Дисахаридтер
Бұл топтың углеводтарынан аса маңыздысы сахароза С12Н22О11. Сахарозаны қызылша немесе қамыс қанты деп те атайды.
Сахароза. Кәдімгі қант аздаған қоспасы бар сахароза. Сахароза табиғатта көп тараған. Ол көп мөлшерде қант қышылсасында, қант қамысында, қайың сөлінде, сәбізде, қауында т.б. болады.
Сахароза ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалды зат. 160ºС-та балқиды.
Сахарозаның химиялық қасиеттері оның құрамындағы функционалды топтарға байланысты. Сахарозаның құрамында гилроксотоптарының болуына сәйкес ол глюкоза сияқты мыс гидроксидімен әрекеттесіп көк түсті мыс сахаратын түзеді. Ол қышқылдармен реакцияласып күрделі эфирлер түзеді.
Сахарозаның аса маңызды химиялық қасиеті оның қышқылдық ортада гидролизденуі. Сахароза гидролизінің нәтижесінде глюкоза мен фруктоза түзіледі:
Н+
С12Н22О11 + Н2О → С6Н12О6 + С6Н12О6
сахароза глюкоза фруктоза