депозиттер бойынша пайыздар.

Күрделі және жай салымдар бойынша сүйінші бөлу.

Халықтан депозиттер қабылдау бойынша операцияларды жүзеге асыру тәртібін үйрену, депозиттік келісім шарттар жасау тәртібі, түрлері және нысаны, депозиттік келісім шарт бойынша шарттар.

Маркетингтік қызмет жұмысын үйрену, заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын тарту жүйесі (қағидалар, жарнама және т.б).

 

4.Кассалық операциялар

 

Филиалдардың нақты ақшаларды беру және қабылдау операциялары бойынша жұмысын ұйымдастыруды үйрену.Осы операциялар бойынша банк қызметі.

Шотқа ақша аудару техникасымен және пайданы инкассациялаумен, банктің операциялық кассасын бекіту құжаттарымен, нақты ақшаны қабылдау және өткізу әдістерімен танысу.

Кассадағы ақшаның түсімдері және шығымдары бойынша құжаттарын үйрену, кассалық журналдарды жүргізу тәртібі.

 

5.Валюталық операциялар

 

Заңды және жеке тұлғалардың валюталық шоттарын ашу тәртібімен, банктің валюталық операциялар бойынша жұмысын үйрену.Айырбас бөлімшелерінің ұйымдастыру жұмыстарын үйрену, валюталық операция шоттарын жұргізу және ұйымдастыру барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ұстану. Валюталық курстың баға белгілеу тәртібімен танысу.

 

6 Банктің қазіргі жағдайдағы операциялары мен қызметтері

 

Филиалдардың жаңа операцияларымен және ұйымдастырумен танысу. Бұл операциялардың банк кірістеріне әсер етуі (сейфтік, трасттық лизингтік, факторингтік және т.б) оларды ұйымдастыру, оларға баға қалыптастыру әдістері.

 

7.Құнды қағаздар бойынша банктік операциялар

 

Білімгер банктің құнды қағаздармен жұмыс жасау сипатымен танысуы керек.

- бағалы қағаздар шығару

- бағалы қағаз құралдарын қаржыландыру тәсілдері.

- Бағалы қағаздармен жасалатын банктік операциялар.

- Осы операцияларды реттейуші нормативтік құжаттармен танысу.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде тәжірибе өту

 

1. Статистика және зерттеу департаментінде білімгер департаменттің негізгі міндеттерімен танысу қажет.

1) ақшалай –несиелік саясат саласындағы зерттеулер, оның экономика жағдайына әсер етуін бағалау, қаржы секторының даму жолдары және ағым жағдайын талдау.

2)ақша – несиелік статистиканың тарату және қалыптасуы, қаржы секторы мәселелері бойынша ақпараттар, халықаралық стандарттарға сәйкес статистиканың даму әдістері.

3) ақша - несиелік саясатты пайдаланудағы зерттеулер және ақша – несиелік саясаттың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін болжауды дайындау.

4) Ұлттық банктің ақша – несиелік саясатының тиімділігін арттыру мақсатында экономиканың нақты секторының, өндірістің мониторинг жүргізумен байланысты жұмысын орындауды бақылау және ұйымдастырушылық – методикалық басшылықты жүзеге асыру.

2. Білімгер валюталық реттеу және төлем балансы департаментінде негізгімәселелерімен танысу керек:

1) Халықаралық методологиялық стандартқа сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы жалпы өнімді бағалау және халықаралық қаржыландыру тәсілі, толем балансымен қоса сыртқы сектор статистикасының қалыптасуы және тарату.

2) Валюталық бақылау және валюталық реттеу саласында Ұлттық банктің методологиялық және нормативтік саясатын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтарды қолдану тәртібін орнату және жұзеге асыруға қатысуы.

3) Ішкі валюталық нарықтағы ұсыныстар және сұраныс көздері және мониторинг бойынша резидентттер, резиденттер емес валюталық операцияларды және қызметін нормативтік, методологиялық бақылау.

4) Макроэкономикалық көрсеткіштердің сыртқы секторының негізгі болжамын дайындау,экономиканың сыртқы секторының даму және ағымдағы жағдайын талдау.

 

3. Орталық депозитарий және оның бөлімшелерінде тәжірибе өту

 

Білімгер танысуы керек:

-Орталық депозитарииді құрушымен, жарғылық қорымен

- ұйымдастыру құрылымымен;

- Орталық депозитариидің құқықтық негіздерін жүргізу және оның бөлімшелері (сонымен қатар орталвық депозитариидің тәртібімен).

 

4. Орталық Депозитарий әкімшілігінде тәжірибе өту

 

Бұл бөлімшеде білімгер танысуы керек.

- Орталық Депозитарий келісімдерін бақылау тәртібімен;

- құжаттамаларды жүргізу тәртібімен.

 

5. Орталық Депозитарийдегі депозитарлық қызмет бөліміндегі тәжірибе

 

Практикант келесі жұмыстарды орындауы қажет:

-«Депо» шотын ашу үшін ұсынылатын құжаттарды тексеру;

- бағалы қағаздармен депозитарлық операцияларды жүргізу бойынша «депо» тапсырмасын қабылдау және тіркеу;

-бағалы қағаздарға құқықтарды растау;

-клиенттердің тапсырысы бойынша бағалы қағаздармен операцияларды жүргізу;

-бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың орындалуына бақылау жасау;

-бөлімнің есеп беруін жасау;

-тіркеушілердегі шоттардың жағдайын тексеру.

6. Орталық Депозитарийдің Есептік-Клирингтік палатасындағы тәжірибе

 

Білімгер келесілермен танысуы қажет:

-есептік палатаның бағалы қағаздар нарығының басқа да субъектілермен қатынасының механизмімен;

- ҚР Ұлттық банкінің корреспонденттік шотының жағдайына күнделікті бақылау жасау ретімен;

- дивиденд төлеу бойынша алғашқы және екінші нарықтағы бағалы қағаздармен есептерді Қазақстанның банкаралық есептерінің орталығына төлем тапсармаларын дайындау тәртібі мен өткізумен;

- есеп берулерді құрастырумен.

 

7.Орталық Депозитарийдің құқықтық бөлімі

Білімгер келесі жұмыстарды орындауы қажет:

- негізгі нормативті –құқықтық құжаттарды оқып үйрену;

- Орталық Депозитарий бойынша келісім-шарттарды құру тәртібін;

- Бағалы қағаздар нарығындағы депоненттер мен басқа да қатысушылар арасындағы шиеленіскен жағдайларды анықтау;

- Тәуекелдерді жою бойынша қабылданатын шаралармен танысу;

8. Қор биржасының құрылымымен танысу

Практикант келесілермен танысуы қажет:

-KASE құрылтайшыларымен, жарғылық қорымен;

-ұйымдастыру құрылымымен;

- KASE қызмет етуінің құқықтық негіздерімен және оның бөлімшелерімен (оның ішінде сату тәртібінің ережелерімен).

 

9. Листинг бөлімі

Білімгер келесі жұмыстарды орындауы қажет:

- негізгі нормативті –құқықтық құжаттарды оқып үйрену;

-А және В категориялары бойынша листингтік талаптарды оқып үйрену;

-«листингтік емес бағалы қағаздар» секторындағы бағалы қағаздарға талдау жасау.

 

10. Жаңа қаржылық құралдарды дамыту бөлімі

Білімгер білуі керек:

-Қазақстанның биржа нарығындағы шетелдік тәжірибенің қолданылуын талдау;

-Фьючерлік және опциондық сауданың дамуын талдау;

-KASE-тің халықаралық биржалық жүйемен байланысын талдау.

11. Сауданы ұйымдастыру бөлімі

 

Білімгер білуі керек:

- KASE сауда мүшелері құрамының өзгеруін талдау. Қаржы нарығының даму тенденцияларының факторы ретінде сауда мүшелері құрамының өзгерісін талдау;

- бағалы қағаздармен сауданың тәртібі мен механизмін оқып үйрену;

- тәуекелдерді жою бойынша қабылданатын шаралармен танысу.

12. Ақпараттар және талдау бөлімі

 

Білімгер білуі керек:

- биржалық саудаға қатысты ақпараттарды жинау, өңдеу жұмысын оқып үйрену;

- биржалық емес саудаға қатысты ақпараттарды жинау, өңдеу жұмысын оқып үйрену;

- Қазақстанның МБҚ, ҰБҚ бойынша биржалақ нарығын, жедел келісімдерді және шетелдік валюталарды талдау.