КІРІСПЕ 7 страница

1) бірінші қайсысы пайда болды, белок па әлде нуклейн қышқылы ма?

2) бұл полимерлер кластары бір уақытта пайда болды деп есептелмеген жағдайда, олардың біртұтас жүйеге бірігуі қай уақытта және қалай өтті?

Белоктар мен нуклеин қышқылдарының алғаш рет қайсысы пайда болды деген сұраққа байланысты қазіргі кездегі гипотезалар мен концепцияларды екі үлкен топқа – голобиоз бен генебиозға бөлуге болады.

Біз қарастырып отырған Опарин концепциясы голобиоз тобына жатады. Яғни, ферменттік механизмінің қатысуымен қарапайым зат алмасу жүретін клеткалық құрылымның алғашқы екендігін негіздейтін гипотеза. Онда нуклеин қышқылдарының пайда болуы – протобионттардың өзара конкуренциясындағы қорытынды болып есептеледі. Бұл көзқарасты субстраттық көзқарас деп те атауға болады.

Ал, генебиозды жақтаушылар алғашқы генетикалық кодтық қасиеттері бар молекулярлық жүйенің алғашқы екендігін алдыға қояды. Бұл топтағы гипотезалар мен концепцияларды ақпараттық деп атауға болады.

Бұл көзқарастың мысалы ретінде Дж.Холдейннің концепциясын қарастыруға болады.

1980 жылдарға дейін голобиоз және генебиоз концепциялары бір-біріне қарсы тұрып келді.

Жалаң ген немесе белоктық протобионт, ғылыми терминология бойынша – гендік репродукция немесе метоболизм – осылардың қайсысы алғшқы деген сұрақ төңірегінде дискуссия жүргізіліп келді.

Голобиоз бағытындағы өте бір тартымды концепция – ағылшын биохимигі П.Деккердің концепциясы. Оның концепциясы бойынша тіршіліктің алғашқы құрылымдық тегі – биоид – күшті ферменттік аппараты бар сынақ микрожүйелер болды. Бірақ, бұл гипотеза да жалпы түрде қабылданады. Кейбір зерттеушілер клеткаға дейінгі затта жүретін зат алмасу процесіне гендік бақылау жасау мәселесінің әлсіз жақтарын мойындай келіп, голобиоз бен сенебиоз арасындағы аралық вариантты ұсынды. Оларды белок және нуклеин молекулалары бір уақытта пайда болып, бір жүйеге енді, яғни коэволюцияға түсті деген ортақ идея біріктіреді. Бірақ бұл аралық вариант та көпке таралмады, өйткені, белок және нуклеин макромолекулалары құрылымдық және функциялық жағынан мүлдем әр түрлі, олардың химиялық эволюция барысында бір уақытта пайда болуы мүмкін емес, соған байланысты олардың протобиологиялық жүйеде бірігуі тіпті де мүмкін емес.

Ғылыми микробиологияның негізін салушы Л.Пастер өз еңбектерінде тірі заттардың өлі денелерден пайда болуын молекулярлық деңгейде қарастырды. 1860 жылдары Л.Пастер биологиялық жолмен пайда болған кристалдардың құрылымын зерттей келіп, микроорганизмдердің өздігінен пайда болуы мүмкін еместігін дәлелдеді.

Жалпы, тіршілік пайда болуындағы кейбір жоғарыда келтірілген сұрақтарға жауап тек 1980 жылдардың аяғында табылды. Яғни, ең алғаш рет пайда болған ДНК емес, РНК молекулалары болып шықты.

Бұның өзі РНК-ның ерекше қасиеттеріне байланысты. Оның ДНК молекулалары сияқты генетикалық қасиеті бар, бірақ ол барлық органимздерде кездеседі.

1980 жылдардың басында РНК-ның белоктық ферменттерсіз өздігінен өзгеріске түсетіні, яғни автокатализаторлық мүмкіндігі бар екендігі анықталды.

Осының нәтижесінде ерте уақыттағы РНК-ның фенотиптік және генотиптік сипаттары болды деген нақты ұғым қалыптасты, яғни, гендік өзгеріске де, табиғи сұрыпталуға бейім, Дарвин жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қасиеттері болды.

 

Лекция 12 Тіршілік пайда болу кезеңдері

Тіршілік анықтамасы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы

Жер биосферасы эволюциясының ежелгі кезеңдері

 

Ғалымдар тірішілікті материалды дүниенің өмір сүруінің ерекше формасы ретінде қарастырады, бірақ оның мәнін көп жағдайда өз беттерінше түсініп, әр қилы анықтама беруге тырысады.

ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында ғылыми және философиялық әдебиеттерде Ф.Энгельстің «Тіршілік дегеніміз – белоктық денелердің өмір сүруі» деген анықтамасы қолданылып келді.

Тіршілік туралы Э.Шредингердің, Г.Югайдың, А.И.Опариннің, Б.М.Медиковтың анықтамалары қолданылып келді. Б.М.Медиковтың анықытамасы бойынша тіршілік – материя қозғалысының ең жоғарғы табиғи формасы, ол ондағы әр түрлі деңгейлердегі ашық жүйелердің өздігінен жаңалануымен, реттелуімен, пайда болуымен сипатталады. Оның заттық негізін белоктар, нуклеин қышқылдары және фосфорлық органикалық қосылыстар құрайды.

Қазіргі кездегі жаратылыстану біз өмір сүріп отырған әлемнің сан қилы процестері мен құбылыстары туралы білім жинақтаған, дегенмен, Жер бетіндегі тіршілік пайда болуы туралы нақты сипаттама беру үшін бұл білім жеткіліксіз болып шықты.

Табиғат дамуының бағытты сипаты бар, оның әлемдегі құрылымы мен оған енетін заттары бірте-бірте күрделене түсуімен сипатталады. Ал бұндай реттелу әлемнің және оның жеке бөліктерінің белгілі бір эволюциялық даму деңгейіне көтерілген кезінде ғана мүмкін болады.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында академик В.И.Вернадский жер бетіндегі өлі заттардың тірі қарапайым клеткаға өтуі планетаның өте ертедегі даму стадиясында өтіп, қысқа ғана уақыттық аралықты алғанын (200 жүз миллион жылдан аз) айтады. Жер жасы мөлшермен 4,6 млрд. жылға тең болса, сумен толтырылған ірі қазан-шұңқырлардың болғанын дәлелдейтін шөгінді жыныстардың жасы 3,8 млрд жыл деп алынады, кейбір ғалымдар оны да әрірек уақытқа – 4 млрд. жылға апарады.

Жер бетінде бірте-бірте атмосфера, гидросфера, теңіздер мен мұхиттар пайда болды. Оларды белсенді вулкандық процестердің әсерінен, мантияның жоғарғы балқыған қабатынан бөлінген газдардың құрамындағы су буынан пайда болды деп есептейді. Вулкандық лавалармен бірге шыққан газ құрамында су буы, көміртегінің, күкірттің, азоттың газ тәрізді қосылыстары болды.

Алғашқы атмосфера қабаты жұқа болғандықтан, ондағы парниктік әсер төмен болды.

Осыған байланысты жер бетінен орташа температурасы + 150С шамасында болды деген болжам бар. Ал мұндай температура су буының конденсациялануы үшін қолайлы жағдай туғызады.

Алғашқы атмосфера құрамында оттегі болмады, себебі вулкан атқылау кезінде бөлінген газдардың құрамында ол кездеспеді. Бөлінген газдың 60%-ын көмірқышқыл газы, қалғанын – күкірт, аммиак, көміртегінің басқа қосылыстары құрады. Атмосфера сияқты, алғашқы мұхит суының құрамында да оттегі болмады.

Сонымен, бос оттегінің пайда болуы – тірі организмдердің және олардың атқаратын қызметінің нәтижесі екендігі белгілі болды.

Ерте уақытта бос оттегінің болмағандығы протоархей тау жыныстарындағы газ көпіршіктеріне анализ жасаған кезде белгілі болды.

Жер бетіндегі биосфера қалыптасуының негізгі мәселелерін анықтаған академик В.И.Вернадский 1926 жылы жарық көрген өзінің «Биосфера» атты еңбегінде ол биосфера дамуының негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін, биосфераның заттық құрылымы мен даму деңгейлерін анықтап берді. Тірі заттар дегеніміз - планетадағы барлық тірі организмдердің жиынтығы. Биосфера дегенеміз – жердің сыртқы геологиялық қабаты, өзіне барлық тірі организмдерді жинақтаушы жүйелік құрылым, Вернадский ең алғаш рет биосфера эволюциясының жер планетасының геологиялық тарихымен тығыз байланысты екендігін көрсетті.

Вернадский тіршіліктің жұмсайтын энергетикалық шығыны, сыртқы әсері бойынша тау пайда болуы, вулкан атқылауы, жер сілкінуі сияқты геологиялық процестермен салыстыруға болатын жойқын геологиялық күш екендігін дәлелдеді.

Осыған байланысты, Вернадский тіршіліктің бірнеше биогеохимиялық функцияларын анықтадаы. Оларға: газдық – оттегі мен көмірқышқыл газын бөлу және сіңіру; тотығу – карбонаттардың, сульфидтердің, азот, күкірт, фосфор, темір, марганец қосылыстарының пайда болуы; тотықсыздану - сульфитсіздену, нитритсіздену; концентрациялық (жинақтау) – фосфор, кальций, азот, күкірт тағы басқа элементтердің топырақта және шөгінді жыныстарда жинақталуы; органикалық заттардың бұзылуы және синтезделуі.

Қазіргі кезде жердің келбеті, оның ландшафттары барлық шөгінді метаморфоздық жыныстар, пайдалы қазбалар қоры, қазіргі атмосфера – барлығы тірі заттардың іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Ежелгі организмдер қалдықтары Батыс Австралияның кремний қабаттарынан табылды, олардың жасы мөлшермен 3,2-3,5 миллиард жылға тең деп есептеледі. Минерализацияланған бұл жіпшелер тәрізді және дөңгелек формасы оншақты түрлі микроорганизмдер қарапайым бактериялар мен микробалдырларды еске түсіреді. Организмдердің ішкі құрылымы болғанға ұқсайды және фотосинтезге қабілетті қосылыстарды түзетін химиялық элементтері болды. Бұлар ең алғашқы тіршілік иелері емес, олардан да бұрынғы тіршіліктің болғанына күмәндануға болмайды. Тіршілік бастауы жердің планета есебінде қалыптасқан, геологиялық тарихта ізі де қалмаған алғашқы миллиард жылдардағы кезеңіне кетуі әбден ықтимал. Мұның өзі – фотоавтотрофты биосфераны біздің планетамызда 4 миллиард жылдай уақыт бұрын пайда болды деп есептеуге мүмкіндік береді. Бірақ автотрофты организмдерден бұрын гетеротрофты организмдердің пайда болуы заңды деп есептеледі, өйткені цитология, молекулярлық биология салаларының деректері бойынша, өз денесін бейорганикалық деректері бойынша, өз денесін бейорганикалық минералды заттардан құрайтын автотрофтылар кейінірек пайда болған.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, тіршіліктің жер бетінде өте ертедегі уақытта пайда болғандығы туралы тұжырым жасауға болады.

 

Жер биосферерасы эволюциясының ежелгі кезеңдері

Жер биосферасының дамуын бірінен кейін бірі кезектесіп келетін үш дәуірдің ауысымы ретінде қарастыруға болады.

Алғашқы дәуір-космостық кезеңнің өзінде –ақ басталып, жер бетінде гетеротропты биосфераның пайда болуымен аяқталды.

Ежелгі жер сиретілген атмосферамен-метан, аммиак, су буы қоспасымен қоршалып тұрған суық дене болды. Жер бетінің температурасы-50-60°С шамасында болды, сол себепті литосфераны мұз қабаты құрсаулап жатты. Сиретілген атмосфера арқылы енген күн және космостық сәулелердің әсерінен ионизация процесі жүрді, соған байланысты атмосфера суық плазма күйінде болды. Ежелгі жер атмосферасы электр тогымен қанықты, онда разрядтар шығу жиі жүрді. Бұндай жағдайда күрделі құрамдағы әр түрлі органикалық қосылыстар синтезі бірдей уақытта және жылдам жүріп тұрды. Ал бұл қосылыстар эволюцияның келесі кезеңдерінде белоктар мен нуклеотидтер пайда болуы үшін қажетті шикізат болып саналды.

Төмен температура мен суық плазмалық атмосфера полимерлену процесінің сәтті жүруіне жағдай жасады. Пайда болған полимерлерден кейінгі тіршілік қалыптасты. Алып табиғи мұздатқыш жағдайында олар ұзақ уақыт жақсы сақталды.

Жер қойнауының радиоактивті қызынуы тектоникалық қозғалысты оятты, вулкан атқылау процестері басталды. Олардан бөлініп шыққан газ атмосфера қабатын тығыздап, иондалу шекарасын жоғарғы қабаттарға қарай ысырды, Мұз жамылғылары еріп, алғашқы су бөліктері пайда болды. Мұздықтардың еруі жинақталған биополимерлердің, көмірсутектердің, майлардың химиялық реакцияларының белсенділігін арттырды. Олар бірігіп тұрақты микросфералар (коацерват тамшыларын) құрды, заттардың өзіндік ұйымдасуын сипаттайтын секірмелі өзгерістен кейін протобионт-РНК молекуласы пайда болды, оның өзі тірі жүйенің екі түрлі функциясын атқарды: зат алмасу және бұл жүйенің материалдық негізінің қалануы. Алғашқы кезеңдегі гетеретрофты организмдерге тән қасиеттер: қозғалғыштық; қоректену және қоректік зат пен энергияны жинақтау; қолайсыз жағдайлардан сақтану; көбею; тітіркенгіштік; сыртқы жағдайлардың өзгерісіне бейімделу; өсу қабілеті. Оарды анаэробтылар (оттегісіз өмір сүретін организмдер) және прокариоттар(клеткалары ядросыз организмдер) деп аталады.

Тіршілік зволюциясының келесі кезеңінде (мөлшермен 2 млрд. жылдай бұрын) организмдер клеткасында ядро пайда болды. Биосфера құрамындаэукариоттар(оттегімен дем алатын организмдер) тіршілік етті ядролы бір клеткалы организмдерді қарапайымдар деп атады, олардың 25-30 мыңдай түрі болды. Олардың ішіндегі ең қарапайымы- амебалар. Шөгінді тау жыныстарының құрамында кездесетін түрлері- радиолярийлер мен фораминиферлер

Мөлшермен 1 миллиард жыл бұрын алғашқы көпклеткалылар пайда болды. Өсімдік қызметінің негізгі нәтижесі- фотосинтез- күн энергиясы арқылы көмірқышқылы мен судан органикалық заттардың пайда болуы. Фотосинтез өнімі-атмосферадағы оттегі.

Өсімдіктің дамуы мен таралуы атмосфера құрамының түбірімен өзгеруіне әкеліп соқты. Ғасырлар бойы жинақталған өсімдіктер қалдықтары жер қыртысында органикалық қосылыстардың (көмір, шымтезек) орасан зор энергетикалық қорын қалыптастырды, ал дүниежүзілік мұхиттағы тіршіліктің дамуы- теңіз организмдерінің қалдықтары мен қаңқаларынан тұратын шөгінді жыныстарды құрады. 400 миллионға жуық уақыт бұрын бос оттегінің мөлшері қазіргі кездегі мөлшерінің 10 процентіне жеткен кезде оған экраны пайда болды, ол тірі заттарды космостық өткір сәулелерден қорғады, осыған байланысты тіршілік біртіндеп құрлыққа көшті. Бұдан кейін фотосинтез реакциясының белсенділігі артып, атмосфераға оттегінің түсуі жоғарылады. Осыдан 100 миллион жыл бұрын атмосферадағы оттегі қазіргі мөлшеріне-21%-ке жеткен болатын. Бұл кезде папоротниктер, плаундар пайда болды. Құрлық өсімдіктерінің дамуы және топырақ пайда болуы құрылық бетіне жануарлардың шығуына әсерін тигізді. Өсімдік дүниесінің эволюциясы нәтижесінде мезозой эрасында қылқан жапырақты ормандар мен гүлді өсімдіктер пайда болды.

Мезозойдың соңы мен кайнозойда құстардың пайда болуымен байланысты биофильді элементтердің миграциясы күшейді. Биофильді элементтер дегеніміз- тірі ағзалардың құрамында кездесетін химиялық элементтер. Сонымен тірі заттар атмосфераның төменгі қабатын- тропосфераны қамтыды.

Ең соңында жер биосферасындағы ең үлкен өзгеріс- адамзаттың пайда болуы- биосфераның ноосфераға қамтамасыз етті.

 

Лекция 13 Органикалық дүниенің даму мәселелері

 

Биологияға даму идеясының енуі

Ж.Б.Ламарктың даму концепциясы

Ж.Кювьенің апатар теориясы

Ч.Дарвиннің зволюциялық теориясы

Эволюцияның қазіргі теориялары

Генетика негіздері

 

Биологияға даму идеясының енуі

Биологиялық обьектілерді танып- білудің негізгі ерекшеліктерінің бірі- өткен тарихты зерттеу, онсыз материя қозғалысының ерекше формасының мәнін түсіну мүмкін емес. Тарихи әдістемелер негізінде құрылған биология ғылымындағы эволюциялық теория тіршілік туралы ғылымдар жүйесінде маңызды орын алады. Эволюциялық биология жалпылама биологиялық пән болып саналады. Эволюциялық биологияның әдістемелік зерттеу принциптерін қолданбайтын бірде-бір биология саласы жоқ деуге болады. Биология ғылымындағы даму идеясының тарихы бес негізгі ккезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең антикалық натурфилософиядан Жаңа уақыттағы алғашқы биологиялық пәндердің пайда болуына дейінгі орталықты қамтиды. Ол кезең органикалық дүние туралы мәліметтер жинаумен және креационистік теорияның үстемдік етуімен сипатталады. Бұл уақыт эволюциялық идеяның алғашқы даму кезеңі болды. Бұл уақыттың биологиялық көзқарастарды өз еңбектерінде қарастырған ғалымдарының қатарына Эмподоклді, Анаксименді, Аристотелді жатқызуға болады.

Ең қызығушылық тудырған Аристотель концепциясы болды, ол ең қарапайымнан күрделілеріне қарай орналастыра келіп, жануарлар систематикасын (жүйесін) жасады, сонымен қатар 500-ден астам түрді сипаттап жазды. Тірі заттар туралы алғашқы саты тәрізді түсінік сол уақыттан бастап пайда болды.

Барлық антикалық уақыт пен орта ғасырда Аристотельдің еңбектері тірі табиғат туралы түсініктердің негізі болып саналды және үлкен беделге те болды.

Биологияға деген қызығушылық Ұлы географиялық мен тауарлық өндіріс дамуы кезеңінде арта түсті. Белсенді сауда мен жаңа жерлердің ашылуы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді кеңейтті. Тез аралықта жинақталған білімді тәртіппен келтірудің яғни, жүйелеуді қажет етті. Биологияда даму идеясының екінші кезеңі былай басталды. Ол жинақталған материалды жүйелеумен алғашқы таксономиялық классификацияны құрумен сипатталады.

Бұл уақытта табиғатты жүйелеумен айналысқан ғалым – швед жаратылыстанушысы Карл Линней. Ол 8000-нан астам өсімдік түрлерін сипаттап жазып, бір текті терминология мен сипаттау тәртібін жасады. Өзінің классификациясын ол иерархиялық принципке негіздеді, сонымен биологиядағы әр түрлі деңгейдегі жүйелік бірліктерді – таксондар деп атады. Линей жүйесіндегі таксондар: класс – отряд – тұқымдас – түр - өзгеше түр. Ол бұл иерархиялық жүйені – бинарлық номенклатура деп атады.

Линей сол кезең үшін органикалық дүниенің ең жетілген жүйесін жасады және оған сол кезде белгілі болған барлық өсімдіктер мен жануарларды енгізді.

 

Ж.Б.Ламарктың даму концепциясы

Жалпы органикалық дүниенің дамуын сипаттайтын біртұтас концепциясын жасауға талпынған француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк. Басқа өзінен бұрынғы зерттеушілерден өзгешелігі – оның теориясы нақты фактілерге сүйенеді. Оның эволюциялық теориясына негіз болған даму туралы, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте өту туралы, сыртқы ортаның организмдердің өзгерісіне тигізетін әсері туралы түсініктер. Қарапайымдардан ең жетілген организмдерге дейін даму органикалық әлем тарихыныың ең маңызды мазмұны. Адамзат та осы адам тектес маймылдар болып саналады. Бұл көзқарас ол кездегі ең бір революциялық көзқарас болып саналды (Ламарктың «Зоология философиясы» атты еңбегі 1809 жылы жарық көрді.

Ол жануарлардың әр түрлі кластарын сипаттай келіп, олардың арасындағы аралық формаларды іздеді, сол кездегі салыстырмалы анатомияның жеткіліксіз дәрежеде дамуына байланысты, бірнеше қателіктер де жіберді. Ондай аралық түрлердің болуы органикалық дүниенің эволюциясының нақты дәлелі болар еді.

Эволюцияның негізгі себебі ретінде Ламарк тірі табиғатқа қатысты күрделенуге және ұйымдасуды жетілдіруге деген ұмтылысты санады. Ол әр түрдің туа біткен қабілеті болып саналады. Эволюцияның екінші факторы ретінде ол сыртқы ортаның әсерін қарастырды, яғни ол тұрақты болған жағдайда түрлер де өзгермек емес, ал қоршаған ортада өзгеріс болса, түрлер де өзгеріске түсуі тиіс. Бұл жағдайда қабылданған белгілер тұқым қуалайды.

Сонымен, ламаркизмға екі методологиялық белгі тән: телеологизм – организмдерге тән жетілуге ұмтылыс; организмоцентризм организмді эволюцияның элементаралық бірлігі ретінде қарастыру, яғни оның сыртқы ортаның әсерімен өзгеріске түсуі және бұл өзгерістердің тұқым қуалаушылық арқылы берілуі.

Бірақ Ламарк теориясы өз уақытында қолдау тапқан жоқ, себебі ғылым ол кезде эволюциялық қайта құру идеясын қабылдауға дайын емес болатын. Оның ұстіне Ламарк жүргізген түрлердің өзгеру себептерінің дәлелдерге толық көз жеткізілмеді.

 

Ж.Кювьенің апаттар теориясы

XIX ғасырдың бірінші ширегінде салыстырумалы анатомия мен палентологияда үлкен жетістіктерге қол жетті. Бұл салаларда француз ғалымы Ж.Кювьенің еңбектері зор. Омыртқалы жануарлардың органдарының құрылысын зерттей келіп, ол жануардың барлық органдары біртұтас жүйенің бөлшектері екендігін анықтады. Әрбір органның құрылымы заңды түрде басқа органдардың құрылымымен сәйкестендірілген. Бұның өзі дененің әр бөлігі тұтас организмнің құрылымдық принципін білдіретіндігін көрсетеді. Мұндай сәйкестікті Ж.Кювье корреляциялық принцип деп атады. Корреляциялық принципті негізге ала отырып, Кювье өлген жануарлардың сүйектерін зерттеу арқылы олардың сыртқы бейнесі мен тіршілік ету жағдайын қалпына келтіріп, сипаттады.

Палеонтологиялық мәліметтер Жер бетіндегі жануарлар түрлерінің өзгеруін, ауысуын мүлтіксіз дәлелдеп берді. Бұған библия аңыздары қарсы тұрды, олар дүниені топан су алған кезде Нұхтың кемесіне ілінбегендер қырылды деп есептейді. Бірақ бұл көзқарастың жалған екендігін өлген жануарлардың әр түрлі уақыттарда өмір сүргендігі айқын дәлелдеп берді. Осыған байланысты Кювье апаттар теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша үлкен территорияларындағы өсімдіктер мен жануарлардың қырылу себебі – периодты түрде қайталанып тұратын геологиялық апаттар. Бұл территорияларға одан кейін көргені территориялардан келген түрлер қоныстанды. Кювьенің жолын қуушылар мен шәкірттері оның теориясын дамыта келе, апттар әр кезеңде бүкіл жер шарын қамтығанын айтады және мұндай апаттар саны 27 екендігін санап берді.

Апаттар теориясы кеңінен таралды, дегенмен кқптеген ғалымдар бұған сын тұрғысынан қарады, бұған нақты соңғы нүктені қоюшылар – ағылшын жаратылыстанушылары Ч.Дарвин мен А.Уоллес болды.

 

Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

 

Ч.Дарвиннің 1859 жылы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы» атты еңбегінің жарық көруімен биологиядағы даму идеясының үшінші кезеңі басталды.

Бұл биологиядағы революциялық көзқарас болды және даму идеясын ғылыми танымда да және даму идеясын ғылыми танымда негізгі, басты әдістемеге айналдырды.

Бірақ, бұл уақыт әр түрлі эволюциялық ағымдардың арасында күрестің шиеленісіп тұрған уақыты болатын. Эволюциялық теория мен дарвинизмді мойындау үшін эволюция қалай жасалады және оның объективті тиімділігінің себептері қандай деген сұрақтарға жауап беру қажет. Бұл мәселелер Дарвиннің табиғи сұрапталу туралы ілімі арқылы шешілді.