Биотин. (Н витамині).

Биотин ашытқылар және басқа да микрорганизимдер үшін маңызды фактор болып табылады. Биотиннің жетіспеуінен: тері зақымданып, шаш түсе бастайды және тырнақтың зақымдануына әкеп соғады. Биотин келесі түрде болады.

 

Биотиннің ең маңызды көзі болып адамдар мен жануарлар үшін ішек – қарын жолдарының бактериалды микрофлора табылады.

2.7. Пара – аминобензой қышқылы.

Бұл витамин жас малдардың өмір сүруіне және бойларының өсуіне қажет.

Пара – аминобезой қышқылы көптеген микроорганизмдердің өсуіне маңызды фактор болып табылады. Жануарлар мен өсімдіктер терісінде ол- ақуыздармен, полипептидтермен, аминқышқылымен сондай-ақ ацетил туындысы түрінде, осылармен тығыз байланыста болады.

2.8. С витамині. (аскорбин қышқылы).

Тамақта бұл витаминнің жетіспеуі – цинга тіс ауыруына әкеп соғады. Аскорбин қышқылы өсімдіктерде және жануарларда кеңінен тараған.Адамдардың, маймылдың және теңіз шошқасының организмі аскорбин қышқылын синтездей алмайды. Сондықтан оны тамақтағы дайын күйінде алу қажет, ол кейбір жануарлар осы витаминдерді өздігінен синтездейді. Бұл витаминдер 2-формада болады: өзіндік аскорбин қышқылы және одан жеңіл түзілетін – дегидроаскорбин қышқылы тотықсыздандыру кезінде қайтадан аскорбин қышқылын береді.

С витаминінің өздігінен айналуының екі түрі төменде берілген:

 

Аскорбин және дегидроаскорбин қышқылы өсімдіктер организмінде өздігінен айналуы ферменттік өздігінен айналып тотықсыздануы және глютатиннің қайта құрылуымен тығыз байланыста болады.

Сондай-ақ С витаминінің ең маңызды көзі болып: картоп және капуста болып табылады және көптеген көкөністер мен жемістер жатады, мысалы: сүт, қымыз, жұмыртқа, укроп, қылша, лимон, мандарин, алма, жүзім, помидор, қарақат және т,б.

2.9. В12 витамині.

Бұл витамин анемия түрін емдеуде маңызды болып табылады. В12 – витаминінің зат алмасудағы ролі маңызды биологиялық қосылыстарды синтездегенде СН3-метил тобын құрайды. В12 витамині адам тамағының маңызды көзі болып табылады, ол өсімдік өнімінде және ашытқыда болады (дрожж). Сондай-ақ жануарлар өнімдерінде: бауыр және бүйректе болады.

В12 витамині кристалл түрінде жасалған. Оның кристалдық түсі қызыл түс болады.В12 витамині бір топ заттарды құрайды, ол үш валентті кобальттің комплексті қосылысы болып табылады.

Бақылау сұрақтар:

Бақылау сұрақтар:

1. Витаминдердің жалпы сипаттамасы

2. Суда еритін витаминдер: тиамин (В1), рибофлавин (В2), пантотен қышқылы (В3), пара-аминбензой қышқылы (В4), аскорбин қышқылы (С), кобальтамин (В12). Олардың құрылысы, организмде атқаратын биологиялық ролі

 

Дәріс №10

Тақырып : Майда еритін витаминдер

 

Жоспар:

1. А витамині (ретинол).

2. D витамині

3. Е- витамині

4. К- витамині

 

Дәріс мақсаты:Майда еритін витаминдердің организмге әсер ету механизмдерімен танысу.

Дәріс мәтіні (қысқаша)