Азопирам сынамасы
Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобиннен, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау.
Жабдықталуы:
- азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
- 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка;
- астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).
Міндетті шарттар:
· жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;
· азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау
Сынама жүргізу
- бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
- азопирамның 1% ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді;
- бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады.
- Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз.
- Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз.
- Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.