ISBN 978-601-241-059-4 3 страница
4. Бақылау блогы – іске асырылған жұмыстарға бақылау жасау.
5.2 Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік – экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады.
Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік – экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зертеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерін анықтау.
1. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері
Әлеуметтік мәселелерді реттеу ең алдымен әлеуметтік саясатты қажет етеді. Әлеуметтік саясат – бұл барлық азаматтардың жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы, әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
Ø Қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру.
Ø Халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру.
Ø Халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету.
Ø Қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ø Қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету.
Ø Әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т.б. ) дамыту.
Ø Еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің экономикалық саясатының әдістері
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
v құқықтық реттеу – бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
v қаржы- несиелік реттеу – қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т.б.)
v жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді. Сондай-ақ әлеуметтік саясатта төмендегі маңызды ұғымдар қарастырылады.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
Әлеуметтік кепілдік - мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
Әлеуметтік стандарттар - бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
Жалақының минималды көлемі – квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
Зейнетақының минималды деңгейі – нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі;.
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына
келтіру деңгейі;
- кедейшілік – еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: Өмірге келу; Өмірден кету; Өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; Азық-түлікті тұтыну; Тұрғын үй жағдайы; Жұмысбастылық; Білім деңгейі немесе сауаттылық; Мәдениеттілік деңгейі; Демалыс; Көлікпен қамтамасыз етілуі; Адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
Ø көші-қон үрдістерін реттеу;
Ø зейнетақы жүйесін жетілдіру;
Ø Мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі.Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздеуді.
Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.
Мемелекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.
Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу - еліміздің және оның жекеленген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге қойлған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы керек. Ал, аймақтық саясаттың мәні - жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды тиімді басқару болып табылады.
Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:
1. Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру.
2. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру. Бірінші мақсаттан айырмашылығы теңестіру саясаты жалпы барлық мемелекет үшін жүргізілетіндігімен ерекшелінеді. Дағдарыстық аймақтарды құрлымдық қайта құру тек ірі, жалпы мемелекттік бағдарлама көмегімен жүзеге асырылады, кейбір аймақтарда аталмыш міндетті орындау үшін қажет ресурыстардың жетіспеушілігі болады. Мемелекеттің негізгі функциясы, артта қалған аумақтарды - даму деңгейі жоғары аймақтардың қатарына жеткізу, бірақ мүндай жағдайлар халыққа өз зардабын тигізбеуі тиіс.
3. Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру. 4. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету.
Тақырыпты игеруді бақылау сұрақтары
1. «Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеу» ұғымы, аспабтары.
2. Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу.
3. Аймақтық саясат және оны дайындау.
4. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
5. Аймақты дамытуды жоспарлау және бағдарлау.
6 тарау. Аймақтардың еңбек ресурстары және оларды пайдалану
1. Кадрлардың түсінігі және негізгі тұжырымдамалары
Қазіргі кезде басқарушылық құрылымдарды сапалы кәсіби деңгейі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері күрделі болып келеді. Субъективті факторлар әсерімен кадрлық жұмыс пен кадрлық үрдістер болжамы төмен және тиімсіз.
Кадр дегеніміз (қызметкер) – арнайы кәсіби даярлықтан өткен белгілі бір санада еңбектік тәжрибесі бар арнайы білімге ие кәсібі жоғары жұмыскерлер.
Бүгінгі күні ғылыми әдебиетте кадрлардың негізгі 4 тұжырымдамасы бар.
1.Кадрлар еңбек ресурстары ретінде, мұнда адамның орнына тек ғана оның қызметі, жұмыс күші, еңбегі қаралады. Яғни мұнда кадрлар жұмыс уақыты және жалақымен өлшенетін жұмыс күші ретінде ғана қаралады. Бұл тұжырымдама марксизм мен тейлоризмде ашылған.
2.Кадрлар персонал ретінде, мұнда адам оның атқаратын мансабы арқылы қаралады. Бұл тұжырымдама ұтымдық бюрократиялық теорияларында, басқаруда және ұйым теориясында әкімшілік механизмдер арқылы персоналды басқару саналарында ашылды.
3.Кадрлар қайта қалпына келмейтін ресурс ретінде қаралады, мұнда адам 3 негізгі компоненттерден – еңбектік қызметі, әлеуметтік қатнастар, жұмыскерлердің жағдайы, бірлестігі ретінде әлеуметтік ұйымның элементі болып табылады.
4.Адам яғни кадрлар ұйымның жұмыс істеу шарты ретінде қаралады. Бұл тұжырымдамаға сәйкес ұйымның стратегиясы мен құрылымы адамның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін байланыстырады, мұнда адам басты субъект және басқарудың ерекше нысаны. Бұл тұжырымдаманы даярлаған жапондық ғалымдар Мацусита және Морита. Елімізде бұл тұжырымдама тұлғаның жан-жақты даму тұжырымдамасымен ұқсас.
Профессор Хохловтың тұжырымдамасы қоғамның адам мен және олардың қатнастарынан негізделеді. Персонал ұғымы кадрлар ұғымына қарағанда ауқымы кең. Ол кәсіпорынның барлық жеке құрамын қамтиды.
Кадрлар ұғымы – жинақтаушы да көп салалы. Жинақтаушы болатыны әр түрлі салалардағы жұмыскерлерді кәсіп иелерін білдіреді. Бұл мағынада шаруашылық кадрлар, ғылыми кадрлар, медициналық кадрлар, оқытушы кадрлар т.б. болады. Жұмыскерлердің нақты бір салаға қатысуы қоғамда еңбек бөлінісіндегі оның орны мен атқаратын қызметтері туралы жалпылама ақпарат бреді. Кадрлардың көп деңгейлігі әлеуметтік басқару органдарының құрылымы мен қатар кәсіп орын ішіндегі жұмыскерлер иерархиясы көрсетеді. Бұл тұрғыдан жұмыскерлердің басқарушылыр, мамандар, атқарушылар деген категорияларын ажыратады.
Басқарушы персоналды жоғары буынды, орта буынды және төмен буынды басқарушыларға бөлуге болады. Ал мамандар кәсіби деңгейіне байланысты категорияларға, кластарға бөлінеді. Бұл жіктеу жай қарапайым жұмыскерлерге де қатысты болады. Олар негізгі және қосымша өндірістерге бөлініп әр түрлі тарифтік разрядтарға бөледі. Бұл жіктеу еңбектің мазмұнындағы ерекшеліктерді ашады және әлеуметтік сипаты айқын.
Жұмыскерлерді мұндай әдіспен жіктеу жалпыға ортақ кеңінен тараған. Саяси мемлекеттік және шаруашылық кадрларды бөлуге сәйкес келеді. Мұндағы әрбір топ бірнеше терең маманданған жұмыскерлерді біріктіретін топшаларға бөледі. Жалпы кадрларды басқару бегілері бойынша жіктеуге болады.
1.Қоғамдық тап бойынша – жұмысшылар, шаруалар, интелегенция, кәсіпкерлер.
2.Кәсіби деңгейі бойынша – жоғарғы деңгейлі кәсіпті, төмен деңгейлі кәсіпті және кәсіби біліктілігі жоқтар.
3.Салаға қатысы бойынша - өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, ақпараттық және т.б.
4.Физикалық күш жұмсаушылар және интелектуалдық күш жұмсаушылар.
5.Аймақтарды басқару қызметін жүргізуге ерекше мән берілуге тиіс. Әрбір аймақ бойынша басқаруды жеңілдету мақсатында ақпараттар базасы құралады. Ақпараттар базасы белгілі бір талаптарға сай құрылуға тиіс және арнайы технологияларды пайдаланады. Ақпараттық базасы жүргізуді жаңарту арнайы жергілікті басқару органдарды ақпараттау, бағдарламалар арқылы жалпыланады.
Мұндай бағдарламалардың дайындалуы іске асырылуының келесідеймақсаттарыбар:
1. Тиімді және жедел әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару мен қамтамасыз ету мақсаттарында аймақтардағы жергілікті басқару органдарының ортақ ақпараттық кеңестігін құру;
2. Аймақтық және территориялық кадасторлардың, регисторлардың, реесторлардың ортақ біртұтас жүргізу жүйесін қалыптастыру;
3. Басқару органдарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін техникалық және ақпараттық жолдау ортасын қалыптастыру; 4. Адамдарды ақпараттандыру орталықтарын құру.
6.2 Қазақстан аймақтарының еңбектік әлеуетін бағалау
Демографиялық өзгерістерді&1187; әсерімен еңбекке қабілетті жастағы және одан үлкен жастағы адамдар арақатынасы халық құрылымын едәуір өзгертті. 2009 жылы Қазақстанда экономикалық белсенді халықтың саны 8457,9 мың адам (республиканың 15 жастағы және одан жасы үлкен халқының санынан 70,7%) құрады. Талданатын кезеңде (2000 - 2009 жылдар) экономикалық белсенді халық саны 19%, ал жұмыспен қамтылғандар саны - 27,5% артты, 2009 жылы тиісінше 8457,9 және 7903,4 мың адам құрады. 2000 - 2009 жылдар экономикалық белсенділік және халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейінің артуы байқалады, 2009 жылы тиісінше 70,7% және 93,4% құрады.
Өңірлік бөліністе экономикалық белсенді халықтың абсолюттік көрсеткішінің өсуі Астана қаласында (104,5%), Оңтүстік Қазақстан (37,0%), Маңғыстау (36,0%), Жамбыл облыстарына (34,1%) тән. Жалпы экономикалық белсенді халық деңгейі бойынша еңбек нарығында Жамбыл (78,0%), Қостанай (75,3%), Ақмола (74,9%) және Ақтөбе (74,0%) облыстары көшбасшы болып табылады. Ауылдық жерде жұмыссыздық деңгейінің 2,3 есе қысқаруы байқалады - 2000 жылғы 13,5 %-дан 2009 жылғы 5,9 %-ға дейін немесе деңгей қалалық көрсеткіштен (қаладағы жұмыссыздық деңгейінен 7,2%) төмен. Бұл ретте ауылдық жерде өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейі жоғары деңгейде (50%) қалып отыр.
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар құрылымында әлі де болса жоғары - 29,4% құрайды, ал ЭЫДҰ 29 елінде аграрлық секторда жұмыспен қамтылғандар небары 7,7% құрайды. Өңірлік бөліністе Солтүстік Қазақстан (49,4%), Алматы (48,2%) және Оңтүстік Қазақстан (43,6%) облыстарындағы экономикада жұмыспен қамтылғандардың жартысы дерлік ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.