ISBN 978-601-241-059-4 9 страница

10.2 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданына Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік Қазақстан облыстары кіреді, ауданы 488 мың шаршы км, халқының саны 3,9 млн. адам, тығыздығы 8 адам, темір жол ұзындығы 2,5 мың км, асфальттанған жол 12,9 мың км.

Негізгі салалары: түсті металлургия, химия, мұнайды өңдеу, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Аймақ ішкі республика өнімінің 8% береді. Ал еңбек ресурстарының 22% осында.

Табиғи климаттық жағдайлары мен еңбек ресурстарының молшылығы еңбек сыйымдылығын жоғары ауыл шаруашылық дақылдарды өндіруге мүмкіндік береді.

Негізгі аграрлық дақылдар мақта, күріш, көкөніс және жеміс-жидек.

Оңтүстік-Қазақстан облысы — республиканың оңтүстік шетінде

орналасқан, халық саны 2,5 млн. адам немесе республиканың барлық халқының 15 %. Қазақстанның халық ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі. Халқының тығыздығы жағынан алғанда, 1 шаршы шақырымға 22 адамнан келеді.

Облыстың негізі 1932 жылдың 10 наурызында қаланған. 1962 жылдың 3 мамырынан 1992 жылдың 6 шілдесіне дейін Шымкент облысы деп аталған. 1992 жылы облыстың бұрынғы – Оңтүстік Қазақстан атауы қайтарылды. Облыс орталығы - Шымкент қаласы.

Облыстың әкімшілік- аймақтық құрылымына облысқа бағынатын төрт қала: Шымкент, Кентау, Түркістан, Арыс және 11 ауылдық аудандар кіреді. Облыстың көлемі 117,3 мың км² немесе республика аумағының 4,3 %-ын құрайды. Солтүстігі мен оңтүстігінің арасындағы тікелей телімдердің қашықтығы 600 километрді құрайды.

Оңтүстік – Қазақстан облысы Қазақстанның оңтүстігінде Тұран ойпатының шығысы мен Тянь – Шаньның батыс тау сілемдерінің батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың көп бөлігі жазықты, Қызылқұмның адырлы – атызды құмдары, Шардара далалары (оңтүстік батысындағы Сырдарияның сол жағалауы ) және Мойынқұм ( солтүстігіндегі Шудың сол жағалауы ) болып келеді. Солтүстік бөлігінде Бетпақдала шөлі, оңтүстік шетінде – Тақыр дала (Мырзашөл ) орналасқан. Облыстың орта бөлігін – Қаратау тау жоталары ( Бессаз тауы – 2176 м ), оңтүстік – шығысын Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау тау жоталары ( биіктігі 2824 метрге дейін ) және Угам тау жоталары ( ең биік нүктесі – Сайрам шыңы – 4238 м ) алып жатыр.

Ең ірі өзені – Сырдария ( Келес, Құрықкелес, Арыс, Бүгін және т. б. салалары бар ) облыс аумағын оңтүстіктен солтүстік – батысқа қарай қиып өтеді, және Шу өзенінің ( төменгі ағысы ) солтүстігінен ағып, Мойынқұм шөліне сіңіп кетеді.

Облыс қатал континетті ауа райы аумағында орналасқан. Құнарлы топырақтары, күн сәулесінің молдығы, кең жайылымдар – бұл ауданда ауыл шаруашылығының түрлі салаларын, алғашқы кезекте суармалы егін шаруашылығы мен жайылмалы қой шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді. Мақта, күріш, сонымен қатар бау-бақшалар мен жүзім алқабы жоғары өнім береді.

Облыста полиметалл кендерінің кен орындары (Кентау қаласы ауданындағы Қаратау тау жоталарының оңтүстік – батыс баурайы Ащысай, Байжансай, Мырғалымсай т. б. кен орындары ) бар. Қаратау жоталарындағы темір кен орындары үлкен қызығушылық туғызады. Облыста құрылыс материалдарын өндіруге арналған минералдық – шикізат қорлары ( әктас, гипс, отқа берік керамикалық және бентонитті саздар, минералды бояулар, өңдеу тастары) бар.

Облыстың негізгі өнеркәсіптік міндеті түсті металургияны, химия , тас көмір, мұнай және құрылыс салаларын, сол сияқты жергілікті шикізат қорларын өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы айтарлықтай өндірістік-экономикалық әлеуетке бейім. Ол Қазақстанның ең көп жұмыспен қамтылған аймақтарының бірі. Аймақ барит, көмір, темір және полиметалл кендері, бентонитті саздар, вермикулит, тальк, әктас, гранит, мәрмәр, кварц құмдары сияқты пайдалы қазбалардың кен орындарына бай. Уран қоры бойынша облыс Қазақстанда бірінші орынды, фосфорит және темір рудалары бойынша үшінші орынды иеленеді.

Облыс мақтаның, былғары шикізатының, өсімдік майының, көкөністердің, жемістердің, жүзімнің, бақша, макарон, темекі, алкагольсіз сыра өнімдерінің ірі өндірушісі және өнім берушісі болып саналады. Соныман қатар облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, экскаваторлар, қуат беретін трансформаторлар, май ажыратқыштар, шұлық – ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз өндіріледі. Облыста екі бағыттағы жалпы ұзындығы 444,6 км. темір жол, жалпыға бірдей пайдаланатын авткөлік жолдары 5,3 мың километр, сонымен бірге берік жабынды – 5,2 мың километр жол бар.

Азаматтық авиацияның ұзындығы 27 мың километр.

Облыс орталығы Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір халықаралық магистралінің білігінде орналасқан. Сонымен қатар Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистральдарымен де байланысқан.

2009 жылдың желтоқсан айында республиканың оңтүстігін газбан қамтамасыз ету үшін, батыс Қазақстанның кен орындарынан газ тасымалдауға арналған, сонымен қатар Қазақстан – Қытай газ құбырларына экспорттық газ жеткізу үшін Бейнеу - Базой - Шымкент газ құбырының құрылысы басталды.

Газ құбырының ұзындығы 1,5 мың километрді құрайды, құрылыстың құны – шамамен $3,6 миллиард, қызмет ету мерзімі – 30 жыл. Жаңа газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін, газ беру көлемі Қызылорда облысында бес есеге, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары бойынша үш- төрт есеге өседі. Бірінші кезеңде ( 2012 жылға дейін ) өткізу қабілеті жылына 5 млрд текше метрді құрайтын Базой – Шымкент телімін салу жоспарлануда, екінші кезеңде ( 2013 – 2014 жылдар аралығында ) Бейнеу – Базой телімі және қосымша компрессорлық станцияларын енгізу арқылы газ құбырларының қуатын 10 млрд. текше метрге жеткізу жоспарланып отыр. Бейнеу — Базой — Шымкент газ құбыры Қазақстан – Қытай газ құбырының екінші телімі ретінде қарастырылады.

Мұнай өңдеу Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына негізделген.Мұнайдан басқа цемент зауыттары да жұмыс істейді. Маңызды сала мақта тазарту, жеңіл өнеркәсіпте Қаракөл елтірісінің өндірісі жатады.

Жамбыл облысы Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, 1939 жылы құрылған. Географиялық тұрғыдан оның аумағы негізінен жазықтық.

Облыс аумағы 144,3 мың шаршы км-ді құрайды. Облыстың солтүстігі Қарағанды облысымен, оңтүстігі – Қырғызстан Республикасымен және Оңтүстік Қазақстан облысымен, шығысы – Алматы облысымен шектеседі.

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала, 367 елді мекен бар.

Халық саны 1043,6 млн. адамды құрайды. Халықтың құрамы 90-нан астам ұлттан тұрады, оның 71,4% -ы қазақтар.

Облыс климаты – едәуір құрғақ және континентальды.

Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.

Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.

27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.

Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:

- мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;

- жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Іле Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;

- жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.

Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыс мүйізді ірі қара, жылқы және құс бастары санынан, жүгері, қант қызылшасын, соя, табак, картоп және көкөніс өсіруде, ет, жұмыртқа және жүн өндіру бойынша бірінші орын алады.

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс 226 мың шаршы км жалпы ауданымен Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, бұл республиканың барлық аумағының 8,3%-н құрайды.

Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, оның төменгі ағысында орналасқан.

Облыс солтүстік – батысында- Қарағанды, Солтүстігінде- Қарағанды, оңтүстік- шығысында- Оңтүстік - Қазақстан облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Халқының саны (алдын ала есептік деректер бойынша) 641,7 мың адамды құраған, соның ішінде 227,3 мың адам (35,4%) қалалық жерде, 415,3 мың адам (64,6%) ауылдық жерде тұрады.

Шиелі ауданында 2009 жылы сәуірде бірлескен қазақстандық- қытайлық компания «Ирколь» уран кен орнын зерттеуді бастады. Өндіру жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылады.

Арал ауданында өнеркәсіптік балық аулау және балықты қайта өңдеу жандануда, мұнай мен газдың кен орындарын барлау жүргізілуде.

2010 жылы республиканың оңтүстігін табиғи газбен жабдықтау үшін батыс

Қазақстанның кен орындарынан газды тасымалдауға арналған, сондай-ақ газды Қазақстан- Қытай газ құбырына экспорттық жеткізулерге арналған Бейнеу — Бозой — Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Газ құбырдың ұзындығы 1,5 мың километрді құрайды, құрылыстың шамамен құны $3,6 миллиард, есептік қызмет ету мерзімі 30 жыл.

Жаңа газ құбырын пайдалануға енгізумен байланысты газ беру көлемдері Қызылорда облысында бес есе, Оңтүстік – Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 3-4 есе артады. Бірінші кезеңде 2012 жылға дейін) өткізу қабілеті жылына 5 млрд куб метр Бозой — Шымкент учаскесін салу жоспарланады, екінші кезеңде (2013-2014 жылдар)- газ құбырының қуаттылығын қосымша компресссорлық станцияларды және Бейнеу - Бозой учаскесін енгізу арқылы жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізу.

2009 жылы облыс аумағында «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» авто жол салу өрістетілген. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның ішінен 2787 км Қазақстан аумағымен, олардың ішінен үштен бірі (811 км) Қызылорда облысымен өтеді. Жобамен Сырдария арқылы автожол көпірлері және және Шіркейлі арнасы, жол - пайдаланатын кешендер, аялдамалық алаңдар, автопавильоны, мал қабылдайтын жерлер, электрондық таблолар қарастырылған.

Құрылыспен бір уақытта күрежолдың бойында орналасқан облыс аудандарының да жолдары жөнделіпғ салынатын болады.

Қызылорда-Арал ауданында мұнайды өндіру өнеркәсібі дамыған. Оған Құмкөл мұнай газ кені кіреді. Қызылордада құрылыс материалдары өндірісі дамыған Аралда тұз өндірісі дамыған.

Қызылорда облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Облыс 226 мың шаршы км жалпы ауданымен Қазақстанның оңтүстік- батыс бөлігінде орналасқан, бұл республиканың барлық аумағының 8,3%-н құрайды.

Әкімшілік орталығы – Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, оның төменгі ағысында орналасқан.

Облыс солтүстік – батысында- Қарағанды, Солтүстігінде- Қарағанды, оңтүстік- шығысында- Оңтүстік - Қазақстан облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Халқының саны (алдын ала есептік деректер бойынша) 641,7 мың адамды құраған, соның ішінде 227,3 мың адам (35,4%) қалалық жерде, 415,3 мың адам (64,6%) ауылдық жерде тұрады.

Шиелі ауданында 2009 жылы сәуірде бірлескен қазақстандық- қытайлық компания «Ирколь» уран кен орнын зерттеуді бастады. Өндіру жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен жүзеге асырылады.

Арал ауданында өнеркәсіптік балық аулау және балықты қайта өңдеу жандануда, мұнай мен газдың кен орындарын барлау жүргізілуде.

2009 жылы желтоқсанда республиканың оңтүстігін табиғи газбен жабдықтау үшін батыс Қазақстанның кен орындарынан газды тасымалдауға арналған, сондайақ газды Қазақстан- Қытай газ құбырына экспорттық жеткізулерге арналған Бейнеу

— Бозой — Шымкент газ құбырының құрылысы басталды. Газ құбырдың ұзындығы 1,5 мың километрді құрайды, құрылыстың шамамен құны $3,6 миллиард, есептік қызмет ету мерзімі 30 жыл.

Жаңа газ құбырын пайдалануға енгізумен байланысты газ беру көлемдері Қызылорда облысында бес есе, Оңтүстік – Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 3-4 есе артады. Бірінші кезеңде 2012 жылға дейін) өткізу қабілеті жылына 5 млрд куб метр Бозой — Шымкент учаскесін салу жоспарланады, екінші кезеңде (2013-2014 жылдар)- газ құбырының қуаттылығын қосымша компресссорлық станцияларды және Бейнеу - Бозой учаскесін енгізу арқылы жылына 10 млрд текше метрге дейін жеткізу.

Ауа-райы күрт-континентальды. Қысы негізінен жұмсақ, жазы қапырық. Мұндай ауа-райы облысты қоршап жатқан Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпат жерлерінің әсерімен қалыптасады. Облыс аумағынан ұзындығы мыңға жуық километр Сырдария өзенінің төменгі ағысы өтеді.

Қызылорда облысының жалпы жер қоры 24035,9 мың гектарды құрайды. Олардың ішінен 2205,4 га Қарағанды облысы ұзақ мерзімді пайдалануға берген, 771,4 мың га жерді Байқоңыр кешені үшін және Арал ауданының аумағында Сарышаған сынақ полигоны үшін Ресей Федерациясынан жалға алынған. Жалпы жер қорының құрамында 12947,9 мың га – ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлер, немесе облыстың жалпы жер ауданының 13,5%-ы. Қызылорда облысының топырақ- өсімдік жабыны шөл дала аймағына жатады. Суару жүйесін қосқанда, жердің жалпы ауданынан Сардария өз. жайылмасында - 25%, жартылай шөл дала аймағында- 20%, шөл дала аймағында 55% орналасқан. Жылулық және күндік ресурстар бойынша Қызылорда облысының жағдайдары көптеген дақылдарды өсіру үшін қолайлы, бірақ жауын- шашынның аз болуы салдарынан жер игеру тек суаруға негізделеді.

Қызылорда облысы минералды- шикізаттық ресурстардың едәуір әлеуетіне ие. Облыстың аумағына 15,1% -мырыштың теңгерімдік қорлары, 9,6% - қорғасын, 13,7% - уран, 4,7% - мұнай, газ бен конденсат қорлары, 3,4% - жалпықазақстандық қорлардың жерасты сулары шоғырланған.

Облыстың аса пайдалы қазбалары көмірсутекті шикізат, түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий, пісірілген тұз және жерасты сулар болып табылады. Аймақтың шектерінде қорлары бойынша бірегей Баласауысқандық және Құрымсақ кен орындары орналасады. Қаратау жотасының ванадий таситын тақтатас көп мақсатта пайдаланатын шикізат болып табылады. Ванадийдан басқа кендерде үлкен құндылықты сирек және жиі сирек элементтердің, алтын мен шунгиттің қорлары ұсынады. Оңтүстік Қазақстанда титанның жалғыз шашыраңқы кен орны Солтүстік Арал маңында орналасқан Акеспе кен орны болып табылады.

Оның үстіне, облыс аумағында бүгінгі таңда жете барланбаған темірдің, фосфориттердің, ыстық тақтатастардың, тальктың, мыстың бірқатар кен орындары бар. Сондай- ақ Арал маңындағы мұнай газ бассейнінің, соның ішінде Көкарал түбегінің геологиялық- барлау жұмыстары логикалық аяқталуына дейін жеткізілмеген.

Облыстың негізгі су артериясы облыс бойынша 1280 км созылып жатқан Сырдария өзені болып табылады.

Бүгінгі күнгі Арал теңізінің ауданы 250000 га құрайды.

Облыстың мемлекеттік орман қорының ауданы 6602 мың га дерді құрайды. Орманмен жабылған аудан 3069 мың га-ды алып жатыр. Облыс аумағының ормандылығы 13,6% құрайды. Мемлекеттік орман қорының аумағында ауданы 31 мың га Қарғалы және Тұранғылсай қорықтары жұмыс істейді. Оның үстіне, облыста "Барсакелмес" мемлекеттік табиғи қорығы жұмыс істейді. Барлық ормандар климат реттеуші, орта құраушы, егістік дала мен топырақты қорғайтын, суды қорғайтын және санитарлық - гигиеналық функцияларды орындайды.

Облыста мұнайды, газды, полиметалл кендерді, уранды, тұзды қосқанда, минералды ресурстардың кен орындары бар. Қорғасынның, мырыштың, кадмийдің, германийдің, алтынның, күмістің, селеннің, темірдің, қоңыр көмірдің, жанатын тақтатастардың, қоңыр темір тастардың, фосфориттердің, молибден- ванадий және цирконий- титан кендердің қорлары табылған. Оның үстіне, бейметалл пайдалы қазбалылар кеңінен таралған: кірпіш саздақтар, керамзитты шикізат, құм- қиыршықтасты материал, құрылыс және силикатты заттарға арналған құмдар, құрылыс тастар, әк өндіруге арналған әктастар бар.

Оңтүстік Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі мәселелері:

1. Электр энергиясының тапшылығы;

2. Жұмыссыздық деңгейі жоғары;

3. Су ресурстарының ауыл шаруашылығында тапшылығы.

Қаратау-Жамбыл өнеркәсіптік кешен Жамбыл облысында орналасқан. Оған Тараз, Қартау, Жаңатас және бірнеше шағын қалалар кіреді. Негізгі өнімі фосфоритті қазып алу сары фосфор минералды тыңайтқыштары, қант, тері, спирт және жүн өндіру.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-экономикалық әлеуеті.

2. Аймақтың мамандандырылу бағыты.

3. Аймақтың ҚР экономикасындағы орны.

4. Аймақ облыстары экономикасының жағдайы.

5. Казіргі кездегі аймақ экономикасын дамыту проблемалары.

6. Аймақтың болашақтағы даму жолдары.

 

11 тарау. Орталық Қазақстан экономикасы.

Орталық Қазақстан құрамына Ақмола және Қарағанды облыстары кіреді. Ауданы 520 мың шаршы км, тұрғындарының саны 2,7 млн. адам, жартысынан көбі қалада тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 5 адам. Теміржол ұзындығы 3,2 мың км, асфальттанған жол 15 мың км.

Орталық Қазақстан экономикалық ауданының негізгі салалары: көмір және химиялық өнеркәсіп; түсті және қара металлургия; ауыл шаруашылық машина жасау; ауыл шаруашылығы; жеңіл және тамақ өнеркәсібі.

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі. Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда - көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалықгеографиялық жағдайынын. қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалык аудандармен шектеседі.

Пайдалы казба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған. Аймақ шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының куаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді. Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы казбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер койнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезказғанда, марганецтің 100%-ы Атасу жөнө Жезді кен орындарында шоғырланған.

Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Соныменбірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер.Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылык салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен камтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.