Алдын-ала болжам диагноз

Науқас шағымдары негізінде– бауыр тұсы сыздап шаншып ауырады және оң жақ қабырға астының қатты ауруы, сілекейдің көп бөлінуіне, кекіру, қыжылдау, журек айну, құсу

Anamnesis Morbi не негізінде өзін аурумын деп 2014 жылдың ақпан айынан бері сезінеді, Сол кезден бері оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімін, жүрек айнуын, тәбеттің бұзылыстарын, жалпы әлсіздікті байқады. Ауыру сезімі басылмаған соң жедел жәрдем шақырған. Науқасқа Но –Шпа препаратын берген. Сол кезде ауру сезімі екі сағатқа басылған. Ауру сезімі қайта басталып өзі ауруханаға келген. Ауруханада созылмалы панкреатит диагнозы қойылды. Емнен кейін жағдайы жақсарады, бірақ 2015 жылдың 9 наурызында ауру сезімі қайта басталады. Креон препаратын қабылдайды. Ауру сезімі басылмағандықтан АМКБ ауруханасына өз еркімен келеді, ол жерде гастроэнтерология бөлімшесіне емделуге жатқызылады.

Anamnesis Vitae (Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Туберкулез, тері аурулары, рак, қантамыр жетіспеушілігі, сифилис ауруларымен ауырған жоқ, вирусты гепатитпен ауырмаған. Созылмалы гастритпен ауырады.

Эпидемиялық анамнез: инфекциялық ауруларға күмән жоқ (қызылша, қызамық, паразитарлы аурулар т.б.)

Аллергиялық анамнез: дәрілік препараттардан аспиринге аллергиясы бар, шаң тозаңдарға тағы басқақоздырғыш заттарға аллергиясы жоқ)

 

Status praesens objectives негізінде (Ауыз қуысы – тілі – ылғал, сары таңдақтар бар, язва, сезаттар жоқ; ауыздың шырышты қабаты, қызыл иегі, қызғылт, қан құылулар жоқ;

Іші үлкейген, тыным алуға қатысады. Беткей пальпацияда эпигастрий аймағы және сол жақ қабырға тұсында ауру сезімі байқалады.

Бауыр – үлкейген, ауру сезімді

Көкбауыр пальпацияланбайды

Перкуссия

1. Перкуторлы дыбыс – тимпаникалық;

2. Тұйықталу байқалмайда;

 

Аускультация

1. Ішектің қозғалуы кезінде шұрылдау естіледі;

2. Қарынның көкетінің үйкелу шуы естілмейді;

3. Асқазан шалпылы анық естіледі;

• Нәжісі – ретсіз, кейде іштің қатуы байқалады, нәжіс сипаты – қалыпты, түсі қоңыр, қорытылмаған тағам қалдықтары бар.)

· Асқорыту жүйесі бойынша: тәбеті төмен, өткір, майлы тағамдарға жиіркену – ауырсыну сезіміне байланысты; гиперсаливация, кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу, іштің кебуі; ең басты белгісі - іштің қатты ауырсынуы және тез басылмауы: эпигастрийдің оң жартысы және оң жақ аймақтарға таралу (иррадиация)

Ішті пальпациялағанда Шоффар зонасындағы ауырсыну және Дежарден нүктесіндегі ауырсыну – ұйқыбез басының зақымдануына тән белгілер.

Науқасты тексергенде алынған мәліметтерге сүйеніп, талдау жасап, оларды шығу тегіне байланысты өзара біріктіре отырып мынадай болжам диагнозға келдім:

Созылмалы панкреатит өршу кезеңі