А Коферменті

Организмде кофермент 60- тан астам ферментативтік реакцияларға қатысып ацил тобын бір молекуладан басқа молекулаға тасымалдайды. Бұл реакциялар қатарына қышқылдарды, липидтерді тағы басқа қосылыстарды синтездеу және тотықтыру процестер жатады. А Коферментінің құрылымы күрделі. Молекуласы аденозиндифосфат, пантонен қышқылы және меркаптоэтиламин қосылыстарынан құралған.

А- Коферменттің құрылымы

 

 

 

2. NAD+ және NADP+ коферменттері

NAD+- никотинамидадениндинуклеотид

NADP+- никотинамидадениндинуклеотидфосфат

Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (витамин РР) болып табылады.

Коферменттердің құрылымдары

 

 

Бұл коферменттер организмде тотығу-тотықсыздану процестерін жүргізеді.

NAD+ + Н + Н + NADН + Н +

NAD+P + Н + Н+ NADPН + Н+

 

 

 

Флавин коферменттері (FAD, FMN) организмдегі қосылыстарды қанықпаған қосылыстарға дейін тотықтырады Мысалы:

+ FAD

НООС СН2 СН2 СООH НООС СН СН СООH

- FADH2

Янтарь қышқылы Фумар қышқылы

 

Флавин коферменттерінің құрылымы:

 

Флавин коферменттері (FAD, FMN) организмдегі қосылыстарды қанықпаған қосылыстарға дейін тотықтырады.

 

 

 

 

Бақылау сұрақтар:

1.Никотинамидадениннуклеозид (NАD+) және никотинамидадениндинуклеозидфосфат (NАDP+) коферменттері. Олардың организмде жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсері

2. А-коферменті, оның организмдегі ролі

3.Флавинадениндинуклеотид (FAD) және флавинмононуклеотид (FMN) коферменттерінің құрылымы. Олардың организмде ролі

Дәріс №9

Тақырып: Витаминдер

Жоспар:

1. Витаминдер, олардың ашылу тарихы.

2. Витаминоз

3. Витаминдердің жіктелуі және номенклатурасы

Дәріс мақсаты:

Витаминдер кез-келген орагнизмнің қалыпты тіршілігіне қажетті зат екендігін түсіндіру.

Дәріс мәтіні (қысқаша):

Витаминдер - әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. 1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин / лат. vita – тіршілік, amin – амин / деген ат берді. Қазіргі уақытта витаминдердің 30-ға жуық түрі жақсы зерттелген. Витаминдерді осы уақытқа дейін латын алфавитының үлкен әріптерімен атайды А, D, Е, К. Витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі үлкен топқа : майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді. Бұл көпшілікке танылған жіктеу.

Витаминдердің жіктелуі және номенклатурасы.

Витаминдердің еріткіштерде еруіне қарай жіктелінеді. Витаминдердің кейбіреулері суда жақсы ериді де, майда ерімейді. Ал басқа біреулері, керісінше, майда жақсы ериді, суда олар ерімейді. Осы жағдайға байланысты, витаминдердің суда немесе майда еруіне қарай олар келесі екі топқа жіктелінеді:

Р/№ Жаңа номенклатура бойынша аталуы Әріптермен белгіленуі
  1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.     1. 2. 3. 4. 5 . Суда еритін витаминдер Тиамин Рибофлавин Пантотен қышқылы Пиридоксин Цианкобаламин Аскорбин қышқылы Биотин Никотин қышқылы   Майда еритін витаминдер Ретинол Токоферол Эргокальциферол Холекальциферон Линол, линолен және арахидон   B1 B2 B4 B6 B12 C H PP     A E D D F  

 

А- витаминінің организмде жетіспеуі зат алмасуының бұзылуына және әр түрлі ауруларға әкеледі. Д- витамині азықтарда болмағанда, немесе жетіспегенде төлдерде рахит аурулары дамиды. Рахит /грек rhachis – арқа қыры, омыртқа бағанасы/ - мешел / құныс/ ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Е- витамині майларда және майлы еріткіштерде еритін май тәрізді зат. Е- витамині жетіспегенде құстар мен сүтқоректілердің бұлшық еттері мен тканьдерінде, қан тамырларында елеулі өзгерістер болады. Шөп астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагиялық ауруға ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетпеген ол затты К витамині деп атады. К витамині жетіспегенде қан тамырының қабырғасы селдіреуінен оның ішіндегі қан айналаға шапшып шығып сол араға жиналады. Ғ витамині бұл митамин қанықтырылмаған май қышқылдарына жатады.