Тапсырма №1402

27 жасар әйел жоғарғы алдынғы тістерде химиялық тітіркендіргіштерінен ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 21, 22 тістердің вестибулярлы беттерінде домалақ ақау.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған ең дұрыс болады:

A) Перкуссия

B) Рентгенография

C) трансиллюминация әдісі

D) Электроодонтометрия

E) +шұқып тексеру

Тапсырма №1403

55 жасар әйел адам жоғарғы алдыңғы тістерде химиялық тітіркендіргіштерінен ауру сезім пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде. 21, 22 тістердің вестибулярлы беттерінде жылтыр тегіс табанымен және қабырғаларымен, шұқып тексергенде қатты, ауырмайтын, домалақ пішінді ақаулар.

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) бастапқы кариес

B) +кіреукенің эрозиясы

C) кіреукенің некрозы

D) сына тәрізді ақау

E) беткей кариес

Тапсырма №1404

38 жасар ер адам жоғарғы және төменгі тістерде ақ түсті дақтар пайда болуына шағымданады. Тістердің түсінің өзгеруін бала жасынан байқаған. Қарап тексергенде. 21, 22 тістердің вестибулярлы беттерінде көп қоңыр түсті дақтар байқалады.

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) Флюороз, дақты түрі

B) +Флюороз, эрозивті түрі

C) Флюороз деструктивті түрі

D) Флюороз, штрихты түрі

E) Флюороз, борлы-теңбіл түрі

Тапсырма №1405

20 жасар қыз жоғарғы және төменгі тістерде косметикалық жағынан дақтар пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде: төменгі және жоғарғы алдыңғы тістерде ойықтары бар ақшыл-қоңып түсті дақтар байқалады. Ойықтарының қабырғаларын зондпен шұқып тексергенде қабырғалары тығыз, тегіс, ауырмайды.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысын қолданған ең дұрыс болады:

A) +ауру анамнезін жинау

B) Рентгенография

C) Перкуссия

D) Электроодонтометрия

E) температуралық тітіркендіргіштеріне реакция

Тапсырма №1406

18 жасар жігіт жоғарғы тістердің косметикалық дефектіне шағымданады. Тістердің түсінің өзгеруін бала жасынан байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: ортаңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші үлкен тістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан борлы бақтар. Дақтардың беті – жылтыр, тегіс. 2% метилен көгі ертіндісімен дақтар боялмайды.

Алғашқы диагноздардың қайсысы ең дұрыс болып келеді:

A) Флюороз, штрихты түрі

B) бастапқы кариес

C) +жүйелі гипоплазия

D) Флюороз, борлы-теңбіл түрі

E) Флюороз, эрозивты түрі