Меншік обьектілері мен субьектілері.

3. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал – жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап, аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемденудің заңы : еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды. Меншікті бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады. Осы замандағы нарық шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы – ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.

Меншіктің екінші заңы еңбектің меншіктен шектелуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі қалай шешілмек?

Экономикалық бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек тауар мен ақша ағымдарының айналыс сферасы арқылы мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталды жоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс сферасында қолдану, қосымша өнімді, тұңғыш рет экономикалық заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге мүмкіндік берді.

Тауар айналымы заңдарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған нім соның (капиталдың) туындысы ретінде қаралатын болады.

Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмаса да, негізгісі болып табылады. Бұл индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса, онда айналым арқылы иемденген қосымша өнім, капиталға меншігі барлардың арасында бөлінеді. Қажетті өнім, жалақы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің қарамағына түседі. Бұдан әрі табыстан екінші, үшінші, т.т. бөлінуден өтеді.

Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.

Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді. Бұнда бөлудің өлшемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

 

Меншік субъектісі меншік объектісі

Адам,отбасы,әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет, басқару орындары. Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақша, асыл заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар.

Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:

1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.

2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару

3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.

4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.

5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.

6. Табысты бөлу әдістері.

Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):

1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.

2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы

8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.

9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.

10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы

11.Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.

Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.

Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да жүзеге асырылып, оның үлесі меншік түрінің жалпы құрылымында 88,6 % құрады, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі көп болмайды. Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келеді.

Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.

Еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:

1. Жеке иемдену формасы.

2. Ұжымдық иемдену формасы.

3. Қоғамдық иемдену формасы.

Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.

1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жеке меншікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының қалыптасуына бағытталды.

 

Жекешелендірудің тәсілдері

1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2.Кәсіпорын капиталы-ның үлесін сату (акцияларды) 3.Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.  

 

Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.

1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.

2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.

3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.

Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:

1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.

2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.

3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.

4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.

Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесты дамыту;

- жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жекешелендіру

Иемдену

Меншік

Меншік объектілері

Меншік субъектілері

Меншікті мемлекет иелігінен алу

 

Бақылау сұрақтары

1. Меншіктің экономикалық мазмұны.

2. Меншіктің құқықтық мазмұны.

3. Қазақстан республикасындағы меншіктің формалары

4. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесі.

5. Жекешелендіру тәсілдері.

 

5 тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.

1. Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.

2. Тауарлы шаруашылықтың мәні.

3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

 

5.1. кесте

Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

 

Натуралды шаруашылық Тауарлы шаруашылық
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

 

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:

- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:

- нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

- жекеменшіктің болуы;

- тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.

· жеке меншіктің пайда болуы;

· тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

· еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

· қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

· экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбекдеп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы байланыстарды, сондай-ақ қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Көптеген тауарлар массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай тауарлар ұлу қабыршағы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабылеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметі барлық жерде дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

· металдық

· номиналдық

· сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

- Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

- Пайдалануға өте ыңғайлы

- Мүлтіксіз сақталынуы

- Оның қандай да бір болсын пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас құны

Ақша

Құн заңы

Натуралды шаруашылық

Тауар

Тауарлы шаруашылық

Тұтыну құны

 

Бақылау сұрақтары

1. Шаруашылық жүргізудің негізгі тәсілдері.

2. Тауар өндірісінің негізгі даму сипаты.

3. Тауардың негізгі сипаттары.

4. Ақшаның пайда болуы.

5. Ақшаның атқаратын қызметтері мен сипаттары.

6. Ақшаның негізгі концепциялары.

 

 

6 тақырып. НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

1. Нарықтың мәні және түрлері.

2. Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

3. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

- сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

- экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

- рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады

3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше

4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

- өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

- экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

- экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

- өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы

- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

- шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

- шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.