Рай категориясы

Сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модалъдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы болып табылады.

Етістік модальдылық мәнге өте бай сөз табы. Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеу-

шінің көзқарасы, пікірі, бағасы (анықтығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмәнділігі, болжамдылығы, жорамалдылығы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б.) қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мәнінің бірден-бір грамматикалық (категориялық) көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылық мәнін толық қамтый алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдығы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болғанымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді. Мысалы, адам-су, білгіш-сіну, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу, кел-гіштеу сияқты сөздер қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік қана емес, сонымен бірге -сы, (-сі), -сін (-сын), -сір, (-сыра), -іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар қимылға бәлдену, тыраштану „әлденемедегі бола қалып, болып көріну", бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту, зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну, қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық, жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі, үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық реңктер үстейді. Сондай-ақ негізгі етістік пен модаль сөздерінің тіркесінен құралған тіркесті түбір етістіктер де әр түрлі модаль мәндерін білдіреді: барған (-атын), сияқты (тәрізді), айтуға тиіспін (тиістімін), айтуың керек (қажет, мүмкін, тиіс) т.б. Бұл сияқты етістік қосымшалары мен тіркесті түбір етістіктердің модальдылық мәні күмән тудырмайды, бірақ рай категориясының ауқымына енбей жүр, себебі, біріншіден, модаль мән, реңк тудыратын қосымшаларда категориялық сипат жоқ, барлық етістікке я етістіктің белгілі бір грамматикалық тобына әрдайым жүйелі түрде жалғана алмайды, екіншіден, олардың көпшілігінің І (-сы, -сі, -сын -сін, -сындық, -ғыш-та, -ғыш-те т.б.) сөзжасамдық қасиеті бар немесе жоғарыда көрсетілгендей, лексика-грамматикалық сипаты бар, етістік түбірінің грамматикалық сипатына (2-жақ жекеше бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуі, тікелей жіктелмеуі, сол тұлғасында қолданыла алмауы) сай келеді, үшіншіден, негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік табиғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені соңғы үлгінің таза морфологиялық сипатынан гөрі семантиклық (мағыналық), синтаксистік (қатынастық, қызметтік) мәні басым сияқты көрінеді және ол модаль сөздердің көпшілігі осы мәнде – қызметте есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді 7—1086аяқтап (предикатты қызметін атқарып) ойдың, модальдығын да білдіріп тұрады. „Модаль сөздер мен модаль шылаулардың ашық рай формаларымен жиі қолданылуы нәтижесінде көптеген аналитикалық модаль тіркестер туған (ЫА -ҚҚТ, 325). Немесе кейде модальдылықты екі түрге бөліп, рай арқылы модальдылықтың берілуі объективті модальдылық деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъективті модальдылық деп те көрсетіледі. (ҚҚТ, 241)

Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А.Ысқақов жалпы бұл сияқты рай түрлерін жоққа шығарғанымен, рай категориясын (етістіктің модальдығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай „екі топқа реальды немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреальды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды", сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай „бір-біріне қарама қарсы қойылып қаралады" (ЫА -ҚҚТ, 322-333). И.Маманов дәстүрлі төрт райдың үстіне „шарттылық рай мен өкініш рай" деп тағы екі түрін қосқан" (М.И. -ҚҚТ, 119-154). Айта кету керек, ғалымның шарттылық рай деп отырғаны ашық райдың бір түрі де, өкініш рай дегені ниет, тілек мәніндегі қалау райдың бір түрі сияқты.

Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде болу-болмауын білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты (өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетінін) сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз екінші жағынан ашық рай екен де, енді ашық райдың сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады.

Бұйрық рай айтушының тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-жаққа) қаратылып, бұйыра, сұрай айтылатын, өзіне (1-жаққа) байланысты қимылды, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін білдіріп, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні – бұйрықтық мағына. Бұйрықтық, негізінен алғанда, 2-жаққа байланысты болып отырады: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж). Ғылым таппай мақтанба(А).Ей, жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!(Ы.А)Енді сен жүре бер, аздан соң жауабын өзім берейін (Ә.Ә.) „Көктің құсы, жаздың аңы аман тұрғанда, оң көзім, екі қолым аман тұрғанда, мені қарны ашып өзегі талады деп ойламаңдар (С.М.) Өзіңіз шаршағансыз, осында қона кетіңіз (М.Г.) Тоңғандарың мына тұс-тұсындағы ауылдарға барып, жылынып қайтыңдар(М.Ә.).Құдықты шапшаң қазып, самауырды тез қойып жіберіңдер (М.Ә.) Сендер ананы Горькийше сүйіңдер (С. Бақб.).

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен тіле), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады. Тілегім бақыт тап та, өмірлі бол, Қорлықпен ағармасын қара шашың (Қ.А.) Шөл дала сусын ішсін, шөлі қансын. Алма өссін, гүл бақшасы жапырақ жарсын. Сайрандап адам ұлы кең дүниеде, Бұлбұл құс бойы балқып, әнге салсын (Ж) Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез (А). К,айратпен кіріп жалынбай, Ақылмен тауып ойласын. „Мен қалайға салынбай, Жылы жүзбен жайнасын.(А).

1-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәні басым болады, өйткені одан (сөйлеуші) өзіне-өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді ғой. Соған қарап 1-жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен шығару керек деген де пікір жоқ емес. Сөйле десең, сөйлейін сөз келгенде ... – Жолдан адасып көп күн жүрсек, бізге тамақ керек болар, үйректі де ұстап алайық, -деді (Ы.А) Алдымда толған мақсат, толған таңдау, Алайынмынасын ба, анасын ба? (С.Т.) Мен не болсам, болайын,сен аман бол (А) Мен өлейін, сен сау-ақ бол (А).Хан мен уәзір ақылдан айрылыпты, өлтірейік екеуін жынды екен, -деп(А).

Сөз жоқ, бұйрықтық мағынаны білдіруде 2-жақ пен 1 және 3-жақтардың арасында айырмашылық бар екені айтылып жүр. „Бұйрық райдың үшінші жағындағы етістіктер қаулы, қаралар, үндеулерде де жиі қолданылады. Мұндай мағына бұйрық райдың бірінші жағында да бар. Бұл айтылғандардан басқа бұйрық райдың бірінші, үшінші жағындағы етістіктер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланыса айтылуына қарай, бұйрық мағынасын көрсетпейтін де кездері болады" (ҚТГ, 195).

Бұйрық райдың құрамында бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші және үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың түрлену парадигмасына, тұлғалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3-жақта және жекеше-көпше түрленуі бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

Мен бар-айын, келе-йін, сөйле-йін, біз бар-айық, кел-ейік, сөйле-йік.

Сен бар- , кел- , сөйле- . Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.

Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, сөйле-ңіздер.

Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін, Олар бар-сын, кел-сін, сөйле-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың 1-жағында жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін,көпше -айық, -ейік, -йық, -йікжалғауы жалғанса, 2-жақ жекеше анайы түрінде арнайы қосымша жоқ, бірақ бұл – етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік форма, өйткені түбір болса сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапқы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) грамматикалық тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі) мен түбір тұлға омоформа болып табылады. „Бұйрық рай формасының екінші жақ жекеше түріне ертеде -ың, -ің, -ң қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрық райдың екінші жақ сипаты түріндегі және екінші жақ көпше түрінің құрамындағы -ың, -ің, -ң қосымшасы (ал-ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сонымен қатар өзбек тілінде қазірде де екінші жақ бұйрық райға -ың, -ің, -ң морфемасы жалғанып айтылады". Сондай-ақ „бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, туындаушыға және бөгде адамға не затқа қаратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді (М.И. -ҚҚТ, 153):айтайын-шы, айтайық-шы, айт-шы, айтыңдар-шы, айтыңыз-шы, айтыңыздар-шы, айтсын-шы т.б. Әрине, олардың мағынасы бұл сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.

Шартты райқимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са, -сеқосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған түлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады.

Жекеше Көпше

Мен айт-са-м, сөйле-се-м Біз айт-са-қ, сөйле-се-к

Сен айт-са-ң, сөйле-се-ң Сендер айт-са-ңдар, сөйле-се-ңдер

Сіз айт-са-ңыз, сөйле-се-ңіз Сіздер айт-са-ңыздар,

Ол айт-са- , сөйле-се- сөйле-се-ңіздер

Олар айт-са, сөйле-се-

 

Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңқы сөйлемнің немесе да, де шылауымен тіркесіп қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа қарасам, екі адам қарауытып тұр екен (Ғ.М.) Тыс қанша көріксіз болса да, қоңыр үйдің өз күні балқып тұр екен ғой! (М.Ә).

Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылық мәнді білдіріп, тиянақты мәнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады: Шіркін, биыл оқуға түссем!Осы отырысыңды әкең көрсе!Сен машинамен келсең,біз бәріміз есік алдына шығып тосып тұрсақ! Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп ғой, еді, екен,. етті(ма, ме) сұраулық шылау сияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяқтап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам, ниетін т.б. білдіреді: бар-са-м екен, сөйле-се-ң етті, бар-са-ңыз ғой, жолық-са еді т.б.

Сондай-ақ -са, -сетұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянақты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына тұлғасы айтылады

мен барса-м-шы біз барса-қ-шы

сен барса-ң-шы, біз барса-й-шы, сендер

сіз барса-ңыз-шы, барса-ңдар-шы

сіздер барса-ңыздар-шы.

Шартты райлы етістік игі едісөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: бар-са игі еді, жолық-са-м игі еді т.б. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керексөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек, көнбе-се керек т.б. Бұлардың барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.

Қалау рай – сөйлеушінің қимыл іс-әрекетті орындауға я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады, негізгі етістіктерге -ғы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып тәуелденіп барып (тәуелдік жалғауы арқылы жіктеліп, яғни жақтық, жекешелік-көптік мән үстеліп), оған кел (келді, келеді) көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Жіктелуі:

Менің оқы-ғы-м келді (келеді) біздің оқы-ғы-мыз келді (келеді)

Сенің оқы-ғы-ң келді (келеді) сендердің оқы-ғы-ла-рың келді (келеді)

Сіздің оқы-ғы-ңыз келді (келеді) сіздердің оқы-ғы-ла-рыңыз келді (келеді)

Оның оқы-ғы-сы келді (келеді) олардың оқы-ғы-сы келді (келеді)

Сөйтіп, бұл тұлғалы қалау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады.

Кейде сөйлемде қалау рай конструкциялы тіркестің ілік септігіндегі сөздің септік жалғауы түсіп қалып та жұмсалады, бірақ ілік септік тұлғасындағы сөз логикалық субъекті болғанмен, грамматикалық субъект болып таныла алмайды. Бұл – ауызекі сөйлеу тілдің әсері болу керек.

Сондай-ақ етістік түбіріне -ғай,-гей, -қай, -кейқосымшаларының үстелуі арқылы және осы тұлғаға еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі, екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады. Жіктелуі:

Мен бар-ғай-мын, бар-ғай едім, барса игі едім, көрсем екен, біз бар-ғай-мыз, бар-ғай едік, бар-са игі едік, көрсе-к екен.

Сен бар-ғай-сың, бар-ғай едің, барса игі едің, көрсең екен, сендер бар-ғай-сыңдар, бар-ғай едіңдер, көрсең-дер екен.

Сіз бар-ғай-сыз, бар-ғай едіңіз, барса игі едіңіз, көрсе-ңіз екен, сіздер бар-ғай-сыздар, бар-ғай едіңіздер, барса игі едіңіздер, көрсе-ңіздер екен.

Ол бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен Олар бар-ғай, бар-ғай еді, барса игі еді, көрсе екен.

Шақ категориясы

Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады. Жоғарыда көрсетілгендей, шақ категориясы (оның түрлері) рай категориясының бір түрі ашық райды құрайтыны белгілі. Бірақ бұл жерде мына мәселені ұмытпау керек: ашық рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмауы сөйлеуші тұрғысынан объективті шындыққа қатысын білдіріп, модальдылық мәні көрініп тұрса, шақ категориясы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты ол қимылдың грамматикалық өту мерзімін, кезін білдіреді, бірақ ол мерзімдік мән жеке сөздер арқылы емес, грамматикалық жолдармен көрінеді.

Шақтың үш түрі бар: өткен шақ, келер шақ, осы шақ.

Осы шақсөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді. Басқа шақ түрлеріне қарағанда осы шақтың жасалуында кейбір ерекшелік бар, ол қалып етістіктерінің отыр, тұр, жатыр, жүр негізгі етістік мәнінде, немесе негізгі етістіктің көсемше (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п) тұлғасына қалып етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында. Бұлар грамматикаларда нақ осы шақдеп беріледі.

мен отыр-мын, жүр-мін, келе жатыр-мын, айтып тұр-мын.

сен отыр-сың, жүр-сің, келе жатыр-сың, айтып тұр-сың.

сіз отыр-сыз, жүр-сіз, келе жатыр-сыз, айтып тұр-сыз.

ол отыр- , жүр- , келе жатыр- , айтып тұр.

біз отыр-мыз, жүр-міз, келе жатыр-мыз, айтып тұр-мыз.

сендер отыр-сыңдар, жүр-сіңдер, келе жатыр-сыңдар, айтып тұр-сыңдар.

сіздер отыр-сыздар, жүр-сіздер, келе жатыр-сыз-дар, айтып тұр-сыздар.

олар отыр-, жүр- , келе жатыр- , айтып тұр- .

Осыдан анық көрінетіндей, осы шақтың бұл түрі қазіргі кезде арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалмай, қалып етістіктерінің негізгі немесе көмекші етістік мәнінде жіктеліп келуінен (жіктелу шақ көрсеткіші емес) жасалады. Шақтық мән отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің өз семантикасында бар. Көне кезде отыр-олтұрұр, тұр-тұрұр, жүр-жұрүр, жат-жатыр осы тұлғасын тек жатыр етістігі сақтап қалған түрінде қолданылғанда да, сөз соңындағы -ур, -үр қосымшасы процессуальдық мәнді, болып тұрған қимылды білдірген, М.Оразовтыңкөрсетуінше, -ар, -ер, қосымшалары (ашық дауысты нұсқасы) келер шақтың, -ыр,-ір, -р (қысаң дауысты нұсқасы) осы шақтың көрсеткіші болған, ол қазіргі азербайжан тілінде сақталған. Ал -ур, -үр, -р қосымшасы ХІ-ХІV ғасырлар аралығында өз мағынасын түбір морфемаға беріп, өздері басы артық элементтерге айнала басталған" (О.-Қ, 89, 97). Сөйтіп, қосымша түсіп қалса да, қосымша білдіретін мағына түбірге ауысқан қалып етістіктері (отыр, тұр, жатыр, жүр) осы күйінде шақ көрсеткіші де болып қалыптасқан. Сондықтан да қалып етістіктері тіліміздегі барлық етістіктерден өзгеше болып келеді: әрі түбір етістіктер сияқты бұйрық райдың 2-жақ анайы жекеше түрімен сәйкес келеді: сен отыр, сен жүр, сен тұр, бірақ сен жат (жатыр емес), әрі 3-жақтың жіктелу тұлғасында тұрады: ол отыр, ол жүр, ол тұр, ол жатыр (жат емес), әрі тікелей ешбір есімше, көсемше, шақ, рай тұлғаларсыз-ақ жіктеле алады да, сөйлемде тікелей қолданыла береді. Сөйтіп, қазіргі тұрғыдан нақ осы шақ арнайы грамматикалық тұлғаларсыз-ақ қалып етістіктерінен жасалады, ал тарихи тұрғыдан грамматикалық тұлғалары болған деген тұжырым жасауға болады.

Процессуальдық мәнді білдіретін әсіресе баспасөз тілінде 3-жақта жиі қолданылып жүрген -уда, -уде тұлғасы (жатыс септіктегі тұйық септіктің баяндауыш қызметінде келуі) да осы шақтың грамматикалық көрсеткіші деп беріліп жүр: ,,-да, -де формалы тұйық етістіктер осы шақты білдіргенде, дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекетті білдірмейді. Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын басталған, қазірде де болып жатқан, яғни жалпы осы кездерде процесі тоқталмаған іс-әрекеттерді білдіреді" (Қ-ҚІІІ, 83)

Көсемшінің -а, -е, -й тұлғасындағы етістік жіктеліп қолданылғанда, осы шақ мағынасын білдіреді. Оны бір грамматика ауыспалы осы шақ деп берсе (ҚТГ.200),енді біреуі жалпы осы шақ (ЫА.-ҚҚТ, 342),үшіншісі ауыспалы келер шақ (М.И.-ҚҚТ, 136-140-)деп береді: құс ұшады, сиыр мөңірейді, әнші ән салады т.б. А.Ысқақов осы шақтың тағы бір түрін неғайбыл осы шақ деп береді: негізгі етістік көсемшенің -ғалы, -гелі, -қалы, -келітұлғасынан немесе -айын, -ейін, -йын, -йіндеп тұлғасынан болып, оған қалып етістіктері отыр, тұр, жүр, жатыр жіктеліп тіркесу арқылы жасалады: барғалы тұр, айтқалы жүр, көрейін деп отыр, келейін деп жатыр т.б. „Бұл форма келешекте істелмекші амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде осы шақта жүзеге асырылатындай етіп көрсетеді" (Ы.А.-ҚҚТ, 343).Бірақ негізгі қимылды, іс-әрекетті білдіретін көмекші етістік емес, негізгі етістік қой. Ал бұндай конструкциялы етістіктерде негізгі қимыл, іс-әрекет әлі іске аспағанын көрсетеді: әлі барған жоқ, барып жатқан жоқ, тек барғалы тұр; айтқан жоқ, айтып жатқан жоқ, тек айтқалы жүр; көрген немесе көріп жатқан жоқ, тек көрейін деп отыр; келген я келіп жатқан жоқ, тек келейін деп жатыр, яғни болып жатқан қимыл, іс-әрекет емес, болудың ниеті ғана. Сондықтан бұндай үлгідегі етістікті осы шақ деп тану өте қиын.

Өткен шақ қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенін (немесе болмай қалғанын) білдіреді. Әдетте өткен шақ, жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақболып бөлінеді (ҚТГ, 198-199). АЫсқақов 1) анық айғақты өткен шақ:а) -ды, -ді, -ты, -ті; ә) -ған, -ген, -қан, -кен; б) -атын, -етін, -йтын, -йтін; в) -ып еді, -іп еді, -п есі; г) -ған еді, -қан еді, -кен еді; е). -ушы еді, -уші еді, д) тұр еді, жүр еді, жатыр еді, отыр еді; 2) танық(айғақсыз) өткен шақ:-ып, -іп, -п – -ған екен, -ген екен, -қан екен, -кен екен, б)-а -да екен, -е- ді екен, -й-ды екен, -й-ді екен, 3) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ (а) -ар еді, -ер еді, -р еді; ә) -мақ еді, -бақ еді, -бек еді, -пақ еді, -пек еаі; б) -ғай еді, -қай еді, -кей еді, в) -са еді, -се еді; г) -са керек еді, -се керек еді; е) -са игі еді; -ар екен, -ер екен, -р екен; д) -са екен, -се екен; е) -йын деп еді, -йін деп еді; е) -йын деген екен; йін деген екен" (ЫА.-ҚҚТ, 339-340).

Айта кету керек, негізгі етістік пен көмекші етістіктен тұратын және екеуіндегі шақ көрсеткіші екі түрлі (негізгі етістік келер шақ, көмекші етістік өткен шақ) тұлғада келетін, мысалы, бар-мақ -ді (бол-ды, бол-ған), ал-ғай еді т.б., етістіктердің қай шаққа жататынын айқындау оңай емес: әңгіме негізгі етістік білдіретін қимыл, іс-әрекет болса (бару, алу), әлі орындалмағанын (келер шақ мәнін) білдіреді, әңгіме сол амал, ниеттің ойға алынуы (модальдылық) болса (еді, болды, болған), онда ол ниеттің басталып кеткенін білдіреді.

И.Маманов жедел еткен шақ(-ды, -ді, -ты,-ті қосымшасы үстелу арқылы жасалады), бұрынғы өткен шақ(-ған, -ген, -қан, -кен арқылы жасалады), ежелгі өткен шақ(-ып, -іп, -п қосымшасының жалғануы арқылы жасалады), дағдылы өткен шақ(-атын, -етін, -йтын, -йтін және -ушы еді, -уші еді арқылы жасалады), қатысты өткен шақ(-ып, -іп және -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы етістікке еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады" (М.И.-ҚҚТ, 123-136).

Етістіктің өткен шақ тұлғасының жіктелу үлгісі

Мен бар-ды-м, кел-ді-м, бар-ған-мын, кел-ген-мін, бар-ып-пын, кел-іп-пін, бар-атын-мын, кел-етін-мін

Сен бар-ды-ң, кел-ді-ң, бар-ған-сың, кел-ген-сің, бар-ып-сың, кел-іп-сің, бар-атын-сың, кел-етін-сің

Сіз бар-ды-ңыз, кел-ді-ңіз, бар-ған-сыз, кел-ген-сіз, бар-ып-сыз, кел-іп-сіз, бар-атьш-сыз, кел-етін-сіз.

Ол бар-ды - 0 кел-ді- 0, бар-ған- 0 кел-ген- 0 , бар-ып-ты, кел-іп-ті, бар-атын-0 , кел-етін- 0

Біз бар-ды-қ, кел-ді-к, бар-ған-быз, кел-ген-біз, бар-ып-пыз, кел-іп-піз, бар-атын-быз, кел-етін-біз

Сендер бар-ды-ңдар, кел-ді-ңдер, бар-ған-сыңдар, кел-ген-сің-дер, бар-ып-сыңдар, кел-іп-сіңдер, бар-атын-сыңдар, кел-етін-сіңдер

Сіздер бар-ды-ңыздар, кел-ді-ңіздер, бар-ғансыздар, кел-ген-сіздер, бар-ып-сыздар. кел-іп-сіздер, бар-атын-сыздар, кел-етін-сіздер

Олар бар-ды- 0 , кел-ді- 0, бар-ған- 0, кел-ген- 0 , бар-ып-ты, кел-іп-ті, бар-атын- 0 , кел-етін- 0

Келер шаққимыл, іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Әдетте келер шақтың үш түрі көрсетіледі: болжалды келер шақетістік түбірге есімшенің -ар, -ер, -р, болымсыз түрінен кейін -с қосымшасы қосылу арқылы жасалады: Барар-бармасымды Құртқа біледі, жүр-ер-сіз, айтпа-с-сыз т.б), мақсатты келер шақ(етістік түбірге -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, пек қосымшасы жалғану арқылы, болымсыз түрі бұл қосымшалы етістікке емес көмекші етістік тіркеу арқылы жасалады: жүр-мек, айт-пақ, жат-пақ емес, т.б.), ауыспалынемесе жалпы (анық) келер шақ(етістік түбірге көсемшенің -а, е- -й қосымшасы жалғанып, жіктеліп барып жасалады: бар-а-ды, бар-а-мын, сөйле-й-сің, жүр-е-ді, т.б.) (ЫА.-ҚҚТ, 344).Академиялық грамматика бұдан басқа келер шақтың мынадай түрлерін көрсетеді: 1) болжалды келер шаққа -атын, -етін, -йтын, -йтін,есімше тұлғалы етістікке шығар, секілді, тәріздісөздерінің тіркесуі мен тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына мүмкін(тиіс, керек, қажет (-И.С.) тәрізді сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады; 2) сенімді келер шаққимыл, іс-әрекеттің істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіріп, -ғалы, -гелі, -қалы, -келітұлғалы көсемшелерімен жатыр, отыр, тұр, жүретістіктерінің жіктеліп тіркесуі арқылы жасалады: айт-қалы отыр, жүр-гелі жатырмыз, сөйле-гелі тұрсың, т.б. (ҚТГ, 200-201).

Ауыспалы келер шақтың (-а, -е, -й тұлғалы) жіктелуі өзгеше, 3-жақта -ды, -ді, жіктік жалғауы бар, -ғалы, -гелі, -қалы, -келітұлғалы етістік тікелей жіктелмейді, ал есімше тұлғалы келер шақ былай жіктеледі:

Мен бар-а-мын, сөйле-й-мін, жүр-ер-мін, кел-етін-мін, айт-пақ-пын

Сен бар-а-сың, сөйле-й-сің, жүр-ер-сің, кел-етін-сің, айт-пақ-сың

Сіз бар-а-сыз, сөйле-й-сіз, жүр-ер-сіз, кел-етін-сіз, айт-пақ-сыз

Ол бар-а-ды, сөйле-й-ді, жүр-ер- ® , кел-етін- ® , айт-пақ- ®

Біз бар-а-мыз, сөйле-й-міз, жүр-ер-міз, кел-етін-біз, айт-пақ-пыз

Сендер бар-а-сыңдар, сөйле-й-сіңдер, жүр-ер-сіңдер, кел-етін-сіңдер, айт-пақ-сыңдар

Сіздер бар-а-сыздар, сөйле-й-сіздер, жүр-ер-сіздер, кел-етін-сіздер, айт-пақ-сыздар

Олар бар-а-ды, сөйле-й-ді, жүр-ер- ® , кел-етін- ®. айт-пақ

Жақ (жіктік) категориясы (жіктелу)

Жіктік жалғауы есім сөз таптарынан гөрі етістікке тән десек те, оның мынадай ерекшеліктерін көрсетпеуге болмайды. Біріншіден, жоғарыда көрсетілгендей, етістік түбір тулғасында тікелей жіктелмейді, ал есім создер (зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктің кейбір түрлері) тікелей түбір тұлғада жіктеледі және 1 — 2-жақтарда тек адамға байланысты есімдер ғана жіктеледі. Екіншіден, етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Атап айтқанда, қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғауы жалғаиады.

1) Етістіктің есімше тұлғалы түрі (-ған, -ген -қан, -кен, -атын, -етін, -итын, -итін, -ар, -ер, -р болымсыз түрі -с -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) және отыр, тур, жур, жатыр деген 4 қалып етістігі, -уға, -уде, түлғалы түйық етістік есім сөздерше жіктеледі: 1-жақ жекеше -мын, -мін, -пын, -пін, көпше -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз; 2-жақ анайы, жекеше -сың, -сің, көпше -сыңдар, -сіңдер, сыпайы жекеше -сыз, -сіз көпше -сыздар, -сіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ.

Мен келген-мін, көрер-мін, бермес-пін, алмақ-пын, отыр-мын, жүр-мін, тұр-мын, жатыр-мын.

Біз келген-біз, баратын-быз, көрер-міз, бермес-піз, ал-мақ-пыз, отыр-мыз, жүр-міз, тұр-мыз, жатыр-мыз.

Сен келген-сің, баратын-сың, көрер-сің, бермес-сің, алмақ-сың, отыр-сың, жүр-сің, тұр-сың, жатыр-сың

Сендер келген-сіңдер, баратын-сыңдар, көрер-сіңдер, бермес-сіңдер, алмақ-сыңдар, отыр-сыңдар, жүр-сіңдер, тұр-сыңдар, жатыр-сыңдар.

Сіз келген-сіз, баратын-сыз, көрер-сіз, бермес-сіз, ал-мақ-сыз, отыр-сыз, жүр-сіз, тұр-сыз, жатыр-сыз.

Сіздер келген-сіздер, баратын-сыздар, көрер-сіздер, бермес-сіздер, алмас-сыздар, отыр-сыздар, жүр-сіздер, тұр-сыздар, жатыр-сыздар.

Ол (олар) келген — 0 , баратын —0 , көрер —0 , бермес — 0, алмақ —0 , отыр —0 , жүр — 0 , түр — 0 , жатыр — 0

2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -й және -ып, -іп, -п) 1-және 2-жақтарда есімдерше жіктеледі де, 3-жақта арнайы -ды, -ді, -ті, -ты деген жалғауы болады. Жіктелудің (жіктік жалғауларының көсемше түлғасына жалғанудың) нәтижесінде көсемшенің осы тиянақсыз түлғасы тиянақтылық сипатқа, аяқталғандық мәнге ие болады.

Мен келе-мін, бара-мын, сөйлей-мін, көріп-пін, алып-пын

Біз келе-міз, бара-мыз, сөйлей-міз, көріп-піз, алып-пыз

Сен келе-сің, бара-сың, сөйлей-сің, көріп-сің, алып-сың

Сендер келе-сіңдер, бара-сыңдар, сөйлей-сіңдер, көріп-сіңдер, алып-сыңдар.

Сіз келе-сіз, бара-сыз, сөйлей-сіз, көріп-сіз, алып-сыз Сіздер келе-сіздер, бара-сыздар, сөйлей-сіздер, көріп-сіздер, алып-сыздар

Ол (олар) келе-ді, бара-ды, сөйлей-ді, көріп-ті, алып-ты Етістіктің көсемше тұлғасы -ма -ме сұраулық шылаумен тіркескенде, 3-жақта жіктік жалғаусыз қолданылады; мен бара-мын ба, келіп-пін бе, бара-сың ба, келіп-сің бе, сіз бара-сыз ба, келіп-сіз бе, бірақ ол ба-ра ма, келіп пе? (бара-ды ма емес, келіп-ті ме емес). Сон-дай-ақ сөйлеу тілде 1-жақта -мын, -мін жалғауы тек -м түрінде де кездеседі: бара-мын-барам.

З.Етістіктің шартты райы (-са, -се) және жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) тұлғалы түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі: 1-жақ жекеше -м, көпше -қ, -к; 2-жақ анайы жекеше -ң, көпше -ңдар, -ңдер, сыпайы -ңыз, -ңіз, көпше -ңыздар, -ңіздер; 3-жақта арнайы жалғау жоқ. Кейбір ғалымдар бұл қосымшалардың сыртқы түріне қарап оларды тәуелдік жалғау деп көрсетеді. Н.К.Дмитриев былай дейді: „Что же касается прошедших времен изьявительного наклонения (за исключением" перфекта -см. выше), всех времен условного наклонения, а также повелительного наклонения, то оно производится по типу аффиксов принадлежности. Можно высказать предположение, что аффиксами сказуемости оформляются такие наклонения, содержание которых относится к действию и состоянию, уже происходящим в действительности или таким, которые находятся на грани реализации. Их можно рассматривать, как своего рода объектное выражение факта. Другие же времена и наклонения, более субъективные по содержанию, оформляются аффиксами принадлежности" (ИСГТЯ, 15). Э.В.Севортян да бұндай пікірді қолдайды: „Морфологический или синтаксический тип выражения сказуемости в свою очередь распадается на два вида, из двоих один исторически восходит к личным местоимениям (образуя местоименный тип сказуемости), например, узб. мен студент буламан "я студент", сен оласан „ты берешь", возьмешь, а другой -к аффиксам принадлежности, образуя исторически притяжательный тип сказуемости, например, аз мән алдым „я взял", сиз алсаңыз „если вы возьмете". К притяжательному типу в большинстве тюркских языков восходят личные показатели трех глагольных форм: прошедшого объективного времени изъявительного наклонения и, менее последовательно, настоящего времени условного наклонения, а также повелительного наклонения (ИСГТЯ, 17).

Бұндай пікір басқа да түркологиялық зерттеулерден (мысалы, С.Г. СИГ, 151-152), қазақ тілі мамандарынан да кездеседі. „Сөздердің жіктеу жүйесі, яғни жаққа бөлінуі тәуелдік жалғауы арқылы да көрінеді"... Жіктік жалғауы, сонымен бірге тәуелдік жалғауы да етістік формаларына жалғанғанда, тек қана жақтық мағына білдіреді. Тәуелдік жалғауының зат есімге жалғанғанда білдіретін меншіктілік, тәуелділік мағынасы етістік тұлғасында білінбейді. Өйткені етістік — ұғымы жағынан дерексіз, тек қозғалыс — процесс түрінде көрінетін, біреудің меншігінде болуға келмейтін сөз табы. Өзің бір жәрдем етпесең, өзгеден үміт жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бул дауды менің бітіретінім рас (Ғ.Мүсірепов) Қайыр сұрап күнде өлгенше, бір-ақ өлгенім артық (Ғ.Мүсірепов) (М.Ы. ҚҚТ, 85). „Тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формалары: тұйық етістік, қалау рай, жедел өткен шақ формасы, шартты рай формасы және есімше формалары. Бұл формалардың тәуелдік жалғау арқылы жіктелуі біркелкі емес. Әсіресе бірінші жақ көпше түрі кей формаларға тәуелді жалғау түрінде жалғанса, кей формаларға -қ, -к түрінде жалғанады. Сонымен бірге екінші жақ көпше түрінде көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауының орын тәртібі ауысып келе береді. Осындай ерекшеліктеріне қарап, тәуелдік жалғауы арқылы жіктелетін етістік формаларын екі топқа бөлуге болады". (М.Ы. — ҚҚТ, 87) Шындығында, грамматикалық тұлғалардың қызметі мен мән-мағынасына, сөзге жалғану ерекшеліктеріне қарамай, сыртқы тұлғасы жағынан ұқсастықтары негізінде ғана топтауға я бір топқа жатқыза беруге болмайды. Тәуелдік жалғау мен жедел өткен шақ және шартты рай тұлғасына жалғанатын жіктік жалғау жекеше бірінші және екінші жақта (1-жақ -лі, 2-жақ анайы -ң, сыпайы -ңыз, -ңіз және тәуелдік жалғауы да осындай: келді-м, барса-м, келді-ң, барса-ң, келді-ңіз, барса-ңыз, және бала-м, бала-ң, бала-ңыз, бірақ (тәуелдік жалғауының бірінші жақта -ым, ім, 2-жақта анайы -ың, -ің, сыпайы -ыңыз, -іңіз, нұсқаларының бір екенін де ескерте кету қажет) сырт тұлғасы бірдей болғанмен, олар бір емес (қара: ИСГТЯ, 266-268). Біріншіден, тәуелдік жалғауы грамматикалық мағынасы жағынан ең алдымен тәуелдік мағынаны, екіншіден, сол тәуелдік мағынаны белгілі жаққа байланысты білдіреді. Ал жіктік жалғауы тәуелдік мағына білдірмейді, жақтық мағынаны қимылдың, іс-әрекеттің иесі, субъектісі ретінде білдіреді. Екіншіден, бұлар жекеше бірінші және екінші жақтан басқа жақ тұлғаларында сәйкес келмейді. Мысалы, 3-жақта тәуелдік жалғауы -ы, -і, -сы, -сі (оның кітабы, інісі) болса, 3-жақта арнайы жіктік жалғау тұлғасы жоқ, нөлдік форма (ол келді — , келсе ); көпше бірінші жақта тәуелдік жалғауы -мыз, -міз, -ымыз, -іміз біздің бала-мыз, кітаб-ымш болса, жіктік жалғауы -қ, к (біз бола-қ, кел-се-к) болады; көпше екінші жақ анайы да, сыпайы да біркелкі емес; тәуелдік жалғау көптік жалғаудан кейін түра-ды: -лар-ың, -лер-ің, -дар-ың, -дер-ің, -тар-ың, -тер-ің (бала-лар-ың, хат-тар-ың, жер-лер-ің), жіктік жалғау көптік жалғаудан бұрын тұрады: -ң-дар, -ң-дер, -ңыз-дар,-ңіз-дер (барса-ң-дар, келі-ң-дер, барса-ңыз-дар, келді-ңіз-дер): бұл жерде көптік жалғауының орны жай ғана ауысып келуі емес, жоғарыда (көптік жалғауға байланысты сан-мөлшер категориясында) көптік жалғау жіктік жалғаумен қабаттасып келгенде ғана сөз бен сөзді байланыстырады деп көрсетілген, демек, өзі жалғанған сөз білдіретін ұғымның көптігі емес, оны атқарушы субъектінің көптігін білдіреді, ал тәуелдік жалғаумен қабаттасып келгенде көптік жалғау ондай қызмет (сөз бен сөзді байланыстыру) атқара алмайды, тек өзі жалғанған сөз білдіретін ұғымның (көбіне заттың) көптігін білдіреді.

Үшіншіден, тәуелдік жалғауына екпін түседі де, жіктік жалғауына екпін түспейді: бала-лар-ың, жер-лерің, бірақ барса-ңдар, келді-ңдер, барса-ңыздар, келді-ңіздер т.б.

Тәуелдік жалғауы мен жіктік жалғауының сырт тұлғасы сәйкестігі бір бұл емес. Мысалы, бала-мыз, кісі-міз деген сөздер бірде біздің бала-мыз, кісі-міз түрінде тәуелдік жалғау болса, онда екпін сөз соңына (жалғауға) түседі, екіншіден, біз бала-мыз, кісі-міз түрінде жіктік жалғау болады, онда жалғауға екпін түспейді.

Сөйлеу тілде -а,-е,-й тұлғалы көсемшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып, 3-жақ жіктік жалғауы -ды, -ді -т болып, -ған, -ген, -қан, -кен, тұлғалы есімшеге жалғанатын 1-жақ жекеше жіктік жалғауы (-мын, -мін) -м болып та айтылады: бара-мын, ке-ле-мін, сөйлей-мін деудің орнына бара-м, келе-м. сөйлей-м болып, бара-ды, келе-ді сөйлей-ді деудің орнына бара-т, келе-т, сөйлей-т болып, барған-мын, келген-мін, сөйлеген-мін деудің орнына барға-м, келге-м, сөйлеге-м болып айтыла береді. Әрине, соңғы нұсқа толық әдеби форма болып саналмайды.

Сонымен бірге 1-жақ жекеше мәнде тілімізде -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен тұлғалы етістіктер де жиі қолданылады. Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (Абай). Мен келелі қара бүлтпын, Келе жаумай ашылман (Махамбет). Зерт-теушілер -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасын ауыспалы осы (келер) шақтық (ма-й-мын, ме-й-мін, -ба-й-мын, бе-й-мін, пай-й-мын, -пе-й-мін) болымсыз тұлғасының 1-жақ түрінің қысқарған нұсқасы деп анықтайды. Және әдеттегімен салыстырғанда бұл тұлғаның семантикасында үзілді-кесілді реңк бары, ол түлғаның өлең сөзде көбірек үшырасуы стильдік мән үстеп, өлеңге батылдық, жігерлілік сипат беретіні де көрсетіледі. (Б.М. 54 және СР. 56-57). А. Ысқақов былай деп жазады: „Жазуда да, ауызекі тілде (лебізде) де екінші үлгі бойынша жіктеліп, өкінбеймін, аямаймын, жібермеймін деген сияқты болып келетін көсемшенің ауыспалы формасының орнына өкінбен, аяман, жібермен деген форма қолданылады. Мысалы: Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн сөніп (ҚАманжолов). Тіпті жібімен деп-ақ едім, сай-сүйегімді сырқыратты (Ғ.Мүстафин). Сүйексіз қызыл тілімді жаңылдырман. Бұл форма етістіктің жекеше түрінің бо-лымсыз формасының бірінші жағының көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады, өзге жақтарда қолданылмайды. Осындағы өкінбен, жібімен, жаңылдырман дегендердің өкінбеймін, жібімеймін, жаңылдырмаймын дегендерден оқшауланарлықтай ешқандай да айырмашылығы жоқ, өйткені олардың қолданылу я қолданылмауына қарап сөйлемдегі сөздердің арасында ешқандай да өзгеріс ту-майды. Бірақ бүл форма көтеріңкі ырғақпен, зілді үнмен айтылып, белгілі экспрессивтік рай білдіру үшін жұмса-лады. Оны мынадай көмекші сөздермен қолданудан да аңғаруға болады. Мысалы: Бай емен, батыр емен, хан емеспін, Атақты артық туған жан емеспін (Абай) Ес білгелі ондай зор денелі әйелді мен кездестіріп көрген емен (С.Мүқанов), т.б. |ЫА — ҚҚТ, 76).

Ең алдымен, бұл — ауыспалы осы (келер) шақ -ма (ба, -па) -й -мын, -ме (бе, -пе) -й-мін тұлғасынан емес, есімшеден болған болжалды келер шақтың -ма-с-пын, -ме-с-пін, -бе-с-пін, -па-с-пын, -пе-с-пін деген болымсыз тұлғасынан ықшамдалып қалыптасқан. Сондықтан да бұл тұлға үзілді-кесілділік, жігерлілік реңк білдіреді, яғни мұндай мән осы түлғаның ықшамдалғаннан кейінгі пайда болған қасиеті емес, толық түрінде де бар ерекшелігі: бармаймын бармаспын - барман. Бармаймын десе, ба-ру қимылының бірінші жақ тарапынан мақсаттық,үзілді-кесілділік мән (кейде болжалдық мән де болуы мүмкін) айқын сезіледі. Екіншіден, -ман, -мен, -бан, -бен, -пан, -пен формасының келер шақ есімше тұлғасынан ықшамдалғанын -е көмекші етістігінің қолданылуы да, (емен), яғни -е-мес-пін бар да -е-мей-мін деген жоқ екендігі де, дәлелдеп түр. Жоғарыда берілген мысалдағы: бай емен, батыр емен, бірақ хан е-ме-с-пін (е-ме-й-мін емес) болуы пікірімізді айқындай түседі. Үшінші, бұл тұлға көбіне өлең-жырларда, айтыста жиі кездеседі. Со-нымен бірге бүл тулғалы етістік орта ғасырлық кезеңдегі жазба әдебиеттер тілінде (мысалы, „Мухаббатнаме", „Гулстан бит-түрки" т.б.) де қолданылып отырған: Тәнім барынга сенден йуз чәуірмән (жасырман), Ешікіңнің то-пырақындан баш көтермән.

4. Етістіктің бұйрық рай тұлғасы ерекше жіктеледі, ол етістік тұлғасының жіктелуінің төртінші түрі болып саналады. Ол ерекшелік, біріншіден, бұйрық райда жіктік жалғаудың бүтіндей өзгеше болуында болса, екіншіден етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрық рай (2-жақ жекеше анайы) тұлғаларының сырттай ұқсас, бірақ екеуі бір емес екендігінде, яғни түбір сөз формаларына негіз болатын сөздің статикалық күйіндегі тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасы — түбірден бөлек сөз формасы, грамматикалық түрлену парадигмасының бір көрінісі болып табылады. Сондықтан да етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы түрі омоним формалар болады. Сөйтіп, бұйрық райдың жіктелуінде 1-жақ жекеше -айын, -ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік, 2-жақтық анайы жекеше арнайы тұлғасы жоқ нөлдік форма көпше -ыңдар, -іңдер, -ңдар, сыпайы жекеше -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз, көпше -ыңыздар, -іңіздер, -ңыздар -ңіздер, 3-жақта -сын, -сің, жалғаулары жалғанады.

Мен бар-айын, кел-ейін, қара-йын, сөйле-йін Біз бар-айық, кел-ейік, қара-йық, сөйле-йік. Сен бар — , кел — , қара — , сөйле — Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер. Сіз бар-ыңыз, келі-іңіз, қара-ңыз, сөйлеңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-іңіздер, қара-ңыздар, сөйле-ңіздер. Ол (олар) барсын, кел-сін, қара-сын, сөйле-сін. Жоғарыда нөлдік формаға байланысты көрсетілгендей, бұйрық райдың 2-жақ арнайы жекеше түрінде бір кезде арнайы тұлға болу керек. Бір жағынан, басқа түркі тілдерімен (мысалы, өзбек тілінде ал-алиң болып айтылатыны белгілі), екінші жағынан, 2-жақтың басқа түрлерімен (мысалы, көпше және сыпайы түрі) са-лыстырсақ, бұйрық райдың 2-жағында, (анайы, жекеше) -ың, -ің, -ң қосымшасы болғандығы байқалады. Кейін ол түсіп қалып, етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес болып қалыптасқан. Бұлай болуға етістіктің түбір тұлғасының тікелей жіктеле алмайтыны және сөйлемде етістік түбірдің сол күйінде қолданыла алмайтыны себеп болуы мүмкін. Қазіргі кейбір түркі (мысалы, өзбек) тілдерінде бұйрық райдың бұл формасы кейде сақталып жұмсалады: сен алың, келиң т.б. Қазақ тіліндегі 2-жақ сыпайы тұлғасында (-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз) және көпше тұлғасында (-ыңдар, -іңдер, -ңдар, -ңдер) бұйрық райдың 2-жағының жалғауы (-ың, -ің, -н) сақталған, демек, сы-пайылықты және көптікті білдіріп түрған - қосымшаның -ыз, -із және -дар, -дер бөлшектері ғана.

Сонымен бірге ауыз әдебиеті нұсқаларында, ақындар шығармаларында, кейбір аймақтағы сөйлеу тілде бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы формасы ретінде, -ғын, -гін, -қын, -кін қосымшасы да жұмсалады: сен бар-ғын, айт-қын, кел-гін т.с. Бұл тұлға кейбір орта ғасырлық жазба ескерткіштер тілінде (мысалы, „Мухаббат-намеде"), алтай, ұйғыр, қарақалпақ сияқты қазіргі түркі тілдерінде де қолданылып отырады.

Сондай-ақ 1-жақ көпше түрінің қосымшасы да тілімізде кейде -лық, -лік, -алық, -елік түрлерінде қолданылады: біз бар-алық, кел-елік. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықылыспен тоқылық (Ы. Алтынсарин)

Бұйрық рай тұлғасының жіктелуіндегі тағы бір ерек-шелік — бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып та қолданылады. Ондайда етістікте таза бұйрық мәнінен гөрі тілек, ниет мәні басым байқалады: мен барайын-ты, келейін-ші, сен бар-шы, кел-ші, сіз барыңыз-шы, келіңіз-ші, ол барсын-шы, келсін-ші; біз барайық-шы, келейік-ші, баралық-шы, ке-лелік-ші, сендер барыңдар-шы, келіңдер-ші, сіздер ба-рыңыздар-шы, келіңіздер-ші, олар барсын-шы, келсін-ші. -шы, -ші қосымшасы шартты рай тұлғалы етістіктердің жіктелген түрінде де үстеліп, шарттылық мәннен гөрі өкініш, аңсау сияқты мән үстейді: мен барсам-шы, кел-сем-ші, сен барсаң-шы, келсең-ші, сіз барсаңыз-шы, кел-сеңіз-ші, ол барса-шы, келсе-ші, біз барсақ-шы, келсек-ші, сендер барсаңдар-шы, келсеңдер-ші, сіздер барсаңыздар-шы, келсеңіздер-ші, олар барса-шы, келсе-ші.

Сөйтіп, осы талдаудан көрінетіндей, бұйрық рай бұл — етістіктің грамматикалық категориясының рай катего-риясының бір түрі ретінде өзіндік жіктелу парадигмасы бар тілдік құбылыс, сондықтан да оның 2-жақ жекеше анайы түлғасы сырттай түбірмен ұқсас, сәйкес болғанмен, мысалы, кел -сен кел, ол екеуі бір емес, тек омоним форма, мағынасы үш жақта бірдей емес. Бұйрық райдың басты мағынасы қимылдың, іс-әрекеттің орындалуы-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мәндермен байланысты болса, бұйыру мәні 2-жақта айқын болады да, 3-жақта бұйыру — өтіну, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу — орындалмауына қозғау салу мәні басым болады, ал 1-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді. (адам өзіне-өзі бұйыра алмайды ғой).

5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі — қалау рай тұлғасы. Қалау рай тұлғасын (негізгі етістік -ғы, -гі,-қы, -кі тұлғасына тәуелдік жалғауы жалғанып келді немесе келеді көмекші етістікпен тіркескен күрделі етістік) тәуелдік жалғау арқылы жаққа жіктеледі, қимыл, іс-әрекет иесі, жақ иесі (жіктеу есімдігі) атау тұлғада емес, ілік септігінде тұрады.

1. Менің бар-ғы-м кел(е) ді, кел-гі-м кел(е)ді, айт-қы-м кел(е)ді.

Біздің бар-ғы-мыз кел-(е)ді, кел-гі-міз кел(е)ді, айт-қы-мыз кел(е)ді.

2. Сенің бар-ғы-ң кел(е)ді, кел-гі-ң кел(е)ді, айт-қы-ң кел(е)ді

Сендердің бар-ғы-ларың кел(е)ді, кел-гі-лерің кел(е)ді, айт-қы-ларың кел(е)ді.

Сіздің бар-ғы-ңыз кел(е)ді, кел-гі-ңіз кел(е)ді, айт-қы-ңыз кел(е)ді.

Сіздердің бар-ғы-ларыңыз кел(е)ді, кел-гі-леріңіз кел(е)ді, айт-қы-ларыңыз кел(е)ді

3. Оның бар-ғы-сы кел(е)ді, кел-гі-сі кел(е)ді, айт-қы-сы кел(е)ді

Олардың бар-ғы-сы кел(е)ді, кел-гі-лері кел(е)ді, айт-қылары кел-(е)ді.