Тапсырма №1192
38 жастағы әйел төменгі оң жақ тісінде тамақ қабылдағанда пайда болатын қысқа мерзімді ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 45 тістің медиальды-шайнау бетінде кіреуке жиектері өзгерген бор тәрізді борпылдақ іші көп мөлшерде ақшыл ыдыранды дентинге толы тісжегі қуысы бар екені анықталды .
Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысын емдеу мақсатта қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ ?
1) + Жансыздандыру, тісжегі қуысын егеп тазалау, медикаментті өңдеу, емдік, аралық төсем салу, тұрақты пломба қою.
2) Тісжегі қуысын егеп тазалау, медикаментті өңдеу, тұрақты пломба қою.
3) Тісжегі қуысын егеп тазалау, медикаментті өңдеу, аралық төсем салу, тұрақты пломба қою.
4) Жансыздандыру,эндодонтиялық жол ашу, витальды экстирпация
5) Ремтерапия
Тапсырма №1193
Ұлпа маңы дентинге дейінгі орналасқан тісжегі қуысының бар болуы терең тез дамитын тісжегі мен ұлпаның жедел жартылай қабынуының жалпы көрінісі болып табылады.
Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысын дифференциалды диагностика жасау үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ ?
1) + Ауру сезімінің түрі
2) Тіс қуысымен байланыстың болуы
3) Тісті қағып тексерудің нәтижелері
4) Тісжегі қуысының табанын шұқып тексеру нәтижелері
5) Рентгенография нәтижелері
Тапсырма №1194
Терең тісжегіні емдеуде тістің ұлпасына одонтотропты әсер ететін емдік төсемдерге төменде көрсетілген емдік төсемдердің барлығы жатады ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы ?
1) Дайкал
2) Лайф
3) Реокаб
4) Септокал
5) +Биодент
Тапсырма №1195
Температуралық тітіркендіргішке себепті ауру сезімі пайда болатын және тітіркендіргішті алғаннан кейін тез басылатын ауру сезімі терең және орта тісжегінің жалпы көрінісі болып табылады.
Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысын дифференциалды диагностика жасау үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ ?
1)+ Тісжегі қуысының тереңдігі
2) Тіс қуыысымен байланыстыру
3) Қағып тексерудің нәтижесі
4) Тіс сауытының түсінің өзгеруі
5) Рентгенографиия нәтижесі