ISBN 978-601-241-059-4 7 страница

Маңғышлақ аумақтық өндірістік кешені Маңғыстау облысында орналасқан. Оған Ақтау, Жаңаөзен және бірнеше шағын қалалар кіреді. Негізгі өнімдері мұнай, газ, фосфорит, марганец және құрылыс материалдары. Маңғышлақта біржылды мұнай өндіру бойынша ТМД елдерінің арасында 6-орын алады.

Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары

1. Батыс Қазақстанның табиғи-экономикалық әлеуеті.

2. Аймақтың мамандандырылу бағыты.

3. Аймақтың ҚР экономикасындағы орны.

4. Аймақ облыстары экономикасының жағдайы.

5. Казіргі кездегі аймақ экономикасын дамыту проблемалары.

6. Аймақтың болашақтағы даму жолдары.

 

9 тарау. Шығыс Қазақстан экономикасы

 

Шығыс Қазақстан экономикасын екі экономикалық ауданға бөліп қарастыруға болады: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы және Солтүстік Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы.

9.1 Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

 

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Тұрғындарының саны 2 млн. адамға жуық. Оның 55% қалалықтар. Халықтың тығыздығы - 6 адам. Теміржол ұзындығы - 1,3 мың км. Асфальттанған жол ұзындығы 10 мың км.

Республиканың ЖІӨ-нің 12% береді. Шығыс Қазақстан жері түсті металлургияға, агрохимиялық шикізаттарға бай. Бірақ отын энергетикалық ресурстарға тапшы. Аймақ масштабында Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы түсті металлургияға және тамақ өнекәсіптеріне мамандандырылған. Мұнда түсті металлургияның руданы қазудан бастап толық өңдеуге дейін жеткізіледі. Шығыс Қазақстанның үлесіндегі су ресурстары барлық су ресурстарының 5/2 бөлігін құрайды. Мұнда ірі Өскемен, Бұқтырма және басқада СЭС (су электр станциялары), Ертіс өзенінің негізінде жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан, Ресей және Қытаймен шекарасында.

1932 жылдың наурызында құрылған.

Шығыс Қазақстан аумағы 283,23 мың кв.км, Қазақстанның барлық аумағының

10% дан көптеу бөлігін құрайды және тұрғындар саны да осыншама болады.

Тұрғындардың жиілігі 1 кв метрге ораша республикалық деңгейге жетті – 5,0 адам, (республика бойынша – 5,7). Ең адамдардың жиілігі қалың аумағы Курчатов қаласы болып табылады (1 шаршы килмотерге 5200 адам), және Өскемен қаласы (1 шаршы килмотерге 553 адам). Тұрғындар – 1,5 млн. Адам, оның 58 % - қалалық. Әкімшілік орталығы - Өскемен қаласы.

Облыс құрамына 15 аудан:

Абай - орталығы Қараул ауылы;

Аягөз орталығы Аягөз қаласы;

Бесқарағай – орталығы Бесқарағай ауылы;

Бородулиха – орталығы Бородулиха ауылы;

Глубокое – орталығы Глубокое ауылы;

Жарминка – орталығы Георгиевка ауылы;

Зайсан – орталығы Зайсан ауылы;

Зыряновка – орталығы Зыряновка қаласы;

Катон-Қарағай орталығы Большенарым ауылы;

Көкпекті – орталығы Көкпекті ауылы;

Күршім – орталығы Күршім ауылы;

Тарбағатай – орталығы Ақсуат ауылы;

Улан – орталығы Молодежный ауылы;

Үржар – орталығы Үржар ауылы;

Шемонаиха – орталығы Шемонаиха қаласы; және 6 қала бағынады:

Аягөз;

Зыряновск;

Курчатов;

Риддер (Лениногорск); Семей;

Өскемен.

Аумақтың көпшілік бөлігі Алтай тауында орналасқан, максималдық биіктігі 4000 м жоғары. Қаңтардағы орташа температура – 17 ден – 26 °С ға дейін, шілдеде 19-23 °С құрайды. Жауын-шашын жылына 120 дан 1000-1500 мм (тауларда). Басты өзен Ертіс. Көлдері Марқакөл, Зайсан (құрамында Бұқтарма су қоймасы)

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігінде және Ресей мен Қытай мемлекеттерінің шекарасында орналасқан. 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамына бұрынғы Семей облысының аумағы қосылды. Облыс солтүстікте – Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, шығысында – Қытайдың Синьцзян-ұйғыр автономдық ауданымен, оңтүстігінде – Қазақстанның Алматы облысымен,батыста – Қазақстанның Қарағанды облысымен,солтүстік-шығысында Қазақстанның Павлодар облысымен шекараласады. Басты өзен Ертіс, онда үш ірі су қоймасы орналасқан – Бұқтырма, Өскемендік және Шульбин. Ең ірі көлдер Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Сасықкөл.

Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптің Қазақстан республикасы бойынша, дамыған бір аймағы болып табылады.Экономикалық базаның өсуі түсті металл болып табылады, сонымен қатар машина жасау және металл өңдеу, энергетикалық, орманды жане ағаш өңдіру, жеңіл тағам өнеркәсіптері дамыған.

Облыста менералды шикізат қоры және оның ең маңызды байлығы- полиметал кендері, цинк, қорғасын, мыс, сияқты сирек кездесетін асыл металдармен едәуір қоры бар. Ал Семей аумағы және Зайсан аудандарында тас көмір кен орындары бар. Аймақта сондай-ақ алтынның, сирек кездесетін және жері сирек металлдардың, цемент өндірісіне арналған шикізаттың, шыны қождарының, цеолит пен тақта тастық қыртыстарының елеулі түрдегі қорлары бар. Түрлі-түсті металлургия Кен Алтай полиметаллдарының кен орындары базасында дамыған. Аймақ экономикасының негізгі бағыттарының арасында – машина құрылысы және металл өңдеу, ағаш өңдеу, жеңіл, тағам өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі. Ертіс өзенінде Өскемен, Үлбін және Бұхтармин гидроэлектрстанциясы. Етсүт және ет-жүн мал шаруашылығы (ірі қара мал, қой, ешкі, шошқа, жылқы). Ара шаруашылығы(омарта), балық шаруашылығы, бағалы аң терісінің кәсібі. Ертіс бойынша кеме қатынасы.

Облыстық кәсіпорында түрлі түсті метал жартысынан көбі үлкен көлемде өнер кәсіп өнімі шығарылады. Шығыс Қазақстан– қорғасын, мырыш, мыс, аффинорават етілген алтын және күміс, титан, магния, тантал, АЭСға жанармайлар, шығарылатын республикадаға облыстардың бірі болып табылады.

Қазақстанның түсті металлургиясы орасан зор пайдалы қазбалар қорларына негізделген өнеркәсіптің көне және жетекші саласы болады. Бұл сала республиканың бүкіл өнеркәсіп кешенінің қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Түсті металлургия пайда болғаннан бері 250 жыл ішінде қиын және күрделі кезеңдерден өтті. 1917 жылға қарай түсті металлургияда жұмыс істеп тұрған тоғыз рудник және үш завод болды. Олар мыс балқыту, Екібастұз мырыш, Қызылеспе күміс – қорғасын зауыттары еді.

Алдымен түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс және Орталық Қазақстан болды, ал соңғы 20 – 30 жылдың ішінде бұл сала республиканың оңтүстік және солтүстігінде орын ала бастады. Осының нәтижесінде Қазақстанның жекелеген жерлерде экономикалық даму деңгейін белгілі дәрежеде теңестіре бастады. Қатарлас өнеркәсіптері жеткіліксіз дамыған, бірақ та қажетті шикізаттар, отын – энергетикалық және т.б. қорлары бар экономикалық аудандардың шаруашылықтарының жан – жақты дамуы қалыптаса бастады.

Қазақстанның түсті металдары жоғары сапалығымен ерекшеленеді. Мысалы, Өскемен мырышы, Балқаш және Жезқазған мысы Лондонның түсті металдар биржасында эталон ретінде тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның түсті металдары 30 – дан астам әлем елдеріне экспортқа жіберіледі.

Қазақстанның ішкі жалпы өнімінде түсті металлургияның үлесі 12% - ке дейінге тең, сонымен қатар валюттік табыстың 27% - тейі өнеркәсіптің осы саласына түседі. Республика егемендік алғаннан кейін түсті металлургияның ІЖӨ - де сыбағалы үлесі 2 – еседен астам өсті. Егерде түсті металлургия өнімдерін республика ішіне пайдалану тұрақты көлемде қала берсе, оның экспортқа кетуі үнемі өсе беруде. Шетел сарапшыларының бағалауы бойынша, Қазақстан халықаралық түсті металл нарығында жетекші орын алды.

Республикада түсті металлургия жеті саладан тұрады, оның құрамында 28 ірі кәсіпорындар жумыс істейді.

Қорғасын-мырыш саласында 12 кәсіпорын бар, олардың 3 металлургиялық және 9 тау-кен байыту кәсіпорындары. Металлургия кәсіпорындары - Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл комбинаттары және Шымкент қорғасын заводы. Тау-кен байыту кәсіпорындары – Ащысаи, Ертіс және Лениногор полиметалл, Шығыс Қазақстан мыс – химия, Зырян қорғасын, Текелі қорғасын – мырыш комбинаттары, Жәйрем, Жезқазған және Қарағайлы тау-кен байыту комбинаттары.

Республиканың қорғасын-мырыш өнеркәсібінің руда базасының мол қоры бар. Қазіргі кездегі қорғасын және мырыш шығару деңгейі бойынша Қазақстан әлемнің бес жетекші елдерінің қатарына енеді. Республика ТМД мырышының 56%, қорғасынының 64% - ке жуығын өндіреді.

Мыс өнеркәсіп саласы. Мұнда ірі 3 кәсіпорын жұмыс істйді Балқаш, Жезқазған КБК және Ертіс мыс балқыту заводы. Қазіргі кезде 17 мыс кен орындары еркін пайдаланылады. Мыс шығаруда Қазақстан әлемде жетінші орын алады. Республика бүкіл әлемдік мыс өнімінің 4,4%-ін өндіреді, ал ТМД мысының 30%-іне дейін өндіреді. Республика жалпы өндірген мыстың 8%-ін өзі пайдаланады, 22%-і жақын шет елдерге, ал 70%-і алыс шет елдерге экспортқа жібереді. Жезқазған КБК және «Жезқазған» мыскен орны «Жезқазған түсті металл» бірлестігінің құрамына енді. Бұл бірлестік қорғасын және мырыш концентраттарын өндіреді, сонымен қатар қосымша қорғасын, мырыш, кадмий, күміс, никель, висмут және рений шығарады. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындығына байланысты «Жезқазған түсті металл» бірлестігі 1995 жылы маусым айында үкімет шешімі бойынша «Самсунг» Оңтүстік Кореа корпарациясына 5 жыл мерзімге басқарылуға берілген.

Қазақстанның мыс өнеркәсібінің дамуы металлургия өндірісінің дамуын және металл нарығының конъюктурасын есепке алғанда, алдымен дамытатын өнеркәсіп саласы болып саналады. Осы саланы қазіргі талапқа сәйкес өзгерту жағдайларын қамтамасыз еткенде және жоғары дәрежеде дайын өнімдерді дамытқан кезде республика қоры айтарлықтай толықтанады.

Алюминий өнеркәсіп саласы үш кәсіпорынмен қалыптасқан – Павлодар алюмин заводы (ПАЗ), Торғай және Краснооктябрь руда басқармалары. Алюмин өнеркәсібінің шикізаты ретінде Торғай бокситі қолданылады, одан топырақта болатын алюминий тотығы өндіріледі, ал осыдан алюминий шығарылады.

ПАЗ – ды «Уайт Свен Лимитед» фирмасының басқаруына бергенге дейін жылына 300 мың тг. боксит кен орнын игеру жобасын қаржыландыратын ірі Соколов – Сарыбай тау өндірісі бірлестігін және ПАЗ – ды басқаратын «Айведон» және «Уайт Свен Лимитед» деген екі шетел компаниялары.

Алтын шығаратын саласы. Қазақстанның валюттік және алтын қорларын толықтыруда ерекше маңызы зор. Бұл сала алты алтын шығаратын кәсіпорыннан тұрады. «Каз – золото» комбинаты - 50%, «Алтайзолото» - 16%, «Майкайын - золото» - 15%, «Ақбақай» - 12%, «Бақыршық» - 40% және «Васильковский» - 30%. Қазақстан алтын қорының көлемі бойынша әлемде алтыншы орын, ал ТМД Ресей және Өзбекстаннан кейін үшінші орын алады.

Қазақстанда 1991 жыл алтын қоры құрылды, ал 1993 жыл алтын шығару мақсатымен «Алтыналмас» ұлттық компания құрылды. Бұл компания ҚР ұлттық банк ісімен бірігіп 1997 жылға дейін алтын шығаруды төрт есе арттыруды көздеген. «Золото Казахстана» деген мемлекеттік бағдарлама жасады.

Вольфрам – молибден саласы. Вольфрам қоры көлемі бойынша Қазақстан әлемде бірінші орын алады, молибден шикізатының қоры да жеткілікті. Өнеркәсіптің бұл саласының кәсіпорны «Казвольфрам» бірлестігі, ол Ақшатау маңындағы екі рудниктің жұмысын бақылайды. Бірлестік вольфрам, қола – молибден және висмут концентраттарын өндіреді. Вольфрам концентраты Ресейге экспортқа жіберіледі, ол Челябинск электр металлургия заводының негізгі шикізаты болып саналады. Меншікті вольфрам өнеркәсібін дамыту жобасында жоғарғы Қайрақты және Көктенкөл бірегей кен орындарында кеніш қарастырылған және сонымен қатар жоғарғы Қайрақты кен орынында шикізат өңдейтін комбинат салымбақшы.

6. Титан – магний саласының кәсіпорны - Өскемен титан – магний комбинаты. Шикізаттар ретінде Ресей мен Украинадан тасымалданатын титан қалдығы және хлор-магний тұздары қолданылады. Меншікті руда базасын құру және титан қалдығын шығару үшін концентрат балқытатын цех салу жұмыстары аяқталып келеді. Ертіс, Көкшетау, Торғай, Солтүстік – Арал және Каспий маңындағы кен орындарында айтарлықтай хлор – магний шикізаттар қоры бар.

7. Сирек кездесетін металдар саласы. Қазақстанның өндірістік – техникалық қажеттіктеріне арналған өнімдерді өндіру үшін сирек металдарды шығаруға және өндіруге үлкен мүмкіншілігі бар. Республикада Белогорск тау – кен комбинатында тантал кені шығарылады. Бұл комбинаттан басқа сирек металдар Каспий маңындағы және Ақмола тау – кен химия комбинаттарында шығарылады, ал олар Ертіс комбинатыңда қорытылады. Қазақстан уран рудасына да бай, қазақ жерінде ТМД – ның уран қорының 65%- і шоғырланған. Республика әлемдік барит қорының 40%- іне ие.

Осы кезде Қазақстанның біріккен өнеркәсіп кешенінде мынадай түсті металлургия аудандары қалыптасып және дамыған.

1. Кенді Алтай – бұл мырыш, қорғасын, титан, магний және химиялық элементтер өндіруге маманданған түсті металлургия қалыптасқан аудан. Айта кету керек, Алтай полиметалл рудалары көп компанентті, сондықтан оларды өңдеу терең технология пайдалануды шешуді қажет етеді. Мысалы, қорғасын концентратында 50% қорғасын және 15% мырыш, ал мырыш концентратында 45% мырыш және 5% темір бар.

2. Балқаш өңірі – бірінші бесжылдықтарда борланған Қоңырат мыс кен орнының негізінде дамыған маңызды мыс өнеркәсіп ауданы. Бұл өңірде ТМД елдеріндегі ең ірі Балқаш мыс балқыту заводы жұмыс істейді, оған шикізаттар өндіру үшін Саяқ, Бозшакөл, Шатыркөл, соңғы жылдары Ақтоғай мыс кен орындары игерілген.

3. Жезқазған ауданы – ірі мыс өнеркәсіп орталығы, мұнда ТМД елдерінде борланған ерекше сапалы мыс қорының едәуір қоры шоғырланған. Жезқазған кешенін игеру, бұл ауданның металлургиялық кәсіпорындарының толық технологиялық цикл (кен шығару – байыту – тазартылмаған және тоздырылған мыс балқыту – түсті прокат өндіру) бойынша жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

4. Оңтүстік Қазақстан – полиметалдық руда шығаратын және қорғасын балқытатын ірі аудан. Бұл ауданда Ащысай полиметалл және Текелі қорғасын – мырыш комбинатының негізінде ТМД – да ең ірі қорғасын комбинаты орналасқан.

5. Қарағанды ауданы – соғыстан кейін игеріле бастаған полиметалдық руда шығаратын жаңа аудан. Қарағайлы тау – кен байыту комбинаты орналасқан. Бұл аудан Шығыс және Оңтүстік Қазақстандағы металлургия кәсіпорындарын қорғасын, мырыш және басқа концентраттармен жабдықтайды.

6. Павлодар ауданы – жақын арада пайда болған аудан. Мұнда Торғай боксит руднигінің Павлодар глинозем заводы жұмыс істейді. Қазіргі кезде заводтың глиноземі ТМД елдерінің кәсіпорындарында өндіріледі. Тікелей Павлодар ауданында әзірше энерияны көп қажет ететін алюмин өнеркәсібінің алюмин металын өндіретін үзбесі құрылған жоқ. Алюмин металын өндіруде глинозем өндірумен салыстырғанда электр энергиясының шығыны 4 – 5 еседей көп. Соған қарамастан шикізат базасын нығайту өңдеу технологиясын тереңдете түсе, бұл аймақта ірі алюмин өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік бар. Оған себеп арзан электр энегиясының, шикізаттардың, судың және ірі адюмин тұтынушылардың барлығы.

Егерде, ертеректе Қазақстанда түсті металлургияның салалары мыс және қорғасын өндіру болса, соғыстан кейін мырыш, титан – магний, сирек кездесетін металдар, глинозем және басқа салалар пайда болды.

Қазақстанның түсті металлургиясының дамуындағы аса маңызды мәселелер: біріншіден, жер асты рудниктерін қайта құру, технологиялық процестерді жетілдіру және жоғары өнімді құрал – жабдықтарды өндіру; екіншіден, саланың берік шикізат негізін құру. Түсті металлургияның дамуына бөлінген күрделі қаржының ¾ астамы шикізат базасын дамытуға жұмсалады, алдымен мыс, қорғасын – мырыш және алюмин өнеркәсіптеріне кетеді.

Түсті металлургияның шикізат базасын нығайтудың тағы бір жолы – осы саладағы қалдықтарды пайдалану. Кейбір қалдықтарды пайдалы қазындылардың болуы, қазып алып шығарылған кеңдегіден жоғары.

Кенді Алтайдың металлургия кәсіпорындарының жыныс үймесінде ондаған миллион тонна қалдықтар жиналған. Қалдықтардан алынған металдардың өзіндік құнын, қазып алынған кеннен алынған металдардан төмен. Өскемен қорғасын – мырыш комбинатында өндірістен күнделікті шығатын қалдықтарды пайдаға асыратын қондырғыш салынды. Ескі жыныс үймесінен өнеркәсіп жағдайында пайдалы компоненттер ала алатын технология құрылып және сыннан өтті.

Кәсіпорындары санында ірі ақционерлік қоғамдар; «Казцинк», «Өскемен титан-магний комбинаты», «Ұлба темір зауыты», бірлестік «Востокказмедь» - «Қазақмыс» бірлестігінің филиалы.

Облыстағы машина жасау кешені ірі кәсіпорындармен көрсетілген: «АзияАвто» ЖАҚ, АҚ «Востокмашзауыт», АҚ «Өскемен арматурный завод», АҚ «Өскемен конденсаторлық зауыт», АҚ"Семей машзауыт", АҚ «Ертісцветметремонт», ЖШС «Машзауыт», ЖШС «Казэлектромаш», ЖШС «Георгиевский насостық жабдықтар зауыты». Олар «Нива», «Skoda» көліктерін, байытатын жабдықтарды, мұнай және газөткізгіш арматурасын, тұрмыстық элетрқозғалтқыштарын және басқа да электртехникаларын және сым өнімдерін шығарады.

Шығыс Қазақстанның орман өндіру саласы Иртыштрансойл» ЖШС , АҚ «Жанасемейшпалзауыты», ЖШС «УК жиһаз комбинатына» берілген. Кәсіпорынның көп бөлігі шағын бизнес субъектілерін берілген. Олар пиломатериал өндірісінде дайындау, цилиндрленген ағаштар үй құрылысы үшін, есік және тереге ағаштары, жиһаздар дайындаумен айналысады. Жеңіл өнеркәсіпті:ЖШС «Кожевенно-меховой комбинат», АҚ «КАЗРУНО», ЖШС «СКМК», ЖШС «НИМЭКС-Текстиль», ЖШС «ПКФ Рауан», ЖШС «Семспецснаб», ЖШС «Роза – валяльно-войлочный комбинаттар» ұсынады. Бұл өнеркәсіптердің өнімдері болып тері, былғары, мата, тоқыма және тігетін бұйымдар, аяқ киім, төсек жабдықтары, жуылған жүн, киіз аяқ киімдері киім және содан жасалған бұйымдар.

Облыста құрылыс өндірісінің ірі кәсіпорындары бар: АҚ «Бухтарма цемент компаниясы», ЖШС «Силикат» және ЖШС «Семей цемент зауыты».

Облыста электрқуаты үш ірі гидроэлектрстанцияларында өндіріледі: ЖШС «АЭС Өскемен ГЭС», «АЭС Шульба ГЭС», Бұқтырма гидроэнергокомплексі АҚ «Казцинк». Сонымен қатар, электроэнергияны Лениногорскі ГЭС ЖШС

«Компания ЛК ГЭС» өндіреді. Электр және жылу энергиясын аралас түрін беретін: ЖШС «АЭС Өскемен ТЭЦ», «АЭС Согринская ТЭЦ», «Риддер ТЭЦ», ЖШС «Жылукоммунэнерго». Бүгінгі күні облыс бойынша электр қуатын шығару сағатына 7,8 млрд квт, жылу – 10,8 млн. Гкал.

Құрылымдық бөліну негізінде соңғы жылдары экономикада инвестициялық салымшылардың өсуі байқалады. Инвестицияның құрылысқа түсуінің негізгі қайнар көзі болып өнеркәсіптердің жеке қаражаттары мен бюджеттік құралдар болып табылады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданында келесідей өнеркәсіптік түйіндер бар:

1. Өскемен түйіні. Оған кіретін кәсіпорындар: Өскеменнің титан магний және мырыш, қорғасын комбинаты. Олардың негізгі шикізаты Зырян, Ленинагорск, Глубокий кендерінен алынады. Негізгі өнімдері қорғасын, мырыш, титан, магний және сирек кездесетін металлдар.

2. Лениногорс түйіні. Кәсіпорындары: Лениногорск полиметалл комбинаты. Негізгі өнімі қорғасын мен мырыш. Шикізатты Ленинагорск кендерінен алады.

3. Зырян түйіні. Кәсіпорындары: Зырян қорғасын комбинаты Ертіс полиметалл комбинаты. Өнімі - қорғасын және мыс. Мыстың шикізат көзі - Белоусов және Николаевск байыту фабрикалары.

Бұдан басқа Шығыс Қазақстан экономикалық ауданында рудалық Алтай аумақтың өндірістік кешен және Аягөз өнеркәсіптік түйіні қалыптасқан, рудалық Алтай кешенінде аумақтағы өндірілген қорғасын, мырыш, титан, магнидің басым бөлігі өндіріледі. Аягөз өнеркәсіптік түйіннің негізгі өндірістері жеңіл және тамақ өнеркәсіптері және ауыр өнеркәсіп салалары. Ауыл шаруашылығында ет өнімдері, күнбағыс және жүн өнімдері өндіріледі. Мұнда Қазақстанның барлық ірі қаласының 12%, қой ешкінің 13%, жылқының 14%, сүттің 14%, жұмыртқаның 10%, жүннің 13%, күнбағыстың 75%, картоптың 18%, еттің 12% өндіріледі. Аймақтың негізгі проблемалары:

1. Технологиялық үрдістерді жетілдірудің қажеттілігі;

2. Түсті металлургияның шикізат базасын кеңейтудің қажеттілігі;

3. Химиялық өндірісті рудалық шикізатты кешендік орналастыру

қажеттілігі;

4. Энергетикалық базаны күшейту қажеттілігі;

5. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мал азығы қорын күшейту

қажеттілігі;

6. Инфрақұрылымды жетілдіру қажеттілігі.

 

9.2 Солтүстік Шығыс Қазақстан экономикасы

Солтүстік Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы құрамына Павлодар облысы кіреді. Аумағы 125 мың шаршы км. Тұрғындарының саны 1млн. адамға жуық, 62% қалада тұрады. Халықтың тығыздығы – 1 шаршы км 8 адамнан келеді. Теміржол ұзындығы 750 мың км. Асфальттанған жол ұзындығы 5 мың км.

Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Оның аумағы 124,8 мың шаршы км. құрайды. Облыстың құрамында үш қала (Павлодар, Екібастұз, Ақсу), 5 ауыл және он ауылдық аудан бар.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік- шығысында Ертіс өз. екі жағалауында орналасқан. Солтүстігінде - Омск облысымен, солтүстік – шығысында- Новосибирск, шығысында - Ресей Федерациясының Алтай аймағымен, оңтүстігінде – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батысында- Қазақстан Республикасының Ақмола және Шығыс- Қазақстан облыстарымен шектеседі.