БИЛЕТ №25

1. Қаржы құқығы - құқық қайнар көзі ретінде

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

2. Жарамсыз мәмілелер

Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: "мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".

Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқык теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле; ә) еріққе қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).

Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды тұлғалардың арнайы кұқық кабілетгілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.

Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);

ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамкоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, зан бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

3. Қылмыстық жаза жүйесі және түрлері

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.