Задание №1207

Жалпы тісжегі факторына әсер ететін төмендегілердің барлығы, ТЕК ҚАНА біреуінен басқа жатады:

1) Тағам құнарлығының сипаттамасы

2) қолданстағы ішетін суда фтордың болуы

3) жвлпы соматикалық аурулар

4) күйзелісті жағдай

5) +ауыз қуысының сұйықтығының құрамы мен құрылысы

! 1208

Төменде көрсетілгендердің, ТЕК біреуінен басқасының барлығы, жергілікті кариесогенді факторларға жатады:

1) Ауыз қуысының гигиенасының сапасы

2) + Тамақтану рационының сипаты

3) тіс қақатарындағы микроорганизмдер

4) Ауыз сұйықтығының қасиеті

5) Ауыз сұйықтығының құрамы

! 1209

Төменде көрсетілгендердің, ТЕК біреуінен басқасының барлығы, тістің кариесрезистенттілігін анықтаушы факторларға жатады:

1) тіс тіндерінің құрылымының толық қалыптасуы

2) Тіс тіндерінің құрамы

3) Тіс тіндерінің қасиеттері

4) Генетикалық код

5) + Тамақтану рационының сипаты

! 1210

Тіс сауытында тісжегінің сирек дамитын (наименее восприимчивым )жеріне жатады:

1) Фиссуралар

2) Тұйық тесіктер

3) + Тіс төмпешіктері

4) Апроксимальді беті

5) Мойын бөлігі

!1211

Төменде берілгендердің,ТЕК біреуінен басқасының барлығы, тіс сауытының тісжегіге тұрақты жеріне жатады:

1) Фиссура

2) Тұйық тесік

3) +Кесу қырлары

4) Апроксимальді беті

5) Мойын бөлігі

!1212

Төменде берілген ауыз сұйықтығының қасиеттерінің қайсысы, тісжегінің пайда болуы мен дамуына жағдай тудырады?

1) Сілекейдің секрециясының жоғарылауы

2) Сілекейдің реминералдаушы қасиетінің жоғарылауы

3) Сілекейде sIgA концентрациясының жоғары болуы

4) +Сілекей тұтқырлығының жоғарылауы

5) Ауыз сұйықтығында фтордың құрамы1 мг/л

! 1213

Төменде берілген ауыз сұйықтығының қасиеттерінің, ТЕК біреуінен басқасының, барлығы тістің тісжегіге тұрақтылығына әсер етеді?

1) Сілекейдің секрециясының жоғарылауы

2) Сілекейдің реминералдаушы қасиетінің жоғарылауы

3) Сілекейде sIgA концентрациясының жоғары болуы

4) +Сілекей тұтқырлығының жоғарылауы

5) Ауыз сұйықтығында фтордың құрамы1 мг/л

! 1214

Интактілі кіреукедегі микрокеңістіктер көлемі, жалпы кіреуке көлемінің қанша үлесін құрайды:

1)+ 0,5-1%

2) 2-2,5%

3) 3-3,5%

4) 4-4,5%

5) 5-5,5%

!1215

Бастапқы тісжегі кезіндегікіреукедегі микрокеңістіктер көлемі, жалпы кіреуке көлемінің қанша үлесін құрайды:

1) 0,5-1%

2) 5-5,5%

3) 3-3,5%

4) 10-15%

5) +20-25%

! 1216

Орта тісжегі кезіндегі тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда, қанша белдеулер ажыратылады:

6. 5

7. 4

8. +3

9. 2

10. 1

!1217

Терең тісжегі кезіндегі тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда, қанша белдеулер ажыратылады:

6. 5

7. 4

8. +3

9. 2

10. 1

!1218

Кіреукеде төмендегі берілген қасиеттердің, ТЕК біреуінен басқасының барлығы бар:

1) Сау кіреукенің ерігіштігі

2) +Регенерацияға бейімділігі

3) Өткізгіштік

4) Микроқаттылық

5) Электр өткізгіштік

!1219

Бастапқы тісжегі кезінде тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде, 5 белдеуі анық көрінетін, үшбұрышты зақымдалу ошағы анықталды, Осы 5 белдеудің біреуінде фтордың құрамы азайған, ал кіреукедегі микрокеңістіктер көлемі, жалпы кіреуке көлемінінен 3% артқан. Деминерализации, дисминерализации және реминерализации ошақтары анықталады.

Жоғарғыда келтірілген патоморфологиялық сипаптама, қандай қабат пен белдеуге НЕҒҰРЛЫМ жақынырақ?

1) 5 белдеу (ішкі қабат)

2) 3 белдеу (ортаңғы қабат)

3) 4 белдеу (аралық қабат)

4) 2 белдеу (беткі қабат асты қабаты)

5) +1 белдеу (беткі қабат)

!1220

Бастапқы тісжегі кезінде тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде, 5 белдеуі анық көрінетін, үшбұрышты зақымдалу ошағы анықталды, Осы 5 белдеудің біреуінде кальцидің құрамы азайған, ал жалпы кіреуке көлемінімен салыстырғанда кіреукедегі микрокеңістіктер көлемі 14%жеткен. Кіреукенің өткізгіштігі артқан.

Жоғарғыда келтірілген патоморфологиялық сипаптама, қандай қабат пен белдеуге НЕҒҰРЛЫМ жақынырақ?

1) 5 белдеу(ішкі қабат)

2) 3 белдеу (ортаңғы қабат)

3) 4 белдеу (аралық қабат)

4) +2 белдеу (беткі қабат асты қабаты)

5) 1 белдеу (беткі қабат)

! 1221

Бастапқы тісжегі кезінде тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде, 5 белдеуі анық көрінетін, үшбұрышты зақымдалу ошағы анықталды, Осы 5 белдеудің біреуінде кальцидің құрамы азайған, ал жалпы кіреуке көлемінімен салыстырғанда ошақтағы кіреукедегі микрокеңістіктер көлемі 20-25%жеткен. Ошақтағы кіреукенің өткізгіштігі артқан.

Жоғарғыда келтірілген патоморфологиялық сипаптама, қандай қабат пен белдеуге НЕҒҰРЛЫМ жақынырақ?

1) 5 белдеу(ішкі қабат)

2) + 3 белдеу (ортаңғы қабат)

3) 4 белдеу (аралық қабат)

4) 2 белдеу (беткі қабат асты қабаты)

5) 1 белдеу (беткі қабат)

! 1222

Бастапқы тісжегі кезінде тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде, 5 белдеуі анық көрінетін, үшбұрышты зақымдалу ошағы анықталды, Осы 5 белдеудің біреуінде жалпы кіреуке көлемінімен салыстырғанда ошақтағы кіреуке микрокеңістіктер көлемі 15-17%жеткен.

Жоғарғыда келтірілген патоморфологиялық сипаптама, қандай қабат пен белдеуге НЕҒҰРЛЫМ жақынырақ?

1) 5 белдеу(ішкі қабат)

2) 3 белдеу (ортаңғы қабат)

3) +4 белдеу (аралық қабат)

4) 2 белдеу (беткі қабат асты қабаты)

5) 1 белдеу (беткі қабат)

!1223

Бастапқы тісжегі кезінде тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде, 5 белдеуі анық көрінетін, үшбұрышты зақымдалу ошағы анықталды. Осы 5 белдеудің біреуінде жалпы кіреуке көлемінімен салыстырғанда ошақтағы кіреуке микрокеңістіктер көлемі 0,75-1,5 %жеткен.

Жоғарғыда келтірілген патоморфологиялық сипаптама, қандай қабат пен белдеуге НЕҒҰРЛЫМ жақынырақ?

1) +5 белдеу(ішкі қабат)

2) 3 белдеу (ортаңғы қабат)

3) 4 белдеу (аралық қабат)

4) 2 белдеу (беткі қабат асты қабаты)

5) 1 белдеу (беткі қабат)

! 1224

Тіс шлифтерін поляризациялық микроскоп әдісімен зерттегенде кіреукедентин байламы бұзылмаған, кіреукедегі деструкциялық ошақ анықталды.

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысына, жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) Орта тісжегі

2) Терең тісжегі

3) Тісжегінің дақты кезеңі

4) +Беткей тісжегі

5) Асқынған тісжегі

!1225

Тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда үш белдеу анықталды: а) ыдырау және деминерализациялану; б) мөлдір және интактілі; в) орын басушы дентин және тісұлпасындағы өзгерістер;

Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысына, жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) +Орта тісжегі

2) Терең тісжегі

3) Тісжегінің дақты кезеңі

4) Беткей тісжегі

5) Асқынған тісжегі

!1226

Тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда анықталған белдеулердің біреуінде көп мөлшерде микроорганизмдері бар,бұзылған дентин мен кіреуке қалдықтары анықталды. Дентин түтікшелері деформацияланған,кей-жерлерінде бір-бірімен қосылып бактериялармен толған қуыстар түзеді.

Жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме қай белдеуге НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) +ыдырау және деминерализациялану белдеуі

2) мөлдір дентин белдеуі

3) интактілі дентин белдеуі

4) орын басушы дентин белдеуі

5) ұлпа өзгерістері бар белдеу

!1227

Тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда анықталған белдеулердің біреуінде, минералданудың жоғарылағандығы, дентин түтіктерінің саңылауының тарылғандығы анықталды .

Жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме қай белдеуге НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) ыдырау және деминерализациялану белдеуі

2) +мөлдір дентин белдеуі

3) интактілі дентин белдеуі

4) орын басушы дентин белдеуі

5) ұлпа өзгерістері бар белдеу

!1228

Тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда анықталған белдеулердің біреуінде, дентин түтіктерінің бағыттарының өзгергендігі, олардың иректелуі анықталды .

Жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме қай белдеуге НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) ыдырау және деминерализациялану белдеуі

2) мөлдір дентин белдеуі

3) интактілі дентин белдеуі

4)+орынбасушы дентин белдеуі

5) ұлпа өзгерістері бар белдеу

! 1229

Тіс шлифін сәулелі микроскоппен қарағанда анықталған белдеулердің біреуінде, одонтобластардыңсанының азайғандығы, олардың дұрысемес орналасуы анықталды .

Жоғарғыда көрсетілген патоморфологиялық суреттеме қай белдеуге НЕҒҰРЛЫМ сай келеді?

1) ыдырау және деминерализациялану белдеуі

2) мөлдір дентин белдеуі

3) интактілі дентин белдеуі

4)орынбасушы дентин белдеуі

5) +ұлпадағы өзгерістері бар белдеу

!1230

Негізінде тіс тіндерінен минералды компоненттердің азаюы жататын, патологиялық процесс аталады:

6. Реминерализациялану

7. +Деминерализациялану

8. Склероздану

9. Некроздану

10. Деструкциялану

!1231

Тісжегінің жіктелуіне төменде аталған белгілердін, ТЕК біреуінен басқасының барлығы жатады:

1) Орналасуына

2) зақымдалу тереңдігіне

3) Клиникалық ағымына байланысты

4)+ Морфологиялық өзгерістеріне байланысты

5) Тіндердің зақымдалу сипатына қарай

! 1232

Төменде берілген белдеулердің, ТЕКбіреуінене басқасы, тіс сауытының тісжегіге тұрақсыз зонасына жатды:

1) Фиссуралар

2) Тұйық тесіктер

3) +саутының экваторы

4) Апроксимальді беттер

5) Мойын бөлігі

!1233

Тек тістің қатты тіндері патологиялық процесске ұшырайтын тісжегінің аталуы:

1) Беткей

2) Орта

3) Терең

4) +қарапайым

5) Асқынған

!1234

Тістің қатты тіндері ғана емес, сонымен бірге ұлпа және периодонтта патологиялық процесске ұшырайтын тісжегінің аталуы:

1) Беткей

2) Орта

3) Терең

4) қарапайым

5)+ Асқынған

!1235

Бұл теорияның авторы тісжегінің дамуы екі кезеңде өтеді дейді:

а) гликолиз заттарымен сілекейдің рН өзгеруі әсерінен кіреукеде деминерализация басталады

б) микробты бұзылуы

Осы тісжегінің патогенезі теориясының авторын атаңыз:

6) А.Э.Шарпенак

7) Schatz, Martin

8) Д.А.Энтин

9) +Miller

10) И.Г.Лукомский

!1236

Төменде берілген авторлардың қайсысы, тісжегі патогенез теориясында тісжегінің дамуы екі кезеңде өтеді дейді:

а) органикалық мактрикстың протеолизі

б) ауыз сұйықтығының комплексондары әсерінен кіреукенің минералды компоненттері ериді.

Осы тісжегінің патогенезі теориясының авторын атаңыз:

6. А.Э.Шарпенак

7. +Schatz, Martin

8. Д.А.Энтин

9. Miller

10. И.Г.Лукомский

! 1237

Төменде берілген авторлардың қайсысы, тісжегі патогенез теориясында тісжегінің дамуы ұлпа –тіс-сілекей жүйесіндегі физико-химиялық процесстермен байланысты дейді:

6. А.Э.Шарпенак

7. Schatz, Martin

8. +Д.А.Энтин

9. Miller

10. И.Г.Лукомский

!1238

Төменде көрсетілген кіреукенің қасиеттерінің негізінде, оның бастапқы тісжегі кезінде реминерализацииялану мүмкіндігі жатыр?

1) Электроөткізгіштігі

2) Ерігіштігі

3)+Өткізгіштігі

4) Жылу өткізгіштігі

5) Микроқаттылығы

!1239

45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде терең тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) +Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

! 1240

45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

A) температуралық тітіркендіргіштер

B) +Электроодонтометрия

C) трансиллюминация әдісі

D) Рентген

E) Перкуссия

!1241

45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1242

46 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Шұқып тексеру

Д) Қағып тексеру

Е) +Электроодонтометрия

!1243

48 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады. Шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) +Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

!1244

49 жасар ер адам төменгі оң жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Өмір тарихын жинау

Д) Қағып тексеру

Е)+ Электроодонтометрия

! 1245

50 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді-шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады, шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады. ЭОМ -45мкА

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1246

32 жастағы әйел 37 тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде : 37 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, іші өскен тіндермен толған, ауыру сезімі аз және шұқып тексергенде қанайды. Тіс сауытының жан-жағын шұқығышпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысыннан тыс жатыр.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Қағып тексеру

В)+ Рентгенография

С) Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Трансиллюминация әдісі

!1247

33жасар әйел адам ас қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы анықталады, ашылған ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

! 1248

32 жасар әйел адам 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, ашылған ұлпа мүйізшесі қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1249

20 жасар жігіт төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі ұлғаяды. Тісі таң ертеңнен бері ауырып тұр. Науқастың дені сау. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс сауытымен байланыспаған, терең тісжегі қуысы көрінеді. Қуыстың табанын шұқып тексергенде ұлпаның бір мүйізше тұсында ауыру сезімі бар. ЭОД -24мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) +Консервативтік әдіс

!1250

18 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Денсаулығы жақсы, аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауыру сезімі бар. ЭОМ-35 мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1251

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

!1252

32 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

! 1253

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын, жылдам дамитын терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін таңдау НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

!1254

19 жасар жігіт жоғарғы оң жағындағы тісінің қысқа уақытқа созылатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезі –теріс. Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсында ауыру сезімі бар, тіс сауыты ашылмаған. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар. ЭОМ-25мкА. Қағып тексрегенде тіс ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) +Консервативтік әдіс

!1255

32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде жұмсарған, ашық түсті дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

  1. +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция
  2. Өмір тарихын жинау
  3. Ауыру тарихын жинау
  4. Рентгентексеру
  5. Шұқып тексеру

! 1256

33 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды,тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар. ЭОМ- 65 мкА

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С)+ Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

!1257

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

!1258

35 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады, ыстықтан күшейеді. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1259

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Тіс сауытымен байланысқан.

Диагноз қою үшін аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Сипап тексеру әдісі

В) Қағып тексеру әдісі

С) Рентгенография

Д)+шұқып тексеру

Е)Ауыру тарихын жинау

!1260

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде көрінген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Периодонттың созылмалы қбынуы

С) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

! 1261

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

! 1262

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1263

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) +Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

!1264

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын реакциясы бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) +Ұлпаның жедел толық қабынуы

В) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

С) Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Жедел дамыған терең тісжегі

!1265

16 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексерегенде ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) +Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1266

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В)+ электроодонтометрия

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) Сипап тексеру

!1267

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)+ Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел толықтай қабынуын

С) Жылдам дамитын терең тісжегі

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

!1268

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. ЭОД-22мкА.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) +Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1269

35 жасар ер адам төменгі сол жағындағы тісінің ас қабылдағанда ұзақ сыздап ауыратындығана шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы көрінеді. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды. Қағып тексергенде ауырмайды, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) +Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

С) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Д) Жедел дамыған терең тісжегі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуы

!1270

40 жастағы әйел төменгі сол жағындағы тісінің ауыратындығына, температуралық тітіркендіргіштерден және түнгі уақытта ауыру сезімінің ұлғаятындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің медиальді-шайнау бетінде салбыраған қырлары бар, іші ас қалдықтарына толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде сауыт қуысымен байланысқандығы анықталды. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жалпылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

С) +Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның жедел шіри қабынуы

Е) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

! 1271

50 жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ауру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) +термометрия

!1272

50 жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

С) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д)+ Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

! 1273

50 жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Қағып тексергенде ауырмайды. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)+Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

!1274

42 жасар әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы үлкен тісжегі қуысы көрінеді.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) + Зондпен тексеру

С) Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) Термометрия

!1275

45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Қызылиек полипі

В) Тіс сауытының табанының перфорациясы

С) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Д)+ Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

!1276

Ұлпаның созылмалы өсе қабынуын тіс сауытының табанының перифорациясымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)+ Рентгенография

В) Сипап тексеру

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

!1277

42 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар,іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) +Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

! 1278

25 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады.Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. Тісіне мышьяк пастасының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломбы астында, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) Зондпен тексеру

С) + Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) Температуралық тітіркендіргішке реакция

! 1279

22 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. Тісіне мышьяк пастасының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломбы астында, перкуссияда-ауырады, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Периодонтиттің жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В)+ Периодонтиттің жедел қабынуы, уыттану сатысы

С) Периодонтиттің созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

!1280

Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) +Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен аз уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

! 1282

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) + ұстама тәрізді, ұзақ солқылдаған ауыру сезім, ыстықтан күшееді

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

!1283

Ұлпаның жедел жалпы қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) +Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру ыстыктан удейд1

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

!1284

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақытаралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) +Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

!1285

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы жәй қабынуын салыстыруға болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуымен

В) Баяу дамыған терең тісжегімен

С) +Жедел дамыған терең тісжегімен

Д) Периодонттың созылмалы қабынуымен

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуімен

!1286

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық белгілеріне аталғандардың барлығы жатады, ТЕК мынадан басқасы:

А) Сауыттың түсінің өзгеруі

В) Тіс қуысы мен тісжегі қуысының байланысы

С) Терең сүңгілеп тексергенде ауырады

Д)+ Сауыт ұшы проекциясында жыланкөз бар

Е) Беткей сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі жоқ

! 1287

Ұлпаның созылмалы шіри қабыну кезінде ұлпаның электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

А) 2-6мкА

В) 10-15 мкА

С) 20-30мкА

Д) +60-90мкА

Е) 100-110мкА

! 1288

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршүін салыстыруға болады?

А) Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысымен

В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуімен

С) Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысымен

Д)+ Периодонттың созылмалы қабынуының өршуімен

Е) Ұлпаның жедел жалпы қабынуымен

!1289

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның жедел жартылай қабынуын салыстыруға болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуімен

В) + Жедел дамыған терең тісжегімен

С) Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысымен

Д) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуімен

Е) Баяу дамыған терең тісжегімен

!1290

25 жастағы жас жігіт жоғарғы жақтың тістерінде косметикалық ақауға шағымданады. Тіс кіреукесінің түсінің өзгеруі кішкентай кезінен барын айтады. Кішкентай кезінде рахитпен ауырған. Қараған кезде: орталық және бүйір күрек тістерінде және бірінші үлкен азу тістерінің вестибулярлы бетінде - симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар орналасқан. Дақтың беті- тегіс, жылтыр. Дақтар 2% метилен көгінің ертіндісіне боялмайды.

Қандай алдын ала диагноз НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1) Флюороз, жолақты түрі

2) бастапқы тіс жегі

3) + гипоплазия дақты түрі

4) Флюороз, борлы теңбіл түрі

5) Флюороз, эрозиялы түрі

!1291

72 жастағы ер адам косметикалық ақаумен шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі сүйір және кіші азу тістердің тістердің вестибулярлы бетінің мойын аймағында үшбұрыш тәрізді ақаулар байқалады. Дақтың беті жылтыр, зонд тірелмейді.

Диагнозды қою үшін тексеру әдістерінің қайсысын пайдалану керек:

1) Рентгенография

2) Термометрия

3) + Трансиллюминация әдісі

4) Электроодонтометрия

5) Перкуссия