ГЛОССАРИЙ

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР – тірі ағзаның дамуы мен таралуына әсер ететін бейорганикалық орта факторларының жиыны (температура, жарық, қысым, ылғал т.б.);

 

АВТОТРОФТАР – Күн энергиясын пайдаланып бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтін ағзалар, қоректік тізбекте продуценттер болып табылады, оларға фотосинтез процесі өтетін барлық жасыл өсімдіктер және хемосинтездік бактериялар жатады;

 

АМЕНСАЛИЗМ – антибиоз формасы, мұнда бір территорияда өмір сүретіндердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне зиян келтіреді, ал өзіне зардап шегушіден еш қандай пайда да зиян да болмайды, мысалы, жарық сүйгіш өсімдіктер шыршаның түбінде өсіп, жарықтың жетпеуінен зардап шегеді, алайда өздері шыршаға ешқандай әсер етпейді;

 

АНТИБИОЗ – биотикалық өзара байланыстың бір түрі, мұнда өзара әсер етуші екі популяция бір біріне кері әсерін тигізеді;

 

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР – адам әрекетінен туындаған факторлар, олар қоршаған ортаға оң немесе теріс әсерін тигізулері мүмкін;

 

АЭРОЗОЛЬ – құрамында қатты немесе сұйық жүзгін бөлшектері бар газ тәрізді орта, аэрозольдерге түтін, тұман жатады;

 

БИОТА – білгілі бір ірі және оқшауланған территорияда өмір сүретін тірі ағзалардың тарихи қалыптасқан кешені;

 

БИОЦЕНОЗ (биоталық бірлестік) – бір бірімен байланысқан және бірге тіршілік етуші түрлердің кешені;

 

БИОГЕОЦЕНОЗ – жер бетінің белгілі бір аймағын (биотопты) алып жатқан өзара байланысқан ағзалар (биоценоздар) және абиотикалық ортадан құралған табиғи жүйе;

 

БИОТОП – біртекті абиотикалық жағдайлары бар және биоценоз орналасқан кеңістік;

 

ГЕТЕРОТРОФТАР – қорек ретінде тек дайын органикалық заттарды пайдаланатын ағзаларды айтады;

 

ГОМЕОСТАЗ – күрделі бейімделу реакцияларының арқасында іске асатын табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі;

 

ЛАСТАНУ – табиғи ортаға химиялық, физикалық ақпараттық және биологиялық агенттердің түсуі және олардың мөлшерінің өсуін айтады;

 

ҚОРЫҚ – табиғат эталондарын сақтау мақсатында адамның өндірістік және туристік әрекетінен шығарылған, жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғауға алынған, табиғи күйі өзгермеген немесе аздап қана өзгерген табиғат кешендері;

 

БИОСФЕРАЛЫҚ ҚОРЫҚ – адам әсерімен өзгермеген табиғи территориялы кешендерді, халықаралық маңызы бар қорықтарды айтады;

 

ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫ – топырақ құрамында еритін тұзадрың мөлшерінің артуын айтады, көбінесе беттік және грунттық сулар әсерінен (біріншілік сортаңдану) болады немесе суаруды рационалды емес (екіншілік сортаңдану) жүргізуден пайда болады ;

 

ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫН-ШАШЫНДАР – қышқылдық деңгейі әдеттегі мөлшерден жоғары болатын барлық метеорологиялық жауын-шашын түрлерін, яғни тұман, қарды айтады;

 

КОНСУМЕНТ – органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Оларды біріншілік- шөппен қоректенушілер, екіншілік- жыртқыштар және үшіншілік- жыртқыштармен қоректенетін жыртқыштар деп жіктейді. Консументтер гетеротрофтарға жатады;

 

КОНЦЕПЦИЯ – түсінудің белгілі бір түрі, кей бір құбылыстар түсініктемесі;

 

МЕТАБОЛИЗМ – ағзадағы зат алмасу процесі;

 

МОНИТОРИНГ – өткенді, қазіргі уақытты және болашақты болжауға арналған қоршаған орта туралы ақпарат беретін белгілі бір кеңістікте және уақытта ұзақ уақытты бақылаулардың ретті жүйесі;

 

МУТУАЛИЗМ – симбиоз түрі, мұнда екі түрдің біреуінің қатысуы міндетті болатын, және екі түр бір бірінсіз өмір сүре алмайтын мүраралық қарым-қатынас түрі;

 

ҰЛТТЫҚ САЯБАҚ – табиғатты қорғау адамдардың демалуымен бірге іске асырылатын үлкен территорияларды айтады, Ұлттық саябақтардың өзінің әкімшілік басқармасы бар және жерді пайдалану ерекшеліктері болады;

 

НЕЙТРАЛИЗМ – бірге бір территорияда өмір сүретін түрлердің бір біріне әсері болмайтын биотикалық түраралық қатынас түрі;

 

НООСФЕРА – сана сферасы, сферада өркениеттің пайда болуымен байланысты, мұнда адамның саналы іс-әрекеті биосфера дамуының анықтаушы факторы болып табылады;

ОЗОН ТЕСІКТЕРІ – озоносферадағы озон мөлшерінің азайған (50%) елеулі кеңістіктері, табиғи және антропогендік әсерден болады деген жорамалдар бар;

 

ОЗОН ЭКРАНЫ (ОЗОНОСФЕРА) – озонның жоғары концентрациясы бар және күннің ультракүлгін сәулесін өткізбейтін қасиеті бар атмосфера қабаты, шамамен 20-25 км биіктікте орналасқан;

 

ШӨЛЕЙТТЕНУ – өздігінен қайта жаңараалмайтын, құнарлы беткі қабатынан айрылған жерді айтады. Табиғи және антропогендік себептерден іске асуы мүмкін.

 

ПАРАЗИТИЗМ – антибиоз формасы, бір түрдің өкілдері келесі бүр өкілдерінің ұлпаларын қорек ретінде, ал денелерін мекен ету ортасы ретінде пайдаланатын ағзаларды айтады;

 

ЖЫЛУЛЫҚ ЭФФЕКТ – атмосферада көмірқышқыл және басқада жылулық құбылыс тудыратын газдардың жиналу нәтижесінде планетадағы климаттың біртіндеп жылынуын айтады, бұл газдар жиыны көшетханадағы жабын сияқты космостан жылуды жер бетіне өткізіп ал жер бетінен космосқа инфрақызыл жылулық сәулеленуге кедергі келтіретін қасиеттері бар;

 

ПЕСТИЦИД – өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық қосылыс;

 

ШЕКТЕУЛІ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕР (ПДК) – экологиялық норматив – адам денсаулығына және оның ұрпағына белгілі бір уақыт аралығында нұқсан келтірмейтін зиянды заттың максималды концентрациясы;

 

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР – адамның сапалы өмір сүруін жоғарылататын, материалдық байлық жасауға болатын және тұтынуға пайдаланылатын табиғи объектілер;

 

ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір территорияны мекендейтін және ұзақ уақыт бойы көбею арқылы тіршілігін сақтап қала алатын бір түр дараларының жиынын айтады;

 

ТАБИҒИ ОРТА – қоршаған ортаның бір бөлігі табиғаттың құраушысы;

 

ПРОДУЦЕНТТЕР – автотрофтар, бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасаушылар, өнім өндірушілер;

 

ПРОТОКООПЕРАЦИЯ – симбиоз формасы, екі түрдің бірге селбесіп өмір сүруі екі жаққа да пайдалы, бірақ міндетті емес;

 

РЕДУЦЕНТТЕР (ДЕСТРУКТОРЛАР) – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаларды айтады, оларға грибоктар мен микроағзалар жатады;

 

СМОГ – ауаның аэрозольді қабатын, түтінді, тұманды ластануы кезінде пайдаланылатын термин, бұл кезде атмосфераға шаң, өнеркәсіптік түтін мен газдар қоспасы және басқа да ластаушы заттар түседі;

 

АҒЫНДЫ СУЛАР – өнеркәсіпте, тұрмыста, ауылшаруашылығында пайдаланылатын және әр түрлі зиянды заттар қоспасына тұратын суларды айтады;

 

СИМБИОЗ – биотикалық қарым-қатынас түріне жатады, бір бірімен байланысқан түрдің екеуінеде немесе біреуіне осы қарым-қатынас пайда әкеледі;

 

СУКЦЕССИЯ – белгілі бір территорияда табиғи және антропогенді факторлардың әсерінен немесе өзара байланысынан биоценоздардың біртіндеп алмасуын айтады;

 

ТОЛЕРАНТТЫҚ – ағза әсер ететін қоршаған орта факторларының оптимумнан ауытқуына төзімділігін айтады;

 

ШЕКТЕУШІ ФАКТОР – кез келген экологиялық фактордың сандық және сапалық көрсеткіштері кез келген бір ағзалардың дамуын шектейді;

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОР – ағзаға әсерін тигізетін ортаның кез келген қасиеті несесе компонентін айтады;

 

ФОТОСИНТЕЗ – жасыл өсімдіктерде Күн жарығының әсерінен және пигменттердің көмегімен жүретін химиялық процес, мұнда көмір қышқыл газынан және судан глюкоза пайда болады және ауаға оттегі бөлінеді;

 

ФРЕОНДАР – (хладондар)жоғарыұшқыш, жердің беткі бөлігінде химиялық инертті болатын, өнеркәсіпте суытқышагенттер ретінде (тоңазытқыштарда, рефрижераторларда, кондиционерлерде) кеңінен пайдаланылатын заттар;

 

ЖЫРТҚЫШТЫҚ – антибиоз түрі, мұнда бір түрдің өкілдері басқа бір түр өкілдерімен қоректенеді;

 

ЭКОЛОГИЯ – тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым;

 

ЭКОЖҮЙЕ – тірі ағзалармен және олардың мекен ететін ортасымен түзілген табиғи кешен, мұнда биотикалық және абиотикалық компонеттер өзара зат және энергия алмасумен байланысқан.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

 

Дәріс №1

 

Тақырып -1

КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.

 

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Жоспар:

1.Биологиялық экологияның қалыптасу тарихы және қазіргі кездегі күйі.

2. Экологиялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.

 

"Экология" гректің оіkos - үй (тұрақ, түрғылыкты жер, баспана) ,1оgоs - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіңдегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаган орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысыньң синаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды. Қоршаған ортаны танып-білуге деген кұштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емессні белгілі. Оларды адамдар жс202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020202020с, бірлесіп, қауымдасып күрескеңце ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздсріне азык етуіне болатындығына көздсрі жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде таныс, тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар келе жатқан халықтардың этикалық шығармаларында да кездеседі. Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, жас-тарды экологиялық жағынан тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіэ. Сондықтан да, табиғатты корғау жастардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Табиғат қорғау жөніндеп білімдерін жетілдіру кәсіптік-техннкалық оқу орындарында үшін басты міндеттің бірі. Себебі бұл оқу орнының түлектері ауыл шаруашылығын құрылыстарда, жаңа кен байлықтарын игеруде т. б. экологиялык ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады. Осындай халық шаруашылығын дамытуға керекті жұмыстарды жүргізе отырып, экологиялық жағдайды сақтауды ұмытпаулары керек. Тек осы жағдайда ғана еліміз-дің табиғатын және табиғат байлығын сақтап қала аламыз. Бұл жерде тағы бір айта кететін жәй: табиғат корғау мәселесін тар көлемде бір республика, немесе ел тұрғысынан қарауға болмайды. Егерде бір елдің (судың, ауаның т. б.) экологиялык жагдайы өзгерсе, оның зиянды әсері баска елдерге де жететін болады, оларға көптеген шығын келтіреді. Дәлірек айтканда табиғат байлығының бір елде, немесе бір континентте зардап шегуі, барлық жер жүзіне әсер етеді. Сол себепті табиғат қорғау мәселесі комплексті каралып, әрбір мекемеде, мектепте, орта және жоғары оқу орнында калыптасуы тиіс. Тәрбие мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен өнердің барлық мекемелерінің, кәсіподак т. б. коғамдык ұйымдардың қызметі табиғат қоргау жұмысына бейімделгені жөн.

Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі (биоэкология).

Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).

Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.

Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

 

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс №2

 

Тақырып -2

ЭКОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУ ТАРИХЫ

 

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Жоспар:

1. Экологияның ғылым ретінде даму тарихы

2. Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік

 

«Тірі ағзаны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортаға қатынасы» жөніндегі білімнің қажеттілігі. Аристотельдің еңбектерінде көрініс алған. Содан бері экологиялық білімнің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Олар:

Бірінші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезең. Экологияның пайда болуы және ғылым ретінде қалыптасуы. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жөніндегі мәліметтердің жиналуы мен сипатталады.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда экологиялық мәліметтер биологиялық сипаттамалардың недәуір бөлімін қамтиды. Осы кезде Ламарк және Мальтус адамзатты адамның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері туралы ескерткен.

Екініші кезең: ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі аралықты қамтиды. Экологияның жеке ғылым ретінде бөлініп дамуы. Бұл кезеңнің басында орыстың Н.А.Северцев, В.В.Докучаев сияқты атақты ғалымдарының еңбектері жарық көрумен сипатталады. ХХ ғасырдың бас кезінде В.И.Вернадскийдің биосфера туралы фундаментальды ілімінің негізі қаланады.

Үшінші кезең: ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан қазіргі кезге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналу кезеңі. Бұл кешенге география, химия, физика, геология, мәдениеттану теориясы және қоршаған ортаны қорғау сияқты ғылымдар кіреді. Адам басқа тіршілік иелерімен салыстырғанда, сыртқы ортамен өзі жасаған мәдениет арқылы қарым-қатынасқа түседі, яғни адамзат тұтасымен даму барысында мәдени орта қалыптастырады, және ұрпағына еңбек пен рухани тәжірибесін мұра ретінде қалтырып отырады.

Адам баласы үшін экологиялық білім бұрынғы ойшылдар және ата-бабаларымыз аңсаған адамға лайық орта жасау, адамның табиғатпен үйлесімді одағын құру үшін қажет.

 

Экология – кең ауқымды, өзіне көптеген шешілмеген мәселелерді қамтитын мағыналы түсінік. Құқықтық мемлекетте БҰҰ-да жарияланған адамдардың негізгі табиғи, конституциялық құқықтары бұзылмауы керек, яғни табиғатпен үйлесімділікте және таза қоршаған ортада өмір сүру құқы.

Қазіргі заманда негізгі ғаламдық экологиялық мәселелерге мыналар жатады:

· климаттың өзгеруі;

· тұщы судың тапшылығы және оның ластануы;

· озон қабатының тозуы;

· жылулық эффект;

· қышқыл жауын-шашындар;

· биологиялық алуантүрліліктің азаюы.

Осы мәселелердің кешені еліміздің және планетамыздың экологиясына өз нұқсанын келтіреді. Қазақстанның экологиялық мәселелері келесі:

· Су ресурстарын тиімсіз пайдалану және ластау;

· Арал мен Каспий теңіздерінің, Балхаш көлінің мәселелері;

· Ауаның ластануы;

· Қазба байлықтарды рационалды емес пайдалану;

· Жер ресурстарының мәселері;

· Семей ядролық сынақ полигоны мен Байқоңыр космодромының әрекеттерінің салдары;

· Флора мен фаунаның тозуы.

Халық аралық тәжірибеге сүйене отырып еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы және қоршаған ортаны қорғауға арналған әрекет етудің Ұлттық жоспары бағытталған. Экологиялық приориттерді сақтамай Қазақстанның алға басуы, және дамуы мүмкін емес.

Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі.

Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).

Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.

Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.

Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану Қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты корғау жэне оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы-халықтық міндет болып табылады.

2. Экологиялық құкық — бұл осы кезең мен болашақтың адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты коғамдық катынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бүл біздің жалпы жэне жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.

Алғашқы рет бүл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель үсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда қолданылды. Ол өзінің әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады. Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:

1.Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды камтамасыз ететін экологиялық қызмет;

2.Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;

З.Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін қызмет түрлері.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

Қосымша әдебиеттер:

1. Степановских А.С., Общая экология. М., 2001

2. Акимова Т.А., Кузьмин А.П., Хаскин В.В., Экология., М., 2001

3. Карташев А.Г., Введение в экологию., Томск., 1998.

4. Розанов С.И. Общая экология. С-Петербург., 2001

 

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

1. Экология дегеніміз не? Экология нені оқытады?

2. Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде?

3. Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар?

4. Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз.

5. ХІХ ғасырда экологиямен айналысқан ғалымдарды атаңыздар.

6. Қазіргі заман экологиясының негізгі мәселелерін түйіндеп айтыңыздар.

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

 

Дәріс №3

 

Тақырып -3

ЭКОЛОГИЯ БӨЛІМДЕРІ:АУТЭКОЛОГИЯ, ДЕМЭКОЛОГИЯ,СИНЭКОЛОГИЯ, ГЛОБАЛДЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Жоспар:

1. Аутэкология түсінігі.

2.Демэкология түсінігі.

3.Синэкология түсінігі.

4.Глобалдық экология туралы түсінік.

 

Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.

Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.

Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.

Демэкология (популяциялар экологиясы) – бір тектес даралардың табиғи топтамаларын, яғни популяциялардың зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).

Синэкология (бірлестіктер экологиясы) - өсімдіктердің, жануарлардың, микро-ағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекен ету ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.

- Биосфера немесе түраралық деңгейін бағалау әдісімен теориясын жасау;

- популяциялық экология, биоталық бірлестіктер экологиясы, табиғаттағы биотүрлілікті сақтау сияқты проблемаларды зерттеу, биотаның сыртқы ортаға әсер етуін реттейді;

- табиғат және антропогендік факторлар әсерінен биосферада болатын өзгерістерді болжау және зерттеу, осы өзгерістердің салдарын бағалау;

- табиғат ресурстарының күйі мен динамикасын бағалау және оларды пайдаланудың экологиялық салдары;

- қоршаған орта сапасын басқару әдістерін жасау және жетілдіру;

- адамдарда биосфералық ойлау және экологиялық сананы қалыптастыру, экологиялық этика мен мораль нормаларын жасау;

- экономикалық, әлеуметтік және т.б. қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтитын шешімдерді оптимизациялау.

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ №4

 

Тақырып-4

ОРГАНИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІРШІЛІК ЖАҒДАЙЫ

 

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Жоспар

 

1. Шектеуші фокторлар минимум және толентарлық заңдар

2. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура және ылғалдылық

 

Түрдің особьтарды көбейту, басқа түрлермен бәсекеге түсу қабілеті түр үшін оптимальды шамадан ауытқитын факторлармен шектелетін болады. Мұндай максимум мен минимум шегінен шығып кететін факторлар шектеулі факторлар деп аталады. Мыс: көптеген өсімдіктермен жануарлардың солт. таралуына жетіспеуі шектеуші фактор болса, керісінше сол түрлер үшін оңт. Ылғал мен қаректің жетіспеуі шектеуші фактор болады.

Экожүйедегі (табиғи бірлестіктер) өзара қарым – қатынаста болу үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Эксперимент, табиғатта ұзақ мерзімді бақылау, популяциядағы особьтар санын анықтау, жануарлардың қоныс аударуын (миграция) бақылау т.б. Тірі табиғатты толық және терең танып білу үшін модельдеу әдісі (жасайды экологиялық жүйе) кеңінен пайдаланылады. Мұндай жағдайда деректерді математикалық әдіспен шешеді.

Экожүйедегі модельдеу әдістері қазіргікезде экологияда кеңінен қолданылады. Олар экожүйелерде болып жатқан процестерді болжауға және антропогендік факторлардың биосфераны ластау әдістерін айқындап, болашаққа кең жол ашады.

Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.

Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік, Айға ай тәулігі, жұлдыздарға жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық периодқа жақын ырғақ түрінде қабылдайды. Бұл – эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының себебі болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.

Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.

Көптеген жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуын әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтылық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және түнгі арадласуы байқалады. Жарық күннің ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың тәулік бойынша белсенділігіне әсер етеді. Олай болса, тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.

Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842 - 1925): «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмірс сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» - деді.

Биосферадағы ең маңызды процесс – фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар) электрондардың доноры су (оттегі) болып табылады. Сондықтан фотосинтез нәтижесінде оттегі түзіледі:

Альбедо – дегеніміз әр түрлі денелердің бетінің шағылысуға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері. Альбедо жарық сәулесінің түсу бұрышына және беттің шағылыстыру қасиетіне байланысты болады.

Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі – температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.

Аллен ережесі (1877 ж.) бойынша дене температурасы тұрақты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шығыңқы бөліктері кішірейеді.

Жануарлардың жылу режиміне бейімделуі денесінің жеке мүшелерінің қатынасының өзгеруінен де көрінеді. Мысалы, солтүстік аудандарда мекендейтін ақкістің жылы жерде мекендейтін осындай жануарлармен салыстырғанда жүрегі, бүйрегі, бауыры үлкен болады.

Ылғалдылық. Сулы тірі ағзалардың өміріндегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.

Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады.

 

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар

1. Аутэкология нені зерттейді?

2. «Экологиялық фактор» деп нені түсінесіз ?

3. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді?

4. Абиотикалық факторларға қандай факторлар жатады?

5. Биотикалық фактор дегеніміз не?

6. Антропогендік факторларға қандай факторлар жатады? Табиғи ортаға антропогендік факторлардың тиімді және зиянды әсерлеріне мысал келтіріңдер.

7. салыстырмалы түрде тұрақты және үнемі өзгеріп отыратын экологиялық факторларға мысал келтіріңдер.

8. Экологиялық факторлардың адам шаруашылығына қандай әсері бар?

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ №5

Тақырып-5

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.

Жоспар

1. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура және ылғалдылық

2. Тіршілік ету ортасы. Тірі организмдердің қалыптасу деңгейі

Жарық- Белгілі француз астрономы К. Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген, қозгалған, өмір сүретін нәрселсрдің барлыгы күннен жаралган»- деді.

Биосферадагы ен маңызды процесс-фотосинтез тек жарықта гана жүзеге

асырылады. Альбедо-әр түрлі денелердін бетінің шағылыстыруга қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері.

Экологиялық фактор ретінде жарыкка қатысты өсімдіктердіц төмендегі

топтарын бөліп көрсетуге болады.: гелиофиттср сциофиттер және көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың бірі- температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ак оның уакыт бойынша таралуы, ягни жылулық режим маңызды болып табылады.

Бергаман ережесі (1847 ж.) бойынша түрдің немесе біртекті жакын түрлердің тобында дене мөлшері ірі жылы канды жануарлар анағүрлым салкын аудандарда таралган.

Термодинамика тургысынан ағзанын жылуды жоғалтуы оның салмағына

емес, бетінің ауданына тура пропорционал болады.

Неғұрлым жануарлар ірі және денесі шағын болған сайын оған тұракты температураны ұстап туру жеңіл. Ал неғурлым жануар ұсак болса, онын салыстырмалы ауданы жоғары және жылу жоғалтуы да, зат алмасу децгейі де, энергия жоғалтуы да жоғары.

Аллень ережесі (1877ж.) бойынша дене температурасы тұракты жануарлардың салқын климаттық белдеулерде денесінің шыгыңқы бөліктері кішірейеді.

Мысалы, экологиялық жагынан бір-біріне жақын түрлердің құлактарынын мөлшерін салыстырсак, тундарда мекендейтін поляр түлкісінін кұлағы кіші, коңыржай белдеуде мекендейтін кәдімгі түлкінін құлағы орташа. Африка шөлдерінде мекендейтін фенектің құлагы өге улкен.

Ылғалдылык Су тірі агзалардын өмірінде маңызды экологиялык факторы және олардың тұрақгы құрам бөлігі болып табылады.

Ылгалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарга бөлінеді: гидагофитгер. гидрофиттер, гигрофиттер. мезофитгер. ксерофиттер.

Жануарлар үшін олардың су алмасуын реттейтін механизмдер мен жабындардың өткізгіштігі маңызды роль атқарады. Су режиміне байланысты өсімдіктер мен жануарлардың мынандай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Гидатофиттер(грек тілінен аударғанда гидора, гидатос - су) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).

2. Гидрофиттер(грек тілінен аударғанда гидора - су) – құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).

3.Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора - ылғалды) – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.

4. Мезофиттер(грек тілінен аударғанда мезос – орташа, аралық) – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.

5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос - құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

А) суккуленттер (латын тілінен аударғанда суккулентус - шырынды) – ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);

Ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда склерос – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Гидрофильдер – ылғал сүйгіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері мен амфибиялар).

2. Мезофильдер – орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар (көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).

3. Ксерофилдер– жоғары ылалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырмен жорғалаушылары). Бұл жануарлардың өзіндік бейімделушіліктері пайда болған. Мысалы, шөл тасбақалары суды қуығында қорға жинайды. Кейбір сүтқоректілер май қабатының тотығуы нәтижесінде пайда болған метаболлиттік суды пайдалануға бейімделген. Метаболиттік судың есебінен көптеген бунақденелілер, түйе, құйрықты қой, тышқандар тіршілік етеді.

Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.

Сонымен. мекен ету ортасында тірі ағзага әсер ететін экологиялык факторлардың көптүрлігіне карамай, олардын ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардын жауап ретінде беретін реакциялары бойынша біркатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Либихтің минимум заңы, Шелфордтың толеранттылык заңы және т.б.

Тіршілік ету ортасы- бұл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табиғаттың бір бөлігі. Қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттері әр түрлі және үнемі өзгерісте тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі,әрі, өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістеріне сәйкес келтіреді.Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар жағдайларының өзгешелігімен тым ерекшеленетін төрт негізгі мекен ету орталарын игерді. Су тіршілік алғаш пайда болып , таралған ең бастапқы орта болды. Бұдан әрі тірі ағзалар жер беті мен ауа ортасына билік құрды, топырақ жасап, оған қоныс тепті.

Ортаның ағзаға әсер ететін жеке қасиеттері немесе элементтері экологиялық факторлар деп аталады. Орта факторлары сан алуан түрлі болып келеді. Олар тірі заттар үшін қажетті немесе керісінше зиянды болуы мүмкін.

Экологиялық факторлардың жіктелуі:

 


Экологиялық табиғи және антропогенді экологиялық факторлар болып екіге бөлінеді. Табиғи факторлардың өзі биотикалық және абиотикалық деп жіктеледі.Тіршіліктің төртінші ерекше ортасы тірі ағзалардың өзі болды, олардың әрқайсысы оған қоныстанған паразиттер мен симбиондар үшін тұтас дүниені білдіреді. Адаптация – ағзалардың қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуі. Бейімделуге қабілеттілік – тіршіліктің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады, өйткені ол оның тіршілік етуінің мүмкіндітін қамтамасыз етеді.

 

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ №6

Тақырып-6

НЕГІЗГІ АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ

 

Жоспар:

1. Табиғи ортаның абиотикалық және биологиялық факторлары,орта факторларының сигналдық маңызы.

2. Антропогендік факторлар.

Абиотикалық факторлар бұл өлі табиғаттың тірі ағзаларға тікелей немесе жанама түрде әсер ететін барлық қаситеттері: оларға химиялық, физикалық және эдафикалық факторлар жатады.

Химиялық факторларға қоршаған ортаның химиялық құрамы жатады, мысалы, ауаның, судың құрамындағы оттегі мөлшері, жауын-шашындардың қышқылдығы, автокөлік және зауыт-фабрикалардың түтіндерінің құрамы т.б.

Физикалық факторларға қоршаған ортаның физикалық күйі немесе құбылыстарды жатқызуға болады, мысалы, температура, қысым, радиациялық фон т.б.

Эдафикалық факторларға топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынын айтады.

Биотикалық фактор – бір ағзалардың басқа бір ағзаларға тигізетін әсері. Ол түраралық және түрішілік болып екіге жіктеледі.

Түрішілік әрекеттер – бір түрдің ағзаларының арасында жер үшін, қорек үшін, теорритория үшін туындайтын күрестен пайда болады, мұнда тек бәсекелестік орын алады.

Түраралық әрекеттер – түрішілікке қарағанда анағұрлым алуан түрлі. Оларға нейтрализм, бәсекелестік, мутуализм, паразитизм, жыртқыштық, протокооперация жатады.

Антропогендік фактор – адам әсерінен туындайтын қоршаған ортаға тиетін әсер. Ортаның экологиялық факторлары тірі ағзаларға түрліше әсер етеді, яғни физиологиялық және биохимиялық қызметтердің бейімделу өзгерістерін тудыратын тітіркенушілер сияқты; берілген жағдайларда тіршілік ету мүмкін еместігімен себептелген шектеушілер сияқты; ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгерістерін тудыратын модификаторлар сияқты; ортаның басқа факторларының өзгерісі туралы мәлімет беретін белгілер сияқты әсер ете алады.

Өзінің тарихи-эволюциялық даму жолында ағзалар периодты және периодсыз факторларға бейімделген.

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

 

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ

Дәріс сабақ №7

Тақырып-7

КЛИМАТТЫҚ АЙМАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚҰРЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ СУЛЫҚ ЭКОЖҮЙЕЛЕР, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Климаттық факторлар.

2. Стенобионты және эврибионтты организмдер

Климаттық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Күн сәулесінің қуаты, жарық, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын, қар қабаты, атмосфералық қысым, ауаның газдық құрамының арақатынасы жердің климатын немесе макроклиматты анықтайды.

Макроклимат (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі болып табылады. Ендік бағытында бұл полярлық, тундралық, тайгалық, далалы және шөлді климат. Қазақстан территориясында төмендегі климаттық жағдайлар қалыптасқан:

Солтүстік Қазақстанда салыстырмалы түрде қысы салқын, жазы жылылығымен сипатталатын континенталды климат. Бұл орманды-дала аймағының тармағы, Батыс-Сібір жазығының ландшафтына ұқсас. Орталық Қазақстанда – құрғақ даланың күрт континенталды климаты. Оңтүстік Қазақстанда - өте құрғақ және ыстық күрт континенталды шөл мен шөлейттердің климаты.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының климаты жердің орфографиясына да байланысты. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтай тауларында атмосфералық жауын-шашын мөлшері жоғарылайды және біртіндеп ауаның температурасы төмендейді. Климаты ыстық және құрғақтан қоңыржай жылы, қоңыржай салқын және ылғалды, ең соңында өте салқын жоғары таулы ауа райына дейін өзгереді.

Мезоклимат – бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклдиматқа барлық уақытта сәйкес бола бермейді. Орманда күндіз даламен салыстырғанда әрдайым салқындау және ылғалдырақ.

Микроклимат – бұл ағзаның деңгейіндегі климат + 24ºС температурады күндегі жапырақтардың температурасы қоршаған ортамен салыстырғанда 9ºС-ға жоғары, ал көлеңкеде - 4ºС-ға төмен.

Құстардың ұясында және жануарлардың інінде температура қыста жылырақ, ал жазда салқынырақ болады. Егер шөлді жерде топырақ беті + 70ºС-ға дейін қызса, ал 5 см тереңдіктің өзінде ол +40ºС-ға дейін төмендейді.

Биологиялық ырғақтар. Жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде температура, қысым электромагнит өрісі, теңіздердің толуы мен қайтуы маңызды роль атқарады. Аталған факторлардың Жердің өз осінен және Күнді айналуы, Айдың Жерге қатысты айналуы нәтижесінде туындайтын маусымдық және тәуліктік өзгергіштігі тән. Сонымен қатар бұл факторлар географиялық белдеулерге байланысты заңды түрде өзгереді.

Жануарлар мен өсімдіктерде ұзақ уақытқа созылған табиғи сұрыпталу барысында белгілі бір ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін анатомо-морфологиялық, физиологиялық және басқа да арнайы белгілер мен қасиеттер пайда болған. Әр түрдің өзіне тән жылдық циклы: өсу мен даму интенсивтілігі, көбею қысқа және қыстауға дайындығы қалыптасқан.

Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұр. Биологиялық сағаттың көмегімен әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық басқа да ырғақтары белгіленеді.

Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік, Айға ай тәулігі, жұлдыздарға жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық периодқа жақын ырғақ түрінде қабылдайды. Бұл – эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының себебі болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.

Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.

Көптеген жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуын әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтылық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су қоймаларында планктонның күндізгі және түнгі арадласуы байқалады. Жарық күннің ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың тәулік бойынша белсенділігіне әсер етеді. Олай болса, тәуліктік периодтылық экзогенді ырғаққа жатады.

Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.

 

 
 


Ағзаның

реакциясы

 

 

Қолайсыз Оптималды Қолайсыз Фактордың

жағдай жағдай жағдай әсер ету күші

min max

 


aru/baza6/907656207696.files/image005.png" />


Ағзаның

реакциясы

 

 

Қолайсыз Оптималды Қолайсыз Фактордың

жағдай жағдай жағдай әсер ету күші

min max