Задание №1178

Жедел дамыған терең тісжегі ауру кезінде клиникалық белгілеріне қайсысы жатады;

1) ашық түсті ыдыранды дентиннің шамадан көп болуы

2) тісжегі қуысының терең

3) +кіреуке жиегі бор тәріздес түсінің өзгеруі

4) табанын шұқып тексергенде ауру сезімі өте қатты емес

5) ұлпаның электр қозғыштығы 2-6 мкА

 

!1179

Баяу дамыған терең тісжегі ауру кезінде клиникалық белгілеріне қайсысы жатады;

1) ашық түсті ыдыранды дентиннің шамадан көп болуы

2) тісжегі қуысының терең

3) +кіреуке жиегі бор тәріздес түсінің өзгеруі

4) табаны тығыз, пигменттелген

5) ұлпаның электр қозғыштығы 10-12 мкА

 

!1180

Жедел дамыған терең тісжегі ауру кезінде клиникалық белгілеріне барлығы ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы :

1) кіреуке қырлары түсі бор тәріздес

2) ыдырынды дентиннің көп болуы

3) терең тісжегі қуысы ұлпа маңы дентин шекарасында

4) ыдыранды дентин аспаптармен оңай алынады

5) +тіс табанын шұқып тексергенде тығыз

 

!1181

Баяу дамыған терең тісжегі ауру кезінде клиникалық белгілеріне барлығы ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы :

1) +кіреуке қырлары түсі бор тәріздес

2) ыдырынды дентиннің көп болуы

3) терең тісжегі қуысы ұлпа маңы дентин шекарасында

4) ыдыранды дентин аспаптармен оңай алынады

5) тіс табанын шұқып тексергенде тығыз

!1182

45 жастағы әйел адам жоғары жағының оң жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратына шағымданады. Қарап текскргенде:26 тістің дистальді-шайнау бетінде бор тәрізді жиегі өзгерген ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы бар.

Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюдаНЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

1) Рентгенография

2) витальді бояу әдісі

3) трансиллюминация тәсілі

4) +Электроодонтометрия

5) қағып тексеру

!1183

45 жастағы әйел адам жоғары жағының оң жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратына шағымданады. Қарап текскргенде: 26 тістің дистальді-шайнау бетінде бор тәрізді жиегі өзгерген ыдыранды дентинге толы терең тісжегі қуысы бар.

Төменде берілген болжам диагнозы қоюда қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

1) орта тісжегі

2) баяу дамыған терең тісжегі

3) +жедел дамыған терең тісжегі

4) ұлпаның созылмалы қабынуы

5) жедел ұлпаның қабынуы

!1184

29 жастағы ер кісі ауыз қуысын санациялау мақсатымен келген. Қарап тексергенде : 36 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы бар екені анықталды. Тісжегі қуысының табаны пигменттелген, шұқып тексергенде ауру сезімсіз.

Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ?

1) Рентгенография

2) Витальды бояу әдісі

3) Трансиллюминация әдісі

4) +Электроодонтометрия

5) Тісті қағып тексеру

!1185

29 жастағы ер кісі тісжегі қуысының бар екеніне шағымданады. Қарап тексергенде : , 36 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы бар екені анықталды. Тісжегі қуысының табаны пигменттелген, шұқып тексергенде ауру сезімсіз.

Ұлпаның электроқозғыштығы 6 мкА тең.

Төменде аталған болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді ?

1) Орта тісжегі

2) Созылмалы периодонтит

3) Созылмалы пульпит

4) Терең тез дамитын тісжегі

5) + Терең баяу дамитын тісжегі