Артериялык гипертензия

1 дәреже 140-159 90-99

2 дәреже 160-179 100-109

3 дәреже >180 >110

—_Жекеленген систолалық гипертензия > 140 <90

Егер САҚ мен ДАҚ мәндері әртүрлі категорияға жатса, онда неғұрлым жоғары категория белгіленеді.

Артериялық гипертензиясы бар науқастың күтімі кезінде науқастардың емдік-қорғау тәртіптің талаптарын сақтауына қатал көңіл бөлу керек, өйткені теріс эмоциялар, жүйке- психикалық күш түсулер, нашар ұйқы ауру ағымын нашарлатуы мумкін.

Гипертониялық криз дәрігердің шұғыл араласуын және гипотензивтік дәрілердің енгізілуін қажет етеді, өйткені ол бас миы (инсульт) мен жүрек қан айналымының бұзылуымен (инфаркт) асқынуы мүмкін. Дәрігер келгенше науқасты тыныштандыру, таза ауа ағынын арттыру қажет, аяққа ыстық ванна және қолға жылы ванналар жасауға болады. (судың температурасы 37 - 40°С).

Артериялық гипотензия сау адамдарда да, әсіресе астениктерде кездесуі мүмкін, бірақ жүректің қан шығару көлемінің, тамыр серпілгіштігінің төмендеуімен, айналымдағы қан көлемінің азаюымен өтетін қауіпті аурулардың белгісі де болуы мүмкін (миокард инфаркты, қан кету, шок, коллапс). Артериялық гипотензия жедел дамыған науқастың бас миына қанның келуін жақсарту үшін оны жатқызу керек, аяқ жағын сәл көтеру қажет, дәрігердің тағайындауы бойынша сәйкес дәрілік заттарды енгізу керек.

АҚ өлшеу.

1. АҚ әдетте иық артериясында, қажет болғанда - ұршық, тізе асты және т.б. артерияларда өлшенеді.2. Әдеттегі жағдайда науқастың жатуына немесе отыруына болады (орындықтың аркасына сүйеніп), резеңке түтік шығатын шеті шынтақ бүгісінен екі көлденең саусақ мөлшерінде жоғары жерге, науқастың иығы мен манжеттің арасына бір саусақ сиятындай етіп оның иығына манжетті орайды.

3. Тексерілушінің қолының алақаны жоғары қаратылып, жүрекпен бір деңгейге жуықтау, ыңғайлы жатуы керек; шынтақ қуысына иық артериясының үстіне (оны пульсациясы бойынша табады) фонендоскоп орналастырылады.

4. Манжеттегі кысым манометр бойынша иық артериясындағы пульсация жоғалған деңгейден 30 - 40 мм с.б. артқанша тетігі жабық алмұрт тәріздес резеңке баллонмен манжетке ауаны үрлейді.

5. Содан кейін тетікті ашыңкырайды да иық артериясының аускультациясын жүргізе отырып, секундына 2 мм с.б. жылдамдығымен манжеттен ауаны шығарады.

6. Алғашқы дыбыс (Коротков тондары) пайда болуына сәйкес қысым деңгейін белгілейді - бұл систолалық АҚ, дыбыс естілмей кеткен деңгей -диастолалық АҚ.

7. Қазіргі кездегі кейбір құралдарда шкаланың сәулелік индикаторына дыбыс сигналдарын беретін микрофон бар.

Артериялық тамыр соғуын зерттеу.

1. Тамыр соғуын әртүрлі артерияларда анықтайды - ұйқы (m.sternocieidomastoideus бұлшық етінің алдыңғы қырында, оның ұзындығының ортасына таман), ұршық бұғана асты, иық артерияларында, бірақ көбінесе кәрі жілік артериясында.

2. Кәрі жілік артериясы кәрі жіліктің біз тәріздес өсіндісі мен кәрі жілік бұлшық еті сіңірінің арасында сипап анықталады, бұл кезде тексеруші оң қолының үлкен саусағы білектің сырт жағында, ал қалғандары - алдыңғы жағында болатындай кылып науқастын білезік буынынан сәл жоғары ұстайды.

3. Артерияны сипап тапқаннан кейін оны кәрі жілікке қысып басады, сол кезде тамыр соғу толқыны артерияның көтерілуі және түсуі сияқты болып сезіледі.

4. Оң және сол қолдағы тамыр соғуы әртүрлі болуы мүмкін, мұндай кезде тамыр соғуын зерттеу қолға жақсы білінетін жақта жүргізіледі.

5. Тамыр соғу жиілігін анықтау үшін тамыр соғу толқынын 15 секундта санайды да оны төртке көбейтеді, аритмия болса бір минут бойы санайды,

Артериалды пульс дегеніміз – қанның артериалды жүйеге айдалуы нәтижесінде артерия қан тамырлар қабырғаларының ырғақты қозғалуы.

Пульс сипаттамасы байланысты болады:

1. жүректің қанды айдау жылдамдығы мен көлеміне;

2. артерия қабырғасының күйіне (иілгіштігіне);

Тамыр соғуын анықтайтын орындар: ұйқы артериясы, шынтақ артериясы, ұйқы, самай, тізе асты, сан, табан бетіндегі артериялар. Артериалды пульс әдетте шыбық артериясында анықталады.

Шыбық артериясынан пульсті анықтау

Мақсаты: жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін бағалау.

Әзірлеу қажет:

• секундомер немесе секундты тілі бар сағат.

• қызу парағы.

• пациенттің медициналық картасы.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Оң қолыңыздың саусақтарымен науқастың қол ұшын білезік буыны

тұсынан ұстаңыз.

2. Бірінші саусақты білектің сыртынан орналастырыңыз.

3. 2-4 саусақтармен ырғақты соғатын шыбық артериясын си-

пап сезіп, оны білек сүйегіне басыңыз.

4. Пульс толқындарының сипаттамасын 1 минут ішінде анықтаңыз.

5. Пульсті оң және сол жақ шыбық артерияларында бір уақыт-

та салыстыра отырып анықтау керек. Қалыпты жағдай-

да олар бірдей болуға тиіс.

6. Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген.

Диагностикалық мақсатта тамыр соғуын басқа да қан тамырларынан анықтауға болады:

- ұйқы артериясында - артерияны қатты қыспай кезекпен екі жақтан пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда жүрек қызметінің күрт төмендеуі, жүректің тоқтауына дейін, естен тануы, бас айналуы, тырысулар болуы мүмкін. Пульсті мойын аймағында төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық етінің алдынан жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігінің арасынан сипап көреді;

- сан артериясында- пульсті созылған және сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексереді;

- тізе асты артериясында- пульс науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі;

- самай артериясында- пульсті самай аймағында анықтауға болады;

- асықты жіліктің артқы артериясында - пульсті ішкі тобықтың артынан тобыққа қысып отырып тексереді;

- табан бетіндегі артерияда - пульсті табанының сыртқы беткейінде тексереді.

Пульстің қасиеттері

Ырғағы Бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқын-

дарының қайталануы. Егер уақыт интервалы біркелкі болса -

пульс ырғақты. Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса - пульс

ырғағы дұрыс емес.

Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады. Оның түрлері:

а) экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы.

э) аритмия – жүректің тәртіпсіз жиырылуы, соғу ырғақтылығының

бұзылуы.

Жиілігі Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны

қалыпты жағдайда минутына 60-80; 80-нен жоғары болуы- тахикардия, 60-тан төмен болса- брадикардия деп аталады. Тамыр соғуының жиілігі жүрек соғысына сәйкес келуі керек және ол адам жасына байланысты болады

• жаңа туылған нәрестеде 1 минутта 120-140 рет.

• 1-2 жасар сәбиде – 110-120 рет.

• 5-6 жаста – 100 рет шамасы.

• 10 жаста – 90 рет, 12-13 жаста 80-70 рет.

жеткіншектер мен үлкендерде 60-80 рет

Кернеулік Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші.

Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш

деңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді.

Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі болады. Қан

қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты кан қысымында -