Буынаяктылар типі - Anthrpoda

Трихинелла — Trichinella spiralis

Табиғи ошақтық- трихинеллез ауруын қоздырушы паразит.
Ересек формасы иесінің аш ішегінде,дернәсілдері-бұлшықеттерде тіршілік етеді.
Морфофизиологиялық ерекшелігі.Өте кішкентай, ұрғашы даралары 3—4—0,6 мм. Еркекдаралары 1,5x2-0,004мм болыпкелетін кұрт.Бұлар дернәсілдерден тірі туады.
Тіршілік циклі. Адамдарда, үй жануарларында (шошка, ит) және жабайы жануарларда (жабайы шошқалар, атжалмандар, тышкандар, аю, түлкілер т.б.) паразиттік тіршілік ететін биогельминттер. Бір ағза негізгі және аралық иесі бола алады.
Ересек формалары аш ішекте 4 аптаға дейін тіршілік етеді. Ұрықтанғаннан кейін еркек даралары өліп калады,ал ұрыктанған ұрғашы даралары денесінің алдынғы жағымен иесінің ішек кабырғасына еніп 2000-ға жуык тірі дернәсілдері шығарады. Олар қан не лимфа арқылы бүкіл денеге таралып қаңка бұлшыкеттерінде, әсіресе көкетте жинақталалы. Қабырғааралык, шайнау, сан бұлшыкеттерінде шамалы уакыттан кейін дернәсіл шиыршықталып ширатылады. 2-2,5 айдан кейін дернәсіл айналасындағы ұлпалар капсула пайда етеді, онын мөлшері 0,25x0,66 мм жетеді. Бір жылдан кейін капсула кабырғасы ізбестеніп, қатаяды.
Дернәсілдің ересек формаға айналуы үшін ол басқа иесінің өтуі кажет. Екінші иесінін ішегінде капсула еріп ол босанып шығады да 2-3 күннен кейін ересек формаға айналады.

Патогендік әсері.Дернәсіл ағзаны улайды, сондықтанбет, қабақ ісіп дене температурсы 40° дейін көтеріледі, асказан,ішек кызметі бұзылады. Кейінірек бұлшықеттердің шаншып ауруы байқалады.
Лабораториялык анықтау. Бұлшықеттерде дернәсілдерді табу (биопсия) және иммунологиялык реакциялар арқылы.
Алдын алу шаралары. Коғамдык шаралар - мал сойылатын орындарда санитарлық-ветеринарлық нормаларды сактау, малдарды таза ұстау, атжалмандарды құрту.

Буынаяктылар типі - Anthrpoda

Буынаяқтылар типінің көптеген өкілдері адам ауруларының қоздырғыштары,таратушылары,аралық иелерінде және табиғи резервуарлары болып табылады.
Буынаяқтылар жоғарғы сатылы омыртқасыз жануарлар болып,оларға 1.0—1,5 млн –дай түрлер топтастырылады.
Буынаяқтылардың денесі буылтықтарға бөлінген.Аяқтарының қызметі түрліше-олар тек қана қозғалу қызметін атқарып қоймай,сол сияқты сезу,ауыз аппараты,қорғаныс және шабуылдау қызметтерін де атқарады.
Денесі хитин кабатымен қапталған. Хитин сыртқы қаңка, қорғаныс қызметтерін атқарады.Бұлшықеттері көлденең жолақты болып келіп күшті және әр түрлі қимыл-қозғалыстарды қамтамасыз етеді.
Дене қуысы аралас немесе миксоцель күйінде.Эмбриогенез барысында бірінші болып алғашқы дене қуысы қалыптасады,сосын соңғы дене қуысы пайда болады,бірақ алғашқы дене қуысы толық жойылмай шамалы бөлігі болса да сақталынып қалады.Мұндай дене қуысын аралас дене қуысы деп атайды.
Ас корыту жүйесі — алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұрады. Алдыңғы бөлімінде хитинді тістері (ұнтақтаушы аппа­рат), ортаңғы бөлімде жұп өскінше - ас корыту безінің (бауыр) бастамасы болады. Ауыз аппараты 3 жұп түрі өзгерген аяқтарынан кұрылған.
Қан айналуыашық типті, 5 бұрышты қалта тәрізді жүректен және кысқа кан тамырларынан тұрады.
Тыныс алу мүшелері —желбезек,жапыракша тәрізді өкпе және трахеядан (демтүтіқ) тұрады.
Зәр шығару жүйесі — метанефридиялардан, мальпигий түтіктерінен немесе жасыл бездерден құрылған.
Жүйке жүйесі жұтқыншак маңындағы сакинадан жене құрсақ жүйке тізбегінен тұрады.
Буынаяқтылардың көпшілігі дара жыңысты. Буынаяктылар типі - шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер жене бунақденелілер (насекомдар) кластарынабөлінеді. Олардың ішінен өрмекшітәрізділердің және насекомдардың медициналық маңызы белгілі.

9.5.1. Өрмекшітәрізділер класы - Arachnidа

Өрмекшітәрізділердің кейбіреулерінің дене бөліктері бірігіп 2 бөлімге баскөкірек,құрсаққа -бөлінген,екіншілерінің барлық бөліктері өзара біріккен,бөлімдерге бөлінбеген,мысалы,кенелер.Бұлардың 6 жұп аяқтары,оның ішінде 4 жұп жүру аяқтары болады.
Ас қорыту жүйесінің құрылысы түрліше,бірақ барлық өрмекшітәрізділердің қоректену ерекшелігі-сұйық,жартылай қорытылған асты сорып қоректенеді.Ол үшін жұтқыншақ мықты дамыған бұлшықеттерден құралған.Алдыңғы ішекке жұп сілекей бездері ашылады және ортаңғы ішекте жұп өскін-бауыр дамыған.
Зәр шығару жүйесітүрөзгерген метанефридиялардан не мальпигий тамырларынан ,тынысалу жүйесі жапырақ тәрізді өкпеден не трахеядан тұрады.
Жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады.
Өрмекшітәрізділер өкілдерінен тек кенелер отрядының медициналық маңызы белгілі.

 

Кенелер отряды — Acari

Кенелердің мөлшері өте кішкенетай- 0,1 мм-ден 10 мм-ге дейін. Денесі бөлімдерге бөлінбеген,хитин қабаты тері тәрізді созылған,ал кейбіреулерінде хитин қабатының учаскелері қатайып қалғанша айналған.
Кенелердің 6 жұп аяқтары ,олардың екеуі ауыз аппаратына айналған,ал 4 жұбы жүру аяқтары.
Тыныс алу мүшесі-трахея,зәр шығару мүшесі-мальпигий түтіктері.
Кенелер дара жынысты насекомдар.
Тіршілік циклі.Өрмекшітәрізділер толық түрленіп дамиды жұмыртқа,дернәсіл,нимфа және имаго.Дернәсілдерінің 3 жұп жүру аяқтары және бүкіл денесімен тыныс алады.Олар түлеп нимфаға айналады.
Нимфаның 4 жұп жүру аяқтары,тыныс алу мүшесі-трахеялар болады,бірақ жыныс мүшелері әлі қалыптаспаған.Нимфа түлеп имагоға айналады.
Кенелер таратушылар паразиттер және табиғи резервуарлар болуы мүмкін.

 

Иксод кенелер тұқымдасы- Ixodldae

Ірі,мөлшері 4-5 мм болатын кенелер (70-сурет). Тойынған ұрғашы кенелердің мөлшері 10 мм ден артық болады. Еркек дараларда денесінің үстіңгі бетін толық жауыптұратын қалқанша кездеседі, ал ұрғашы дараларда және дернәсілдерде қалқанша тек денесінің алдынғы бөлігінде ғана болады, ал қалған бөліктері жұқа, созылмалы хитин кабығымен қапталған.Мұнын маңызы өте зор, себебі ұрғашы даралар көп мөлшерде, массасынан 200-400 есе артық мөлшерде,қан сорып ісінеді.

Иксод қенелері тіршілігіне қолайсыз жерлерді— ормандарды мекендейді. Ол жерлерге ұзақ, уакыт қоректендіруші жануарлар енбеуі мүмкін, сондықтан олар аштыққа шыдауға бейімделген.Сонымен қатар,мекен ортасына қоректендіруші жануарлардың еніп келгенін сездіретін ерекше бейімделушіліктері болады: 1) ірі жануарлардың жүруі салдарынан топырақтың азды-көпті тербелісін сезетін өте нәзік сезімтал құрылымдары дамыған; 2) мекен ортасына енген жанурлардың тыныс алуы салдарынан орта температурасының болар-болмас өзгеруін сезетін терморецепторлары дамыған.Сонымен қатар мекен ортасы олардың дамуы үшін қолайсыз болғандықтан көп мөлшерде жұмыртқалайды.
Тайга кенесі-Ixodes persulcatus-көктемгі-жазғы энцефалит ауруының тасымалдаушысы және табиғи резервуары Сібірде,Шығыс Қазақстанда кең тараған.
Еркек дараларының мөлшері-2,5 мм,ұрғашылары 4 мм.Дернәсілдері кемірушілердің,кірпілердің,құстардың қанын сорады және топыраққа өтіп түлейді.Нимфалары ірі кемірушілердің,тиіндердің,қояндардың қанын сорады.Ересек формалары-ірі қара мал,бұғылар,маралдар қанын сорады.
Ит кенесі- Ixodes ricinus-туляремия,шотландия энцефалитінің қоздырушысын тасымалдайды. Қылқан жапырақты,бұталы аймақтарды мекендейді.Мөлшері,даму циклі тайга кенесіне ұқсас.

 

Аргос кенелері тұқымдасы - Argasidae

Аргас кенелері жабық табиғи немесе жасанды мекендерді мекендейді,мысалы, үңгірлерді, жануарлардың індерін,апандарды жене балшықтан салынған үйлерді, қора-қопсыларды т.с.с.Бұлардың тіршілік жағдайлары иксод кенелерге қарағанда бірша-

ма қолайлы болып келеді,сондықтан да олар көптеп өлмейді. Бұл кенелер мекен жайына енген жануарлармен ғана қанағаттанады, сондықтан олардың кожайындарынынсаны өте көп (жорғалаушылардан бастап адамдарға дейін). Коректендірушілердің аз уакытқа болса да мекенге енгенін пайдаланып тез коректенеді де, 3—30мин. арасында тойынады. Бұл кенелер аз мөлшерде коректенеді және мекен-жайлары дамуы үшін колайлырақ болғандыктан, санаулы ғана (100) жұмыртқа жұмыртқалайды, бірак аз өмірінде бірнеше рет жұмыртқалайды (69-сурет).
Бұлардын мекен-жайына ұзак уакыт ешбір жануар енбеуі мүмкін, сондықтан да кенелер көпжылдап ашығады, олардың дамуы 20-28 жылға созылады. Бұлардың дамуында жұмыртқа, ли­чинка сатыларынан кейін бірнеше нимфалық сатылары ауысып, содан кейін ересек формаға (имаго) өтеді. Бұл тұкымдастын өкілінін бірі - ауыл (по­селке) кенесі.

 

Ауыл кенесі — Ornithodorus papіllipes

Қайталама кене сүзегінің таратушысы және табиғирезер­вуары болып табылады. Олар негізінен Орта Азия елдерінде таралған, үңгірлерді, сүткоректілер мен кұстардың індерін және ұяларын, балшықтан салынған үйлердің, қораларды едендегітесіктерін мекендейді.
Морфофизиологялық ерешеліктері. Бұл кененің түсі -күңгірт сұр болып келеді- Ұрғашыларының денесінің ұзындығы 8,2 мм, еркек даралары - 5,8 мм. Көздері болмайды. Бұлар кемірушілер, жарқанаттар, торғайлар және иттер, ірі карамал, жылқы, мысык т.б. үй жануарларының денесінде қорректенеді. Ересек кенелер ұзак уакыт -13 жылға дейін, коректенбей аш күйінде сақтала береді.
Алдын алу шаралары. Жеке шаралар: кенелердің денеге жабысуынан сақтану және кенелер мекендейтін биотоптарга кірмеу; кенелердің денеге жабысуын болдырмайтын химиялық заттарды пайдалану. Қоғамдық шаралар: кенелерді және кемірушілерді жою; балшықтан салынған ескі құрылысты бұзу,олардың орнына еуропа типтес үйлерді салу т.с.с.
Қышыма кенесі – Sarcoptes scabiei - акариформды кенелер тұқымдасының өкілі, адамдардың қышыма (қотыр) ауруын қоздырушы паразит.
Денесі домалақ, мөлшері 0,3-0,4 х 0,2-0,3 мм. Денесінде көптеген кыска тікенектер және ұзын кылтанақтар кездеседі.

Аяқтары өте қысқа,көздері дамымаған.Бүкіл денесі арқылы тыныс алады,4-5 апта өмір сүреді.Ұрғашы дараларының терінің мүйізді қабатын тесіп бірнеше мм жететін тар індер қазады,оған тері бетінде тіршілік ететін еркек даралары еніп ұрғашыларын ұрықтандырады.Содан кейін ұрғашы даралары 50-ге жуық жұмыртқалар жұмыртқалайды.Даму циклі жұмыртқа,нимфа және имаго сатыларынан тұрады.

Бұл кенелер терінің кез келген учаскелерін зақымдауы мүмкін,бірақ көбінесе терінің нәзік учаскелерінде кездеседі.

Кенелер теріні өте күшті қышытады,әсіресе түнде.Адамдар қышыған жерлерін қасығанда сол жерде микробтар түсіп қабыну ,іріңдеу байқалуы мүмкін.

Алдын алу шаралары:тазалықты сақтау,ауру адамдарды емдеу.