Икемділік коэффициенті. 5 страница

Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ

баға индексі

 

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

 

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

 

Номиналды мен нақты ЖҰӨ арасында айырмашылық бар, тауар бағасының өсуі инфляцияға әкеп соғады. Инфляция мөлшері берілген уақыттағы баға деңгейі өсуінің проценттік мөлшері болып табылады. Экономиканың өсу мөлшері нақты ЖҰӨ-нің өсуінің мөлшері болып табылады. ЖҰӨ-нің өсу себептері:

Ø экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;

Ø өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;

Ø өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.

Тауар мен қызмет көрсетудегі орташа баға пайызының өзгеруін баға индексідейміз. Индекті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылдық баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторымен қатар тұтыну бағаларының индексі есептеледі, яғни тұтыну қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтер бағаларының өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш анықталады:

 

Тұтыну бағаларының = Ра х Qқ

индексі Рб х Qқ

 

Мұнда Ра Рб – ағымдағы және базистік жылдың бағалары.

Qқ – тұтыну қоржынына кіретін тауарлардың саны.

Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:

1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.

2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі кіреді.

3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.

Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

 

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

 

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;

G – мемлекеттің сатып алуы,

І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

 

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,

R – ренталық төлемдер,

I – жинақ капиталының пайызы (%),

P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

ЖҰӨ өлшемінің негізгі проблемалары:

- кейбір өнім нарықта сатылмағандықтан, дұрыс өлшембйеді. Бұған мемлекет қызметі, ерікті еңбек және өз пайдасы үшін істелген қызмет кіреді,

- тауар сапасын жақсартуды дұрыс есептеу қиынға соғады,

- кейбір операциялар нақты ЖҰӨ-ге қосалқы түрде өлшенеді.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

 

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

 

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі:

 

ТҰӨ = ЖҰӨ - А

Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы.

ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

 

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

 

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

 

12.1. график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

  Р   АD Ре   АS     Qе Q 1. Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 2. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.  
Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.  

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

Ашық экономикада жиынтық сұраныс өз қатарына таза экспортты да қосады, яғни сыртқы сауда немесе өнімді кіргізу және шығару сияқты құбылыстар болады. Бұл жерде келесі құбылысты ескеру қажет: егер шетелдік өнімдерге қарағанда отандық тауарлардың ішкі бағасы артатын болса, онда импорттық операциялар артады. Жиынтық сұраныс қалыптасуына маңызды рөлді мемлекет атқарады.

12.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

 
 


Р

 

Р1

АD2

Р2

АD1

АD

 

Q1 Q2 ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

Жиынтық сұранысқа (АД) әсерін тигізетін факторлар

       
   


Бағалы Бағасыз

                           
             
 


1 2 3 4 5 6 7

 

1. Байлық эффектісі (Пигу эффектісі) - бағаның жалпы дәрежесі өскенде (азайғанда) жиналған қаржылық активтердің нақты құны төмендейді (өседі). Сондықтан жиынтық сұраныс (АД) азаяды (өседі).

2. Пайыз мөлшерлі жалақысы эффектісі (Кейнс эффектісі) – бағалар өскенде ақшаға сұраныс өседі және пайыз мөлшерлі жалақысы да өседі, сондықтан жиынтық сұраныс (АД) қысқарады.

3. Айырбас курсының эффектісі (Манделл - Флеминга эффектісі)- бағалар төмендегенде, ақша сұранысы азаяды, % мөлшерлі жалақы төмендейді, ұлттық валютаның нақты айырбас курсы төмендейді, таза экспорт өседі және жиынтық сұраныс (АД) өседі.

4. Тұтыну шығындарының өзгеруі:

- Тұтынушылардың табыс деңгейі.

- Тұтынушылардың күтуі

- Тұтынушылардың қарызы.

- Салықтар.

5. Инвестициялық шығындардың өзгеруі:

- Пайыз мөлшері жалақысы.

- Инвестициядан пайда күту

- Кәсіпорындар салықтары.

- Өндірістің күш - куатының артуы.

6. Мемлекет шығындарының өзгеруі.

7. Экспорт пен импорттық шығындардың өзгеруі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

12.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

 

 
 


Р АS

 

 

Q

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.

 

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

- Нарықтық құрырылымы.

- Өнімділік.

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

 

12.4. график. Кейнсиандық сызықтағы AD өзгеруі. 12.5. график. Аралық сызықтағы AD өзгеруі.
Р АS AD1 AD2 P1 Q1 Q2 Q Р АS AD1 AD2 P2 P1 Q1 Q2 Q
Бағалардың тұрақты жағдайында жиынтық сұраныстың өсуі өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі. Жиынтық сұраныстың өсуі баға мен өндіріс көлемінің өсуіне әкеледі.
12.6. график. АД-ның классикалық сызықта өзгеруі  
Р AD2 AD1 АS P2 P1 Q1 Q Жиынтық сұраныстың өсуі классикалық сызықта өндіріс көлемі тұрақты, бірақ бағаның өсуіне әкеледі.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Жалпы ішкі өнім

Жалпы ұлттық өнім

Жеке табыс

Жиынтық сұраныс

Жиынтық ұсыныс

ЖҰӨ-нің дефляторы

Қолда қалған табыс

Макроэкономика

Таза ұлттық өнім

Тұтыну бағаларының индексі

Ұлттық есеп жүйесі

Ұлттық табыс

Бақылау сұрақтары

 

1. Макроэкономика пәні.

2. ҰЕЖ негізгі макроэкономикалық көрсеткіш.

3. ЖҰӨ-ді өлшеу тәсілдері.

4. ЖҰӨ-нің дефляторы.

5. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

6. Жиынтық сұраныс.

7. Жиынтық ұсыныс.

 

 

13 тақырып. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ.

 

1. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.

2. Жұмыссыздықтың зардаптары.

3. Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.

4. Инфляция түрлері. Инфляция қарсы саясат.

Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеп болады.