Венесекция
Көрсеткіші: коллоидты және кристалоидты ерітінділерді енгізу үшін венепункция жасай алмағанда, қаналмастыратын ұзақ уақыттық инфузия қажеттілігінде.
Қарама-қарсы көрсеткіші: беткей веналардың флебиті, пункция жасаған жердегі теріде іріңді зақымдалу болса.
Іс-әрекетке дайындық
1. науқасқа жасалатын іс-шараны хабарлаңыз;
2. науқасты отырғызып немесе арқасымен жатқызыңыз;
3. қолғапты киіңіз;
4. шынтақ астына жастықша қойыңыз;
5. иықтың 3/2 орта бөлігіне резеңке бұрауды тартып байлаңыз
Іс-әрекеттің орындалуы
1. шынтақ иінін спиртке батырылған 2 мақта шаригімен тазалау;
2. 0,5% новокаин ерітіндісімен жергілікті инфильтрациялық анестезия жасау,
3. көк тамырдың бойымен 3-4 см ұзындықта кесу,
4. қан тоқтататын қысқышпен көк тамырды бөліп алып, оның астына 2 жібек жібін келтіру.
5. жіптің шеткі жағынан байлап, жарақатқа қарай тартып, екінші лигатураны үхтап тұратын көктамыр инъекциясына арналған инеге кіргізу,