Моносахаридтер
Моносахаридтер ішіндегі аса маңыздыларына гексозаның изомерлері глюкоза мен фруктоза жатады.
Глюкоза немесе жүзім қанты. Глюкозаның молекулалық формуласы С6Н12О6.
Құрылымдық формулары мынадай:
Глюкоза сірке ангидридімен әрекеттесіп күрделі эфир пентаацетилглюкоза түзеді:
ОНС−(СНОН)4−СН2−ОН+5(СН3−СО)2О→
→ОНС−(СНОСОСН3)4−СН2ОСОСН3+5СН3СО
Глюкоза альдегидтер сияқты аммиактағы күміс (I) оксидімен әрекеттесіп тотығады:
СН2−ОН−(СНОН)4−СНО +Ag2O→
→CH2OH−(CHOH)4−CООН +2Ag
Глюкоза никель катализаторы қатысында сутекпен тотықсызданып алты атомды спиртке айналады:
Ni
СН2ОН−(СНОН)4−СНО + Н2 → СН2ОН−(СНОН)4−СН2ОН
Глюкозаның аса маңызды химиялық қасиеттеріне оның микроорганизмдер бөліп шығаратын органикалық катализаторлар-ферментер әсерінен ашуы жатады. Глюкоза ашығанда әр түрлі өнімдер түзеді.
Ашытқы ферментерінің әсерінен глюкозаның этил спиртіне айналуының жиынтық теңдеуі мынадай:
С6Н12О6 → 2С2Н5ОН + 2СО2
Сүт қышқылы бактериялары ферменттерінің әсерінен глюкоза ашып сүт қышқылына айналады:
С6Н12О6→2СН3−СНОН−СООН
Сүт ірігенде сүт қышқылы түзіледі.
Бақылау сұрақтар:
1. Сахаридтердің жалпы сипаттамасы. Олардың жіктелуі
2. Моносахаридтер: рибоза, глюкоза, фруктоза, манноза, галактоза. Олардың құрылысы. Моносахаридтердің алу әдістері
3. Моносахаридтердің физикалық, химиялық қасиеттері: тотықсыздану, тотығу, фосфорилдеу процестері. Глюкозаның тірі организмде ферментативтік ыдырауы.
Дәріс №21
Тақырып: Дисахаридтер және полисахаридтер. Жалпы сипаттамасы
Жоспар:
1. Дисахаридтердің сипаттамасы:
2. Сахароза және фруктозаның құрылымдары
3. Дисахаридтердің ролдері
4. Полисахаридтер
5. Гликогеннің биосинтезі
6. Гликогеннің ыдырауы
7.
Дәріс мақсаты: Дисахарид мен полисахаридтердің құрылысы, қасиеттері және организмде атқаратын ролімен танысу.
Дәріс мәтіні (қысқаша):