Тамшылы клизма
Мақсаты: емдік мақсатта тік ішекке дәрілік заттарды енгізу және оның
сорылуын қамтамасыз ету.
Көрсетпелер: ағзаның көп сұйықтық жоғалтуы, қоректік заттарды ауыз
арқылы жіберуге мүмкіндік болмаған жағдайда
Қарсы көрсетпелер:
• Тік ішектің іріңді қабынуы, жарылуында, қан кетуде;
• Қатерлі ісіктер;
• Ішектерге операция жасағанда;
• Тік ішектің түсуінде;
Қажетті заттар: тазалау клизмасына арналған жүйе, дәріні тамшылатып
жіберуге арналған жүйе, штатив, залалсыздандырылған
вазелин, клеенка, 37-38˚С –қа дейін су моншасында
жылытылған 50-100мл дәрілік зат (дәрігердің тағайындауы
бойынша), бір рет қолданылатын биялай, бетперде,
залалсыздандырылған салфетка, жаялық, шымылдық,
жылытқыш t-40-45˚С
Міндетті шарттар: дәрілік клизманы тазалау клизмасынан соң жүргізу
қажет, енгізілетін ерітінді 40-42˚С-ке дейін жылытылған