КІРІСПЕ 8 страница

Дарвин табиғатта кез келген жануарлар мен өсімдік түрі геометриялық прогрессия бойынша көбеюге ұмтылады деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, әр түрдің ересек особьтарының саны салыстырмалы түрде өзгеріссіз қалады екен. Осыған орай, табиғатта тіршілік үшін күрес жүреді, нәтижесінде организм мен түр үшін пайдалы белгілер жинақтала береді де, жаңа түрлер біртіндеп пайда болабастайды. Ал ұалған организмдер ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты жойылып кетеді. Сонымен, тіршілік үшін күрес – организмдер мен қоршаған ортаның жағдайларының арасында туындайтын сан қилы және күрделі өзара қатынастардың жиынтығы. Олар үш түрлі болады: түраралық, түрішілік және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тіршілік үшін күресте басқа түрлермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін белгілері мен қасеиттері бар түрлер мен особьтар ғана тірі қалып, ұрпақ тарата алады. Сондықтан, табиғатта бір түрлердің іріктеле отырып жойылуы мен келесі басым түрлердің көбеюі – табиғи сұрыпталу процесі жүреді. Ал, сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне байланысты, іріктеліп қалған түрлерде жаңа белгілер пайда болады. Тұқым қуалаушылық факторы арқылы пайдалы белгілер сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады да түрлердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа түрлер өзгергіштік процесінің – организмдердің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруінен пайда болады.

Дарвин жаңа түрлердің пайда болуын ұрпақтан-ұрпаққа көбейіп отыратын пайдалы жеке өзгерістердің жинақталу процесі есебінде қарастырады. Мұның өзі тіршілікке қажетті ресурстардың (қоректік зат, көбею ортасы тағы басқа) шектеулі болуына байланысты. Сондықтан ең аяусыз күрес ұқсас түрлер арасныда жүреді. Ал ұқсас емес түрлер ұрпақ қалдыруда басымдылық көрсетеді. Әрбір ұрпақ сайын түрлер арасындағы айырмашылықтар айқын біліне береді де, аралық түрлер жойылып отырады. Түрлердің пайда болуына әкеліп соғатын белгілердің айырмашылық құбылысын Дарвин дивергенция деп атады. Бұрынғы ұқсас түрлердің дивергенциясының өсуі тіршілік иелерінің сан алуан түрлерінің бірте-бірте ұлғая түсуіне себеп болады.

Сонымен, Дарвин органикалық эволюцияның детерминациясы мәселелерін бірте-бірте шешті, тір организмдердің табиғи сұрыпталу нәтижесінде үнемі жаңаланып, іріктеліп отыратынын дәлелдеді. Бұл көзқарас жаратылыстанудағы телеология бағытына үлкен тойтарыс берді.

Дарвиннің теориясымен жаратылыстанушылардың әр түрге жататын организмдердің көп белгілерінің ұқсастығының себебін ұзақ уақыт бойында іздеуі аяқталады.

Дарвинизмнің пайда болуымен биологиялық зерттеулердің алдыңғы қатарына төрт мәселе шықты:

1) эволюциялық процестің өзіне дәлелдер жинақтау;

2) эволюцияның бейімделу сипаты мен ұйымдасуы туралы мәліметтердің жиналуы;

3) тұқым қуалағыштық өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың эволюцияның қозғаушы күші ретінде өзара әрекеттесулерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

4) түр пайда болуы мен макрореволлюцияның заңдылықтарын зерттеу.

Эволюцияның қазіргі теориялары. Генетика негіздері

Эволюцияның қазіргі теориясын жасау генетикасыз мүмкін болмас еді. Сондықтан, осы ғылымның негіздерін қарастыру керек.

Генетика тірі жүйелердің негізгі екі қасиетін – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, яғни тірі организмдердің белгілері мен қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа беру және жаңа қасиеттерге ие болу қабілетін зерттейді. Тұқым қуалаушылық – ұрпақ дамуы қатары бойында белгілер мен қасиеттерді, ерекшелктерді үздіксіз беріп отыруды қамтамасыз етеді. Өзгергшітік – табиғи сұрыпталуға қажетті жағдай жасайды, яғни тірі организмдердің белгілерінің жаңа түрлерін, жаңа комбинацияларын жасайды.

Организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалаушылық жолымен беріледі – ДНК молекулаларының бөлшегі – генде сақталады.

Организмдегі барлық белгілер жиынтығы – фенотип деп аталады. Ал бір организмдегі барлық гендер жиынтығы генетип деп аталады. Фенотип генотиптің қоршаған ортамен байланысының нәтижесі. Бұл ашылулар мен терминдер генетиканың негізін салушылардың бірі В.Иогансеннің есімімен тығыз байланысты.

Грегор Мендель тұқым қуалаушылық заңдылығын ашты. Г.Менделдің зерттеулері 1865 жылы жүргізілненмен, ол генетикадағы Мендель заңы ретінде 1900 жылы қабылданды. Ол бұршақтың әр түрлі сырттарын өзара будандастырып, олардың түсіндегі, қалпындағы, түріндегі және басқа белгілерінің өзгерістерін ашты. Мендель бірінші ұрпақта алынған гибридтердің кейбір белгілері басқаларынан басым болатынын анықтады. Мендель тірінің материалдық ұрпақтан-ұрпаққа берілетін бөлшегін – ген деп атады және оны ақпараттың қарапайым сақтаушысы ретінде қарастырды.

Мендель өзінің әйгілі гендерді будандастыру заңдарын ашты, бірақ 35 жылға тарта уақытта ғалымның еңбегін одан ары жалғасытрушы бірде-бір ғалым болмады.

Генетиканың маңызды кезеңдерінің бірі – тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының ашылуы, ол Томас Морганның есімімен тығыз байланысты. Ол әрбір биологиялық түрдің нақты белгіленген хромосома саны бар екендігін анықтады.

Гуго де Фриз тұқым қуалағыштық мутацияны ашты, яғни ол жаңа түрлер мутацияның әсерінен пайда болады деп пайымдады

Мутация дегеніміз – гендік құрылымның өзгерісі. Мутация нәтижесінде пайда болған белгілер жоғалмайды, керісінше жинақтала береді, Мутация радиацияның, химиялық қосылыстардың, температура өзгерісінің, тіпті кейде кездейсоқ жағдайлардың әсерімен болады.

1927 жылы Г.Меллер генотиптің рентген сәулелерінің әсерінен өзгеріске түсетінін анықтады. Кейін бұл құбылыс гендік инженерияның негізін салды және оның гендік механизмге әсер ете алатын орасан зор мүмкіндіктері мен қауіпті жағы бар екендігін көрсетті.

1941 жылы Дж.Бидл мен Э.Татум биосинтез процесінің генетикалық негізін ашты, осы еңбектері үшін оларға 1952 жылы Нобель силығы берілді.

Джеймс Уотсон мен Френсис Крик ДНК-ның молекулярлық құрылымы мен оның репликациялық механизмінің жобасын ұсынды.

1950 жылдары генетикалық код ашылды. Ол С,Бензердің есімімен байланысты. Яғни гендік ақпарат азоттық негіздегі: аденин (А), тимин (Т), цитозин (Ц), гуанин (Г), бес атомдық қант пен фософор қышқылының қалдығы арқылы берілетіндігі анықталды.

Қорытындылай келе, белок молекулаларынан мыңдаған есе кіші вирустар туралы. Олар қоректенбейді де көбеймейді, тек қана өз қожасының клеткасында пайда болып отырады. Вирустың басы және спираль тәрізді құйрығы болады. Вирус клеткада толық өзгеріс жасайды.

Генетика біздің өз бойымызда арғы ата-бабаларымызбен табиғаттың ақпараттарын алып жүретіндігімізді дәлелдейді. Оның өзі табиғаттың бізге үлкен жауапкершілік жүктегенін көрсетеді.

Қазіргі генетиканың алдында гендер байланысын, динамикасын зерттеу мәселелері тұр.

Ал биологияға келетін болсақ, жаңа биология тірі организмдердің қарапайым компоненттері – жеке молекулалар мен олардың клетка ішіндегі өзара әсері туралы зерттеулер жүргізеді.