Тапсырма №1343

18 жасар қыз косметикалық ақауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 12 тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде бор тәрізді дақ көрініп тур, зондпен шұқып тексергенде беті кедір-бүдір.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) + витальды бояу әдісі

B) температуралық тітіркендіргіштеріне реакция

C) Электроодонтометрия

D) аурудың тарихын жинау

E) Перкуссия

Тапсырма №1344

48 жасар әйел адам төменгі оң жақтың тісінде тісжегі қуысының пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 45 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен баланыспаған, ас қалдықтарына толған тісжегі қуыс көрінеді. Қуыстың табаны тығыз, пигменттелеген, шұқып тексергенде ауырмайды. Суық суға тіс жауап бермейді.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) аурудың тарихын жинау

B) +Электроодонтометрия

C) витальды бояу әдісі

D) Трансиллюминация әдісі

E) Перкуссия

Тапсырма №1345

59 жасар ер адам ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 26 тістің шайнау бетінде орта көлемді тісжегі қуысы бар.

Диагноз қою үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданған неғурлым дұрыс болып келеді?

A) Пальпация

B) +Термометрия

C) витальды бояу әдісі

D) Трансиллюминация әдісі

E) Рентгенография

Тапсырма №1346

33 жасар ер адам ауыз қуысын сауықтандыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 37 тістің шайнау бетінде орта көлемді тісжегі қуысы бар. Эмаль-дентин шекарасын зондпен шұқып тексергенде ауырады, суыққа тез басылатын ауру сезім.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс болып келеді?

A) беткей кариес

B) +орта кариес

C) терең кариес

D) созылмалы периодонтит

E) созылмалы пульпит

!1347

25 жасар әйел адам жоғарғы оң тістің тәттіден тез басылатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 16 тістің шайнау бетінде жабынды дентинаймағында жатқан тісжегі қуыс көрінеді. Эмаль-дентин шекарасын зондпен шұқып тексергенде ауырады, перкуссия ауырмайды.

Төменде аталған алғашқы диагноздарының қайсысы дұрыс болып келеді?

A) бастапқы кариес

B) беткей кариес

C) +орта кариес

D) баяу дамитын терең тісжегі

E) жылдам дамитын терең тісжегі