ISBN 978-601-241-059-4 10 страница

Орталық Қазақстан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау максатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

XIX ғасырдың ортасында байлык іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қаркаралы уезінде 311 кеніш игерілген.

1940 жылға дейін Қарағанды көмір алабында 22 шахта жөне 1 көмір кесіндісі (Федоров) салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды Ресейдің Еділ маңы жөне Орал әкономикалык аудандарын, Башқұртстан республикасы мен Орынбор облысын көмірмен қамтамасыз еткен.Ұлы Отан соғысы жылдары

Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен камтамасыз етті.

Орталық Қазақстан марганец (жез) кенінің барланған қоры бойынша дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында. Кеннің негізгі коры Атасу кенді ауданында (батыс Қаражал, Үшқатын III, Үшқатын I, Шығыс Қамыс, Жомарт және т.б.) және Сарысу-Теңіз кенді ауданында («Түр», «Богач») шоғырланған.

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп коныстана бастады. Соның нөтижесінде славян халықтарынын, саны көбейді. Қазіргі танда Орталык Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 каласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%).Ауыл халкы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр куаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені калыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен кара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда карқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың коры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазакстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазган өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады.Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптаскан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркөсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск калалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар жөне т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп кажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы камтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазган өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді.Орталык Қазакстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды калдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің калдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт кышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайткышы, тас көмір шайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталык Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.

Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і жәнө Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның көсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр куатымен қамтамасыз етеді

Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады . Қарағанды таукен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, токыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезказған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, кой, шошқа өсіріледі.Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек кана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

Экологиялық проблемалары

Республика аймағында бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-тенсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде.

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы казбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауытфабрикалар салынды.

Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас калалардың бірі, бірак экономикалық өлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нүра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.

Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті кала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.

Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балкыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет корғасын концентратын шығарады.Мыс балқыту өнеркәсібінен баска кұрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

Орталық Қазақстан Республика ЖІӨ-нің 24% өндіреді, негізгі капиталының 20%және еңбек ресурсының 17%орналасқан. Ең көне өнеркәсіп өндірісіне көмір өнеркәсібі жатады, ал көмір өнеркәсібімен тығыз байланысты қара металлургия саласының дамуына қолайлы жағдай жасалынған. Қарағанды бессейнінде еліміздің тас көмірінің 100%өндіріледі. Қара металлургияның бұл аймақта қалыптасуына кокс көмірінен басқа келесі факторлардың ықпал етуі жатады:

1. Көктөбе-Тоғай және Атасу кендерінде ірі темір рудасы кендерінің болуы;

2. Көршілес Солтүстік Қазақстанда ірі темір рудасының болуы;

3. Ертіс-Қарағанды-Жезқазған су каналы қара металлургиямен жалпы экономикалық жағдайы оң өзгертуге мүмкіндік береді.

Бұл аймақтың ірі кәсіпорындарына Қарағанды металлургиялық комбинаты жатады. Мұнда еліміздегі болаттың 100%өндіріледі. Орталық Қазақстанның түсті металлургиясының жетекші саласына мыс өнеркәсібі жатады. Оның кәсіпорындары Жезқазған және Балқаш тау металлургиялық комбинаты Кәсіпорынға шикізат Орталық Қазақстан кендерінен және көршілес Павлодар, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан алынады. Мұндағы Жайрем қорғасын-мырыш комбинаты шикізатты Жайрен кенінен алады. Қазіргі кезде аймақтағы Ақжал полиметалл комбинатының өнімдері сыртқа сатылады.

Орталық Қазақстан экономикалық ауданында химиялық өнеркәсіп металлургиялық саланың қалдықтарын өндеуші сала ретінде дамуда. Металргиялық салада оттегі өндірісінде азоттық тыңайтқыштар өндіріледі. Ал фосфоры көп руданы өңдеу фосфорлық тыңайтқышты өңдеуге мүмкіндігін береді. Түсті металлургиялық кәсіпорынның барлығында қосымша өнім ретінде күкірт газы алынады, бұл газдың негізінде арзан супер фосфат өндірісінде қажетті күкірт қышқылы өндіріледі.

Машина жасау және металл өңдеу саласы екі облыстарда да дамыған. Ақмола облысы ауыл шаруашылық машиналарын жасау орталығы болып табылса, Қарағанды облысында приборлар мен қалалық машиналар өндірісі дамыған. Орталық Қазақстанада жеңіл өнеркәсібін аяқ-киім фабрикалары, музыкалық аспаптар комбинаты, Қарағандының жиhаз, трикотаж фабрикалары сипаттайды.

11.1 Ақмола облысының экономикасы

Ақмола облысы Қазақстанның Солтүстігінде орналасқан. Облыс орталығында облысқа әкімшілік жағынан енбейтін, Қазақстанның астанасы Астана орналасқан.

Әкімшілік орталығы – Көкшетау қаласы, негізі 1824 жылы салынған, 2009 жылы 1 қазанда қала тұрғындарының саны 136 мың адамды құраған (жалпы облыс тұрғындарының 18,4%). Аумағы – 146,2 мың шаршы километр, республика аумағының 5,4 пайызын құрайды. Облыс тұрғындарының саны 01.09.2009 жылы - 738,4 мың адамды, соның ішінде қала тұрғындары 333,5 адамды (45,2%), ауылдықтар – 404,9 адамды (54,8%) құраған. Тұрғындардың тығыздығы орташа алғанда 1 шаршы километрге 5,1 адам.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі облыс орталығын Көкшетау қаласына көшіру туралы Жарлығы Ақмола облысының өмірінде саяси және әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды кезеңі болды.

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстігінде орналасқан. 1939 жылы құрылған, батыста – Қостанай, солтүстікте – Солтүстік Қазақстанмен, шығыста – Павлодар және оңтүстікте – Қарағанды облыстарымен шектеседі.

Облыс құрамында облыстық маңызы бар 2 қала: Көкшетау және Степногорск, 17 ауылдық аудан, аудандық бағыныстағы 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк, Щучье), 5 поселке және 253 ауылдық округі бар.

Облыс құрамында:

Облыстық маңызы бар 2 қала: Көкшетау және Степногорск

Аудандық бағыныстағы 8 қала: Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есіл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучье.

17 ауылдық аудан

1. Ақкөл ауданы

2. Аршалы ауданы

3. Астрахан ауданы

4. Атбасар ауданы

5. Бұланды ауданы

6. Егіндікөл ауданы

7. Еңбекшілдер ауданы

8. Ерейментау ауданы

9. Есіл ауданы

10. Жақсы ауданы

11. Жарқайың ауданы

12. Зеренді ауданы

13. Қорғалжын ауданы

14. Сандықтау ауданы

15. Целиноград ауданы

16. Шортанды ауданы

17. Бурабай (Щучье) ауданы

15 поселкелер

245 ауылдық округтер бар.

Аймақтың жер бедері әртүрлі: көп бөлігін далалы, ұсақ шоқылы, бос ыдыраған жазықтық алқаптар және өзенді алаптар, орманмен жабылған таулар алып жатыр.

Облыстың климаты қатаң континентті және тым құрғақ. Жазы қысқа, жылы, қысы ұзаққа созылып, аязды, қатты желді және қарлы боранды болады. Негізгі климат туғызатын фактор – маусым шілде айларындағы күн көзінің көп жарқырауы. Ауаның ең төмен температурасы 40°С нөлден төмен, ең жоғарғы + 44°С қа дейін жетеді. Атмосфераның орташа жылдық жауын шашын мөлшері 265 мм. құрайды. Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 5,3 м/сек.

Өсімдіктері далалық әр түрлі шөптердің түрлеріне және сәйкес ландшафтпен, әсіресе облыстың солтүстік бөлігінде қарағайлы қайыңды орманмен, тау баурайларын жауып тұратын әр түрлі қылқанды өсімдіктермен бейнеленген. Таулы қарағайлы ормандар – бұл облыстың байлығы.

Облыстың жануарлар әлемі едәуір байлығымен және әр түрлілігімен ерекшеленеді: сүт қоректіліердің 55 түрі, құстардың 180 түрі, балықтардың және өзге түрлердің 30 түрі бар. Бұлан, елік, қасқыр, түлкі, тиін, қоян, ондатра, суыр сияқты жануарлар мекендейді.

Облыс аумағында өзіндік құрамы және масштабы бойынша бірегей зерттелген алтын, күміс, уран, молибден, техникалық алмас, каолин және мусковит, сонымен қатар тас көмір, доломит, жалпы таралған пайдалы қазбалар, минералды сулар, және ем балшықтары, темір кендері шоғырланған. Баланстық қордың құндылық өлшемі кемінде 20 млрд. АҚШ долларын құрайды, ал болжам ресурстары 100 млрд. АҚШ долларынан жоғары.

Жер қыртысы ауыр механикалық құрамымен, тұздылығы жоғары және судың сіңуі төмен тосқауылмен ерекшеленетін қара топырақ және сарғыш болып келеді.

Облыс аумағы бойынша бірнеше өзендер ағып өтеді, соның ішінде ең ірілері Есіл және Чаглинка. Сумен жабдықтау үшін Есіл өзенінде Вячеславка су қоймасы

(410 млн. куб. м) және Сілеті өзенінде Сілеті су қоймасы (230 млн. куб. м) құрылған. Щучье Бурабай ауданы көлдерге бай. Бұл басты тұрпатта тұщы және аз тұзды көлдер. Және Майбалық, Балпашсор деген шипалы көлдері де бар.

Ақмола облысы – Қазақстан Республикасының негізгі ауыл шаруашылық аймақтарының бірі. Облыстағы ауыл шаруышылығының негізгі бағыты дәнді астықты өндіру. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуды қамтамасыз етудегі экономика саласының динамикалық өсуі үшін, облыста «2009-2011 жылдардағы Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешендердің тұрақты дамуы бойынша кешендер шаралары» және «2007-2010 жылдардағы Ақмола облысының ауылдық аумақтарын дамыту» аймақтық бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Облыс, республикадағы ауыл шаруашылық өндірісі және өнімдерді қайта өндеу бойынша жетекші аймақтардың бірі бола отырып, сонымен қатар, кен өндіру саласындағы негізгі өнеркәсіптер, машина жасау, түсті металлургия, ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеудегі маңызды өнеркәсіптік әлеуетке ие.

Ақмола облысы туристік бизнесті дамыту үшін төтенше жайлы аумақты ала отырып, маңызды табиғи ресурстарға ие. Демалыс аймақтары географиялық қолайлы, халқы тығыз шоғырланған индустриалды жақын байланысқан жерлерде орналасқан.

Керемет табиғи климаттық жағдайларды – тамаша жартасты таудың ландшафт әсемдігімен үйлесімдігі, қылқан жапырақты ормандар, жайлы жағажайларымен көлдері, «Бурабай» ауданының көлді курортты орындарын, Жөкей, Қотыркөл, Майбалық, Үлкен және Кіші Чебачье көлдерін иелене отырып, ТМД елдерінің ең атақты курорттарымен бәсекелесе алады. Облыс аумағында «Көкшетау» ұлттық табиғат бағы, сонымен қатар, барлық Еуро Азиаттық құрлығында ең теңдессіз болып табылатын халықаралық маңызы бар «Қорғалжын қорығы» бар. Бұл аумақ Азиядағы ірі популяцияның суда жүзетін 300 түрінің мекендейтін орны болып табылады.

Облыстың көптеген аудандары ішкі туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Демалу үйлерінің, санаторилердің, туристік базалардың, жөндеу байқау жұмыстарын жүргізетін орындардың, пансионаттардың, және т.б. дамыған желілері бар.

11.2 Қарағанды облысының экономикасы

Қарағанды облысы — облыс Қазақстанның орталық бөлігінде, Солтүстік Мұзды, Үнді, Атлант және Тынық мұхиттарынан тең қашықтықта Еуразия құрылығының дәл ортасында орналасқан. Ауа-райы қатал континенталды және тым құрғақ болып келеді. Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы – аумағы жағынан және өндірістік әлеует бойынша ең ірі, минералдар мен шикізатқа бай облыс. Облыс аумағы жаңа шекараларда 428 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы көлемінің 15,7 % ). Облыста Қазақстанның барлық тұрғындарының оннан бір бөлігі тұрып жатыр.

Солтүстікте Ақмола облысымен, солтүстік шығыста Павлодар, шығыста – Шығыс Қазақстан, оңтүстік шығыста – Алматы, оңтүстікте – Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, батыста – Ақтөбе, солтүстік батыста – Қостанай облыстарымен шекаралас.

Қарағанды облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Ең алғашқы орталығы Петропавл қаласы болған. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысы құрылғаннан кейін, орталық Қарағанды қаласына көшірілді.

Облыс Қазақтың ұсақ шоқылы қыраты – Сарыарқаның бөлігін алып жатыр, ол геоморфологиялық қатынаста өте биік көтерілген, өз тұрпатын бейнелейтін біркелкі емес аймақ (абсолютті биіктігі 400-1000 метр). Жер бедері ұсақ шоқылы төмендетілген, өзенді алыптар, құрғақ су арналармен, бетке шығатын топырақты сулы сай ойпатымен, қисық ойыстарымен, көлді қазан шұңқырларымен, дала табақшаларымен асқынған. Облыстағы ең ірі таулы алаптар Қарқаралы, Кент, Қызыларай, Кешубай, Қызылтас, Ұлытау.

Облыста 9 ауылдық аудан, 11 қала, оның ішінде 9 ы республикалық және облыстық бағыныста, 11 қала түріндегі поселке, 190 ауылдық округ (поселкелер), оның ішінде 422 ауылдық елді мекендер бар.

Облыс тұрғындарының саны 2009 жылдың 1 қазанында 1 млн. 350,2 мың адамды құраған.

Облыс бойынша халық тығыздығы орташа шамамен ( аумақтың 1 шаршы километрне) 3,1 адамды құрайды.

1999 жылғы Бірінші Ұлттық Халық санағының деректері бойынша облыста 115 ұлттың өкілі тұрып жатыр. 2009 жылдың басында тұрғындардың жалпы санының ішіндегі қазақтар 44,1%, орыстар – 39,6%, украиндықтар – 4,7%, немістер – 2,9%, татарлар – 2,6%, белорустар – 1,3%, корейлер – 1% ды құраған.

Облыс орталығы 1934 жылы негізі салынған Қарағанды қаласында орналасқан. 2009 жылдың 1 қаңтарында осында 465,7 мың адам немесе барлық облыс тұрғындарының 34,6% ы өмір сүріп жатқан. Қарағандыдан Астанаға дейін арақашықтық 222 километр.

Қарағанды аймағы Қазақстанның теңдессіз минералды шикі затты аймағы болып табылады. Облыс аумағында республика бойынша марганец қорының 100 % ы, мыстың 36 % ы, вольфрамның 80 % ы, молибденнің 64 % ы, қорғасынның 54 % ы, 40 % дан жоғары тас көмір (соның ішінде кокстенген тас көмірдің 100 % қоры) шоғырланған. Сондай ақ, облыстың жер қойнауы сирек кездесетін висмут, күміс, сүрме, титан, никель, кобальт, корунд, күшән, олунит және т.б. металлдарға бай. Облыста темір және полиметалл рудаларының қорлары бар, қымбат тастар және жасанды тастарды метеллургиялық өндіру үшін мұнай, газ, рудосит асбест, оптикалық кварц, мәрмәр, гранит, цемент шикізаты, отқа беріктік саз және флюс қорлары орнатылған.

Қарағанды облысында көмірсутекті шикізаттың маңызды қорлары бар. Қарағандының тас көмір бассейні ТМД елдерінің бассейндерінің арасындағы ең газды қабатты болып келеді. Бассейннің тас көмір қыртысында метан, көмір қышқыл газ, күкіртті сутек, ауыр көмір сутектер кездеседі. Метан қорының келешегі зор болып табылады.

Облыстың оңтүстік батыс бөлігінде, 180 млн. тонна мұнай, 13 млрд. м3 – газ, 35 мың. тонна – конденсаттың зерттелген қорларымен Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл және Майбұлақ деген мұнай мен газдың 3 жері анықталған. Оның ішінде Құмкөл жері зерттелу үстінде, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл жерлері зерттелуге дайындалуда. Облыстың бұл бөлігінде болашағы зор көмір сутекті шикізат жерлері мен құрылымдары белгілі. Бұл облыстың батыс бөлігінде ТМД елдеріндегі жалғыз родусит асбест зерттелген – Құмола және Үшбұлақ жерлері бар. Орталық және оңтүстік бөліктерінде волластонит зерттелген – Босаға, Алайғыр деген ең ірі жерлер орналасқан.