Тапсырма №1497

Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысын төменде аталған қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болады:

A) Жедел периодонтиттің уыттану сатысы

B)+ Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

C) Созылмалы жай пульпиттің өршуі

D) Созылмалы периодонтиттің өршуі

E) Созылмалы шіри пульпиттің өршуі

Тапсырма №1498

Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысына төменде көрсетілген ауру сезімдерінің қай сипаттамасы сәйкес келеді:

А) +Өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

В) Өздігінен пайда болатын ұстамалы солқылдаған ауыру сезімі

С) Ауыру сезімінің иррадиациясы

Д) Суықтан ауыру сезімінің басылуы

Е) Ыстықтан ауыру сезімінің күшеюі

Задание №1499

Периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысына төменде көрсетілген ауыру сезімдерінің қай сипаттамасы сәйкес келеді?

А) Өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезімі

В) +Өздігінен пайда болатын ұстамалы солқылдаған ауыру сезіміы

С) Ауыру сезімінің иррадиациясы

Д) Суықтан ауыру сезімінің басылуы

Е) Ыстықтан ауыру сезімінің күшеюі

Тапсырма №1500

57 жастағы әйел өздігінен пайда болатын тұрақты сыздаған ауыру сезіміне шағымданады, жоғарғы сол жақ тісімен тістегенде ауыру сезімі күшейеді. Анамнезінде - асқынған тісжегіні емдеу кезеңінде.

1 апта бұрын мышяк қойыртпағы қойылған. Қарап тексергенде: 26 тісінде уақытша пломба бар, тісті қағып тексергенде ауыру сезімі бар, түбір ұшы аймағындағы кілегей қабық өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Жедел периодонтит, жалқықтану сатысы

В)+Жедел периодонтит, уыттану сатысы

С) Созылмалы периодонтиттің өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Тапсырма №1501

39 жасар ер адам төменгі оң жақ тісіндегі тісжегі қуысының болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді- шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар. Зондпен терең сүңгілегенде ауырмайды. Рентгеннограммада дистальді түбір ұшы аймағында периодонт саңылауы біркелкі кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Созылмалы гранулденген периодонтит

В) Созылмалы гранулематозды периодонтит

С)+Созылмалы фиброзды периодонтит

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы