Психология семейных отношений с основами семейного консультирования ред. Е. Г. Силяева М.: Издательский центр «Академия», 2002.

3. Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал, Астана, 2007

4.Асылов Ұ., Құсқабайұлы Ж.Әдеп:инабаттылық дәрістері. А.,Рауан,1985.

5.Гозман Л.Е.,Шлягина Е.И.Психологические проблемы семьи.1989,И 2.

6.Дружинина В.Н. Психология семьи.М.,1998.

7.Асмолов А. Психология личности. М.,1990.

8. Гребенников И.В. Семья өміріндегі әдеп және психология А.,Мектеп.1986.

9. Афанасьева Г.М. Семья А., Мектеп,1985.

10. Хрипкова А.Г.,Колесов Д.В. Ұл есейсе,қыз өссе. А., Мектеп. 1988.

 

2-дәріс. Жеке адамды қалыптастыру отбасынан басталады

1. Отбасындағы тәрбие.

2. Салт-дәстүр арқылы баланы тәрбиелеу.

3. Баланың отбасы аясында қалыптасуы.

4. Жеке адам ретінде қалыптасудың негізі-отбасылық тәрбие.

 

Болашақ бүгiннен басталатынын тереңiрек зерделесек, жастар тағдыры, жан-жақты жетiлген ұрпақ тәрбиелеу мәселесi қашан да халқымыздың басты арман-мұраты болып келгенi даусыз. «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе» деген М.Әуезовтың аталы сөзi отбасы тәрбиесiнiң маңызын көрсетедi. Бала тәрбиесінің негізі – бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ, бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана – баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты.

Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады:

- көптеген еңбекқор отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі;

- қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі;

- отбасы анасы-әйел мойнына артылған екіталай – жұмыс орнында, жанұяда – ауыртпалық;

- көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы;

- бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы;

- күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан отбасы арасындағы бәсеке, дау-дамай;

- отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен-күнге әлсіреуі.

Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.

Қазiргi уақытта ұрпақ тәрбиесi туралы мәселеге, мүлдем жаңаша психофизиологиялық көзқараспен қарауды, замана сипаты ерекше талап етуде. Бүгiнгi таңда жалпы адам тәрбиесiне де, сонымен бiрге келешек ұрпағымыздың тәлiмiне де, халық педагогикасының тигiзер жерлерiн, тiптi ештемемен салыстыруға келмейдi. Бұл жайында ғұлама-педагогтар (А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.И.Намазбаева, Х.Арғынбаев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, Қ.Қожахметова, З.Абилова, Б.Мұқанова, К.Оразбекова, А.Бейсенбаева, А.Қалыбекова және т.б.) тамаша зерттеулерi бар.

Бүгiнгi күннiң талабына сай жастарды отбасы-некелiк өмiрге даярлауда ата-ананың рөлi мен мiндеттерi аса жауапкершiлiктi талап етедi. Отбасы бала үшiн өмiр мектебiн, онда мейiрбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық т.б. адамгершiлiк қасиеттерi дамиды және қалыптасады. Жасыратыны жоқ, қазiргi уақытта жастардың жұбайлық өмiрiнiң үйлесiп кетуi үлкен проблемаға айналып отыр. Соңғы кездерi жастар арасында үйленгендерден ажырасқандардың саны артып, тастанды бала, жетiм балалар, жесiр әйелдердiң саны көбеюде. Мұндай етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесiрiн тигiзетiнi бәрiмiзге мәлiм. Бұл проблеманың ұшы жастарды тәрбиелеуде жатқандығын да айта кету керек. Жастар мәселесiндегi тәрбиенi шешуде көптеген ғалымдар (К.Оразбекова, С.Қалиев, Р.Төлеубекова, А.Бейсенбаева, Қ.Жарықбаев, Н.Дүтбаева, Ж.Сәрсенова, А.А.Қалыбекова және т.б.) өз зерттеулерiн жүргiзуде. Бұдан басқа жас ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасы тәжірибесінен пайдалану мәселелері бойынша Ж.С.Хасанова, Э.А.Урунбасарова, С.Ә.Әмірова, Ұ.О.Асанова, Қ.Т.Атемова, Ж.Б.Сәдірмекова зерттеулер жасады.

Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік-эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу.

Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Ол баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. “Отбасы тәрбиесі” ұғымының өзі “отбасы” мен “тәрбие” категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.

Біріншіден, отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары бар.

Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде отбасы тәрбиесі ұғымы былайша түсіндіріледі: “Отбасы тәрбиесі – туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. “Отбасы тәрбиесінің мәнін ашу үшін “тәрбиелеу” және “әлеуметтендіру” ұғымдарын байланыстырып түсіндіру қажет. Ұлы ғұлама әл-Фараби “Бақытқа жету жолында” деген еңбегінде: “Тәрбие деп – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз” деп анықтама береді.

Демек, тәрбие - бұл қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады екен. Тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып тәрбиенің мақсат-мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде “тәрбиелеу” ұғымы “әлеуметтендіру” ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі. Әлеуметтендіру–латынның “социалус” деген сөзінен аударғанда “қоғамдық” деген мағынаны білдіреді. Яғни, қоғамдандыру немесе қоғамда өмір сүруге икемдеу деген сөз. Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде: “Әлеуметтендіру-индивидті ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен мінез-құлық нормаларын, құндылықтар мен дәстүрлерді меңгеруге және әрі қарай дамытуға бейімдеу. Сондай-ақ, индивидті қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне ендіру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады”- деп анықтама берілген.

Әлеуметтендіру тәрбие жүйесінде жеке тұлғаны белгілі бір әрекетке түсіру кезінде жүзеге асырылады. Оған бірнеше әсер етуші факторлар ықпал жасайды. Олар отбасы, отбасынан тыс тәрбиелік мекемелер және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, жолдастар, таныстар және т.б. Соның ішінде негізгі фактор тәрбие болып табылады. Бүгінгі нарықтық қатынас отбасына және ондағы тәрбие үрдісіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Өмір тәжірибелері мен ғалымдар зерттеулері (А.А.Вербицкий, Э.Д.Днепров т.б.) отбасы тәрбиесінің мынадай даму тенденцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

1 тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы.

Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында отбасының жаңа тұрғысындағы рөлі айқындалып келеді. Ол отбасының әлеуметтік ролі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Тіпті, нарықтық қатынас кезеңінде отбасына қатысты жаңа экономикалық ұғымдар пайда болып қолданылуда. Бүгінгі әрбір отбасының материалдық экономикалық жағдайы ең алдымен осы жоғарыда келтірілген мәселелердің шешілуіне байланысты болып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар жоғарғы сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отбасы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау ең алдымен әрбір отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады.

2 тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы яғни бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты дамып, мектеп пен отбасы өміріне ықпал жасауы.

Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен отбасы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған қаланың балаларына қарасақ, тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу күрделірек. Өйткені, қазіргі компьютерлендіру заманында балалардың алатын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі өткен сайын үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар әрбір отбасы қоғамда пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоаппараттар мен бейнекамералар және т.б. құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. Бұл ұғым “қоғам ® мектеп ® отбасы” бағытымен жүзеге асуда.

3 тенденция. Отбасы тәрбиесіндегі баланың субъектілік ролі.

Бүгінде қазақ балаларының психологиясы мен мінез-құлқында, жүріс-тұрысында өзгерістер пайда бола бастады. Ұлттық балаларымызға тән ұяңдық, үлкеннің алдын кеспей, тіл алғыштық, т.б. қасиеттерді қолдай отырып, бүгінгі нарықтық қатынас тұсындағы қарым-қатынаста қажетті көпшілдік, белсенділік, өз пікірі мен ойларын дәлелдеуге талпынушылық, алға ұмтылушылық және т.б. осындай қасиеттерді балалар бойында қалыптастыру қоғам мәселесіне айналып отыр. Әрбір отбасы баланың жан-жақты дамып жетілуі үшін тәрбие институттарының бар мүмкіндіктерін қолдануда.

4 тенденция. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы тенденциясы.

Бүгінде отбасы мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отыр. Ата-аналар балалары жоғары білім алып, жан-жақты дамуы үшін ең таңдаулы мектептерге, тіпті жоғары ақылы мектептерге оқытуға беруде. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қатар әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалануы үлкен сұранысқа ие. Бұл отбасы өмірінде өз орнын көрсетуде.

Бұл отбасының даму тенденциялары бүгінгі нарықтық қатынас ықпалын тыңдап отырғандығы белгілі. Осы тенденциялар оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда басшылыққа алатын бірнеше қағидаларды айқындауға мүмкіндік берді. Олар мыналар:

1.Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда қоғам мектеп, отбасы және басқа да арнаулы институттардың тәрбиелі мүмкіндіктерін интеграциялау.

2.Тәрбиені гуманизациялау. Оқушылар бойында жоғары интеллектуалдық, материалдық азаматтық қасиеттерді қалыптастыруда әрбір баланы қоғамның ең жоғарғы әлеуметтік байлығы, құндылығы деп санап, онымен гумандық қарым-қатынас жасау.

3.Мектептің педагогикалық ұжымының отбасымен тығыз байланыс жасай отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасауын даралау мен жалпылау.

4.Мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамшылдығын арттырудың демократияландыру.

Отбасы тәрбиесінің дамуы, оның қоғаммен, ортамен байланысы келесі мәселе ретінде басты назарда болып келген.

Отбасындағы гумандылық, өзара түсіністік пен сүйіспеншілік Шығыстың ұлы ғұламалары әл-Фараби, Қ.А.Иассауи, М.Қашқари, Ж.Баласағұн және т.б. еңбектерінен кең көрініс тапқан. Ол идеялар гуманист педагогтар мен ағартушылар тарапынан бүгінге дейін жалғасын тауып келген.

Ұлы ғұлама әл-Фараби отбасын басқару, ондағы адамдардың міндеттері туралы былай дейді: “Үй белгілі бір бөлшектерден құралады, солардың әрқайсысында гүлденеді. Бұлар саны жағынан төрттеу: ері мен әйелі; қожайыны мен қызметшісі; әкесі-шешесі мен баласы; мүлкі мен мүлік иесі. Кімде-кім бұл бөлшектер мен бірлестіктерді басқарса, ол адам үйдің билеушісі және әкімі болады. Оны “қожайын” деп атайды” деп отбасы басшысының міндеттері мен құқығын ерекшелеп көрсетеді. Сондай-ақ, әл-Фараби “Үй қаланың бір бөлігі, ал үйлер қалада орналасқан, демек олардың мақсаттары әртүрлі. Солай бола тұрса да, бұл әртүрлі мақсаттарға қол жеткенде және олар ұштасқанда, олар қаланың мақсатына жетуге бағытталған өзара көмек болып бірігеді”- деп әрбір отбасы мемлекеттің бір бөлігі екенін, мемлекеттің өркендеп дамуы әрбір отбасының дұрыс жетіліп дамуына тікелей байланыстылығын көрсетеді.

Я.А.Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейдегі білімділігін талап етумен қатар тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс-тәсілдерінен хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі “Ана мектебі” жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары жасалды.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері кеңес педагогтары А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б. педагогтар еңбектерінен де кеңінен орын алған.

Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекше маңыздылығы түсіндіре келіп, М.Әуезов тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын талап етеді.

Отбасы тәрбиесін жақсарту мәселелерін қарастырған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Спандияр Көбеевтің жазушылық және педагогикалық қызметі тығыз байланысты дамыды. Оның өлеңдері мен әңгімелері жастарға тәрбие берерлік мазмұнға бай. С.Көбеев отбасы тәрбиесіндегі гумандылыққа көп көңіл бөлген. Оның “Баланы семьяда тәрбиелеу” атты кітабы осының айғағы. Онда ата-аналарға баланы жастайынан отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетіп береді.

Отбасында балаларды тәрбиелеу мәселелері мен оның педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушылары да өз ойлары мен еңбек үлестерін қосты. Осы тұста М.Жұмабаевтың “Педагогика” деп аталатын еңбегін айта аламыз. Онда баланы тәрбиелеудің жолдары айқын жазылған. Ол: “тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”, - дейді.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері соңғы жылдары көптеген ғалым-педагогтарды ойландырып келді. Одақ көлмінде Ю.П.Азаров, Л.В.Белова, И.В. Гребенников, Т.Делла, Б.А.Миренский, А.О.Пинт, А.Лиханов т.б., Республикамызда Б.Р.Айтмамбетова, Т.М.Афанасьева, Г.К. Байдельдинова, М.Ғабдуллин, Қ. Жақыпов, Ж.Б. Қоянбаев, Г.А.Уманов т.б. еңбектерінде отбасының педагогикалық мүмкіндіктері, қиын балалардың пайда болуындағы отбасының маңызы, ал С. Қалиев, Қ. Әбдіразақова, И.Рүстемов және т.б. еңбектерінде халықтық педагогика негізінде отбасы тәрбиесін ұштастыру, оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастыру және т.б. мәселелер қарастырылды.

Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындалай келіп, көп балалы қазақ отбасыларында тәрбиелеудің жеңілдігі мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады деп тұжырым жасауға болады:

1. Балаларды отбасында ерте кезден үлкенді сыйлауға үйретеді. Олар әртүрлі жолмен жүзеге асырылады. Ең бірінші жолы, ата-аналардың өз өнегелері. Содан соң отбасылық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, әртүрлі нанымдар және т.б.

2. Отбасындағы балаларға жүйелі түрде өз бауырларына да көмекші болу керектігін, олардың болашағына адамгершілікпен қарауды түсіндіріп, сендіріп отырады.

3. Балаларды өз бетінше еңбектенуге, қоршаған ортаға, адамдарға үнемі көмектесуге дайын болуға тәрбиелеп, адамдық қасиеттер негізін қалайды.

4. Жастайынан өнерге баулып, шығармашылық қабілеттілігін (сз шешендігі, күй, ән т.б.) қалыптастырады.

Адам қоғамда өмір сүріп, сол қоғамға мүше болып, қандай болса да, іс-әрекеттің бір түрімен айналысады, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім, мінез өзгешеліктерінің жиынтығы оны жеке адам етіп бейнелейді. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп айтуға болады, бірақ ол әлі жеке адам емес. Өйткені, жоғарыда айтылған компоненттердің жиынтығы оларда жоқ. Сондықтан біз жас баланы жеке адам деп қабылдай алмаймыз. Әрбір жеке адамның өзіндік ерекшелігі, дүниетаным, сенімі, талғам, мұраты, қабілет қызығушылығы істеген іс-әрекетінен байқалады. Әрбір жеке адам тарихы әлеуметтік жағдайдың жиынтығы. Өйткені, олар қоғамда, әлеуметтік ортада, ұжымда қалыптасады. Жеке адам дене құрылысы, психикалық көрінісі, әлеуметтік сипаты бар қоғамның мүшесі. Әрбір жеке адамның негізгі белгісі – оның даралық өзгешелігінде. Даралық өзгешелік – оның ақылынан да, сезімі, еркінен де, ойлау-сөйлеуінен де көрініп тұрады. Бұл қасиеттер әр адамда әр түрлі қалыптасады. Яғни ол күнделікті өмірге, адамның өскен ортасына байланысты. Сондықтан жеке адамды қалыптастырудың көзі, негізгі түп-тамыры отбасынан басталады деп айтуға болады.

Отбасы – бұл қоғамның шағын ұясы, ұжымның бір түрі. Адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып қанат қағар қасы-үйі, алтын бесігі.

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы, әжесі, шөбересі т.б.) бірлесіп, әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар. Адам өміріндегі қызығы, дәрежесі, тұрмыстық ахуалы осы өздері құрған отбасы, ошақ қасында өтіп жатады. Отбасы-некеге қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы түрі. Сөйтіп, ол бір-бірін шын сүйетін, бір-біріне қамқор, ортақ шаруаны жүргізу ісінде үлкендермен бірге балалар да атсалысатын, үлкендердің де, балалардың мұқтажы өтеліп жататын біртұтас ұғым. Мұндағы өзара қарым-қатынас сүйіспеншілікке, ер мен әйелдің барлық жағынан толық теңдігінде негізделген. Әр ұрпақтан құралса да отбасындағылардың туысқандығы мен рухани жағынан тілегі, мүддесі бір.

Баланың отбасы аясында қалыптасуы. Бала күн сайын айналасындағы шындықты көре, оған өзі тікелей қатыса, ата-анасынан сын пікір ести өседі, олардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын бақылайды. «Күн сайын ертеден кешке дейін, кей кезде, тіпті түн ортасына шейін отбасында ата-ана, аға-іні, апа-қарындастары тарапынан бала алдында мінез-құлықтың сан алуан үлгілері, олардың еліміз бен шет елдердегі саяси жағдайларға, адамдар мен олардың іс-әрекетіне қатысты, өнеге, ым-ишара, сөз саптау үлгілерінің небір түрлері өтіп жатады».Олай болса, бала отбасының әлеуметтік өміріне әбден араласады екен, бұл жағдай оның біртіндеп қалыптасатын жеке басының мән-мазмұнын белгілейді, сайып келгенде, коғамдық тәрбие отбасынан басталатынын көрсетеді.

Баланың басқа адамдарға, айналасындағыларға қарым-қатынастың қалыптаса бастауы ең алдымен оның туған-туысқан, өзіне жақын адамдарға қатынасын байқатады. Осы қарым-қатынастың ықпалымен оның өзіндік санасы да қалыптасады. Бала сәби кезінен бастап үлкендерден үйренеді. Ол жүруді, сөйлеуді, түрлі заттарды дұрыс пайдалануды, ойлау мен оқуды, еңбек ете білуді ғана үйренбейді, өзін-өзі тани, басқа біреулерді байқай, сезе, ойлана алуға да машықтанады. Ересек адамдармен қарым – қатынас жасау барысында ол моральдық құндылықтар мен мұраттар жүйесін, өзі өмір сүріп отырған қоғам мен әлеуметтік ортаның өзіндік ерекшеліктерін меңгертеді.

Отбасындағы жеке адамдардың бір–бірімен қатынастары (отбасындағы ересек адамдардың бір–бірімен қатынасы, үлкендердің балаларға, балалардың атасы мен әжесіне, әкесі мен шешесіне, балалардың бір-бірінен) және бұл айтылғанның барлық отбасы мүшелерінің көңіл-күйіне қалайша ықпал жасайтындығы белгілі.

Сөйтіп, балаларды тәрбиелеу ата – ананың өздерінің жеке бастарының қалыптасу мәселелерімен тығыз байланысты екен. Балада елгезектік, адамдарға ілтипатпен қарауды қалыптастыру үшін, ата-ананың өздері де қажетті деңгейден табылуы тиіс. Бір кезде Л.Н.Толстой жеке өнегенің, балаға небір керемет ақылкөйлік сөзден гөрі, жүз есе артық «әсер ететіні» ескерткен еді. Бірақ ерлі–зайыптылар көп жағдайларда өздерін тәрбиелеудің қажеттігін тек балалы болғаннан кейін ғана сезіне бастайды.

Балаларды ұжымдық қасиетке тәрбиелеу ісі оларды сонымен бірге болашақтағы отбасылық өмірге дайындаудың негізгі бір бағыты болып табылады, өйткені, ұжымшылдық ерлі – зайыптыларға қажетті сапалардың бірі болып есептелінеді. А.С.Макаренко біздер балада адалдықты, жұмысқа қабілеттілікті, шыншылдықтың әділеттілікті, басқаны құрметтеуді, оның көңіл – күй мен мақсат–мүддесіне ортақтаса алушылықты, өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелей отыра, оған қоса жыныс тәрбиесі жағынан да, отбасылық өмірге дайындық жағынан да тәрбиелеп отырамыз, - деп жазған болатын.

Жеке адам ретінде қалыптасудың негізі – отбасылық тәрбие.Тәрбие бұл жеке адамды мақсатты түрде қалыптастыру әдістерінің жиынтығы. Балаға дұрыс тәрбие беруде эстетикалық тәрбиенің мәні үлкен. Өйткені, баланың адамгершілік сезімін, жеке басының рухани деңгейін кеңейту, мінез-құлқын түзеп, толықтыру тек эстетикалық тәрбиенің еншісінде болмақ.

Ата–ананың жылы жүрегінен, мейірімді жүзінен балаға дүние есігі ашылады. Оның дүниетанымының бастауы отбасынан басталып, мектептегі мұғалім тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан отбасы, мектеп, жұртшылық өзара бірлікте, педагогикалық ынтымақтастықта болуы балаларды дұрыс тәрбиелеуге жетелейді.

Балаға дұрыс тәрбие беру үшін отбасындағы ересектер терең білімді, өнегелі болуы шарт. Бала тәрбиесі көбіне отбасында анасына жүктеледі. Негізінен алып қарағанда балаға тәрбие беруді екі жақты қарастыру керек, яғни әкесі мен анасы тарапынан бірдей қарым–қатынаста болып, нәтижелі тәрбие беруге тырысу қажет. Отбасылық тәрбие ең алдымен балаға нәресте шағынан бастап беріледі. Яғни ол ана құрсағында жатқан шақта оған әр түрлі әңгімелер оқып, музыка тыңдату арқылы, бала өсе келе оны адамгершілікке, сыйластыққа, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға үйрету арқылы, сондай–ақ кішіпейілдікке, мейірімділікке үйретудің маңызы зор.

Қазіргі қоғамдық дамудың кезеңдеріне байланысты туындап жатқан мәселелер, еліміздегі әлеуметтік–экономикалық түбегейлі өзгерістер, саяси – рухани саладағы жаңарулар жалпы педагогика ғылымының күрделі бөлімі-отбасы педагогикасының алдына жаңа міндеттерді жүктеп отыр. Бұл жағдайда мектептегі тәрбие үрдісінің нәтижесі барлық тәрбие ұстанымдарының негізінде педагогикалық ықпалдың және отбасының бір–бірімен байланыстылығы әрі сабақтастығы арқылы ғана іске асырылады. Демек, бұл міндетті іске асыру отбасы мен мектеп мұғалімдерінің үлесіне тиеді. Яғни бұл жағдайды төмендегі сызба арқылы түсіндіруге болады:

 

 

                 
   
Тәрбие
 
Отбасы
   
Мектеп
 
   
Этноәлемдік тәрбие
 
 
   
Жеке адам

 


Яғни, халық тіршілігінде өзінің өміршеңдігін танытқан тәлім-тәрбие қағидалары нәрестеге ана сүтінен дариды. Ендеше қазағымыздың ұлттық мәдени құндылықтарын қастерлей, имандылық, адами қасиеттерін құрмет тұтатын, адамгершілігі мол жеке адамды, тұлғаны қалыптастыру отбасы арқылы іске асырылады.

Қорыта айтқанда, отбасы жеке адамды қалыптастыруда зор маңыз алатын болды. Бірақ бала тек отбасында ғана өсіп жетілмейді, ол келе-келе басқа адамдармен-ересектермен, құрбы-құрдастарымен де қарым-қатынас, оның жеке басының дамуына ықпал ететін басқа коллективтердің-класс, қандай да бір топтар немесе ұжымдар, түрлі таныстардың ауқымына түседі. Жеке адамның дамуын сипаттайтын сапалар туралы біз тектен–текке сөз қозғап отырған жоқпыз; олар – жауапкершілікті өз мойнына ала білу, өзі істеген іске жауап беру, кінәні басқа біреуге аудара салмау – осы мәселелердің ішіндегі ең негізгілері болып табылады. Біз алдымен баланың отбасында тәрбиеленітіні, ал кейінен сол өсе келе баланың отбасына ықпал ететінін түсінуіміз қажет. Тағы да еске сақтайтын нәрсе: сен өз ата-анаң үшін не істей аласың, енді мұны өз балаларыңнан да күтуге тиістісің.

Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова тағы басқалардың тарапынан зерттеліп келеді.Олар өз зерттеулерінде ұлттық дінді ескере отырып, қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Ар-абыройыңды жасыңнан сақта.

2. Жеке адам және өзін-өзі тәрбиелеу.

3. Отбасының әдебі.

4. Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктер.

5. Отбасындағы ізгі дәстүрлердің ықпалы.

Әдебиеттер

1. Андреева Т. В. Семейная психология: Учеб. пособие. — СПб.: Речь, 2004. — 244 с.