Тараз, 2013

СМЖ құжаты Ф11/1-3.09-2013
  Тәжірибе бойынша оқу бағдарлама Баспа 4
Енгізу күні 01.11.2013

Кредиттік оқыту жүйе негізінде кәсіптік тәжірибе туралы ереже СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты ПД 10/3. 14-2006 негізінде бағдарлама құрастырылған

 

Тәжірибе бағдарламасын құрастырғандар:

   
Авторы: Тажибаев С.Д. - «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор Муратова Д.Б. – «Қаржы» кафедрасының э.ғ.к., доцент м.а.  
Рецензенттер: Исакова С.А. – э.ғ.к., «Учет және аудит» кафедрасының доценті
   

Аширбаева Г.Т. – э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доценті

 

«Қаржы»_ кафедрасының мәжілісінде бекітілген

 

 

Хаттама №____ «____»________________20____г.

 

 

Кафедра меңгерушісі ___________________ _____ Тажибаев С.Д._______

/қолы/ /Аты-жөні/

 

 

«Экономики және бизнес» факультетінің Ғылыми-әдістемелік бюросында мақұлданған

 

Хаттама №____ «_____»__________________ 20_____г.

 

 

Факультеттің Ғылыми-әдістемелік

Бюросының төрайымы ___________________ _Сулеева С.Е.____

/қолы/ /Аты-жөні/

 

 

МАЗМҰНЫ

Бет

 

1. 5В050900 – «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕГЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ  
2. ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ  
3. БІЛІМГЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ  
4. ТӘЖІРИБЕГЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ  
5. БАҚЫЛАУ  
6.БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ  
7. ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУДІ БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР  
ҚОСЫМШАЛАР

 

 

5В050900 – «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕГЕ АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

Білімгерлердің тәжірибеден өтуі 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша жоғарғы білім беру бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан тәжірибе бойынша берілетін баға білімгердің жинақтаған теориялық білімінің бағасына теңестіріледі және ақырғы үлгерімділік нәтижесін шығару кезінде ескеріледі.

Тәжірибе білімгерлерге кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің нақты қызметтерімен танысуға мүмкіндік береді және олардың экономикалық жұмыста тәжірибелік біліктілігін жетілдіреді.

Тәжірибеден өту кезінде білімгерлер өздерінің оқу процесінде алған теориялық білімдерін жетілдіреді, тәжірибелік біліктіліктерін қалыптастырады және өз еркімен өзекті қаржы-экономикалық, экономико-өндірістік және басқа да мамандандырылған міндеттерді шешу мүмкіндіктерін қалыптастырады.

5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры квалификациясына сәйкес білімгер базалық жоғарғы қаржы-экономикалық білімді талап ететін әр түрлі меншік пен сала түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы қызметтерге, қаржы-экономикалық қызметіне мамандандырылған маман ретінде дайын болуы қажет.

Осыған орай, 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры экономиканың келесі салаларында аналитикалық, әкімшілік және оқытушылық қызметтерді қалыптастыра алады:

- қызмет етуші нарықтар;

- қаржылық және ақпараттық ағындар;

- кез-келген меншік түріндегі кәсіпорындарда қалыптасатын (фирмалар) өндірістік және зерттеушілік прцесстер;

- білім беретін, зерттеушілік және басқа да ұйымдар;

- мемлекеттік басқару ұйымдары;

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты мен көлемі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен 5В050900 – «Қаржы» мамандығының экономика және бизнес бакалаврын дайындау бағыты бойынша анықталады.

Онда көрсетілген талаптарды ескере отырып, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ білімгерлердің тәжірибелік білім алуын ұйымдастыруға байланысты құжаттарды өңдейді және бекітеді. Осыған орай, тәжірибеден өту мерзімі және оның ұзақтығы ТарМУ-ның оқу жұмыс жоспарымен бекітіледі.

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибе - 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврының оқу процесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол білімгерлермен барлық теориялық және тәжірибелік бағдарламаларды меңгерілгеннен кейінгі соңғы аяқтаушы этап болып табылады.

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты:

- Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы» кафедрасы арқылы алған теориялық білімді кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) қаржы-экономикалық қызметіне тәжірибе жүзінде қатынасып білім жүйесін жетілдіру;

- диплом жұмысын жазуға қажетті кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) қызметі туралы экономикалық ақпараттарды қамту, жүйелеу және қорытындылау;

- қаржы-экономикалық мәселелерді шешуді және кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) еңбек ұжымында жұмыс тәжірибелерін үйрену;

Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибенің мазмұны және мақсаты білімгерлердің болашақ қаржыгер ретінде білімі мен базалық кәсіби біліктілігінің қалыптасуымен түсіндіріледі және келесілерді қамтамасыз етеді:

- бітіру диплом жұмысының тақырыбы бойынша әдістемелік, нормативтік және нұсқаулық мәліметтер мен мерзімдік әдебиеттерді жинақтау;

- диплом жұмысын орындау барысында білімгерлермен өңдеп қарастырылатын сұрақтар бойынша кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның қызметі туралы алғашқы мәліметтерді жинақтау және жүйелеу;

- кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің қызметін сипаттайтын қажетті экономикалық көрсеткіштер арқылы талдау және өзіндік есептеулерді жүргізу;

- білімгерлердің жеке кәсіби қызметке дайындығын және олардың экономикалық, қаржылық, жоспарлы, маркетингтік және басқа да шешімдерді нақты бір кәсіпорынның мысалында қабылдау мүмкіндіктері мен біліктіліктерін қалыптастыру;

 

2. ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кәсіпорындардан, яғни қаржылық мекемелерден, фирмалар, банктер және сақтандыру компанияларымен жасалған келісім шарттар мен жолдама хаттар білімгерлердің тәжірибеден өтуін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Олар жазбаша түрде тәжірибеден өтуге рұқсат береді.

Кафедра білімгерлердің жазған өтініштері мен келісім шарттарға сәйкес нақты кәсіпорындарды анықтап, тәжірибе базаларына байланысты дайындық жұмыстарын жүргізеді. Басқа қалалық білімгерлер жолдама, келісім шарттар немесе хаттар негізінде өздерінің тұрғылықты жерлері бойынша тәжірибеден өтеді.

Кафедра емтихан сессиясынан кейін білімгерлерді оларға тәжірибеден өту бағдарламасы, жолдамалары мен жеке тапсырмаларын беріп тәжірибеге жібереді.

Білімгерлердің тәжірибесін сапалы ұйымдастыру үшін кафедрадан білімгерлерге кеңес беретін жауапты жетекші тағайындалады.

 

3. БІЛІМГЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

 

1.Кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибе алдында білімгер тәжірибеден өту бағдарламасын зерттеп қарастырады және жолдамаға, келісім шарттарға байланысты тәжірибеден өту орнын таңдайды.

2. Тәжірибеден өту бағдарламасына сәйкес білімгер тәжірибеден өтудің жеке жоспарын, күнтізбелік кестесін құрастырады.

3. Білімгер ректордың қолы қойылған жолдама бойынша оқу және емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін тәжірибе орнына жіберіледі.

4. Білімгер жоспарға сай тәжірибе бағдарламасын орындауға міндетті.

5. Тәжірибе аяқталғаннан кейін білімгер кафедраға қосымша тіркемелермен бірге түсіндірме хат түрінде есеп беруін өткізеді және оған мінездеме мен күнделікті қосымша өткізеді.

 

4. ТӘЖІРИБЕГЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ

1. Тәжірибенің барлық базалары 5.03.005-2009 ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартының «Кәсіби тәжірибе» тармағына сай жүргізіледі және тәжірибеден өтудің тиімділігін қамтамасыз етеді.

2. Тәжірибе өту орнында жетекшіні кәсіпорынның, ұйымның басшысы арнайы мамандарды бекіту арқылы жүзеге асырылады. Білімгер ұйымдағы, кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісімен біріге отырып, тәжірибе бағдарламасына сай жеке график жасайды (күнтізбелік-тақырыптық жоспар).

3. Кәсіпорындардағы, ұйымдардағы тағайындалған тәжірибе жетекшісі тәжірибе бағдарламасын түсіндіруге байланысты кеңестер жүргізеді.

4. Білімгерлерге бухгалтерлік есеп беруді, қаржылық құжаттарды, статистикалық мәліметтерді, нормативтік базаларды, басқару бойынша материалдарды зерттеуге мүмкіндік беруге тиісті және қажетті материалдар жинақтауға көмек көрсетеді.

5. Білімгерлердің тәжірибе бағдарламасын орындауын бақылау, кәсіпорынның (салалары), фирманың, банктің, сақтандыру компанияларының спецификасын түсіндіру.

Тәжірибенің жалпы әдістемелік жетекшілігін кафедра жүзеге асырады.

Тәжірибені ұйымдастыруға байланысты жауапты оқытушылар білімгерлердің тәжіибе базалары бойынша бөлінуімен айналысуы қажет.

Бітіруші топтардың жетекшілері (куратор) тәжірибенің ұйымдастырылуы бойынша барынша көмек көрсетеді.

5. БАҚЫЛАУ

Тәжірибе аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде (кем емес) кафедра тәжірибе бойынша есеп беруді қорғауды қабылдайды (тіркемелермен бірге түсіндірме хаттар), және бағалайды. Есеп беруді тексеру кафедра оқытушыларының сағат жүктемелерінде көрсетіледі. Есеп беру арнайы комиссиямен білімгерлермен әңгімелесу, материалдарын қарастыру жолдарымен жүзеге асырылады. Кафедраның шешімімен және білімгердің келісімімен білімгерге нақты бір жұмыс орындау үшін жеке тапсырма беруі мүмкін (альбом, көрнекі құралдар, жүйеленген құжаттардың жиынтығы).

Тәжірибе бойынша есеп берудің баға қою критерийі төменгі кестеде көрсетілген.

 

Тәжірибе бойынша есеп берудің баға қою критерийі

 

А (4,0) 95-100 Тәжірибе бағдарламасына абсолютті сай келгені үшін және берілген сұрақтарға жоғары деңгейде сапалы жауап бергені үшін қойылады
А- (3,67) 90-94 Студент жоғарыда көрсетілген талаптарды қолданғаны үшін баға алады, егерде есеп беруді расімдеуде техникалық ескертулер болса
В+ (3,33) 85-89 Студент тәжірибе бағдарламасының барлық негізгі талаптарын орындағаны үшін және берілген сұрақтарға сай жауап бергені үшін қойылады
В (3,0) 80-84 тәжірибе бағдарламасының талаптарын орындағаны үшін, бірақ берілген сұрақтарға нақты жауаптары толық емес және қорғау кезінде ауызша ғылыми тілде жақсы меңгергенін ескере отырып студент алады
В- (2,67) 75-79 есеп беруді қорғау бойынша жоғарыда айтылған негізгі талаптарды қолданғаны үшін, бірақ қорғау кезінде ауызша ғылыми тілде төмен деңгейде меңгергенін және жауаптарының аяқталмағанын ескере отырып қойылады
С+ (2,33) 70-74 тәжірибе бағдарламасын орындағаны және есеп берудің мерзімін сақтауда, бірақ есеп берудің аналитикалық бөлімінің есебі мен оның талдау нақтылығы жоқ болғандықтан қойылады
С (2,0) 65-69 әдебиет көздері санының жетіспеулігі немесе өңделмеген жағдайда, есеп берудің аналитикалық бөлімінің төмен деңгейде орындалғаны және жұмыстың қорытындысында тұжырымдамалар мен ұсыныстардың толық көрсетілмегені үшін қойылады
С- (1,67) 60-64 Студент есеп беруді өңдеуде берілген ескертулерді жоймағаны үшін және аналитикалық бөлімінің төменгі сапасы үшін, есеп беруді қорғауда нәтижелі жауаптар бермегені үшін алады

 

 

Бұл кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибе білімгердің болашақ маман ретінде бітіру жұмысының негізі болып табылады.

Білімгер кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибенің өз уақытында есеп беруін тапсырғаннан кейін мемлекеттік емтиханға жіберіледі.

 

6.БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

І.Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда

 

1.Корпорация және ұйымдардың қаржылық іс-әрекетіндегі ұйымдастырушылық-құқықтық негізі

 

Ұйымның (кәсіпорынның) қаржы-шарушылық іс-әрекетін зерттеу. Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсету. Ұйымдастырушылық құрылымын, қаржылық басқарудың ұйымдастырылуын, қаржы менеджерлерінің функционалдық міндеттемелерін, қаржылық жоспарлаудың негізін және бақылау-аналитикалық жұмыстарын қарастыру.

 

2. Корпорация және ұйымның табысы, пайдасы және рентабельділігі

Табыс көздерінің құрамын зерттеу. Табыс пен пайданың қайта үлестірілу тәртібін қарастыру. Үлестірілу есеп-қисаптарын жүргізу (құрастыру) және нәтиже бойынша қорытынды пікір жасау. Өндіріс және өнімді сатуға кеткен шығындар құрамын қарастыру, сонымен қатар олардың ақырғы пайдаға әсерін анықтау, калькуляциячлау түрлерімен танысу. Сәйкес әдісті қолдана отырып, іс-әрекет салалары бойынша рентабельділік денгейін зерттеу. Аталмыш мәселелерді қарастыра отырып, қаржыландырудағы табыстың (пайданың) маңыздылығын түсіндіру.

Қаржы-шарушылық іс-әрекетіне толық бағалау мүмкіндігін беретін көрсеткіштердің бірі- рентабельділік көрсеткіші. Тәжірибе есепберулеріне қосымша бекітіледі: табыстың құралу көздері бойынша жүргізілген есеп-қисаптар, табыстың құралу және қайта үлестірілуі бойынша жүргізілген есеп-қисаптары, рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштерінің есебі, калькуляциялық карточкалар; шығындар сметасы (бюджеттік ұйымдар үшін).

 

3.Корпорация және ұйымдардың қорлары

 

Корпорацияның қаржылық механизмі бойынша инструктивті материалдар құрамын және меншікті қаржы ресурстарының құралу көздерін зерттеу, кәсіпорындағы ақша қаражаттарының құралу және қолданылуы бойынша есептер жүргізу және қарастыру. Соңында қорытынды пікірге келу.

Есепберуге келесі қосымшалар бекітіледі: жеке ақша қаражат қорларының қолданылуы бойынша шығындар сметасын, сонымен қатар сәйкес қорлардың құралуы бойынша есеп-қисаптар.

 

4. Корпорация және ұйымның негізгі және айналым капиталы

Нақты корпорацияның негізгі активтерінің құрамы мен құрылымын зерттеу. Келесі көрсеткіштермен танысу: негізгі активтердің орташа жылдық құны бойынша жүргізілген есептер, тиімді қолдану көрсеткіштері, амортизациялық аударым көрсеткшітерінің есебі, негізі активтердің құралу көздерінің есебі.

Корпорацияның айналым капиталының құрамы мен құрылымын зерттеу. Айналым капиталының құралу көздерімен олардың айналымдылық көрсеткіштері мен тиімді қолданылу көрсеткіштерінің есебімен танысу. Айналым капиталына деген қажеттілік тәртібін анықтау. Кәсіпорын капиталы мен активтерін басқарудыңі негізгі әдістерін қарастыру.

Жалпы аталмыш көрсеткіштердің негізіндегі есеп-қисап нәтижесі бойынша түсініктеме беру.

Есеп беру қосымшасына бекіту: амортизациялық аударымдар есебі, негізгі активтердің тиімді қолданылу көрсеткіштерінің есебі, айналым капиталына деген қажеттілік есебі.

 

5. Корпорация төлемдерін ұйымдастыру

Корпорация төлемдерін ұйымдастыру бойынша заңды және нормативті құжаттар тізімімен танысу, зерттеу.

Корпорация және банк арасындағы жүзеге асырылатын операциялары мен банк шоттарымен танысу.

Корпорациямен жүзеге асырылатын төлемдер әдісімен танысу.

Қолма-қол қаражатты басқару мсәелелері мен жоспарлау әдістерімен танысу, зерттеу.

Ақша қаражаттар ағымын жоспарлау тәжірибесімен танысу.

Ақша қаражаттары ағымы туралы есеп берулермен танысу.

Есеп беруге қосымша ретінде корпорация төлемдеріне қатысты құжаттарды бекіту.

 

6. Корпорация және ұйымдардың мемлекеттік бюджетпен өзара қарым-қатынастары

Корпорация мен мемлкеттік бюджет (жергілікті бюджет) арасындағы қаржылық қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу, төмендегі кезектестік тәртібі бойынша әр салық түрін зерттеу:

1)салық салу объектісі және субъектісі;

2)салықты төлеу тәртібі және төлем жүргізу мерзімдері;

3)нақты салық түрлері бойынша жеңілдіктер;

4)мерзімді төлемақылар жүргізілмеген жағдайдағы жауапкершілік.

Нақты корпорацияның (ұйымның) салықтық төлемдері бойынша есеп берулер құрастыру (немесе құрастыру кезінде қатысу).

Қортындысында салықтардың экономикалық маңыздылығына және олардың аймақ экономикасын дамытудағы ықпалына түсініктеме беру.

Есепберуге қосымша ретінде бекіту: төлемдер бойынша, салық түрлері бойынша, декларациялар және басқа да салық құжаттары бойынша есепберулер.

 

7.Корпорациялар мен ұйымдарды несиелендіру

Нақты корпорациямен қолданылатын банктік қызметтер тізімін қарастыру. Банк шоттарын ашу және жабу тәртібімен танысу. Несиені рәсімдеу тәртібімен, пайыздық төлемақыларды жүргізу жұмыстары мен несиенің негізгі сомасын жабу мүмкіндігімен танысу, зерттеу.

Несие келісім-шартының мазмұнымен, келісім-шартқа отыру тәртібімен танысу. Несие келісім шартына қойылатын негізгі талаптарды қарастыру.

Несие алу құжаттарымен танысу, экономикалық негіздеме беру, баланс және бизнес-жоспар мәліметтерімен танысу.

Білімгерлер тәжірибе жүзінде несиені рәсімдеу және жабу, банк шоттарымен жұмыс жасай білуі қажет. Сонымен қатар, корпорацияны несиелендіру ерекшеліктерін зерттей отырып, шағын және орта бизнесті несиелендіру ерекшеліктерімен де танысулары қажет.

Корпорация мен банк мекемелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас негізіндегі экономикалық жұмыс бағыттары бойынша тәжірибе жинақтау.

Есеп беруге қосымша ретінде бекіту: бизнес-жоспар, несие келісім-шартын, несиені жабу бойынша жүргізілетін төлемдер кестесін және басқа да құжаттар.

 

8.Корпорацияның қаржылық жағдайының талдауы

Талдау әдістерін қолдана отырып, корпорацияның қаржылық есеп берулерін зерттеу және қаржылық жағдайына талдау жүргізу. Талдау жүргізілетін кезең барысына, корпорацияның қаржылық есепберулерін, қосымшаға бекіту. Барлық қажетті көрсеткіштерді есептеу, оның ішінде: өтімділік коэффициенті, іскерлік белсенділік коэффициенті, рентабельділік коэффициенттері, ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар мен қорытынды пікір жасау.

Есеп беруге есептеулер материалдарын бекіту.

II Салық органдарында

 

Қазіргі кезде Салық Департаменті және басқармалары салық салу бойынша нақты қызметтер мен міндеттерді атқаратын әртүрлі бөлімдерден қамтиды: заңды және жеке тұлғалармен жұмыс; төлемдерді есепке алу, талдау және болжамдау; өндірістік емес төлемдерді есепке алу; жанама салықтар; заңды тұлғалар аудиті; жеке тұлғалар аудиті; жоспарлау-экономикалық; бақылау және мәжбүрлеп өндіріп алу; салықтық тіркеу; ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингі және т.б.

Тәжірибе өту кезеңінде білімгер салық комитетінің барлық дерлік құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен танысады. Сондықтан, ол диплом алдындағы тәжірибе кезінде оның дипломдық жұмысының тақырыбына қатысты ақпараттар мен құжаттардан тұратын бөлімді таңдауы керек.

Диплом алдындағы тәжірибе бойынша есеп келесі жоспар бойынша орындалуы қажет:

Кіріспе

1.Салық органының қалыптасу және даму тарихы; оның ұйымдық құрылымы және оның негізгі қызметтері мен мідеттері

2.Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсімінің динамикасын талдау

3.Диплом жұмысының тақырыбына сәйкес салық органының нақты бөлімінің қызметін талдау

4.Жүргізілген бақылау шараларының нәтижелерін бағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Есептің бірінші бөлімінде білімгер салық органының пайда болу және қалыптасу тарихын, оның статусы мен құрылымын, сондай-ақ еліміздің (аймақтың) экономикалық дамуы және әлеуметтік міндеттерін шешудегі роліне сипаттама беріледі.

Екінші бөлімді орындау кезінде қажетті ақпараттарды алудың негізгі көзі ретінде салық комитетінің 1-Н есеп беру формасы пайдаланылады.

«Бюджетке түсетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер сомалары туралы мерзімді есеп» деп аталатын есеп беру формасының мәліметтері негізінде білімгер қарастырылып отырған екі кезеңде мемлекеттік бюджеттің орындалуын, ондай-ақ бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсімін талдауы қажет.

Салық түсімдерінің нақты көлемі мен болжамдық мөлшерлерін салыстыра отырып, қалыптасқан берешектерге көңіл бөлу керек, олардың қалыптасу себептері және оларды болдырмау бойынша шараларды көрсету керек. Осы бөлімді орындау үшін қажетті құжаттар ретінде бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және нормативтік актілер қолданылуы мүмкін.

Есептің үшінші бөлімі таңдалған бөлімнің мәні мен қызмет ету механизмін қарастырудан бастау керек. Сондай-ақ білімгер салық жүйесі, оның жетілдірілуі туралы оқу және ғылыми әдебиеттерді қарастыруы керек.Салық салудың теориялық аспектілерін аша отырып, диплом жұмысының тақырыбына қатысты салық түрінін қалыптасу схемасын қарастыру қажет. Мысалы, егер диплом жұмысының тақырыбы «Жанама салықтар және олардың даму болашағы» немесе «Акциздер және олардың салық жүйесіндегі ролі» болса, онда білімгер жанама салықтар бөлімі қызметінің ерекшеліктерін және жанама салықтардың бюджетке түсімдерін қарастырып, есеп беруде оны көрсетуі керек. Егер диплом жұмысының тақырыбы «Мүлікке салынатын салық» немесе «Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға салық салу» болса, онда білімгер тәжірибе өту кезінде салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің қызметін тереңірек қарастырып, осы салық түрінің түсімін талдау үшін қажетті құжат айналымымен танысуы керек. Егер диплом жұмысының тақырыбы салық органының бақылау қызметімен байланысты болса, онда білімгер аудит немесе салықты мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінен құжаттар алуы қажет.

2-Н «Салық органдарының бақылау қызметінің нәтижелері туралы есеп» есеп беру формасының мәліметтерін қолдана отырып төртінші бөлімді орындауда салық органының бақылау қызметінің нәтижелерін талдау қажет. Жүргізілген бақылау шараларының нәтижесінде қосымша есептелген сомалар бойынша кесте құру керек.

Есептің қорытындысында білімгер мәліметтерге жалпы сипаттама беріп, жүргізілген жұмыс бойынша қорытынды жасайды.

Қосымшалар ретінде қарастырылып отырған екі жылға 1-Н, 2-Н есеп беру формалары, сондай-ақ тәжірибе бойынша есеп беруді және алдағы уақытта диплом жұмысын орындауға ақпарат көзі ретінде пайдаланылған басқа да құжаттар тіркеледі.

Егер диплом жұмысының тақырыбы кәсіпорындар мен ұйымдардарға салық салу механизміне қатысты болса, онда білімгер салық төлеушілермен жұмысты ұйымдастыруды, төлеушілердің құрамымен, бюджетке салық төлемдерінің уақтылы түсімін бақылау шараларымен танысуы қажет.

Білімгер келесілерді меңгеруі керек:

- корпоративті табы салығын есептеу және төлеу тәртібін;

- жиынтық жылдық табыс тұралы декларацияға тіркелетін есеп беру формалары мен қолданылатын шегерімдерді;

- корпоративті табыс салығын есептеу үшін қолданылатын бухгалтерлік есеп беру формаларын;

- жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін арнайы салықтар мен төлемдер бойынша есептерді тексеру әдістері мен формаларын;

- заңды тұлғалар төлейтін жер, көлік және мүлік салығын есептеу ретін;

- шаруа субъектілеріне салық салудың оңайлатылған жүйесін.

Барлық салық төлемдердің түрлері бойынша қажетті есептеу формалары мен мағлұмдамаларды есеп беру жұмысына қоса тіркеу керек.

Білімгер салық заңнамасын бұзу үшін айыппұлдар мен ықпалшараларды есептеу реті мен әдістерін білуі керек.

 

Егер диплом жұмысының тақырыбы жеке кәсіпкерлерге салық салу механизміне қатысты болса, онда білімгер жеке кәсіпкерлерді тіркеу ретін белгілейтін барлық нұсқаулық материалдарды білуі қажет.

Білімгер оңайлатылған мағлұмдама бойынша кәсіпкерлерге салық салу ретін, салық органдарына тапсыратын құжаттарды зерттеп, оңайлатылған декларацияны толтыруды және есептеуді білуі керек.

Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды патенттеу жүйесін (патент алу, салық төлеу бойынша тіркеуге еңгізу, қарыздары жоқ тұралы анықтамаларды беру) білуі керек.

Коммерциялық құрылымдарда тексеруді жұргізудің тәртібін мен тексерулердің нәтижелерін құжаттық рәсімдеуді нақты білуі керек: актілер және т.б.

Тәжірибелік есептеулерді қоса тіркеу қажет.

Егер диплом жұмысының тақырыбы халыққа салық салу механизміне қатысты болса, онда білімгер жеке тұлғалардың табысына салық салуына қатысты заңнамалық және нұсқаулық материалдарды қарастыруы қажет.

Сол бөлімнің қызметкерлері мен төлеушілердің міндеттері мен құқықтарын білу.

Төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салығының дұрыс есептелуіне аса назар аудару керек.

Резиденттер мен резидент еместердің табысына қолданылатын салық салу жүйесін зерттеу.

Жиынтық табыстан ұсталынатын салықтардың бюджетке толық және уақтылы төленуі, дұрыс есептеп ұсталынуы тұралы актті құрастыру мен толтыруды білуге міндетті.

Барлық тәжірибелік есептер мен құжаттарды есеп беру жұмысына қоса тіркеу керек.

Егер диплом жұмысының тақырыбы жанама салықтаржы төле механизміне қатысты болса, онда білімгер жанама салықтар бөлімінде тәжірибеден өту барысында осы бөлімнің жұмысының ұйымдастырылуымен танысу қажет. Төлеушілер бойынша қосылған құн салығын есептеуді тексеру әдістерімен танысу. Қазақстан Республикасында өндірілетін және ҚР-на әкелінетін тауарларға қатысты қосылған құн салығымен акциздерді қолдану тәртібін қарастыру. ҚҚС бойынша есепке алу және есептен алу тәртібін білу. Бюджеттің құрылуындағы жанама салықтардың маңыздылығын анықтау.

Қазақстан Республикасында акцизделетін тауарлар мен қызметтердің түрлерін білу.

Барлық тәжіреби есептер есеп беру жұмысына тіркелуі керек.

 

 

III. Сақтандыру ұйымдарында

1. Тәжірибе өту орнының жалпы сипаттамасы

 

Сақтандыру ұйымының қызметін зерттеу: лицензиялау тәртібін, қызмет ету көрсеткіштерін, сақтандыру ұйымының ұйымдастырушылық құрылымын, бөлімшелер міндеттерін және мақсаттарын, ұйым қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінісін, экономикалық ортада байланыстардың құрылуы, клиенттерді қамтуды, сақтандыру ұйымын басқаруды, еңбекке ақы төлеу жүйесін зерттеу.

 

2. Операцияларды есепке алу және есеп беру

 

Алғашқы (аналитикалық) есепті зерттеу, баланстың негізгі шоттарының сипаттамасы, олардың сақтандыру ұйымының қаржыларына (табыстар мен шығындар) әсері.

Есеп-қаржылық қызметімен танысу, есеп формалары және түрлерін, және де бухгалтерлік және статистикалық есеп түрлерін зерттеу.

Келесі жұмыс түрлерін жүргізу және зерттеу қажет:

- сақтандыру келісім-шарттарын жасау тәртібін зерттеу, сақтандыру мерзімдерін анықтау (басталуын, аяқталуын);

- ерікті түрде сақтандырудың мүлікті және жеке сақтандыру түрлері бойынша өтініштерді дұрыс толтырылуын, жауапкершілікті сақтандыру және сақтандырудың міндетті түрлерін тексеру (автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және т.б.);

- сақтандыру төлемі ставкаларымен танысу;

- өз бетінше сақтандыру операцияларын жүргізу бойынша құжаттарды дайындау (сақтандыру полисі, акт, келтірілген зардабы сомасын анықтау жөнінен есептеулер және басқада құжаттар), сипаттама беру;

- мүліктік сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін төлеу материалдарымен танысу, олардың ерекшеліктері;

- жеке сақтандыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу;

- сақтандыру делдалдар жұмысын ұйымдастыруды зерттеу (агенттер және брокерлер);

- сақтандыру сыйақысын және жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомасын тәртібімен танысу (жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері және сақтандыру сомаларын төлеу тәртібі (еңбекке жарамсыздық және өлуіне байланысты төлемдерді төлеу тәртібі).

Инвестициялық операцияларды жүргізу тәртібін зерттеу (бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне және т.б. салынған инвестициялар).

Есеп беруге қосымша ретінде бекіту: мүліктік, жеке сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру бойынша құжаттар, сақтандыру туралы өтініш, мүліктің баланстық құны туралы анықтама, сақтандыру полисі, зардап сомасын анықтау бойынша есептемелер, сақтандыру сыйақысын және жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сомасын төлеуді есептемелер және басқалары.

 

3. Сақтандыру қызметінің қаржылық негіздері

 

Сақтандыру ұйымының қорлары ретінде өзіндік қаражаттардың құрылуы бойынша заңнамалық және нұсқаулық материалдарды зерттеу. Қорлардың қалыптасуы және пайдалануымен байланысты есептеулермен танысу (жарғылық қор, сақтық қоры, резервті қор және басқада қорлар).

Табыстар көздерін зерттеу. Сақтандыру қызметінен және инвестициялық қызметтен алынатын пайданың қалыптасу ерекшеліктерінмен және пайданы бөлу механизмімен танысу. Сақтандыру операцияларының рентабелділігін және қаржылық тұрақтылығын анықтау тәртібін зерттеу.

Штаттағы және штаттан тыс сақтандыру қызметкерлерінің еңбегін төлеу жүйесін зерттеу.

Есеп беруге қосымша ретінде бекіту: қорларды құру жөнінен есептеулерді, қалыптасу көздері бойынша табыстарды құру есептеулерін, пайданы қалыптастыру және бөлу бойынша есептеулерді, рентабелділікті есептеу есептемелерін.