ISBN 978-601-241-059-4 8 страница

Облыстың тиімді орналасуы басқа мемлекеттермен және Қазақстанның облыстарымен Оңтүстік Сібір және Орта Сібір теміржол магистральдарымен, авиациялық, электрондық, құбырлық және су көліктері түрімен байланысуға мүмкіндік береді.

Облыстың үлкен бөлігін дала жазығы алып жатыр, оны қазақтар ертеден Сарыарқа - Алтын дала деп атаған.

Облыс аумағында Ертіс бойындағы Павлодардың інжу моншағы, Қазақстан Республикасының аса әдемі жерлернің бірі -Баянауыл орналасқан. Негізгі туристік жерлердің арасында – таулы аудандар, қайыңды ормандар, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері. Облыстың солтүстігінде Қазақстан мен Ресейдің түкпір- түкпірінен келетін барлық туристердің аса ірі демалыс аймағы және қажылық ететін жері бар.

Павлодар облысының ауа-райы суық, ұзақ қысымен (5,5 ай), ыстық және қысқа (3 ай) жазымен сипатталатын күрт- континенталды. Облыстың аумағы— 127,5 мың шаршы км. Облыстың әкімшілік- аумақтық құрылымына 3 қала, 7 кент, 10 ауылдық аудан, 165 ауылдық аймақ және 505 ауыл кіреді. Қала халқының меншікті үлесі - 64 %.

Облыстың халқы 745 мың адамды құрайды. Облыста 70-тен астам ұлт өкілдері тұрады, олар – қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, беларустар және басқалары.

Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалды аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде ТМД экономикалық кеңістігіндегі аса ірілердің бірі дәстүрлі қалыптасқан өндірістердің минералды және көмірсутегі шикізатын игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуімен аумақтық- өндірістік тарихи кешен қалыптасқан.

Облыстың аса үлкен табиғи- ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми- техникалық әлеует, ол Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аудартады. Оның үстіне, бұл экономикалық деңгей көрсеткіштеріне аймақтың басқа да тартымды әлеуметтік белгілері қосылады: дамыған банк саласы, облыс үкіметінің бағалаулары бойынша, шағын және орта бизнестің динамикалық дамуы, жоғары класты мамандардың болуы, заманауи көліктік- коммуникациялық инфрақұрылым, шетелдік инвесторлардың болуы, мемлекеттік даму бағдарламаларының болуы.

Павлодар облысының аумағында көпсалалық индустриалды кешен қалыптасқан. Аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін экспортқа бағдарланған ірі өнеркәсіптік компаниялар анықтайды. Олар көмір , электрлік - және жылулық энергияны, топырақтағы алюминий тотығын, ферроқорытпалар өндіреді. Облыстың үлесіне Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7 %-ға жуық, республикалық көмір өндірудің 70 %-ға жуық, республикалық ферроқорытпалар өндірісінің ¾ мөлшері, республикалық электрлік энергия мен мұанй өнімдерін өндірудің 40 %-ға жуық мөлшері келеді. Облыста химиялық, машина жасау және металл өңдеуші салалардың кәсіпорындарын дамыту үшін жеткілікті әлеует бар.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері: «Казақстандық электролиз зауыты» АҚ,

«Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазхром» ТҰҚ АҚ «Ақсу ферроқорытпалар зауыты» филиалы, «Богатырь Аксес Комир» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Павлодар мұнай химия зауыты» АҚ, «Кастинг» ПФ АҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Павлодар картондық-рубероид зауыты» АҚ және көптеген басқалары. Олардың көпшілігі республикада ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де жақсы танымал.

Оның үстіне, аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттар мен шикізаттық база бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр стансалары, Ақсу ГРЭС-і, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіптік кешенінің энергия сыйымды кәсіпорындарына қызмет көрсететін бірқатар ірі жылу стансалары. Бұл электр стансаларының сөзсіз артықшылығы көмір көздері мен электр және жылу энергиясының тұтынушыларына жақындық болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп көңіл бөлінеді. Аймақтың ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлерінің ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста өсіретін негізгі дақыл бидай болып табылады – егістік ауданының жартысына жуық. Егістіктің шамамен 15-17 %-ы дәнді дақылдар болып келеді. Оның үстіне, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста жасалған өнеркәсіптік әлеует көліктік коммуникациялар мен көліктік- экономикалық байланыстардың кеңею қажеттілігіне себепші болды. Облыс күрделі көліктік- коммуникациялық торапты ұсынады: бұл жерде елдің оңтүстігіне (Шымкент қ.) аса ірі қазақстандық мұнай құбыры, Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарына электр энергиясын алысқа беру желілері, Ертіс- Қарағанды – Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар бастау алады.

Облыс Қазақстан Республикасының минералды- шикізаттық кешенінде алдыңғы қатардағы орындардың бірін иеленеді.

Павлодар Ертіс бойыдағы қатты пайдалы қазбалардың баланстық қорларының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдарын және көптеген басқасын қосқандағы, көмір және ең әр түрлі металлдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және ойдағыдай әзірленіп жатыр, қалғандарында қосымша геологиялық- барлау жұмыстары жүргізіледі, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары нақтыланады.

Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорларының үштен артығы шоғырланған. Кен орындарының ең ірілері – Екібастұз және Майкөбе, олар сәйкесінше, 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізатты сақтайды. Көмірдің жалпы қоры үш млрд. тоннаға жуық басқа тоғыз кен орындарының да игеру үшін болашағы бар.

Бұл барлық кен орындарының көбісінің ерекшелігі олардағы көмір терең емес қабатта жатуында, кей жерлерде оның қабаттары жердің бетіне шығып жатады. Осының салдарынан өндіру ашық тәсілмен жүргізіледі. Екібастұз бассейнін игерудің бірінші жарты ғасыры ішінде 2 миллиард тоннадан артық көмір өндірілді.

«Бозшыкөл- Бощекуль» аса ірі мыс- порфирленген кен орны игеруге дайындалған. Бұл жерде кен жер бетіне жақын жатыр және өнеркәсіптік концентрациясында мысты ғана емес, сонымен қатар молибденді, күмісті және басқа да бағалы металдарды қамтиды. Барлық кен орындарында мыстың жалпы қорлары үш жарым миллион тоннаны құрайды.

Алтынның кен орындарының болжамдық қорлары 150 тоннаға жуық деп бағаланады, оның үстіне, қымбат металлдар, сондай-ақ күмісті, мысты, мырышты, баритті қамтиды. Бұл металлдар негізінен Майқайың кен орнында өндіріледі (жылына 300 мың тоннаға жуық кен, одан 300 килограмм алтын, бес тонна күміс және 500 тонна мырыш қорытылады (2004 жыл).

Кобальттың кен орны - 14 мың тоннаға, никель- 251 иың тоннаға, марганец – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтың кен қорларының аса маңызды ерекшелігі – олардың көп компонентті құрамы: аталған негізгі металдардан басқа, оладың құрамында молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және т.б. бар.

Облыста малахит пен жасыл тастың кен орындары табылған. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмастарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп санайды.

Павлодар Ертіс бойында мұнай мен газдың ашық кен орындар жоқ, алайда, аймақтың жартысына жуығын геологтар көмірсутекті шикізаттың аса үлкен қорларының келешегі бар деп санайтын Ертіс бойындағы ойпат алып жатыр.

Мұнайдың болжамдық ресурстары 315 миллион тоннаға, ал газ 148 миллиард текше метрге бағаланады.

Облыста көпшілікке белгілі, 89 пайдалы қазба кен орны бар деп есептеледі: бұл әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге арналған, өнеркәсіптік қажеттіліктерге және басқа мақсаттарға арналған шикізат. Сонымен қатар, қалыпқа келтірілетін құмдардың Қарасор кен орны – ТМД-ғы аса ірісі болып табылады. Шамамен аса бағалы шикізаттың 700 миллион тоннасын каолинді отқа төзімді сазбалшықтарды Суханов кен орны сақтап жатыр.

Аймақта су ресурстары көп. Облыс аумағынан 140-тан астам өзен ағып жатыр. Ертістің жылдық ағысының көлемі – жүз мыңға жуық текше километр. Әлемде тең келері жоқ Ертіс- Қарағанды арнасы - бірегей. 500- километрлік қашықтыққа созылған ертіс суы 22 сораптық стансамен жабдықталған, жарты километр биіктікті су айрығынан өтіп, одан тауға ағады.

Павлодар облысында 1200 шағын және үлкен көл бар деп есептеледі. Олардың жүзге жуығы тұщы, қалғандары тұзды. Облыс аумағында тәулігіне 3,8 миллион текше метр пайдаланатын қорларымен жер астындағы сулардың он бір кен орны барланған. Олардың бәрі ішу мен суару үшін жарамды. Павлодар облысы халықтың ақша кірістерінің орташа республикалық салыстыруы бойынша ақша кірістері орташа республикалық деңгейден асып түсетін облыстардың қатарына жатады.

Банк жүйесіде 17 филиал және 2 аймақтық банк бар. Сақтандыру нарығында лицензиясы бар, рұқсат етілген барлық дерлік қызмет түрлері- өмірді, жазатайым оқиғалардан, медициналық, көлік құралдарын, жүктерді, азаматтық және кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, қайта сақтандыру ұсынылған. Қор нарығы мен лизингтік қызметтер нарығын ойдағыдай дамыту үшін алғышарттар бар. Орташа айлық номиналды жалақы 40 мыңнан астам теңгені құрайды. Зейнетақы мен бюджеттік сала жұмысшыларына жалақылар бойынша берешектер жоқ.

Халықты жұмыспен қамту органдары халықты жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, кәсіби оқыту бойынша бірқатар шараларды жүргізеді. Негізгі өндірістері түсті және қара металлургия, көмір өнеркәсібі, электр энегетикасы, машина жасау, мұнайды өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері.

Аймақ республика электр энергиясының 42% құрайды. Ішкі өнімнің 10% береді. Солтүстік Шығыс Қазақстан өнеркәсіптерінде түсті металлургия кәсіпорнына Павлодар альюминий зауыты жатады. Ол шикізатты Торғай және Қызыл октябрь руда бірлестіктерінен алады.

Соңғы жылдары бокситтердің Шығыс Аят кені игерілуде. Ондағы боксит қоры 70 млн. тонна, альюминий 42%. Қара металлургия кәсіпорындарына Ақсу темір қойыртпасы зауыты жатады. Ол ресурстардың темір қойықпасының 81% береді. Оның кендері Дон кені. Павлодар қаласында Павлодар мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның өнімдері бензин, мазут, дизельдік отын, күкірт, сұйықталған газ. Машина жасау Павлодар трактор зауытында жүргізіледі. Павлодарда дәрідәрмек өндірісі де дамыған. Аймақтағы көмір Екібастұз және Майдөкен кедерінде өндіріледі.

Павлодарда Екібастұз аумақтық өндірістік кешені қалыптасқан. Оған Павлодар, Ақсу, Екібастұз және бірнеше шағын қалалар кіреді. Оның өнімі көмір, мұнай, альюминий, энергия, мыс, кобальт, темір қойықпалары. Химиялық өндіріс Ақсу қаласында орналасқан.

Негізгі проблемелары:

1. Халықтың тұтыну тауарлары және азық-түлікті ірі мөлшерде шығару;

2. Негізгі өндірістік қорларды жаңарту.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. Шығыс Қазақстанның табиғи-экономикалық әлеуеті.

2. Аймақтың мамандандырылу бағыты.

3. Аймақтың ҚР экономикасындағы орны.

4. Аймақ облыстары экономикасының жағдайы.

5. Казіргі кездегі аймақ экономикасын дамыту проблемалары.

6. Аймақтың болашақтағы даму жолдары.

10 тарау. Оңтүсік Қазақстан экономикасы

Оңтүстік Қазақстан экономикасын екі экономикалық ауданға бөліп қарауға болады - Оңтүстік - Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы және Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы.

 

10.1 Оңтүстік - Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

 

Оңтүстік - Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына Алматы облысы кіреді, ауданы 224 мың шаршы км, халқының саны 2,9 млн. оның 59% қалалықтар. Халықтың тығыздығы – 1 шаршы км - 13 адам.

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының қазіргі оңтүстік шығысындағы облыс. Алматы облысы 1932 жылдың 20 ақпанында құрылды. Орталығы Алматы қаласы болып белгіленді. 1944 жылдың наурыз айында оның құрамынан Талдықорған облысы 11 ауданмен бөлініп шықты. 1957 жылдың соңында Алматы және Талдықорған облысы бірігіп, 1967 жылы Талдықорған облысы қайта бөлініп шықты. Екі облыс - Алматы және Талдықорған соңғы рет 1997 жылы бірікті.

Облыс құрамына 16 аудан және облыстың қарауына жататын 3 қала

(Талдықорған, Қапшағай, Текелі) кіреді. Облыс 16 ауданға бөлінген:

Алакөл ауданы;

Балқаш ауданы;

Қаратал ауданы;

Ақсу ауданы;

Сарқанд ауданы;

Көксу ауданы;

Ескелді ауданы;

Кербұлақ ауданы;

Панфилов ауданы;

Жамбыл ауданы;

Іле ауданы;

Қарасай ауданы;

Талғар ауданы;

Еңбекшіқазақ ауданы; Ұйғыр ауданы; Райымбек ауданы.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» 2001 жылғы 14 сәуірдегі №585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болды.

Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар.

Облыс халқының саны 2009 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша 1691,5 мың адамды құрайды. Өңірде 103 ұлт пен ұлыстың өкілі бар.

Алматы облысы – ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі. Алматы облысы Қазақстанның мына аудандарымен: батысында Жамбыл облысымен, солтүстік батысында Қарағанды облысымен шектеседі, солтүстік шығысында Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Облыс құрамына 1997 жылы бұрынғы Талдықорған облысы кірді. Облыстың шығысы ҚХР-мен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен (Шу және Ыстық көл облыстарымен) шектеседі. Облыс айтарлықтай күрделі географиялық сипатқа және сан алуан рельефтерге ие.

Солтүстік бөлігі жартылай елсіз дала, Балқаш көліне қарай ығысады және ежелгі Іле өзенінің арнасы қиып жатыр, олардың ең кереметі — Бақанас. Жеке екі сілем бар — оңтүстігінде және шығысында — тау жоталары созылып жатыр: Жетісу Алатауы және Жоңғар Алатауы (Тянь-Шань таулы жүйесі). Олардың жапсарында ақырындап төмендейтін баурайы мен Іле өзенінің орташа арнасы орналасқан. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.

Тау етегіндегі аудандар үшін дала өсімдігі жайқалып тұрады, тауға қарай беттегенде жапырақты орманды қылқан жапырақтылар ауыстырады. Жануарлар әлемі көптеген биологиялық түрлермен толыққан: сүтқоректілердің 24 түрі, құстың -35 түрі кездеседі, жорғалаушылар мен балықтар ерекше қорғауға алынған және Республиканың Қызыл кітабына кіргізілген.

Алматы облысы аймақтық аграрлық бағытқа жатады. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы маңызды фактор болып табылады.

Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.

Алматы облысында табиғи қорлардың барлық түрі кездеседі, олардың ең маңыздылары түрлі түсті металдар – қорғасын, мырыш, мыс; сирек кездесетіндер – вольфрам, қалайы, молибден, бериллий; қымбат бағалы – алтын мен күміс. Энергетикалық қоңыр көмірдің ірі кен орны анықталды. Көксай ауданының мысмолибден кен орны лайықты игерілді. Облыс аумағында ең көп тараған шикізат қоры құрылыс материалдары болып табылады.

Мынадай ірі кен орындары бар: жалатылған тас, олардың ішінде гранит басымдыққа ие (Жалпақтас алабының кен орны, Қапал-Арасан гранит алабы), габбро (Емеген, Айдарлы және Жоламан кен орындары), мәрмәр (Екпінді, Жамансай), әк тастар (Текелі, Алтынемел, Көксай) және фарфор тасы (Құлан төбе); натрий сульфаты - 6,1 млн. тонн, галита - 110,4 млн. тоннаны құрайтын минеральды тұздар (Шөл-Адыр).

Облыстың минералды су жағынан болашағы зор, химиялық құрамы және температурасы әр түрлі 34 астам минералды су табылды.

Облыс оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань жотасы, солтүстік батысында Балқаш көлі және солтүстік шығысында Іле өзені арасында орналасқан; шығысында ҚХР-мен шектеседі.

Оңтүстік бөлігін 5000 м дейінгі биіктіктегі жоталар алып жатыр: Кетмен, Жетісу Алатауы және солтүстік сілемі Күнгей Алатау. Оңтүстік бөлігінің барлығы — жоғары сейсмикалық аудан.

Солтүстік тегіс жазық бөлігінде континентальді ауа райы, қыстың суығы (қаңтар −9 °C, −10 °C), ыстық жаз (маусым 24 °C жуық). Жауын-шашын жылына бар-жоғы 110 мм түседі. Тау етегінде ауа райы жұмсақ, жауын-шашын 500—600 мм дейін түседі.

2009 жылы сала бойынша 345,1 млрд. теңгеге өнім шығарылды, нақты көлемінің көрсеткіші - 112,4% құрайды. Өндіріс көлемі жыл сайын орташа алғанда 9% өсуде.

Өнеркәсіптің негізгі саласы өңдеу өнеркәсібі болып табылады, ол жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 81,2% алады. Облыс өнеркәсібі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу секторында мамандандырылған. Оның өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлесі 58,5 % жетті.

Облыс жүзім шарабын, үй құстары етін, темекі өнімдерін, крахмал, уыт, қағаз және гофрокартоннан жасалған қораптар, шыны ыдыстар және электр аккумуляторларын өндіруде республикада алдағы қатардан орын алады. Темір жол ұзындығы 1,3 мың м, асфальттанған жол 10,2 мың км. Ауданның негізгі салалары машина жасау, түсті металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл, тамақ өнеркәсіптері. Республика жалпы ішкі өнімінің 15% өндіреді. Аймақ ауқымында Алматы және Талдықорған өнекәсіптік аудандары бар. Машина жасау кешеніне бірқатар акционерлік формадағы кәсіпорындар кіреді. Олардың өнімі темір кесу станоктары, приборлар, техника көлік бөлшектері көбі импортталған шикізатпен жұмыс істейді. Жақсы дамыған салалары жеңіл, тамақ өнеркәсіптері. Талдықорған өнеркәсіптік ауданда маңызды орынды қант және жеміс жидекті өңдеу кәсіпорындары алады. Ал түсті металлургия саласына Текелі полиметалл рудаларының кеннен қазылуы жатады.

Машина жасау және металлды өңдеу саласының кәсіпорындарына Талдықорғанның акумуляторлық, Үштөбенің машина жөндеу, Лепсінің вагондарды жөндеу шаруашылығы жатады. Ауыл шаруашылық машиналарын жөндеу шаруашылығы Оңтүстік Шығыс Қазақстан ресурстарының аграрлық секторында маңызды орын алады.

2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі 227,8 млрд. теңгені құрады және соңғы бес жыл ішінде 2,2 есеге артты.

Алматы облысы жеміс-жидек өндіру бойынша ең ірі өңір болып табылады. Жеміс беретін жеміс-жидек ағаштарының егістік көлемі облыста 17,5 мың гектарды, жүзімдіктер - 4,4 мың гектарды құрады.

Бүгінгі күнге 8 мың 241 сауда объектілері жұмыс істейді. 2010 жылы 68 қоғамдық тамақтану объектілері және 7 қонақ үй пайдалануға берілді. 3496 объектіде тұрмыстық және сервистік қызметтер көрсетіледі.

Облыста 470 туризм инфрақұрылымдары бар, оның ішінде 125 қонақ үй, 96 аңшылық үйі, 37 демалыс үйі және санаторийлер, 191 демалыс базасы мен аймағы, 14 сауықтыру лагері және 7 басқа да объектісі бар.

Облыс Қытай және Орта Азия, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан республикалары арасында маңызды көлік дәлізі болып саналады. Достық теміржол стансасы және Қорғас автокөліктер өтетін жолдар арқылы Қытайға және басқа да әлем елдеріне қазақстандық тауарларды экспортқа шығаруды жүзеге асырады.

Қазіргі заманғы көлік дәліздерін қалыптастыру облыс аумағында бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен жалғасатын болады. Жетіген-Қорғас теміржолының құрылысы, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін («Алматы-Қорғас» автомобиль жолы) қайта жөндеу басталды.

«Алматы-Қапшагай», «Үшарал-Достық», «Алматы-Өскемен» автомобиль жолдарын қайта жөндеу, «БАКАД» автомобиль жолының құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделді.

Облыс әлемнің 120 елдерімен сауда-серіктестік қатынасы бар, 38 елмен экспорттық жеткізілім жүзеге асырылады, импорт тауарлары 116 мемлекеттен түседі.

2005-2009 жылдары облыс экономикасына тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 1 231,3 млрд. теңге болды. 2010 жылы инвестиция көлемі 325,4 млрд. теңгені құрады немесе 2005 жылға қарағанда 3,3 есе артық.

2009 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды іске асыру аяқталды: «Экстра» ЖШС-нің соя өңдеу, «TASKOM KZ» ЖШС-нің табиғи тасты қайта өңдеу, «Алтомед» ЖШС-нің инфузиялық ерітінділер шығаратын, «Компания Сарыбулак» ЖШС-нің соя майын, «Danone Berkut» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыттары, Қаратал су электр станциясының құрылысы, «Есік жеміс консервілеу зауыты» ЖШС-нің тамшылатып суару арқылы жеміс-жидек өсіру және оларды консервілеу зауыты, «ЮСКО Логистикс Интернешнл» АҚ-ның көпқырлы логистикалық кешені, «Завод Казахской Академии питания «Амиран» ЖШС-нің балаларға арналған сүт өнімдерін шығару зауыты, «Достық» жүк тиейтін теміржол мұнай базасын мұнай өңдейтін қондырғының құрылысымен қайта жөндеу.