Тапсырма №1448

47 жасар әйел жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды,тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар. ЭОМ- 65 мкА

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы дұрысырақ болады:

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С)+ Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Тапсырма №1449

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің таңдаған дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Термометрия

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №1450

39 жасар әйел жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады, ыстықтан күшейеді. Қарап тексергенде: 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

Тапсырма №1451

54 жастағы әйел төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Тіс сауытымен байланысқан.

Диагноз қою үшін аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Сипап тексеру әдісі

В) Қағып тексеру әдісі

С) Рентгенография

Д)+шұқып тексеру

Е)Ауыру тарихын жинау