Жеке пост

Өлім халінде жатқан емделушіні қайта жандандырубөліміне ауыстырады немесе жеке палатаға немесе жалпы палатада шымылдықпен қоршап қояды; оның қасына жеке пост қойылады. Мейірбикенің міндетіне: жалпы жағдайын, тыныс алуын (жиілігі, ырғағы), пульстің соғуын (жиілігі, ырғағы, қуаты), АҚ жоғарлауын, сана-сезім жағдайын бақылау және дәрігердің нұсқауын орындау, жалпы күтім көрсету жатады.

Жеке пост орыны барлық қажетті заттармен: бақылау аппараты, өкпенің жасанды вентиляциясы аппараты, күтімге қажеттізаттар, залалсыздандырылған шприцтер, кажетті дәрі-дермектер, спирт,залалсыздандырылған таңу материалдарымен жабдықталған болу керек.

17.Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастардың күтімі.

Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар

Клиникалық өлімнің белгілері:

1. Ұйқы артериясындағы тамыр соғуының болмауы.

2. Көз карашығының кеңеюі, жарыққа реакциясының болмауы.

3. Тыныс алудың тоқтауы немесе агональды тыныс салу.